Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негізлері

0

ЖОСПАР

Кіріспе

1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негізлері.
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің мәні мен мағынаса және жұмыс істеу
негіздері.
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

2 Шаруашылық жүргізуші субъекті Натур Продукт ЖШС-гі мысалында
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.1 Натур Продукт кәсіпорынының шаруашылық мінездемесі
2.2 Кәсіпорынның әкономикалық іскерлігін және кірістілігін талдау
2.3 Баланс активтерінің және олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен
құрылымын талдау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Шаруашылық жүргізуші субъект — бұл дербес қызметпен айналысып белгілі
бір өндісті жүзеге асыратын, ақшалай пайда алатын ұйым немесе кәсіпорын.
Шаруашылық жүргізуші субъект өзінің қызметін жүзеге асыру үшін оған
қаржылық база қажет, оған негізгі қүралдар, қаражат, материалдар мен құрал-
жабдықтар жатады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы
ретінде қоғам әкономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда
материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы
ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің
қаржысы, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және әкономикалык
заңдардың іс-әрекетімен байланысты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің
құрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық
әкономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге
асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.
Тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілердің асасында шаруашылық
серіктестіктер жиі кезедеседі, әсіресе жиі кездесетіні -жауапкершілігі
шектеулі серіктестік. Кәсіпорындардың көбі занды тұлғаның осы ұйымдық-
құқықтық нысанын таңдауы қатысушылардың жауапкершілігінің шегіне
байланысты, атауының өзі айтып тұрғандай, жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өз
жарнасының шегінде ғана тәуекелге барады.
Кез келген заңды тұлға белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылады, осы
мақсатқа жету үшін қаражат қажет. Бұл қаражат заңмен тыйым салынбаған
көздерден алынады, мысалы, қатысушылардың жарналары, шаруашылық қызмет
нәтижесінде алатын табысы, т.б.
Занды тұлғаның қаржысы оның негізгі мақсаттарына жұмсалу қажет, сонда
ғана оның қызметі тиімді болады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық
капиталға заттай нысанда немесе мүліктік құқықтар түрінде салған салымдары
барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық
қатысушыларының жалпы жиналысыньщ шешімі бойынша ақшалай нысанда
бағаланады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы
қаржылардың әкономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан,
коғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты
ерекшеліктер тән.
Жұмыс тақырыбының актуалдығы қазіргі кездегі шаруашылық жүргізу, оның
ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігінің дамуымен түсіндіріледі.
Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындардың ішінде ең жиі кездесетіні — шаруашылық
серіктестіктер. Сондықтан осы жұмыс кәсіпорынның осы құқықтық-ұйымдық
нысаны мысалында жазылған.
Курстық жұмыстың мақсаты — шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының
ұғымын жан-жақты ашу, оның қаржысы туралы толық мәлімет алып, оны зерттеу,
қаржысын қалыптастыру, жұмсау және басқару ерекшеліктерін көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған: шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы туралы теориялық материал жинау, тәжірибеде
шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының қалыптасуы, оны баскару туралы
акпарат жинау.

1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негізлері

1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің мәні мен мағынаса және жұмыс
істеу негіздері

Шаруашылық жүргізуші субъект — бұл дербес қызметпен айналысып белгілі
бір өндісті жүзеге асыратын, ақшалай пайда алатын ұйым немесе кәсіпорын.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің
құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның
орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес
игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі
қалыптасатын қоғамдық өқдірістің басты буынына қызмет көрсетеді [1, 137].
Елдегі ақша қатынастарынын, аса маңызды сферасын, атап айтқанда,
жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың
қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдык шығындарын қамтамасыз
етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы
қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы
ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және әкономикалық
заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол
ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен
қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық
шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды әкономикалық инструменті,
әкономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық
жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларынсыз мүмкін
емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік
қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің
тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы
кызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс,
көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау,
жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-
коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім,
медицина, ақпарат, маркетинг және басқа кызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың,
салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық,
салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын біріктіреді
[1, 138].
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу
және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының
ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде
өндірілген өнімнің құны белгіленген әкономикалық нормативтер (салық
мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз)
негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс
процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар
мен қорланымдарды әкономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы
өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша
қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы
сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады.
Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары,
болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген әкономикалық нормативтер
негізінде уақыттьщ белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін
жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар
мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері
есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен
жабылатынын анықтайды [2, 7].
Бөлу — өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс
кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің
жұмсалынған каражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға
пайдалану арқылы болып жатады.
Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған
қорларға — мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған
бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және
дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында
қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы
кәсіпорын әкономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз
шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші
субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен,
жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-
қатынастарында да жүзеге асырылады.
Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім
тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу
кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау
бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін
алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады [3, 124].
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан
қатьшастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші
субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына
саяды: басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден
түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды
төлеу, шарт міндеттерін бүзған кезде айыппүл төлеу және алу, бағалы
кағаздарды өткізу, басқа кәсіпорьшдардың акциялары мен облигацияларына
қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу
және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын
жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге
жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды
(бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін
үлестік жарналарды) ортақтастырады;
мемлекетпен бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде,
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша
төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын қалыптастырғанда;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерін алу, оларды
қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға
белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен
жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтандыру органдарымен мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және
коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен — ішкі салалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды,
капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары);
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды
қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ
кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес
қүрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы
каржылардың әкономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан,
қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты
ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді
атауға болады:
1)қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты
арналымының сан алуандығы;
2)өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды
қальштастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың
пайда болуы. Өндірістік капиталдар — бұл өндірістің серпінді әлементі, олар
өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн
нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген
мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттай және ақша нысанында болуы
мүмкін;
3)жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету
мүмкіндігі;
4)шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің
айқындаушы негізі болып табылады.
Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс,
қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды
және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты әкономикалық
қатынастарды айтады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан
қатьшастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші
субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына
саяды:
— басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім
өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру,
материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бүзған кезде айыппүл
төлеу және алу, бағалы кағаздарды өткізу, басқа кәсіпорьшдардың
акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар
бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде,
коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
— өзінің еңбек үжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық
қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан
қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің
қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы
ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
— мемлекетпен бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен
қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған
кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен
ресурстарын қалыптастырғанда;
— банктермен (қаржы қатынастарының бүл тобы банк несиелерін алу,
оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша
пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін
бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске
асады);
— сақтандыру органдарымен мүлікті, қызметкерлерді,
— коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
— жоғары ұйымдармен — ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы,
табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер
бойынша және басқалары);
— құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық
капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу
кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір
бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және
т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы
каржылардың әкономикалық табигатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан,
қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты
ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді
атауға болады:
1)қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты
арналымының сан алуандығы;
2)өндірістік құралдардың (капиталдардың) мІндетті болуы және оларды
қальштастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың
пайда болуы. Өндірістік капиталдар — бұл өндірістің серпінді әлементі, олар
өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн
нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген
мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттай және ақша нысанында болуы
мүмкін;
3)жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету
мүмкіндігі;
4)шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің
айқындаушы негізі болып табылады.
Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс,
қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды
және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты әкономикалық
қатынастарды айтады.

1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

Шаруашылық жүргізуші субъектілер — кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар,
компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар
(бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр турлі
белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша
айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі
мүмкін. Шаруашылық серіктестік шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына
кіреді [4, 56].
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары
бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға — қаржыландыру, өнімдер мен
қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде
де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру — қорланымдарды,
табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді.
Бірқатар жағдайларда айрықшалықты қорланым орын алады: мысалы, білім
беруде, ғылымда — іскерліктің, білімділіктің, басқаруда -басқару
тәжірибесінің, дағдының (машыктың) қорлануы.
Сыныптаманың басқа белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылык қызметінің сипаты — коммерциялық және коммерциялық емес қызметі
болып табылады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін
(коммерциялық ұйым) не мүндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және
алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым
заңи тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті
қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына; коммерциялық есепке немесе белгілі
бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын
бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық және
коммерциялық емес қызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бұл
қызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мүндай қызметтің өзін-өзі
қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу,
алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық
негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және
материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс
істейді [5, 205].
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік баскару
қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандьфу және қамсыздандыру, құқық
тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім
берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым
коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс
(пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік
қорғауды
қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға бағытталған.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі
меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады.
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны
қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматгардың
және (немесе) мемлекеттік емес занды тұлғалармен олардың бірлестіктері
ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың
меншігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып
ажыратылады.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-қүқықтық нысаны Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қүқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.
Жалпы меншіктің, әр түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысы ортақ
қағидаттарға негізделген. Алайда бүл кәсіпорындардың ұйымдык-кұқықтық
мәртебесІндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды баскару механизмінің кейбір
ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты
болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды
[6, 98].
Кәсіпорындардың ұйымдық-құкықтық нысандарын жіктеудің критерийлері
мыналар болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің субъектісі, мүлік иесінің
мүліктік жауапкершілігінің сипаты (толық, шектелген, қосымша) және
кәсіпорынды басқарудың механизмі. Осы критерийлерді ескере отырып,
кәсіпорындар жеке, жекеше, серіктестіктер (толық серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акционерлік қоғамдар,
кооперативтік, жалгерлік,
мемлекеттік, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар ретінде қүрыла алады.
Олардың барлығы бірыңғай зандылық негізде іс-әрекет етеді және
кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ортақ қағидаттарына бағынады.
Әкономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше
немесе үжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдык-кұкықтық нысандардың
кәсіпорындары мен ұйымдарыньщ қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі
меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.

2 Шаруашылық жүргізуші субъекті Натур Продукт ЖШС-гі мысалында
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

2.1 Натур Продукт кәсіпорынының шаруашылық мінездемесі

Натур Продукт ЖШС-гі 1991 жылдың 22 мамыр айында құрылды. Натур
Продукт ЖШС-гі Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Кирветка 7 мекен – жайда
орналасқан.
Өндірістің жалпы алаңы 5,71 га, ал ғимараттар мен құрылыстар алаңы —
8962,7 м2 құрады.
Меншік формасы – жекеше. Натур Продукт шаруашылық субъектісі ретінде
тіркелген, тіркеу куәлігінің нөмірі 4994-1902-ЖШС.
Кәсіпорын заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, жекеленген
мүлігі, штампы және мөрі, БТА Банкте есеп шоты бар. Натур Продукт
кәсіпорынының 100000 тенге көлемінде жарғылық капиталы бар.
Жарғыға сәйкес кәсіпорынның негізгі іскерлігінің бағыттары:
— күшті алкогольді ішімдіктерді өндіру, сақтау, көтерме саудалау;
— күші аз алкогольді ішімдіктерді өндіру, сақтау, көтерме саудалау;
— Ішілетін спиртті сақтау және сату;
— Сату – сатып алу, коммерциялық және делдалдық;
Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты – 310 мың дал. (декалитр) немесе
3 100 000 литр.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі компьютерленген. Қаржылық және
өндірістік есепті, салық есебін және аудитті ұйымдастыруда кәсіпорын ҚР
Бухгалтерлік есеп туралы, Салықтар және бюджетке басқа да міндетті
төлемдер туралы, Аудиторлық іскерлік туралы заңдарына және басқада
құқылық – нормативтік актілерге сүйенеді.
Сумен қамтамасыз ету қалалық су арнасы торабынан жүргізіледі. Арақ
және ликер-арақ өнімдерін өндіруге арналған су натрий – катионотивтік
фильтрден, тұз еріткіштерден, тұз ертіндісін тазалауға арналған сүзбелерден
тұратын су қатаңдығын реттейтін қондырғыларда жұмсартылады. Катионитивтік
фильтрлердің өнімділігі – 3,0-6,0 куб.мсағат.
Арақты дайындау периодикалық тәсілмен өткізіледі. Спирт 205
декалитрлік тексерілген өлшеуіш арқылы спиртсақтаушыдан 700 декалитрлік
елеуіш ыдысқа кұйылады және оған жұмсартылған су қосылады. Спитр пен суды
насостың көмегімен араластырады. Еленген қосынды насос арқылы 1800
декалитрлік қысымды ыдысқа беріледі. Ол ыдыстан өз салмағымен алдын ала
сүзуге үш фильтрге келеді, одан үш стандартты көмірлі бағандарға беріледі.
Жаңа көмірде сүзу шапшаңдығы 30-45 дексағатты құрайды. Белсенді көмірмен
өңделген арақ соңғы сүзу стадиясынан өткізу үшін үш құмды фильтрге
бағытталады. Сүзу шапшаңдығын анықтайтын ротамерлер әр дайым тексеріліп
отырады.
Көмірлік- тазалағыш батареялардан кейін арақ екі 1100 декалитрден
сиымдығы бар ыдысқа бағытталады да, қажет болса ингредиенттер қосылады және
күштіліктеріне түзетулер енгізіледі.
Өндірістік бөлімшелер құрылымына сәйкес оның құрамына кіреді:
1. Купаждық бөлім;
2. Құю цехы;
3. Спирт сақтау қоймасы;
4. Ыдыстарды қабылдау және сақтау қоймасы;
5. Дайын өнімді сақтау қоймасы.
Өндірілген өнімді ішкі бақылауды завод лабораториясы іске асырады.
Аттестациялық куәліктің № 03-01, қызмет мерзімі 2009 жылдың 1 наурызына
дейін.
Инженерлік қамтамасыздандыру туралы мәлімет:
1) Вентиляциялау мәжүбірлі;
2) Сумен қамтамасыздандыру орталықтанған, терең насостар жоқ;
3) Әлект қуатымен жабдықтау орталықтанған және автономды.
Әлект қуатымен жабдықтаудың автономды көзі – қуаты 110 квтсағ үш
дизельді генератор.
Жылумен жабдықтау автономды. Көмір отынымен жұмыс істейтін маркасы КЕ-
2514 үш дана бу қазаны орнатылған.
Шығарылатын өнімдер ассортименті:
Шығарылатын өнімнің негізгі ассортименті сиымдылығы 0,5 және 0,25 л.
арақтар:
1. Старорусская
2. Посольская
3. Золотое кольцо
4. Әкстра
5. Русская
6. Салем
7. Московская
8. Пшеничная
Шикізаттың – әтил спиртінің негізгі жабдықтаушысы — Айдабол спірт
зауыты.
Натур Продукт кәсіпорынының өнімін негізгі тұтынушылар алкоголь
өнімін сақтауға, және көтерме сатуға лицензиясы бар көтерме сатып алушылар:
Астана, Петропавл, Қостанай және Көкшетау қаласының кәсіпорындары: ЖШС
Ромабек, ЧП Сегизбаев, ЖШС Азия, ЖШС Тандем және басқалар.
Өндірістің тиімділігі көп жағдайда оның шоғырлануымен
анықталады. Өндірістің шоғырлануы ғылыми-техникалық прогрестің көрсеткіші.
Шоғырлануда ірі өндірістің ұсақ өндірістен басымдылық әкономикалық
заңы айқын сипатқа ие болады. Өндірістің көлемі бірнеше натуралдық
және құндылық көрсеткіштермен мінезделеді. Төменде көрсетілген 1- ші
кесте бойынша Натур Продукт ЖШС көлемінің көрсеткіштерін
қарастырамыз.

Кесте 1
Натур Продукт ЖШС көлемінің мінездемесі. (2007-2007жж)

№ Көрсеткіштер 2007 2008 жыл2009жылОрта
жыл мөлшер
1 Жалпы өнім құны, мың тенге 11270 11500 13255 12008
2 Тауарлық өнім құны, мың тенге 11099 11443 12995 11846
3 Негізгі құралдар құны, мың тенге 28260 28380 33388 30009
4 Жұмысшылар саны, адам 112 112 118 114

Кесте мәліметінен Натур Продуктің жалпы өнімінің құны өсуіне
байланысты, көлемі ұлғайғаны көрініп тұр. Зерттелген жылдар бойында
жалпы өнім құны 1985 мың тенгеге өсті де 2009жыл аяғында 13255 мың
тенгені құрады және ол өндіріс көлемінің ұлғаюымен байланысты.
Жаңа жабдықтар сатып алуға байланысты негізгі құралдардың құны да
ұлғайған. Жұмысшылар саны 6 адамға көбейді.
Кез келген кәсіпорынның өндірістік бағыты, оның мамандануымен яғни
специялизациясымен мінезделеді. Маманданудың мақсаты – пайданы ұлғайтуға
жағдай жасау, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейіне жету, өнім
шығаруды ұлғайту, оның сапасын көбейту. Мамандануды анықтаудың негізгі
көрсеткіші тауарлық өнімнің құрылымы. Оны келесі кестеден
анықтаймыз.

Кесте 2
Натур Продукт ЖШС-тің тауарлық өнімінің құрылымы (2007-2009жж)

Өнім түрлері 2007 жыл 2008 жыл 2009жыл Орта есеппен
мың тенге % мың тенге % мың тенге
мың тг. % мың тг. %
1 Қор қайтарымы 0,400 0.405 0.390 0,400
2 Қор сиымдылығы 2,51 2.50 2.56 2,52
3 Қормен қарулану 252,3 253.4 282.9 262,9

Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігінің ең жалпыланған
көрсеткіші болып қор қайтарымы . Ол негізгі өндірістік қорлардың құнының
бір тенгесіне ақша сипатындағы қанша өнім алынғанын көрсетеді. Талдау
периодында бұл көрсеткіштің аздаған төмендеу тенденциясы байқалады. Сонымен
қатар бір мезетте қор сиымдылығының өскені де көрінеді. Бұл жағдай негізгі
қорларды пайдаланудың нашарлағанын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі
өндірістік қорлармен қамтамасыздану деңгейін мінездейтін көрсеткіш — қормен
қарулану. 2009жылы бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 29,5 мың
тенгеге, 2007 жылмен салыстырғанда 30,7 мың тенгеге ұлғайды.
Жұмыс істейтін ҚР заңдылығына сәйкес еңбек ресурсына жататын: 16
жастан 63 жасқа дейінгі ер адамдар, 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйел адамдар
жатады.
Өндірістіктің тиімділігі еңбек ресурстарының біліктілік деңгейі мен
пайдалану дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Оның ішінде ең әлеуметті
белсенді және нәтижелі бөлігі жұмыс күші.
Кәсіпорынның еңбек ресурсының құрамын жұмысшылар құрайды,
қызметкерлер (өнеркәсіптік — өндірістік персонал және өнеркәсіптік емес
персонал). Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз болуы және оларды
тиімді пайдалануға тікелей байланысты болады.Барлық жұмысты орындау көлемі
мен уақытылығы, жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді пайдалану
тиімділігі, және нәтижесі ретінде — өнім өндіру көлемі, оның өзіндік құны,
пайда және тағы да басқалар болып табылады.
Келесі кестеде еңбек ресурстарының құрамы мен құрылымын қарастырамыз.

Кесте 5

Натур Продукт ЖШС-нің еңбек ресурстарының құрамы мен құрылымы

№ Жұмыскерлер 2007 жыл 2008 жыл 2009жыл Орташа
категориясы
адам %
Жалпы өнім бір жұмысшыға
шаққанда өндірілді,
тенге: 100630,0 102678,6 112076
декалитр: 183,8 187,5 189,8
Тауарлық өнім бір жұмысшыға
шаққанда өндірілді,
тенге: 99100 102165 110127
декалитр: 173,8 178,2 183

Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша, кәсіпорынның еңбек өнімділігі
өсу жағдайында. Еңбек өнімділігнің натуралдық сипаттағы және ақша
сипатындағы көрсеткіштері өсу үсінде.
Кәсіпорында өнімді өндіру қандай бағамен түкенін білу үшін , өнімнің
өзіндік құнын зерттеу керек.
Өзіндік құн – бұл ақша формасында көрсетілген өнімді өндіру және сату
бойынша шығарылған кәсіпорынның шығындар жинтығы.
Кестедегі мәлімет бойынша, 2009жылы өзіндік құн көлемі 2008 жылмен
салыстырғанда 586116 тенгеге өсті. Өзіндік құн құрамындағы өзгерістер
шамалы болды. Еңбек ақы бабы бойынша 3,7 %, су – 0,7% өсу бар, бір мезетте
шикізат бойынша 3%, отын бойынша 1,3% кему байқалады.

Кесте 7
Натур Продукт ЖШС-нің өзіндік құнының құрамы және құрылымы

№ Шығын 2007 жыл 2008 жыл 2009жыл Орташа
баптары

4 Әәнергия552720 10,9 555500
Сатылған өнімнің өзіндік 5034,7 5050 5363,1 +328,4
құны, мың тенге
Сатудан түскен кіріс, мың 11099 11442,5 12995 +1896
тенге
Өнімді сатудан пайда, мың 6064,3 6392,5 7631,9 +1567,6
тенге
Рентабельділік деңгейі, % 120,5 126,6 142,3 +21,8

Кірістің өсуі өнімді сату көлемінің 2008 жылғы 995000 шишадан,
2009жылы 1130000 шишаға көбеюіне байланысты болды. Пайданың өсуі 1567,6 мың
тенгені құрады.
2009жылы рентабельдік деңгейі 130,57 % құрады, яғни шығынның әр
тенгесіне 1,3 тенге пайда алынды.
Өнім өндірудің пайдалығы көптеген факторларға тәуелді болады, оларды
шартты түрде екі негізгі топқа бөлуге болады:
— өндірістік;
— нарықтық.
Өндірістік факторларға жатады өнірістік ресурстарды тиімді пайдалану,
өніріс шығындарын үнемдеу мүмкіндігі және т.б. Өндірушілер баға бәсекесіне
төтей алады және өз пайдасын максимумдайды, тек шығындарды төмендету
арқылы. Ал оған өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін енгізу арқылы
ғана қол жеткізуге болады.
Нарықтық факторларға жатажы нарық коньюнктурасы жағдайы, оның
динамикасының перспективасы, сол сияқты бәсекенәі маштабы мен шарттары.
Қаржылық жағдайды талдау қаржылық тұрақтылықтан басталады және оған
мыналар жатады:
— кәсіпорын активтерінің кұрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
— кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық
динамикасын талдау;
— кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
— баланс өтімділігін талдау;
— кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Бухгалтерлік есеп
туралы заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады.
Талдау жасай келе қорытынды жасауға болады, кәсіпорынның таза пайдасы
және өндірістік рентабельділігінің соңғы жылдары өсті, бірақ та сонымен
бірге өнімнің өзіндік құны да көбейді.

2.3 Баланс активтерінің және олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен
құрылымын талдау

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды әлементі болып саналатын активтерді, талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда
болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке
топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары
деңгейі баланстыұ есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден
айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.
Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық
құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар,дайын өнім
және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының
өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Балансты көлбеу (горизонтальды) талдауда абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштер және олардың өсу немесе төмендеу қарқыны уақыт бойында
қарастырылады. Кестеде келтірілген көлбеу талдауды өткізейік.
Төмендегі 10-шы кестеден 2008 жыл бойында баланс валютасының 1,4%
төмендеп, жыл аяғында 29263 мың тенгені құрады немесе алдыңғы базистік
жылдан 409 мың тенгеге кем. 2009жылы баланс валютасы 2009жыл бойында 28 %
ұлғайды, … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz