Шахтерлер шыңы | | Ortalyq.kz

0


Оқылды:
365

Әуелден қара маржанды Қарағанды – көмір өндірумен әлемге әйгілі. Шаһардың шахталары қазіргі кезде көмір өндірудің озық технологияларымен жабдықталып, ел экономикасын еселеуде. Мұны жуырда ғана «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жылдық бизнес-жоспарын мерзімінен бұрын орындап дәлелдеді.

19 қараша күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ департаменті жоспарланған 1 705 000 тонна көмірді тапсырды. Озық бригада қара алтынның бір бөлшегін жер үстіне алып шықты. Кәсіпорын басшылығы кеншілерді салтанатты түрде қарсы алып, құттықтады.

 – Сіздерге орасан еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Шахтерлерге мықты денсаулық, молшылық, бақыт пен игілік, өркендеу және жаңа еңбек жетістіктерін тілеймін, – деді «Қазақстан» шахтасының директоры Александр Забелин.

Сонымен қатар, ұжым атынан сөз алған №1, №3 учаскелердің басшылары Александр Горячев пен Андрей Михайлюк және шахта еңбеккерлері Мейрам Тапин, Сергей Першин егемен еліміздің гүлдене түсуіне зор үлес қосуға әзір екендіктерін жеткізді.

Айта кету керек, Кеңес уақытында Кузбасс, Донбас атты көмір кеніштерімен еңбек өнімділігі жөнінен бір кем түспейтін Қарағанды шахталары қазіргі кезде де көмір өндіруде биік межелерден көрініп келеді.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»