Шар мен текшені салыстыру. бөбекжай

0

Мотивациялық-қозғаушы

Шаттық шеңбер

  • Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік:
  • Еліміз аман болсын!Анамыз аман болсын!Деніміз сау болсын!Бөбекжайымыз гүлдене берсін!

    Қол ұстасып тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

    Іздену-ұйымдастырушы

    Топқа қонаққа көңілді «Текше» мен көңілді дөңгелек «Шар» келеді.Олар балалармен амандасып, олармен ойнағысы келетіндерін айтады.

  • Балалар, көңілді «Текшенің» пішіні неге ұқсайды?
  • Оның түсі қандай?
  • Текше төртбұрышты,бір орында тік тұрады,оны орнынан қозғалтуға болады.
  • Міне ,былай,-деп текшелердің бірнешеуін бір-бірінің үстіне қойып, мұнара жасауға болатынын айтамын.
  • Ал дөңгелек «шардың» дене пішіні неге ұқсайды?
  • Дұрыс айтасыңдар, допқа ұқсайды.
  • Билингвалдық компонент:Шар-шар, шар-ball, текше-куб, текше-cube, доп-мяч, доп-ball

  • Балалардан топтың ішінде қандай заттар дөңгелек шар мен текшеге ұқсайтынын сұраймын.
  • Сергіту сәті

    Өн бойымды тік ұстап,Таянамын бүйірді.Бастап кетемДұрыстапСайгүлікше жүруді.Бір!Екі!Бір!Екі!

    Дидактикалық ойын: «Неге ұқсайды?»

    Ойын шарты бойынша балаларға суреттегілердің неге ұқсайтынын сұрап, сурет бойынша сәйкестендіруді сұраймын.

    Балалар қызығушылық танытады.

    -Төртбұрышты текшеге ұқсайды.-Сары түсті.

    Балалар тыңдайды.

    -Допқа ұқсайды,ол дөңгелек, домалайды.

    Қайталау:Шар-шар, шар-ball, текше-куб, текше-cube, доп-мяч, доп-ball

  • Доп,үстел,кітап,…т.б.
  • Қимылмен көрссетеді.

    -Қарбыз допқа ұқсайды.-Алма шарға ұқсайды.

    Загрузка...

    ПІКІР ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз