Шошқа обасы | Скачать Курстық жұмыс
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет
Ветеринариялық санитария кафедрасы
Курстық жұмыс
Пән: Жануарлар патологиясы.
Тақырыбы: Шошқа обасы
Орындаған:Бахытова Г.Б. Тексерген: Жұмабеков Х.С
Топтың студенті: ВМ-201
Қолы:_________ Қолы:___________
Өткізген күні:_________
Комиссия:____________ Қолы:____________
Баға:________________
Семей 2015жыл
Курстық жұмыстың жоспары
I. Өлексені сою барысында жазылған хаттама:
1.Кіріспе бөлімі
А) Тіркеу
Б) Қысқаша анамнез
2. Сипттау бөлімі
А) Сыртқы мүшелерін зерттеу
Б) Ішкі қуыстар мен мүшелерін зерттеу
3. Қорытынды бөлімі:
А) Патологиялық — анатомиялық диагноз
Б) Лабораториялық зерттеу нәтижелері
С) Өлім себебі туралы соңғы қорытынды
II. Анықталған ауруды талдау:
Аурудың қысқаша анықтамасы
Этиологиясы
Патогенезі
Патологиялық – анатомиялық өзгерістер
Гистологиялық өзгерістер
Диагноз
Дифференциальды диагноз
Фотосуреттер
Қолданылған әдебиеттер тізімі
І. Өлексені сою барысында жазылған хаттама
Сойылған шошқа өлексесіне жазылған хаттама № 1
1. Кіріспе
Түрі: Шошқа
Жынысы: Мегежін
Тұқымы: орыстын ақ шошқасы
Жасы: 2 жас
Түсі: ақ
Ерекше белгілері: Оң жақ құлағында қиық ені бар.
Салмағы :180кг
Жеке номері:132
Мал иесі:Тұрысбеков Ә.
Өлген күні:5.12.15ж
Өлексе сойылған жері: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
университетінің прозекториясында 06.12.2015ж сойылды.
Союшы: Бахытова Г.Б.
Өлексені союға қатысқандар: шаруашылық бухгалтері Амангелдінов Е,
меңгерушісі – Рамазанов М.
Өлім қай жерде болған: Новопокровка ауылы “Лада” шаруа қожалығы
Мал қашан ауырған: 01.12.15ж малдың тәбеті қашқан, дене температурасы
+41,5 с дейін жеткен. Мал шөлдей береді, әлсіз, көп жата береді, терісі
және кілегейлі қабаттары қанталаған. Қанталау салдарынан тері
бетінде қоңыр қызыл түсті дақтар пайда болып, бүкіл денеге
таралған. Бұл дақтар әсіресе сыртқы тесік пен сарпай арасында, желінде
және аяқтардың ішкі жағында көп байқалады.
Қандай ем қолданды: Гипериммунды қан сарысуымен,антибиотиктер берілді.
Малдың тірі кезіндегі диагноз: Шошқа обасы.
Сипаттау бөлімі
Өлексенің жалпы сипаттамасы: Шошқа өлексесі оң жағымен жатыр,
арықтаған терісі толығымен қызыл қанталаған дақтар басын кеткен,
саусақпен басып қарағанда дақ бозармайды. Құлағы , бақайы және
танауларының маңындағы, сондай – ақ артқы тесік маңындағы тері
көкшіл тартқан. Басы артқа қарай шалқайған, іші кепкен. Табиғи тесіктерден
қенды сұйық аққан. Қылы теріге жақсы бекітілген.
Дене құрылысы: Дұрыс.
Қоңдылығы: Ортадан төмен.
Өлексе белгілері:өлексенің дене температурасы қоршаған орта
температурасынан төмен, іріп-шіру байқалмайды. Желіні терісінде өте кіші
, көзге әзер мәзер көрінетін қан ұюындылары байқалады. Сонымен қоса
кілегей қабықтарының ақшыл қызғылт түсінің ішінен қаныққан қызыл
қанталаулар байқалады.
Тері мен тері асты шелі: терінің қызару мен қан шоғырлары көрінеді,
олар ұсақ қызыл нүктелер сияқты кездеседі. Тері астындағы шелде қан
құйылған. Теріде қанталаулар басып кеткен , теріде, құлақтарда, малдың
арқасында , аяқтарында , іштерінде қызыл бөртпелер көрінеді.
Эластикалық қасиеті бұзылған, созылмалы. Тері туындыларының консистенциясы
қатты,түсі қара-қоқшыл.
Көзге көрінетін кілегей қабықтары мен көздің жағдайы: көздің қасаң
қабығы бозғылт , көздерінде қоңырқай түсті іріңдеген, кілегей қабаты
ақшыл-сарғыш түсті, көздің ішкі және жиегінде сарысулы сұйықтық жиналып,
қара-қошқыл қабыршақ пайда болған. Ауыздың, танаудың кілегейлі қабықтары
бозғылт, іріңді сора көрінеді.
Бұлшықеттері мен сіңірлері: қошқыл қызыл түсті, тығыздау, қанталаған,
домбығып ісінген.
Сүйектер мен буындар: сүйек кемігінде қан молаяды, қанталаулар,
Сүйектері мен буындары сыну белгілері байқалмайды , буындары
сіреспеген. Өзіне тән табиғи түс, қатты, дұрыс орналасқан.
Сыртқы сөл бездері: шымқай қызыл немесе қап – қара , тіліп
қарағанда теңбіл мрамор тәрізді. Тіліп қарағанда майлы шұжыққа
өте ұқсас. Бір жері қошқыл қызыл, кей жері сұр. Бездердің шеті
қошқыл-қызыл түсті сақина тәрізді.
Ішкі қуыстар мен мүшелерді зерттеу
Ауыз қуысы — кілегей қабықтары бозғылт , қанталаған майда
жолақты дақты қанталаулар кездеседі , бұндай өзгерістер көмей мен тіл
де байқалады.
Тіл: қанталаған, тіліп қараған кезде қан араласқан сұйық шығады.
Шеттері бірікпейді. Көлемі ұлғайған, кілегей қабатында дақты қанталаулар
кездеседі.
Жұтқыншақта кілегей қабығы қанталаған көптеген майда қан
құйылулар табылды.
Өңеш: кілегей кабықтары жолақты дақты қанталаулар.
Танау қуысы: кілегей қабықтары көкшілденген, іріңді сұйықтық жиналған.
Көмей мен кеңірдек: кілегейлі қабығы қызарып, домбыққан. Түсі қошқыл-
қызыл. Қан араласқан жалқаяқ кездеседі.
Көкірек қуысы: мүшелердің орналасуы анатомиялық жағынан дұрыс,
мөлдірлену сұйық көрінеді, онын көлемі 35-40 мл-дей. Сөл түйіндері екі-үш
есе ұлғайған,қанталаған. Тіліп қарағанда мәрмәр тәрізді болады. Шеттері
бірікпейді.
Өкпесі, бронхылары,бездері: – қанға толған, ұлғайған, тығыздалып,қоңыр
түске еніп, талаққа ұқсайды. Суға салса тастай батады.Өкпе капиллярлары
кеңейген, қанға толған,қабырғаларының өткізгіштік қасиеті артқан. Кесіп
көргенде тілік бетінен лайсан сұйық, ал бронхылардан созылмалы кілегей
шығады. Сондай-ақ көлемі көк нәр дәніндей ақшыл-сұр түсті некроз ошақтары
кездеседі. Суға салғанда ауыр батады.
Жүрек : көлемі ұлғайған, солғын тартып сұрланған, ыстық суға малынған
етке ұқсайды. Жұмсарған, тілік беті табиғи кескінен айырылған. Қарыншалары
мен жүрекшелері сұйыққа толы, жүрек қабында қанды сұйық жиналған. Жүрек
етінде миокардоз(дистрофиялық өзгеріс) бақалады.
Құрсақ қуысы: Ішіндегі мүшелері дұрыс орналасқан.Ішперде тығыз, жылтыр.
Шажырқай тамырлары жақсы көрінеді, қан құйылған
Көк ет: тығыз, жылтыр, тегіс.
Қарын — көптеген ұсақ қанталалар байқалады, торланып
қанталаған , үстін қызғылт түсті кілегей зат басқан. . Жіті
катаральді геморарргиялық қабыну байқалады.
Аш ішек және оның бөліктері:
Он екі елі ішек –кілегейлі қабығы қанмен кернелген. Тегіс емес,
қауашақтанған ошақтар кездеседі. Эпителий қабаты зақымдалып, қалындаған,
нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Ащы ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген,
жылтырлығынан айырылған, эпителий қабаты зақымдалған,нүктелі қан құйылулар
кездеседі.
Мықын ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий
қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Тоқ ішек және оның бөліктері:
Бүйен- құжынаған ұсақ қанталаулар , қабырғасы қалыңдаған және
солитарлы фоликулалардың орнында ілгек тәрізденіп қатпарланған.
Жиек ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий
қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Тік ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий
қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі. Кілегейлі қабығынан
кратер тәрізді бойлай орналасқан, ішіне қан шапшыған ойық
жаралар табылды.
Бауыр, бездері: бозғылт, көлемі қалыпты, қан іркілу байқалады,
қызыл қоңыр түсті, жұмсақтау. Кескен жері бірікпейді. Өт іркілетін
қалта бірнеше есеге дейін ұлғайған және Өт жолдарын қошқыл-жасыл өт бар,
кілегей қабығы қанталаған, қызарған, кей жерлерінде майда өліеттенген
ошақтар кездеседі. Қырындысы анық көрінеді. Бездер сырттай қарағанда ала-
ғұла шұбарланған.
Ұйқы безі: 2-3 ұлғайған, қошқыл-қызыл түстес. Кескен жері мәрмәр тасқа
ұқсас. Шеттері қошқыл-қызыл түсті сақина тәрізді. Қырындысы анық.
Талақ: толығымен қанталауға ұшыраған күйде , көлемі өзгермеген
және жолақ тәрізді қанталаған. Тілгенде қанды сұйық шығады, шеттері
бірігеді. Қырындысы анық емес. Шеттерінде қызыл қошқыл аралас инфаркт
көрінеді.
Бүйректе – майда жолақты дақтар кездеседі. Көлемі ұлғайған. Түсі
бозарған , нүктеленіп қанталаған , бозғылт. Кескенде шеттері бірікпейді.
Шекарасы анық емес. Капсуласы оңай шешіледі.
Қуық, несеп шығару түтігі: Несеп жолдарында мен қуықта көптеген
қанталаулар. Несепке толы. Кілегей қабықтары қанталаған.
Сыртқы жыныс мүшелері — қанталаған , артқы тесік маңындағы
тері көгеріп кеткен.
Шажырқай бездері: қанмен кернелген,тығыз,ұлғайған, сұрғылт қызыл
түсті.Кескенде шеттері бірікпейді.
Ми мен жұлын – ми мен жұлын қанмен кернеліп домбыққан. қанталау
байқалады, көбінесе қатты қабат астында.
Қорытынды бөлімі.
А) патологиялық — анатомиялық диагноз :
1. Геморрагиялық диатез
2. Геморрагиялық лимфаденит
3. Көк бауырдағы геморрагиялық инфарктер
4. Гипостаз, нефроз, миокардоз
5. Жіті — катаральді геморрагиялық қабыну
6. Катаральды – іріңді коньюнктивит
7. Жалпы анемия
8. Жіті катаралды бронхопневмония
9. Серозды тонзилит
Гистологиялық зертеулер :
Ауырған шошқаны гистологиялық зерттедік. Гистологиялық зерттеулер
арқылы олардың қан тамырлар қабырғасында мукоидты , фибриноиды
қалындау және некроз көрдік. Қанды жалқақ шеткі синустарда және
соларға жанасып жатқан ретикулярды тоқымада іркілген , көптеген
лимфоциттер фолликулдерде өлі еттенген , макрофагтар да некрозға
ұшыраған ; лимфобластардың , плазмобластардың және жетілмеген
плазмоциттердің ошақты пролифераттары синустардың жанында және
перифолликулярлы тоқымада табылады. Талақтың көлемі өзгеріссіз
немесе біраз ұлғайған , пульпасы қошқыл — қызыл түсті, түйіршікті.
40 -45 % жағдайында олардың шеттерінле аралас инфарктер кездесіп
отырады. Олар айық шектелген ісікше тәрізді , қошқыл – қызыл
түсті , мүсіні дұрыс емес. Олардың орта тұсы сарғыш , шеттерінде
қошқыл – қызыл . Инфарктің орта тұсында кәдімгі коагуляциялық
ишемиялық некроз көрінеді , шеттерінде геморрагиялық инфильтрация
, фолликулдерде лимфоциттердің өліеттенуі байқалады , ал қызыл
пульпада плазмобластар мен плазмоциттерден қуралған ошақтар табылды.
Қабырғалар иреленген , жуанданған , көмескілеу , қанталаған. Бұл
өзгерістер эпифиз сызығанда ошақтанып фиброз тоқымасының өсуімен
және тамырлар гипермиясы мен байланысты.
Тимус біраз кішірейген , семген, лимфоциттердің саны азайған ,
олар өліеттенген , макрофагтар көптеп жиналған . Бауыр , бүйректер
және миокард түйіршікті дистрофияға ұшыраған, бозғылт , анемия
жағдайында . Бауырда гликоген және аскорбин қышқылдарының мөлшері
төмен . Бүйректерде қазандық байқалады , олар бозғылт немесе
қоңырқай , үстінгі қабатында көптеген петехиялар . Бүйрек
бездері қанды , домбыққан . Оларда липиттердің және аскорбин
қышқылдарының күрт төмендеген , некроз ошақтары табылады . Өкпеде
жіті веналық гиперемия , кейде ошақты сарысулы , катаральді
немесе крупозды пневмония және сарысулы геморрагиялық плеврит
байқалады .
Қарында , жіңішке және тоқ ішектерде жіті қабыну ,
петехимиялар мен экхимоздар , пеалары мен бляшкалары мен солитарлы
фолликулдер гиперемиясы және некрозы көрінеді . Кейде крупозды
геморрагиялық гастра энтрит байқалады .
Ми мен қанмен кернеліп домбыққан . Оларды іріңсіз лимфоциттердің
энцефалломиелит . Осыған орай периваскулиттер , нейроцитарлы
дистрофиясы , глиозды түйіндер көрінеді . Қабынуға мидың барлық
бөліктері ұшыраған.
Бактериологиялық зерттеулер ;
Бактериологиялық зерттеу барысында алынған мәліметтер бойынша
электронды микроскопты қолдандық . Электронды микросппен
макрофагтардың цитоплазмасының вириондарын айқын көріп отырамыз.
Өлім себебі туралы соңғы қорытынды:
Пат-анатомиялық сою және зертханалық балау нәтижесінде шошқаның өлім себебі-
жіті түрінде дамыған оба ауруы деп айтуға толық негіз бар.
II. Анықталған ауруды талдау:
Шошқа обасы
Шошқа обасы ( Pestis Suum)- аса жұғымтал, жіті байқалғанда өлі
тиіп, геморрагиялық диатезбен, септицемиямен, ал жітілеу және
созылмалы түрде дамығанда өкпенің крупозды, ішектің крупозды,
дифтеритті қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Обамен жасына ,
тұқымына қарамастан үй жән жабайы шошқалар ауырады. Асыл
тұқымды шошқалар ауруға бейімірек келеді. Жабайы шшқаларда
табиғи қалыптасқан төзімділік болады.
Қоздырушысы — құрамында РНК бар Pestivirus тұқымындастығына
жатады, жоғарғы вирулентті.
Тарихи деректер. Шошқа обасы агғаш 1833 жылы Солтүстік
Американың Огайо штатында анықталған. 19 – ғасырдың 60 – жылдарында
оба Европа елдерінің көпшілігінде кеңінен тарап, 20 – ғасырдың 70 –
жылдарына дейін шошұа өсіруімен шұғылданатын елдерінде індет жиі
байқалады.
Оба вирусын алғаш 1903 жылы американ ғалымдары Швейнитц пен
Дорсет анықтады. Дорсет пен Уленгут обаға қарсы гипериммунді қан
сарысуын алып, оны вируспен бір мезгілде егіп , обаға қарсы
иммундеудің симультанды әдісін пайдаланады. АҚШ –та 1936 жылы Мак … жалғасы