шешендік сөздер

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




шешендік сөздер

Автор: Колешова Меруерт Кадирбаевна

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-05


Материал туралы қысқаша түсінік

Жоғары буын оқушыларына сабақ беретін мұғалімдерге қажетті қысқа мерзімді жоспар.




Пән мұғалімі: М.К.Колешова Күні: 16.10.2018ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздерСабақтың мақсаты: а) оқушыларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру; ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру; б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;Сабақтың түрі: Қалыптан тыс-саяхат сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.бСабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.бПәнаралық байланыс: тарих,географияСабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ. Яғни саяхат сабағын өткіземіз. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында өткізбекпіз. Саяхат сабағының өту ретін жақсы білеміз. (мұғалім сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды) Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін, берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушыларға ұпай беріліп отырылады. Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып,сол қағаздағы сұрақтарға жауап бересіздер. Мысалы: Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы. Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

  • Төле бидің қандай толғау,шешендік сөздері бар?

1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ, Қыз өссе өріс.2-оқушы: Үй сыртында төбең болса, Ерттеулі тұрған атың ғой. Ел ішінде қарияң болса, Жазулы тұрған хатың ғой.Мұғалім: -Ия,балалар, біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік. Енді біздің келесі ауылымыз-Әйтеке би ауылы.

  • Әйтеке би жайлы не білесіңдер?
  • Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?

1-оқушы: Қысқаша Әйтеке туралы мәлімет береді.2-оқушы: Бай болса халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң жауға найзаң тисін. Бай болып еш пайдаң тимесе, Батыр болып жауға найзаң тимесеОсылайша 3,4,5 сұрақтарға жауап береді. Мұғалім:-Біз,балалар, Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық. Ендігі біздің үшінші ауылымыз Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағаздарды ретімен алып ондағы сұрақтарға жауап береді.) -Ал, енді үш ауыл әңгіме жарысына түсеміз. Өзіміздің қаншалықты шешен,білгір екенімізді көрсетеміз. Үш ауылға берілетін әңгіменің тақырыптары:1. «Менің әжем» 2. «Туған жерім» 3. «Ана»Соңынан әңгімелеріңді оқисыңдар,одан кейін бағалаймыз.

  • Сабағымыздың келесі бөлімі сөзжұмбақ шешу:-

Мінеки,балалар, біз бүгін шешендік сөз өнеріне саяхат жасай отырып,шешендік сөздер туралы ойымызды дамыттық. Үлкенді сыйлауды,кішіге, қамқор болуды, кішіпейілділікке үйрендік. Ерлікке,бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған,жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз

Білімді бекіту: Жалпы тақырыпты мазмұндау, әділ баға бере білуге даярлау.Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.