Шоқанның суретшілік өнері | Скачать Курстық жұмыс

0

Мазмұны

I. Кіріспе
Шоқанның өмірге қадам
басуы … … … … … … … .. … … … … … … … … … 3

II. Негізгі бөлім

1. Шоқан Уалихановтың – ағартушылық
қызметі … … … … … … … … … 6

2. Ғалымның саяси-әлеуметтік, философиялық, эстетикалық

көзқарастары … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … .12

3. Шоқанның суретшілік
өнері … … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
.19 18

4. “Сот реформасы жайында жазба”
туралы … … … … … … … . … … … …24 21

5. Шоқан – ертегілер
туралы … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
…26 23

III. Қорытынды

Бүгінмен ойы
астасқан … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … …31

Қолданылған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … ..33

Қосымша № 1

Қосымша № 2

I Кіріспе
Шоқанның өмірге қадам басуы.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын аты Мұхаммедханафия) 1835жылы қазіргі
Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Уәлиханов–ғалым,
этногроф, фольклорист, ориенталист, тарихшы, географ, публицист. Он екі
жасынан бастап кадет корпу сында оқиды. Оқу барысында кейіннен
Азияны зерттеуші, белгілі географ, ғалым болған Г.Н.Потанинмен достасты.
Шығысты зерттеуші С.Сотниковпен, сурет мұғалімі А.Померанцевпен, білімді
офицер К.К.Гутковскиймен, орыс әдебиетінің оқытушысы, ориенталист
Н.Ф.Костылецкиймен, мәдениет тарихынан сабақ берген айдаудағы ғалым
Гонсевскимен, әдебиетші В.П.Лободовскиймен, ғалым И.Н.Березинмен араласып
тұрды. Уәлиханов кадет корпусын 1853 жылы бітірді.
1857 жылы Іле Алатауы Қырғыздарына сапарға шығып, көшпелі халық
арасында болғанда олардың өмірі мен әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін
терең зерттеді. Осы жолы ол қырғыз халқының эпосы “Манасты” жазып алды. Ол
қазақтың оңтүстік аймақтарымен тығыз байланыста болған Қоқан хандығының
экономикалық-саяси және әлеуметтік құрылысын жан-жақты зерттеп, ол жайлы
“Қоқан хандығы жайлы жазба” деген белгілі еңбегін қалдырды. Алғашқы
экспедиция кезінде Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасын, осы өңірлерден
табылған көне қалалардың қалдығын, оларда болған суару жүйелерін,
эпикаграфиялар мен балбал тастарды зерттеді.Ыстықкөлдің картасын жасауға
қатысты. Осында жинаған маттериалдарын терең талдап, қорыту арқылы
“Ыстықкөл сапарының күнделігі”, “Қытай империясының батыс провинциясы мен
Құлжа қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар” дейтін тарихи-этнографиялық
шығармалар жазды. Бұл еңбектерінде де Қырғыстан мен Қазақстанның
Оңтүстігінде орта ғасырда отырықшылық кең тарағаны, әсіресе, Іле жазығында,
Алмалық, Алматы (Верный бекінісінің орны) қалалары Генуя саудагерлері мен
қыпшақ елшілерін ұлы хандыққа апаратын үлкен жолдың бойында бекет міндетін
атқарып, бүкіл сауда әлеміне белгілі болғандығы туралы баяндады. Ыстықкөлге
жасаған экспедициясында Уәлиханов ғылыми мәліметтермен қатар тарихи,
этнографилық мәні бар көне дүние үлгілерінен үлкен коллекция жинады.
Уәлихановтың ғылыми қызметі орыс география қоғамының назарын аударып, 1857
жылы 27-ақпанда ол қоғамға мүшелікке алынды. Уәлихановтың 1858 жылы
Қашқарияға сапары оның ғылыми қызметіндегі жаңа кезең болды. XIII ғасырдың
соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы саяхатшы Теос қана болған жат өлкеге
сапар шегіп, ол жайлы “Алты шаһардың немесе Қытайдың Жан-Лу провинциясының
шығыстағы алты қаласының жайы” деп аталатын тамаша еңбек жазды. Алты шаһар
депр солтүстігінен Тянь- Шань, оңтүстігінен Кунь-Лунь таулары қоршап тұрған
Қашғарияның Ақсу, Угтурфан, Жаркент, Хотан қалалары аталатын. Осы бейтаныс
елдің экономикалық , саяси құрылысы, халықтарының тарихы мен этнографиясы,
географиясы жөнінде құнды мәліметтер берілді. Бұл Уәлихановтың ғылыми
мұраларының ішіндегі ең ірісі, Шығыс Түркістан тарихы жөнінде жазылған
тұңғыш ғылыми еңбек еді. Ол Россия мен одан тыс елдердегі ғылым әлемінің
назарын бірден өзіне аударды. Еңбекті Россия мен шетелдік шығыс
зерттеушілері жоғары бағалады. Ол 1863 жылы Лондонда “орыстар орталық
Азияда” деген атпен ағылшын тіліне аударылып басылды. Оны Орта Азия мен
Шығыс Түркістанды зерттеуші географ, тарихшылар мен әскери, саяси мемлекет
қайраткерлері өздерінің жұмыстарында кең пайдаланады. Оның бірқатар
еңбектері кейін неміс, француз тілдеріне де аударылды. Сапардың ауыр
жағдайы, жол бойындағы ауыртпалықтар жас ғалымның денсаулығына әсер етпей
қалмайды. Елге қайтқан соң Уәлиханов ауырып қалды.
1860 жылы ол әскери министрліктің шақыруы бойынша Петербургке келеді.
Мұнда ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өмірін зерттеуші үлкен ғалым,
саяхатшы ретінде қабылданып, орденмен марапатталды, поручик шеніне
жоғарылатылды. Петербургте Уәлихановтың белгілі жазушылар, сыншылар мен
ақындар арасындағы таныстық шеңбері кеңейе түсті. Оның петербургтік
достарының арасында ақындар А.Н.Майков, Я.П.Полонский, “Земля и воля”
қоғамының мүшелері, Н.Т.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтың идеялас
әріптестері, ағайынды В.С. және Н.С.Курогкиндер болды. Олар қазақтың тұңғыш
ғалымы және ағартушысының сана-сезімін байытып, революциялық ахуал
кезеңіндегі Россиның қоғамдық өміріндегі оқиғаларды дұрыс түсінуге
көмектесті.
“Современник”, “Русские слово”, “Эпоха”, “Отечественные записки”,
“Время” тағы басқа да әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналдарды оқу
Уәлихановқа демократиялық көзқарасын айқындай түсуіне септігін тигізді.
Уәлиханов осында жүріп бірнеше мекемелерде Бас штабтың Әскери есеп
комитетін де, Азия депортаменті мен География қоғамында қатар жұмыс істеді.
Орта Азия мен Шығыс Түркістаны картасын, Балқаш көлі мен Алатау жотасы
аралығының картасы, “Іле сырты өлкесі батыс белгінің реногносцировнасын”,
”Құлжа қаласының жобасын”, “Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша
картаны”,”Қытай империясы батыс өлкесінің картасын” жасауға, К.Риттердің
еңбектерін баспаға әзірлеуге ат салысты, энциклопедиялық басылымдарға
қатысуға, шығыс қолжазбаларын зерттеуге, орыс география қоғамында Шығыста
тарихы бойынша лекциялар оқуға уақыт бөлді.
Петербургтің дымқыл ауа райы Уәлихановтың денсаулығына кері әсер етті,
оның өкпе ауруын ушықтырды.
1861 жылдың көктемінде науқасы меңдей түсті.
“Абылай”, “Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары”,
“Қазақтың көші-қоны” секілді еңбектері қазақтың тарихы мен этнографиясына,
әлеуметтік саяси өмір, тіршілігіне арналды. Орыстың шығыс зерттеушілері-ұлы
ғалым, белгілі географ, саяхатшы Семенов-Тянь-Шаньский, И.В.Мушкетов,
Н.А.Аристов, М.И.Венюнов, этнографтар Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцов және
Е.П.Ковалевскийлер Уәлихановтың ғалымға сіңірген еңбегін жоғары бағалады.
II Негізгі бөлім
1. Шоқан Уалихановтың – ағартушылық қызметі.

Шоқан Уәлиханов бала кезінің өзінде-ақ аса қабілеттілігімен,
зеректігімен көзге түседі. Сәбит Мұқановтың айтуынша, сол кездегі Құсмұрын
округінің аға сұлтаны болып тұрған әкесінің татар тілінде жүргізілетін іс
қағаздарына көмектесуге Шоқан кішкентай күнінде-ақ жараған.
Бұл пікірлердің дұрыстығын ғалымның өз сөзі де дәлелдейді. “Едіге “
жырының бір түрін сұлтан Шыңғыс Уәлихан күрлеуіт қыпшақ Жұмағұл ақыннан
жазып алған, соны әркімдердің ауызында жүрген нұсқалармен салыстырып,
екінші түрін жасаған, үшінші түрін Арыстанбай ақынның аузынан жазып алған.
Осы үш түрді 1842 жылы әкем, Ахмет Жантөрин және мен үшеуіміз салыстырып
отырып, қазіргі нұсқасын жасадық”-дейді Шоқан.
Ол жасында жақсы тәрбие, жан-жақты білім алады. Халық ауыз әдебиетінің
тамаша үлгілерін естіп біледі, музыкалық өнеріміздің байлығына, оның
мазмұндылығына қанығады. Төл әдебиетіміздің інжу-маржандарын біртіндеп
бойына сіңіре береді. Қобызшы Құрымбай Қанғожин мен әнші Көке Алжановтың,
Шөженің, Жыршы Қарке мен атақты Тулақ қөобызшының баласы музыкант
Төлепбергеннің өнерлерін көруден, естуден бір сәт те жалықпайды. Олар жоқта
әжесі Айғанымға алуан түрлі ертегі, жыр, өміріндегі кейбір елеулі жайларды
айтқыздыртады.
Шоқан Уәлихнов жайлы Ә.Марғұланның зерттеулерінде атап көрсетілгендей,
Шоқанның әжесі Айғаным (1783-1853) көптеген шығыс халықтарының тілдерін
білген, олардың бай ауыз әдебиеті үлгілерінің бірталайын жатқа айта алған,
орыс мәдениетінің маңызын қазақ әйелдері ішінде бірінші болып түсініп,
баласы Шыңғысты 1827 жылы Сібірдегі әскери училищеге оқуға берген, орыс-
қазақ достығын жақтап, ауылына клген орыс зерттеушілерінен қолайлы
жағдайлар туғызып отырған, жас Шоқанның оларға еліктеуіне, сөйтіп, өнер
жолын қууына ешбір шектеу жасамаған, қайта баланы ойшылдыққа баулыған,
алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымды жоғары бағылап, немересі Шоқанның
рухани өсуіне үлкен ықпал жасаған .
Кішкентай Шоқан Ақмола мен Баянауылдың әсем табиғатымен танысып өсті.
Сұлу Көкшенің тік шыңдарына тамашалай қарады, қазақтың қызғылықты аңшылық
кәсібіне бой ұрды. Халқымыздың қыз ұзату, шілдеханаға бару, ас беру салтын,
ақындар айтысын өз көзімен көріп, олардан рухани нәр алды. Мұндай жайлар
жас Шоқанның өзі өскен ортасын жіті тануына, айналасына ойлы көзбен
қарауына халқына деген сүйіспеншілігінің ерте оятты.
Әкесі Шыңғыс сол кездегі, одан бұрынғы қазақ өмірін, экономикасын,
жетік білген ол халық поэзиясын, қазақтың музыкалық фольклорын зерттеп
жинауда да көп жұмыстар істеген және өзі музыкалық аспаптарда (сыбызғы,
домбыра, тағы басқа) ойнай білген. Баласы Шоқанның тыңдауы мен қағаз бетіне
жазып алуы үшін ең таңдаулы деген ақындар мен жыршыларды үйіне жиі шақыртып
алып отырған. Бұлардың ішінде атақты Шөже, Орынбай, Арыстанбай және ақын
қыз Ажар тағы басқалар үнемі келіп, өнер жарыстыратын.
Шоқан әке төңірегінде дала өнерпаздарының өз ауыздарынан қоғамдық
қайшылықтар мен үстем тап озбырлығын, теңсіздік пен қараңғылықты естіп
білді, сондай-ақ халықтың рухани байлығын ерте сезінді.
Ол жастайынан халықтың мұң-мүддесін түсініп өсті, кейін оның белсенді
қорғаушысы болды. Әнші, жыршылардың сезім толқытар толғаулары, билердің сөз
шарпысу көсемдігі, шешендік мектебі, күйшілердің жан тебірентер сарыны –
бәрі алғыр Шоқанның қиялын самғатты. Халқымыздың елдік салты, ерлік
дәстүрі, өнер саңлақтарының жұмбақ тұспалдауы, өскен ортаның қыр-сыры
балғын жасты терең ойға батырды. Көре түссем, біле берсем деген ғажап
құштарлық болашақ ғалымды мазалай түсті.
Шоқан Уәлиханов әуелде Құсмұрындағы қазақ мектебінде арабша хат таныды.
Шағатай тіліндегі орта ғасыр әдебиеті ескерткіштерімен танысып, араб, парсы
тілінде сөйлеуге жаттықты. Шығыс ақындарының өлеңдерін жаттады. Шығыс
тілдері мен олардың бай мұраларына, араб, түркі жазуларына қатты көңіл
бөлді.
Араб, орыс алфавитінің жазылуын тез меңгеріп кеткен дарынды Шоқанға
Шыңғыс қазақтың халық поэзиясын, аңыздары мен жырларын, әңгімелері мен
ертегілерін көшірте бастайды.Соған орай ол “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер
Көкше”, “Ер Қосай” жырларының бірнеше нұсқасын қағаз бетіне түсіреді, кейін
оларды кадет корпусындағы оқытушысы Н.Ф.Костылецкийге тапсырады.
Костылецкий – әдебиетші–ориенталист (Шығыс зеттеуші), Шоқанға көп ықпал
еткен адам. Оның атына қазақтың көптеген фольклорлық материалдарды жер-
жерден жіберіліп тұрған. Мысалға, сол кездегі бір топ оқыған азаматтар
Халиолла Өскенбаев (Абайдың ағасы), МұстафаБүркітбаев (Баянауылдан),
Сәдуақас Анаев (Көкшетау округінен), ағайынды Ханғожиндер (Аягөзден)
Костылецкийге халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тамаша нұсқаларын жинап беріп
отырған.
Шоқан Уәлиханов халықтың осынау мәдени байлығын сүйсіне тыңдаушы,
тебірене жинаушы болды, кейін білімі толысқан соң, оның нағыз зерттеушісіне
айналды. Өз халқының бай мұрасын жетік білуі болашақ ғалымның дүниетанымына
игі әсер етті. Оның демократтық көзқарасының қалыптасуына көмектесті.
Шоқанның биікке көтерілуіне сол кездегі ғалымның дамуы мен саяси
ағымның ықпалы күшті әсер етті. Шыңғыс ауылына келіп, зерттеу жұмыстарымен
шұғылдана бастаған орыстың оқыған азаматтары мен офицерлері, кейін кодет
корпусындағы прогресшіл оқытушылар мен ондағы бай кітапхана, Пушкин,
Гоголь, Диккене еңбектері мен Герцен, Белинский идеялары талантты жастың
әлеуметтік мәселелерге батыл араласуына жәрдем тигізді.
Шоқанның кадет корпусында оқуының елеулі маңызы болды. Корпустың оқу
бағдарламасында әскери тәртіп, жалпы география, Россия географиясы, Жалпы
тарих, Россия тарихы, орыс және БатысЕвропа әдебиеті, философия негіздері,
сызу, сурет, орыс және француз тілдері бар еді. Сонымен бірге корпуста
шығыс тілі класы болды. Онда француз тіліне қоса түркі тілдері де
оқытылатын. Аса дарынды Шоқан осы пәндердің қай-қайсысынан болса да жақсы
білім алып шықты, әмбебап ғалым болуына корпуста жүргенде-ақ негіз қалады.
Ол француз тілін жақсы білуі нәтижесінде Батыс Европа әдебиетіне терең
бойлай алды.
Ауылда ауыз әдебиетін құмарта тыңдап өскен Шоқан демалысқа келгенде,
елдегі аңыз, әңгімелер мен жырларды үздіксіз жазып алып отырған. Шоқанның
бұл дәстүрі саяхатта болған кездерінде одан әрі дами түсті.

Қырғыз еліне барғанда “Манасты” жазып алуы, Құлжада ұйғыр тілін
үйреніп, әдебиетімен танысуы, Қашқарда көптеген әдеби кітаптарды қолға
түсіруі, ақыры Шоқанның Петербург университетінің шығыс факультетіне
тыңдаушы болып қабылдануы ғалымның филология мәселелерімен кең
шұғылданғанын көрсетеді.
Шоқан қазақтың ауыз әдебиеті туралы жазған және жинаған материалдарым
үлкен бірнеше папка деуші еді. Оның біразын мен өз көзіммен көргенмін,
дейді Потанин. “Егер қазақ халқының арасында Шоқанды оқи алатын орта болса,
ол өз халқының кемеңгері, өз елі әдебиетінің қайта өркендеуінің басы болар
еді”.
Ғалымның қоғамдық-әлеуметтік қызметі кадет корпусын бітірген соң бірден
басталды. Дарынды ойшыл халық творчествосы туралы құнды-құнды зерттеулер
жазды. Атақты “Жоңғар очерктері” дүниеге келді. Ол әдебиетті өзі ғана
сүйіп, зерттеп қоймай, басқа да дос-жарандарын оны қастерлей білуге
шақырды, інілеріне де елеулі ықпал етті. Шоқан елге келген сайын ақыл-
ойының толысып, кемелдене түскенін аңғартатын, сөйлегенінде ғылыми сөздерді
жиі қосып, тың пікірлер айтатын. Ондайда кең маңдайы, жарықшақсыз үні,
тізілген аппақ меруерттей таза тістері, езуінде мысқыл ойнаған жұқа
еріндері мен ажарлы келбеті тыңдаушысына ерекше әсер қалдыратын.
Адамды бірден өзіне тартып, баурап әкететін ұтымды, ұтқыр шешендігі,
қоғамдағы әділетсіздікті шенейтін әңгімелері, әсіресе, талантты інілеріне
қатты ұнайтын, олар барынша ағасына ұқсап бағуға тырысатын, еліктейтін.
Шоқан осы бір шоқтай үйірілген, білуге ынтық жастардың қаулап өсіп келе
жатқанына ризалық білдіретін, әттең орысша-қазақша мектеп ашып, бұларды да
озық идеялармен сусындатар ма еді, деп армандайтын.
Әкесі Шыңғыстың парасаттылығы мен әжесі Айғанымның шежіресі, әрі
білімділігі, орыстың оқыған азаматтарының игі әсері, кітап құмарлық,
ізденгіштік Шоқан Уәлихановтың ғылымға деген, әдебиетке, өнерге деген
сүйіспеншілігін қалыптастыруға, ағартушылық, гуманистік, адамгершілік
қасиетін дамытуға басты негіз болды.
Шоқан халықтың ауыз әдебиетін өзіндік беті бар құнды мұра деп жоғары
бағалаған.Қазақтың аңыздары мен жырларының, күйлерінің пайда болуына,
олардың тарихи кезеңге, оқиғаға байланысты екеніне назар аударды.
Фольклорлық материалдар Шоқанға қазақ халқының мәдениет байлығын зерттеп
білуге басты негіз болды. Өзінің он жылдық творчестволық еңбегінде, өткен
ғасырдың 50-жылдарының ортасы мен 60-жылдарының ортасында, Шоқан фольклоршы
ретінде қыруар еңбек етті.
Жасынан халық ауыз әдебиетін сүйіп тыңдап, құмарта жазып жүрген Шоқан
осынау мол мұраның–өз халқының ғасырлар бойы жасаған гуманизмге толы бай
ауыз әдебиетінің–алғашқы төрешісі де өзі болды. Рас, Уәлихановтан бұрын да
қазақ ауыз әдебиетін жинап зерттеушілер, оны там-тұмдап болса да, баспа
орнына беруші Шығыстану ғылымымен шұғылданған адамдар өмір сүрді.Бірақ
олардың көпшілігі жол жөнекей жазған күнделіктерінде, белгілі бір
саяхатнамалары мен хаттарында, арнайы құжаттық есептерінде, мемлекеттік
елшіліктер кезіндегі толтырылған “журналдарында” халықтың өзіндік
ерекшеліктеріне тоқтала келіп, олардың тіл байлығын, әдет-салтын, мақал-
мәтелдеп сөйлеуге шеберлігін, суырып салма ақындардың айтыс өнеріне
бейімділігін, дала тұрғындарының ән, күйге, жырға құмарлығын және басқа да
байқағандарын қысқаша баяндаумен шектелген. Шоқан өмір сүрген замандағы
кейбір әдебиетшілер халықтарды түрлі топқа бөліп, олардың көбін өзіндік
мұрасы жоқ, сондықтан, басқа “мәдениет” халықтардан сюжет ауыстырып алу
арқылы әдебиеттік мұра қалдырды, деп кінә тағуға дейін барды, яғни, жеке
халықтардың мәдени мұрасын жоққа шығаруды көздеген түрлі ағымдар пайда
болды.
Халық мәдениеті мен ақыл-ойының көрсеткіші есебінде танылатын халық
творчествосын талмай зерттеген оқымысты оны басқа ел ауыз әдебиетімен
салыстыра қарады. “Жоңғар очерктерінде” қырғыздар мен қазақтардың көптеген
ертектерін, мифтарын, эпос жырларын және аңыздарын жинап жүріп, олардың
Европа халықтарының, әсіресе, славяндардың, сол сияқты шығармаларының
сарынына ұқсастығына таң қалған.
Әдебиет – халықтың жаны, құлақ-күйі, ар ожданы, зор байлығы, елдігінің
белгісі деп білген, одан “халықтың рух, ұғым, әдет, өмірлік кейіп” көрінеді
деген ғалым басқа да ғылыми жұмыстармен бірге әдеби көне мұраларды жан-
жақты зерттеуге құлшына кіріседі. Ол бұл жауапты сапарда білімін де, қажыр-
қайратын да, қажет болған кезде денсаулығын да аяған жоқ. Азаматтық
перзенттік қасиетті парыз, өткен дәуірлердегі тылсым тірліктің мәнін, өте
ертедегі мәдени қазынаның қайнар көзін, терең тамырларын білуге құштарлық
оны түпсіз тұңғиыққа құлаш серметті, озық идеяның ұшқыны, халқының тағдыры
болашаққа қанат қақтырды.

2. Ғылымның саяси-әлеуметтік, философиялық, эстетикалық көзқарастары.

Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастары тарихи
аса бір күрделі кезеңде қалыптасты. Өткен ғасырдың 40-60 жылдары жүз жылдан
астам уақытқа созылған Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылу процесінің
аяқталып келе жатқан кезі болатын. Алайда бұл бір қалыпты, жайбарақат
процесс емес еді. Қазақтың феодалдық аристократиясы өзінің құқығы мен
үстемдігіне нұқсан келеді деп қауіптеніп Ресейге қосылуға кедергі жасап
бақты. Кенесары Қасымов көтерілісі, феодал-бай үстемдердің басқа да
қарсылық әрекеттері реакциялық сипат алды, сөйтіп Қазақстанды Ресейден
айыруға бағытталады. Бірақ жалпы халық орыс пен қазақ халқының арасында
байланысты нығайта түсуге әрекеттенді, орыс халқының көмегімен оның озық
мәдениетінің арқасында қараңғылықтан арылатынына, патриархалды-феодалдық
езгіден құтылатынына, сөйтіп жақсы өмірге қолы жететініне сенді. Шоқан бұл
кезең туралы: “Қазір ескі мен жаңаның арасында бірден байқала қоймайтын,
бірақ өте қатал күрес жүріп жатыр. Бірі мұсылмандық шығысқа, екіншісі
орысқа еліктейді”,–деп жазды.
Шындығында шеткі ұлт аймақтарының экономикалық және саяси өрістеуіне
маңызды түрде әсер ететін оқиғалар Ресейдің ішінде де өтіп жатқан болатын.
Өткен ғасырдың ортасында крепостник кризиске байланысты Ресейде саяси және
идеологиялық күрес шиеленісе түсті. Халық бұқараларының күресі күшейе
түсуіне байланысты Ресейде крепостниктік системаны жойып, демократиялық
бағыт алу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Қазақстандағы, сондай-ақ
Ресейдегі саяси жағдайдың шиеленісе түсуі Шоқан Уәлихановтың көзқарасына
әсер етпей өте алмады. Сондықтан да оның шығармаларында қазақ халқы
өмірінің ең жанды мәселелері сөз болды, ол халық тауқыметін жеңілдетудің
жолын іздейді. Ол қазақ халқының Ресейдің басқа да халықтарының тағдырына
тебіренеді. Жарияланған шығармалары мен архив материалдарын социологиялық
талдау Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы самодержавиелік-
крепостниктік құрылысқа, патша үкіметінің колонизаторлық лагердегілердің
көзқарасымен сәйкес екенін көрсетеді. Шоқан Уәлиханов прогресті қолдаушы,
демократиялық бағытты мақұлдаушы, өз қоғамының зиянды жақтарын жоюға қызу
атсалушы болды. Уәлиханов қызметі ағартушылық сипатқа ие, бірақ соның
өзінде кезіндегі қоғамдық құрылысты сынау элементі басым түсіп отырады.
Оның еңбектері қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылысына айтарлықтай
өзгеріс ендіру ниеті болғанын бірдент аңғартады. Осының бәрі бізге Шоқан
Уәлихановты ағартушы-демократ, Ресей мен өз елінің үлкен патриоты, толық
мәніндегі гуманист деп атауға құқығын береді.
Шоқан Уәлихановтың ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының
қалыптасуына патша үкіметінің қазақ даласына жер аударған орыс қоғамының
озық демократиялық бөлігі–декабристер мен петрашевскийшілердің әсері зор
еді, сондай-ақ орыстың ұлы революционер-демократтары Н.Г.Чернышевский мен
Н.А.Добролюбовтардың ықпалы да күшті болды. Шоқан көзқарасының қалыптасуына
әсер еткен басқа бір “құдірет” –қазақ халқының көп ғасырлық мәдениеті, оның
саяси тарихы, азаттық пен бейбітшілік жолындағы халық күресі еді.
Шоқан Уәлиханов шығармаларында қазақ қауымының бұдан бұрынғы тарихи
өркендеу жолы туралы ойлары жібек арқау болып тартылып отырады. Ол қазақ
аристократиясының саясаты елін Ресейден айыруға бағытталғанын және оның
қазақ халқын күйреуге әкеп тірейтінін, сөз етіп феодалдық ортағасырлық
мешеулікті сақтап қалатынын, ақыр соңында қазақ халқын прогреске әкелуге
аса зор кедергі жасайтынын жақсы түсінді. Сондықтан да Шоқан Уәлиханов
қыршындай жас кезінің өзінде-ақ қазақ халқының экономикалық, саяси және
мәдени прогреске орыстың озық мәдениетін үйренуі арқылы ғана қолы жетеді
деген қорытындыға келген болатын.
Ол өзінің көптеген шығармаларында халқының мешеулігін қынжыла айтады,
халқының қоғамдық өркендеуінің мардымсыз сатысында тұрғанын жазады. Ол
Ресеймен байланысты одан әрі өркендету қазақ халқын мәдени және
экономикалық жағынан жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді, дегенді халық
мүддесі тұрғысынан айтқан болатын. Ол ұлттық шектелушілікке ашықтан-ашық
қарсы болып, халықтар достығы идеясын қорғады, аса өркендеген елдердің
барлық жақсы қасиеттерін мешеу халықтардың үйренуі идеясын паш етті.
Қазақстандағы мешеулік пен мәдени артта қалушылықтан құтылуда Ресейдің
шешуші ролі дегенде ол мұны қазақ халқының ұлттық дербестігін жою деп
түсінбеген. Ол өз ұлтының дарындылығы мен қабілетін бағалай білген.
Ядринцев ол туралы “Шоқан өз халқын сүюден айныған жоқ, ол европалық
ағартушылық пен өз халқының ұлттық қасиетін ұштастыруды армандады”, –деп
жазды.
Ресей мен Қазақстанның өзара жақындасуы тарихи қажеттіліктен туып
отырғанын ол терең де дұрыс түсіне білді және процесті өз халқын
ортағасырлық мешеулік пен жоқшылықтан мүмкіндігінше тезірек құтқаруға
пайдаланбақ болды. Бұл оның зор жетістігі еді.
Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов қазақ жеріне өктемдік пен заңсыздық
әкелген патшалық колонизаторлық үкіметті батыл сынаушы болды. Көптеген
шығармаларда әсіресе, орыс достарына жазған хаттарында қазақ халқының
қараңғылығын пайдаланып ашықтан-ашық тонап жатқан патша чиновниктері
туралы өте ашына айтады.”Ашықтан-ашық аямай сорады”, –деп дала әкімшілігі
жайлы ызамен жазады.
Шоқан Уәлиханов патша үкіметінің Қазақстандағы жүгенсіз қиянатшылығы
қазақ халқында Ресейге деген сенімсіздік тудыратынын және күні өткен
әлеуметтік дәстүрлерді сақтап қалатынын түсінді. “Орыс басшыларының әрбір
әрекетіне, –деп жазды, ол – қырғыздар басына қырсық, еркіне тежеу салынады
деп түсінеді. Онысы түсінікті де, өйткені жер-жердегі заседательдердің
әрекеті орыс басшылары осындай деген ой туғызады”.
Осылай дей тұрғанмен, Шоқан Уәлиханов қоғамды түпкілікті қайта құру
үшін радикальды шаралардың қажет екенін түсіну деңгейіне көтеріле алмады.
Ол қырсықтың бәрі отарлық системада емес, пашалық әкімшілігінің жекелеген
өкілдеріне деп қате ұғынды. Осыдан келіп ол реакциялық чиновниктерді
либералдық көзқарастағы адамдармен алмастыруға әрекет жасады.
Шоқан Уәлихановтың философиялық көзқарастары, әсіресе, адамдар арасына
діннің таралуы туралы ой-пікірлері назар аударарлық. Дін білім тарату мен
прогресс жолын кес-кестейтін кедергі екенін әділ түсініп, Шоқан оның
реакциялық мәнін ашуға әрекеттенді.
Діни сенімнің, атап айтқанда, қазақтың мамандығы негізінен түсіндіруіне
қарағанда Шоқан негізгі философиялық мәселені–материя мен сананың
арақатынасын–материалистік тұрғыдан шешкен. Болмысты қоршап тұрған табиғат
адам санасына тәуелді емес деп түсінеді. Сондай-ақ ол әлемнің басы да, аяғы
да жоқ.Ол мәңгілік деп білген. Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов адамдардың
діни сенімі табиғат күшінің адамға еткен өктемдігінің әсерінен, адамның
оның алдында әлсіздігінен пайда болған деп дәлелдейді. “Қырғыздардағы
шамандықтың қалдықтары “ деген мақаласында: “Табиғат пен адам, өмір мен
өлім әрқашанда ақыл жетпес құпия сыр болып келді. Табиғат пен адам! Табиғат
пен адамнан асқан керемет пен құпия сыр болуы мүмкін бе, айтыңызшы! Әлемді
және оның ғажайып ғаламаттарын, өмір мен өлімнің сырын, адамның табиғатқа
деген қарым-қатынасының құпиясын білу сияқты қажеттіліктерден келіп әлем
мен табиғат, өлген адамдарды құдай тұтып қастерлеу – шаман дінін туғызады.
Сөйтіп сәбилік дәрежедегі адам күнге, ай мен жұлдыздарға және біздің
табиғат немесе әлем деп атап жүрген шетсіз-шексіз мәңгілікке, бәріне
табынатын болды”.
Шоқан Уәлихановтың діннің пайда болуын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болуы
өз дәуірінде бір адым ілгері басқандық еді. Сонымен қатар, атап айтар бір
мәселе, діннің әлеуметтік түп негізін талдауға әкеп соқпайды. Басқа да
ағартушылар сияқты Шоқан Уәлиханов дінге сенуді тек қараңғылық пен
надандықтың, табиғаттың құпиясын шеше білмеудің нәтижесі ғана емес,
қоғамдық өмірдің шарттарынан екенін түсіне алмады. Шоқан Уәлиханов дінді
Маркске дейінгі материализм тұрғысынан түсініп, түсіндірді. Шоқан
материализмі құдіретті күштің, құдайдың жоқтығын ашық айтуында еді.
Шоқан Уәлихановтың атеистік көзқарасында тұйықталу, шектелушілік болды
және ол үнемі бір бағыт ұстай алмады. Алайда одан мұнан артықты талап ету
жөнсіз де еді.
Артта қалған, феодалдық Қазақстанда өмір сүріп, қызмет еткен Шоқан
Уәлиханов қана емес, алдыңғы қатарлы елдердің ойшылдары да сол кезде дінге
сенудің себептерін нағыз ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады. Ондай
түсінікті тек марксизм негізінен салушылар ғана бере алады.
Шоқан Уәлиханов, әсіресе, ислам дінін қатты сынады. “Сахарадағы
мұсылмандық туралы” мақаласында исламның реакциялық негізін сендіре
әшекерлейді, мұсылмандық фанатизммен діни реакционизмге батыл түрде қарсы
тұрды, қазақ қауымының өркендеуіне бірден-бір тежеу, қырсық діннен деп
түсінді.
Шоқан Уәлиханов ислам дініне,–адал-арбаудың, надандықтың қайнар бұлағы,
діннің зәрлі уымен халық бұқарасының санасына уландырып, ақымақ етудің
құралы деп қарайды. Мұсылман діні ашықтан-ашық ортағасырлықты жақтап,
феодалдық артықша құқықтарды қорғайтынын ол жақсы білді.
Өзінің мақалаларында Шоқан патша үкіметі өзінің отаршылдық саясатын
жүзеге асыруда мұсылман дінінің басшыларына сүйеніп, исламның реакцияшыл
әрекеттерін әдейі қолдап отырғандығын үлкен наразылықпен айыптады.
“Мұсылмандық әзірге біздің тәнімізге сіңіп, қанымызға араласа қойған жоқ.
Бірақ ол бізге болашақта халық бірлігін жою қаупін туғызып отыр”,–деп жазды
Шоқан.
Шоқан Уәлиханов молдаларды, имандар мен қазыларды ақ сәлделі езушілер,
сопысынған екі жүзді жауыздар дей отырып, оларға қарсы батыл күрес
жүргізді.
Шоқан Уәлихановтың алдыңғы қатарлы ағартушылық идеялары оның ОртаАзия
хандықтарының жағдайы туралы айтқан пікірлерінен айқын көрінеді. Хандар мен
бектердің езуінде азап шегіп отырған Орта Азия халықтарының өмірін жақсы
біле отырып, ол өзінің еңбектерінде феодалдық тоқырау мен деспотизмді
әшекерлеп, Орта Азия халықтарының азып, толып артта қалғандығын күйінішпен
айтады. “Мавраннагрде, –деп жазады Уәлиханов, –ертедегі Шығыстың ең
мәдениетті, ең бай елінде қазір де надандық пен жоқшылық қай жердегіден де
анағұрлым басым болып отыр. Самарқандтың обсерваториясын татар вандализмі
мен Бұхар инквизициясы талқандап жойды, олар діннен басқа білімнің бәрін де
лағынет айтты”.
Қазақтың ұлы ғалымы және ғартушысы Шоқан Уәлихановтың өз халқына білім
беріп, мәдениетін өркендету және оны патша үкіметі мен бай-шонжарлардың
езгісінен, өктем озбырлығынан азат етіп, бақытты өмірге жеткізу жөніндегі
асыл армандары өзі қайтыс болғаннан кейін көп жылдан соң жүзеге асырылды.
Шоқан Уәлиханов өзінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде
қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму барысына аса көңіл
бөлді. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың эстетикалық
талғам деңгейін болмысқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете білді,
эстетикалық тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз