Шығарма: Еліміздің әнұраны- азаматтық асқақ рухтың жаршысы | шығарма Еліміздің әнұраны- азаматтық асқақ рухтың жаршысы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Еліміздің әнұраны- азаматтық асқақ рухтың жаршысы на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Еліміздің әнұраны

0

Шығарма: Еліміздің әнұраны- азаматтық асқақ рухтың жаршысы казакша Шығарма: Еліміздің әнұраны- азаматтық асқақ рухтың жаршысы на казахском языке

Молдағали Гаухар
11 сынып, Облыстық ұлттық гимназия
Жетекшісі: Қуандықова Э.Қ.

Ән де адам секілді өз тағдырымен туады, өмірде өз орнын табады. Әр адамның өз ғұмыры сияқты әннің де өз тарихы бар. Ән – көңілдің ажары, адам жанының тәрбиешісі. Әннің адам сезімін әлдилеп,асқақтар құдіретін тек жүрегімен сезінер адам ғана бағалайды.
Халықтың елдігін танытып,даланың жырын жырлаған әннің ұранға айналуы тарихта талай кездескені шындық.Ел басына қиындық туып, «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұламаның» сұмдығын көрген ел «Елім-айлап» толғанып,тебіренеді. «Елім-ай» әні екі ғасыр елжандылық пен азаматтықтың ұранына айналды. Міне, нағыз өмір, өміршең өлең тек тарих пен бірге жасайды.
Ал жарты ғасыр, елу жыл, ел есінде, тарих жадында тербелген «Менің Қазақстаным» әні әлі күнге дейін тыңдарманын өзіне табындырмай қоймайтын құдіреттілігімен ерекше.Бір кездері тың жерлерді игеру саясаты тұсында қазақ жері бөлшектенгелі жатқанда еліміздің асқақтығын жырлайтын,бірлігін әнге қосып шырқайтын ән керек болды. Елдің щырқы кетіп, жері талан-таражға ұшырайтыны туралы қауесетпен бірге,халықтың көңілінде белгісіз үрей болды. Осы кезде ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Шәмші Қалдаяқов өздерінің Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін паш ететін «Менің Қазақстаным» әні дүниге әкелді. Шығармашыл қиялы қауым бұл әнді қабыл алса да, сол кездегі идеологиялық шырмауынан аса алмады.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы
Думанды бастаған
Далама қарашы,-деп еркін, кең далаға жар салып шырқады.
Міне,елу жыл, жарты ғасыр « ән королі» Шәмшінің әні тәуелсіздікті еңсеп, халықтың рухына демеу болды.
Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ел данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп –тегіс жұмыр келсін айналасы,- деп ұлы Абай өлең өлшеміне баға берсе, сол лайықты болғаны «Менің Қазақстаным» әніне халық берді.Жарты ғасыр тарих жадында тербелген әсем ән бүгінде егемен елдің көгінде шырқалады.
Тәуелсіз елдің ұранына айналған әннің әуені мен сөзі астасып жатыр. Әйтсе де, бүгінгі Қазақстан халқының биік мүддесі мен мұрат-мақсатын жеткізу үшін оның мәтініне өзгерістер енгізу қажеттілігі туды. Өз «өмірбаяны» бар,қалың жұртшылық жүрегіне жол тапқан туынды негізінде әнұран жасау-әлемдік тәжірбиеде талай кездескен.
Ел мен тарих алдында үлкен жауапкершілікті қажет ететін міндетті Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев өз мойнына алды. «Елім менің», «Үш қоңыр» әндерін дүниеге келтіріп, туған жерге сүйіспеншіліктің асқақ рухын жырлаған Елбасы бұл міндетті абыроймен атқарып шықты. Жұмекен ақынның қыспақты кезеңде айта алай кеткен арманын егемен елдің бүгіні мен болашағынан сыр шертер жыр жолдарымен жеткізді.Бұл өзгерісті жұртшылық тез қабылдап, жанымен түйсініп, сезінді.
Нұрсұлтан Әбішұлы қосқан тармақтар бұрынғы мәтінмен жымдасып,біртұтас дүниеге айналған. Өткеннің,бүгіннің,болашақтың жаршысы болған ән — бүгінде тұтастай бір мемлекетің Әнұраны. Жарты ғасыр бойы елмен бірге жасап, бірге мұңайып, қуанып келген « Менің Қазақстаным» әні -бүгінде әр шаңырақтың, ел шаттығының жалауы. «Әнұранды тыңдағанда құйқаң шымырлап, бойыңды рух кернеуі шарт. Ол айтылғанда егілуің керек, еңселуің керек, шаттанған жөн…»- деп әнші Бекболат Тілеухан тегін айтпаған.1986 жылы желтоқсан көтерілісі кезінде қаһарман жас өрендердің рухани туы боп шалқыған әннің құдіретінің арқасында «Елім,жерім …» деп намыстанған ерлердің жігері тасыды десем қателеспес едім.Жас пен кәрінің аузына тез ілігетін, тілге жеңіл оралатын әндер патриоттық сезімді астар,асқақ та сыршыл әуенге толы ҚР -ның жаңа мемлекеттік әнұранына айналуы тегін емес екенін жұртшылықтың бәрі түсінді деп ойлаймын.
«Ерліктің дастаны-
Еліме қарашы!» — деген жыр жолдарының өзі тұтас бір халықтың «өмірдастанын» жырлағандай. «Намысын бермеген қазақтың » сан ғасырғы ерлігін бір шумаққа сыйғызған көрегендік деп білемін.«Тірлігі жарасқан тәуелсіз елдің» азаматтары көз алдыма елестесе,бейбіт өмірде, аштықтан, жоқтықтан дін аман,көңілді, шат-шадыман халықтың бірлігін көремін . Осыған да «шүкір» деп қуанамын. Қазақстанның кең байтақ жерінің байлығын игерген адал еңбекке куә боламын . Бала көңілімен бақытты елдің жыршысына айналғым келеді.Туған елімнің ұлы мұраттары жолында «гүлі болып егілуге,жыры болып төгілуге» дайын екенімді айтып жар салғым келеді.
Бүкіл әлем мейірімнен тұрады,
Бүкіл дүние –махаббаттан тұрады.
Менің көңілім де, пәк жүрегім де «елім» деп соғады.
«Елу жылда ел жаңа» дейді халық нақылы. Бірақ өнердің өміршеңдігі сол – елу жылдан кейін қаншама адамдарды табыстырды, таныстырды, туыс, бауыр етті.Әнмен бірге Жұмекен мен Шәмшінің өзі тіріліп келгендей әсер етті. Халықтың сенім артар Елбасына жаудырған алғысы да шексіз еді. Талай жылғы арман мен сағыныш табысты.Өлкенің мақтанышына айналған асау ақын тірілгендей бүкіл Атырау қуаныштан көздеріне жас алды.
Ұлы елінің ұлы гимні алдында
Жүрегіңнің қызыл туы алдында
О,құдірет, тап осылай,құдірет,
Жылайсың ғой ғұмырында бір рет,-деп Жұмекен ақынның өзі көрегендікпен армандаған, Шәмшінің ән болып жыр көгінде қалықтаған тұғырлы жеңістеріне куә болдық.
Қазақтың жайсаңдығын, өр рухын, мұратының биіктігін, байтақ жерінің кеңдігін елу жыл бойы тынбай, толмай жырлаған «Менің Қазақстаным» әннің кереметтігі де осыдан болар! Әуені мен өлеңі бір мүддеге қызмет етіп тұрған еліміздің жаңа әнұраны- азаматтық асқақ рухтың жаршысы.
Ән падишасы Шәмшінің, жыр желкені Жұмекеннің, ел ардақтысы Елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың жүрегімен оянып, жанымен жырлаған ән еркесі «Менің Қазақстанымның» талай дәуірдің куәсі боларына сенемін. Игі мақсаттар жолында елдікке, бірлікке шақырған ән әуенімен бірге Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосуға асығамын.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!