Шығарма: 1 Желтоқсан — Тұңғыш Президент күні (Елбасым)

0

 

Адамзат тарихындағы ХХ ғасырдың соңы өзіндік аса маңызды саяси оқиғалармен ерекшеленеді.Солардың ішіндегі ең маңыздысы-әлемдік аумақтың үштен бірін алып келген дүниежүзілік социалистік жүйенің ыдырап,құрамындағы елдердің тәуелсіздік алып,дербес мемлекеттердің құрылуы болды.Тәуелділіктен құтылған көп мемлекеттің ішінде Қазақстан да бар еді.

Замана көшіне дербес ел болып қосылған алғашқы күннен бастап еліміздің алдында көптеген мақсаттар тұрды.Қазақ елі бұл мақсаттарға жету жолын ел болып ойласты.Соның нәтижесінде, еліміз үлкен жетістіктерге жетті.Осылардың қатарынан ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуын,рәміздеріміздің,Ата Заңымыздың қабылданып,ұлттық валютамыздың айналысқа енуін ерекше атап өткен жөн болар.Әрине,мұның барлығы да жұдырықтай жұмылған жұрттың,бұрынғы тәуелсіздікті аңсап өткен ата-бабаларымыздың және елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегінің жемісі.

Тұңғыш президент-қай мемлекет үшін де даусыз тарихи тұлға. Қазақстан Республикасының дамуы,ұлттық қауіпсіздігі және де мемлекеттік басқару жүйесі бар ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуы мен еліміздің күллі әлемге танылып үлгеруі Назарбаев есімімен тығыз байланысты.

Қазақ бұрын толыққанды мемлекет орнатпаған,астана салмаған ел еді.Ал қазір,Елордалы,Елбасылы ел болды.Елордамыз-Астана халықаралық қатынастардың да астанасына айнала бастады.

Астана салу былай тұрсын,қу тақыр даламыз да енді бүгін жайқалған орманға айнала бастады.Байтақ даланы орманға,жасыл елге айналдырамын деген Елбасының «Жасыл ел» жобасы байырғы қазақ халқының «Мәңгі ел» орнатамыз деген асыл мұратын еске салады.Ал,«Болашақ» бағдарламасы талай қазақ баласының жоғарғы білім алуына және ең бастысы-шетелдерде білімін одан әрі дамытуына үлкен көмегін тигізді.«Қазақстан-2030» стратегиясының

арқасында-ел танымастай болып өзгерді.Халықтың жағдайы жақсартылды.Бұл стратегия бойынша алға қойылған міндеттер мерзімінен бұрын орындалып,елімізде «Қазақстан-2050» даму стратегиясы бекітілді.

Елордамызда алдағы уақытта «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуін-елдіктің ерен жемісі десе де болады.Себебі,бұған дейін ТМД кеңістігінде көрмені өткізу бақыты ешбір елге бұйырған емес.Ал Қазақстан болса,алпауыт елдермен аламанға түскен бәйгеде жеңімпаз атанып,тағы да талайды таңқалдырды.

Әрине,осындай жетістіктердің барлығы да Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасы.Осы саясаттың арқасында біз Тәуелсіздіктің тәтті дәмін сезініп отырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев-халқының жағдайын тереңінен түсінетін,замана ағымын жіті ойлайтын,әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып,оны ата-бабамыздан қалған асыл өнегемен әдемі ұштастырып келе жатқан озық Елбасы.Сонымен қатар,әлем мойындаған,жаһанға атағы таралған,қазақ елін әлемге әйгілі етіп жүрген бүгінгі заманның көшбасшысы,туған халқының Бәйтерегі,Көсемі,Кемеңгері.Елінің аманатын арқалаған тірегі,алтын діңгегі.

Жарар