Шаштың ұшталуын емдейтін маска
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2018/11/1538417729_qhjrgy_di-c.jpg)
Егер шашыңыз өскен сайын ұштала беретін болса, шаштараз көмектесе алмайды. Мұндай жағдайда маска жасап, күту керек.
Ол үшін:
1 ас қасық қою балды 1 жұмыртқа және 2 ас қасық зәйтүн майымен сұйықтау болғанынша араластырыңыз.
Шаштың бойына, әсіресе ұшталған жерлерге көбірек жағыңыз. Басыңызды сүлгімен орап, масканы 30-60 минуттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз. Масканы айына 2-3 рет жасап тұру керек.