Шығарма: Егеменді елімді мақтан тұтамын

0

Шығарма: Егеменді елімді мақтан тұтамын казакша Шығарма: Егеменді елімді мақтан тұтамын на казахском языке

Пердеш Дана
11 сынып, №8 орта мектебі
Жетісай қаласы

Егемендік… Тәуелсіз ел… Қазақстан Республикасы… Иә, бұл сөздер елін сүйетін шын патриоттар үшін қашан да болмасын ыстық естілетіні анық.
Дербес мемлекет болып, көк туымызды желбіреткенімізге аз ғана уақыт болса да уақыт өткен сайын ел өркениеті мен экономикасы жоғарғы деңгейге өрлеп, қарқынды дамуда.
Өткен күнді парақтасақ, азаттық алу үшін басымыздан нелер өтпеді десеңізші?! Халқымыздың тәуелсіздікке дейін көрмеген азабы мен тартпаған зардабы қалмады. Тәуелсіздік таңы үшін күрескен Ләззат, Қайрат аға-апаларымыз секілді қас батырлар арқасында мемлекетіміз бүгінде бейбіт өмір сүруде.
Жалпы қазақ жұрты бұрыннан кең пейілді, ақ көңіл, жетімі мен жесірін жылатпаған, мейірімді де дана және өнерлі халық болған.
Оның дәлелі ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан, қазірге таңда да ұмыт болмаған шешендік сөздеріміз бен суырып салма айтыс өнеріміз ел мәдениетін биікке көтереді.
Еліміз–өзгеге жамандық тілемейтін, бейбітшілік пен татулықты өзіне ұран еткен ынтымағы жарасқан мемлекет. Тіпті, рәміздеріміз де оның айғағы бола алады. Әрбір рәміз ынтымақтың, бірліктің символы.
Көк туымыз аспанымыздың ашықтығын, оның ортасындағы бейнеленген шуақты күн халқымыздың шексіз мейірімділікке ие екенін көрсетеді, қыран құс әрдайым биіктерден көрініп, тек қана алға жылжудың белгісі болса, ал тудың оң жағындағы ою қазақтың ұлттық құндылығын білдіреді.
Елтаңбадағы уық пен шаңырақ керегеміздің кеңдігін, шаңырағымыздың биіктігін және берік екенін, жоғарыда орналасқан жұлдыз бүкіл қазақ халқының жұлдызы жоғарыдан жарқырасын деген ұғымды білдіреді. Қанатты пырақ- азаттықтың символы.
Ал енді Әнұранымыз жайлы айтатын болсақ, тыңдаған кезде белгісіз тылсым күш тұла бойымызды шымырлатып жібереді. Мектеп қабырғасында жүріп әр таңымызды мемлекеттік әнұранымызбен қарсы аламыз. Сөздері де әсерлі.Әсіресе:
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Деген шумақты естіген кезімізде жігерімізді ұштап, кез-келген азаматты патриоттық сезімге тәрбиелері сөзсіз.
Егеменді еліміз өз тәуелсіздігін алып, көк байрағымызды жоғары көтергеннен кейін де алға жылжуы мен сәтті қадамдарын тоқтатпады. 23 жыл аз уақыт болса да, БҰҰ сияқты әлемдік деңгейдегі бірнеше ұйымдарға мүше болды. Дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылды. Президентіміздің қолдауымен ана тіліміз қазақ тілі халықаралық дәрежеге көтерілді. Елбасымыздың 2014 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы идеологиялық «Мәңгілік ел» бағдарламасы бойынша білім және денсаулық саласына ерекше назар аударылып отыр. Сонымен қатар елдің әлеуметік жағдайларын жақсартуға байланысты қазірдің өзінде біршама шаралар жүзеге асырылды. Қазақстан сияқты 17 миллион халқы бар, жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 9-шы орынды иеленетін мемлекетті басқарып, халықтың жағдайын жасап, еліміздің экономикасын жоғары деңгейге көтеріп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа да айтар алғысымыз шексіз!
Көшбасшымыз Жолдауында айтылғандай: «Өзгенің қателігінен өнеге алып, дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!» Мен аспан түстес Көк Туымызды, патриоттықа баулайтын Әнұранымызды, ел мақтанышына айналған Елтаңбамызды және 17 миллионнан астам халықты басқарып дәреметке жеткізіп отырған, елдің ынтымағы мен татулығын сақтап отырған Елбасымызды мақтан тұтамын. Қазақ еліміздің ғұмыры ұзақ болсын!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!