Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері

0
905

«Дөңгелек, шеңбер және олардың элементтері».

Сынып жетекшісі: Ризуанова Лариса Туремуратовна

Бөлімі: Аудан. ШамаларТақырыбы:Дөңгелек пен шеңберді салу Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіКүні: 21.11Мұғалімнің аты-жөні: Ризуанова Лариса ТуремуратовнаСынып: 3Қатысқандар саны: 19Қатыспаған оқушылар: 0Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір-бірінен ажырату және атау/симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру3.3.1.2 геометриялық фигураларды жіктеу3.3.2.2 берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салуСабақтың мақсаты:Оқушылардың барлығы:
  • шеңбер, дөңгелек пен олардың элементтерін ажырату және атау.
  • Оқушылардың көпшілігі:
  • циркульдің көмегімен шеңбер салу.
  • Оқушылардың кейбірі:
  • шеңбердің диаметрі мен радиусының тәуелділігін түсіндіру.
  • Бағалау критерийлерішеңбер, дөңгелекпен олардың элементтерін ажырата және атай алады;циркульдің көмегімен шеңбер сала алады;шеңбердің диаметрі мен радиусының тәуелділігін түсіне алады.Ғылыми тілПәндік терминология мен тірек сөздерШеңбер, радиус, диаметр, шеңбердің центріДиалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:Талқылау:«Дөңгелек», «шеңбер», шеңбердің центрінің айырмашылығын түсіндір.Шеңбердің центрі деген не? Радиусы бойынша шеңберді қалай салуға болады?Диаметрі белгілі болса ше?ҚұндылықтарЫнтымақтастықПәнаралық байланысКөркем еңбекАКТ қолдану дағдыларыИнтербелсенді тақтада жұмыс жасайдыАлдыңғы меңгерілген білімСабақ барысыЖоспарланған уақытОқушылардың жоспарланған іс-әрекетіРесурстар Сабақтың басы

    Сабақтың ортасы

    Ширату:Сәттілік біздер тілейік,Мен саған, сен маған.Күндей күліп жүрейік,Күннің нұрын төгейік.Мен саған, сен маған.

    -Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі сабағымыз жақсы өтуі үшін сәттілік бізге серік болсын- деп, сабағымызды бастайық. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Он екі түс» әдісінің сұрағына жауап берейік:

  • 90-ның оннан бір бөлігі (9);
  • 6- бұл қандай санның бестен бір бөлігі (30);
  • 8- бұл қандай санның төрттен бір бөлігі (32);
  • 40-тың төрттен бір бөлігі (4);
  • Санның кубын көбейтіндімен алмастыр: 23 (8);
  • 33 (27);
  • 42 (16);
  • 72 (49);
  • Заттың құнын табу үшін (санын бағасына бөлеміз);
  • Заттың бағасын анықтау үшін (құнын санына бөлеміз);
  • Заттың санын анықтау үшін (құнын бағасына бөлеміз);
  • Өшіргіш құны-81 тг, бағасы- 9тг, саны-? (81:9=9)
  • Білім алушылар өз жұмыстарын «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.

    -Балалар, он екі түстің астында қандай сөз жасырынған екен?– Уақыт. Уақыт құндылығы туралы әңгімелеймін. Көне заманда уақытты қалай өлшегені туралы айтамын.Күн бір орнында ешқашан кідірген емес – аспан төсіндегі өз жолымен үнемі ілгері жылжиды.Таңертең жұмыр жердің бір шетінен нарттай қызарып,дөңгелене шығады,шаңқай түсте тас төбеден шығады;кешке қарай жердің қарсы жақтағы шетіне барып, ұясына қонады.Ал адамдар күн сайын оған қарап : «Әне,күн шығып келеді», «Тал түс болды», «Міне, күн батып барады» деп уақыт айырып,осы аспан сағаты бойынша ғұмыр кешетін еді.Бірақ бірте-бірте олар уақытты дәлірек білудің жолдарын ойластыра бастады.Сөйтіп,нағыз күн сағатын жасады.Цифрблат орнында –беті таңбаланған дөңгелек ашық алаңқай.Сағат тілінің қозғалмайтын үшін бекітілген тетік орнында -алаңқайдың дәл ортасына қағылған қазық немесе биік бағана.Ал сағат тілінің қызметін осы қазықтың немесе бағананың көлеңкесі атқарады.Күн аспан төсіндегі өз жолымен жылжи береді, соған сай көлеңке де ашық алаңқай бетімен шыр айналып, кәдімгі сағат тілі сияқты уақытты көрсетіп тұрады.

    Слайд №2

    Слайд №3

    Слайд №5, №6

    Қазіргі уақытта уақытты немен өлшейтінін оқушылардан сұраймын.Сағаттың түрлерін еске түсіреді.

  • Тақтада ілулі тұрған сағатта кездесетін фигураларды атаңдар? (Дөңгелек, төртбұрыш).
  • Дөңгелек пен төртбұрыштың қандай айырмашылығы бар? (төртбұрыштың бұрыштары бар, дөңгелекте бұрыш жоқ)
  • Ендеше бүгін дөңгелек, шеңбер фигураларымен танысып, сабақ арысында сызу жолдарын қолданамыз.
  • Мақсат қою /Ережені түсіндіруШеңбер-бұл дөңгелектің шегарасы. Шеңбердің центрі-шеңбердің нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан нүкте. Шеңбердің радиусы-центрді шеңбердің нүктесімен қосатын кесінді. Шеңбердің диаметрі- шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның нүктесін қосатын кесінді.

    Шеңбер деген не?(Шеңбердөңгелектің шегарасы) Дөңгелек деген не? (Дөңгелек нүктеден бірдей арақашықтықта тұрған нүктелер сызатын фигура).О нүктесі дөңгелектің центрі (шеңбердің). Радиус – шеңбердің центрі мен шегарасының арасын қосатын кесінді. Диаметр – орталық нүктені кесіп өтіп, екі шегараны қосатын сызық.

    Жұптық жұмысӘрбір жұпқа бір пластикалық стакан таратылады. – Ақ парақ қағазға стаканның түбін бастыра сызыңдар. – Осы сызған дөңгелекті қиып, сонан соң дөңгелекті екі рет бүктеп, қайта жазыңдар. – Екі кесіндінің қиылысуы пайда болады. Олардың қиылысу нүктесін белгілеңдер. (бұл центрі) – Шеңберден центрге дейін қашықтықты қарындашпен бастырып, сызғыштың көмегімен өлшеңдер (бұл радиусы)-Дөңгелектің бүгілген ізі бойынша шеңбердің бір нүктесімен центр арқылы екіншісіне қарай қарындашпен бастырып сызыңдар. (бұл диаметрі) Білім алушылар жұмыстарын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. «Сағаттың тапсырмалары» әдісі.Сағатта жасырылған тапсырмаларды білім алушылар бір-бірлеп алып, топпен ақылдасып, жауап береді.Сұрақтары: а)Қай шеңберлердің центрі ортақ? (3) Осы шеңберлердің радиусы бірдей ме?(жоқ)ә)Қай сызбада шеңберлердің радиусы ортақ және радиустарының ұзындығы әртүрлі? (3)б) Екі әртүрлі шеңбердің центрлері ортақ және радиустары бірдей бола ма? (3) (шеңбердің центрі бірдей болғанымен радиусының ұзындығы бірдей болмайды)в) Қай суретте шеңберлердің центрлері ортақ емес және радиустарының ұзындығы бірдей? (4,5)г) Қай суретте шеңберлердің центрлері ортақ емес және радиустарының ұзындығы әртүрлі?(1,2)

    «Қол шапалақ» әдісімен бағлау

    Дәптермен жұмысАлдымен тақтаға циркульді қалай пайдаланатынын көрсетіп аламын.І-топ: Радиусы 2 см болатын шеңбер сызыңдар.ІІ-топ: радиусы 3 см болатын шеңбер сызыңдар.ІІІ-топ: радиусы 4 см болатын шеңбер сызыңдар.

    Оқушыларды сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

    Сергіту сәті«Шеңбер әлде дөңгелек» ойыны. Оқушыларға интербелсенді тақтада әр түрлі суреттер көрсету. Суреттегі заттарды дөңгелек деп таныса, шапалақтайды, ал шеңбер деп таныса, саусақтарымен шеңбер жасап көрсетеді.

    Топтағы жеке оқушыларға сематикалық карта ұсынамын.

    Топтық жұмыс «Өлшемдерін анықта!»І-топ: Спорттық құрал кругтің ұзындық өлшеу құралы лентаның көмегімен диаметрін анықтау.ІІ-топ: Дөңгелек қақпақтардың шеңбері мен радиусын анықтау.ІІІ-топ: Ойыншық мәшиненің тегершігінің радиусын анықтау.Басбармақ арқылы бағалау.

    Слайд №7

    Электронды оқулықтан шеңбер мен дөңгелек және олардың элементтерімен танысады.

    Слайд №9

    Стакан, қағаз, қайшы, сызғыш.

    Слайд №7-8А4 форматтағы тапсырма жазылған парақ, циркуль, сызғыш

    Слайд № 10

    Слайд №11А4 форматтағы тапсырма жазылған парақ, циркуль, сызғыш

    Слайд №13-19

    Слайд №20Таратпа карточкалары

    Сабақтың соңыКері байланыс. Дұрыс жауапты көрсет.Оқушыларға жауаптар жазылған конверттер таратылып беріледі. Оларға сұрақ қойылғанда дұрыс жауабы жазылған карточканы көтерулері қажет.

  • … – дөңгелектің шегарасы. (шеңбер)
  • Бір шеңбердің радиустарының ұзындықтары … (тең)
  • Диаметр шеңбердің … арқылы өтеді (центрі)
  • r = d : 2 бұл шеңбердің … табатын формула (радиус)
  • d = r • 2 бұл шеңбердің … табатын формула (диаметр)
  • Сабақ рефлексиясы. І-топ: Қыз баланың басына арналған шеңберлі күлтені гүлден толтыру. Егер ақ гүлді таңдаса онда бүгінгі сабақта әлі түсінбеген жерім бар. Қызыл гүлді таңаса бәрін түсіндім дегені. ІІ-топ: Саңыруқұлақ қалпағын дөңгелектермен толтырады. Ақ дөңгелек таңдаса, онда әлі түсінбедім… сары дөңгелек таңдаса бәрін түсіндім дегені. ІІІ-топ: Көңіл күй смайликтерін көтереді.

    Үй тапсырмасы: №5 есеп Бағандап шығарып, оны тексеру.

    Слайд №14Конверт, үлестірмелі карточкалар

    Күлтелі шеңберСаңырауқұлақ қалпағыСмайликтер.

    Қосымша ақпаратСаралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы Оқушылардың қабілеттеріне қарай саралап тапсырмалар беремін.

  • «Сағаттың тапсырмалары» әдісі
  • Сематикалық карта
  • Сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін «Математика сабағына жақсы қатыстың, жарайсың» пишкалары таратылады. «Пишкалар» әдісіДенсаулық сақтау технологиялары.Қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін алға қойдым.