шығарма, эссе, Рухани Жаңғыру, елбасы, Назарбаев
Рухани жаңғыру – өміршең тұғырнама
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының жариялағанына 12 сәуірде үш жыл толып отыр. Мақала жарыққа шыққан күннен бері бағдарлама жаңа идеологиялық тұғырнаманың негізіне айналып қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларын модернизациялаудың қуатты механизміне айналып үлгергені белгілі.
Академик, Ғалымқайыр Мұтанов басқарып отырған әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымы бұл тарихи үдеріске шын ниетімен оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысып келеді.
Білім ордасының басты мақсат — міндеттері – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіруге өзіндік үлесін қосып, әлемнің ең үздік 200 университетінің қатарына кіру. Бағдарламада атап көрсеткендей уақыт талабына сай, ЖОО оқу орындары адам капиталын қалыптастырудың субьектісі ретінде жаңғырту үдерістерінің және елдің инновациялық дамуының көш басында болуы керек. Міне осы талапқа сай әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің білім беру флагманы ретінде, жаңа буын университетінің — «4. 0 Университет» моделін жасады. Бұл модель «АL — Farabi Unirversity Smart City» тұжырымдамасы бойынша іске асырылып жатыр. Бұл жоба әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ойшыл әл — Фараби қағидалары негізінде жоғары технологиялық, рухани — адамгершілік платформаларынан тұрады. Бұл — сапалы білім беруді, терең ғылыми зерттеулер жүргізуді, жаңа инновацияларды өндіріске енгізуді және жоғары білімді, білікті мамандарды, елін, бүкіл адамзатты сүйетін тұлғалар ретінде рухани — адамгершілік тәрбие арқылы қалыптастыруды көздеп отыр. Қазақстандық білім беру жүйесі үшін маңызды оқиға – Қазақстанның Ұлттық ашық білім беру платформасының іске қосылуы болды. Университеттің онлайн курстары, қазақстандық және шетелдік оқу орындарының студенттері тарапынан үлкен сұранысқа ие болуда. Осыған сәйкес біздің университетімізде еліміз бойынша ең көп шетелдік студенттер білім алуда.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының басты тұжырымдарын ұстаным тұтқан қара шаңырақтың маңызды міндеті – тек бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау ғана емес, сонымен бірге ертеңгі еліміздің тұлғаларына айналар жас ұрпақтың рухани болмысын қалыптастыру. Ұлы ойшыл айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген ойды негізге алып, студенттердің бойына білім мен тәрбие қатар ұштастырылып жүргізілуде.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ЖОО дейінгі білім беру факультеті, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұжымы да әлемнің түкпір түкпірінен келіп тіл үйренетін шетелдік азаматтарға білім беруде, тәрбие жұмыстарын жүргізуде басты бағдар ретінде алып бағдарламалар жүйесімен ұштастырып келеді. Кафедрада білім беру жұмысымен бірге шетел азаматтарына ел танымдық «Саяхат» клубы, «Халықаралық достық клубы», «Тіл мен таным» мәдениетаралық қарым — қатынас клубы, «Көңілді әндер», «Денсаулық», «Қазақстантану» танымдық клубы, интернационалдық «Достық» клубы, «Мельпомена» театр клубы өткізетін іс — шаралар рухани жаңғыру құндылықтары негізін басшылыққа алып жүзеге асырып келеді.
Оған дәлел ретінде үстіміздегі жылы өткен Университтете өткен «Шетел студенттерінің Қазақстанға көзқарасы» атты телекөпірде факультеттің екі студенті қатысып өз пікірлерін білдірген еді. Қазақ тілін үйреніп жатқан жапондық студент Токура Оучи: – Мен Жапонияда жүргенде қазақ халқының «Алпамыс батыр, қырғыз халқының «Манас» эпостық жырларын жапон тілінде оқыдым. Бұл эпостық жырлар мені қатты қызықтырды. Жапон тілінде басқа эпостық жырлар жоқ екен. Сондықтан әдебиеттің осы жанрын зерттегім келді. Қазақстанға келіп, әл — Фараби атындағы ҚазҰУ — ге оқуға түсуімнің басты себебі де осы», — дейді Такуро. Жиында қазақ тілінде таза сөйлеген Такуро өзін қазақтың тарихы да қатты қызықтыратынын атап өтті. Сонымен қатар Такуро Қазақстанда бір жылдан бері жүйелі нәтижелер беріп жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен де үш тілде танысып шықанын да атап өтті. Ал орыс тілін оқып жатқан Дарио Куаглиа: Мен Италиядан келдім. Қазақстанның жас мемлекет бола тұра, оның қарқынды даму үрдісі мені қызықтырады. Өз елімде жүргенде Қазақстан жайлы аз білдім. Маған таңсық, жаңа мемлекетті жақынырақ білу үшін осында келдім. Білімімді жалғастыратын университет ретінде ҚазҰУ — ды таңдадым. Мұндағы білім беру жүйесі мен оқытушылар құрамы көңілімнен шықты. Сондай — ақ мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын бір ауыздан қолдаймын – деп өз ойын білдірген еді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: Мен сенімдімін: біз бастаған кең ауқымды реформалар қоғамдық сананың кеңейтілген жаңғыруымен бірге жүруі керек. Ол тек саяси және экономикалық жаңғыртуды толықтырып қана қоймай, олардың өзегі ретінде әрекет етеді — деген бағдарламалық жолдауы — қашанда өзекті, өміршең.

Дүйсенбаева Р. И.
Азнабакиева М. А.
Курманова Т. В.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушылары