Шығарма: Елбасы | Тұңғыш президент » Қазақстан ұстаздарына арналған
Сеңім де талай түсті-ау сергелдеңге,
Сын аз ба халыққа серт берген Ерге
«Елім»-деп шырқыраған Өзіңізді
Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге-деп белгілі ақын Жадыра Дәрібаева жырлағандай, әлем картасынан орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға.
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол» —
деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасатты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат басына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанышы да, мақтанышы да! Қазақ халқының қаншама жылдар, ғасырлар бойы ұлы арманы- тәуелсіздікке ХХ ғасыр соңында қантөгіссіз, дау-жанжалсыз қол жеткізгені әлемге аян. Айналадағы өзге мемлекеттерге кешегі бауырлас демінен одақтас республикадағы соғыстар, қантөгістер күні бүгінге дейін жалғасып отыр.Өзін өз ұлтына барлық Қазақстандарға ақыл-парасытымен, білімдарлығымен сыйлата білген Нұрсұлтан Әбішұлы халықаралық деңгейіндегі беделінің зор екендігі де күнделікті ақпарат көздерінен айқын сезіледі. Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде. Елбасының шетелдерге әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екені даусыз. «Тәуекел болмаса, тәуелсіздік бола ма» деп сонау 1997 жылы Астанаға мемлекетіміздің басқала мәртебесін беруінің қандай ұжымды болғандығын айту жеткіліксіз емес пе? Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына сенеді. Жас ұрпақ, біздер де ертеңемізді Елбасымыздың, оның нұсқаған басым бағыттары арқылы елестете аламыз. Еліміздің ауыр да сынағы мол жылдарды артқа тастады. Ендігі кезең жарқын жылдар болмақ. Мен осынау Елбасытуралы ойымды Нұрсұлтан Әбішұлының өз сөзімен аяқтамақпын.
«Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқып соғар желдер бар. Белде талар , желде беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек жас ұрпақ!!!»
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
Сарышаған кентіндегі ЖОББ мектебінің
8 «Б» сынып оқушысы Айту Ақерке