Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Ш.Амонашвили туралы аңыз әңгіме
Автор: Айтжанова Айкумис Куракбаевна
Бағыты: Басқа Бөлімі: Басқа Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-01-08
Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани тәрбие беруді дәріптеу. Баланың жүрегіне жылылық ұялату.
Шалва Александрович мұғалімдерді педагогика даналығын шынайы да бай қайнар көзін пайдаланып, өздерінің педагогикалық шеберлігін үнемі байытып, шыңдап отыруға шақырады.Ш.А.Амонашвили адамдарға мейірімді, зерделіжан. Оның ашушаңдығы мен дөрекілігінешкім көрген емес. Ол – педагогикалық философияның бір қиыршығыболыптабылатынерекшешыдамдылықтың иесі.Қадірлі жасқа келгендігіне қарамастан, Шалва Александрович әлі де шығармашылықпен белсендіайналысып жүр.«Әр бала белгіліборышпен өмірге келеді және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар.Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей,балағаөз өмір жолына бағыт көрсету», деген профессор Амонашвилидің ұстанымы мен үшінарналғандай.Мұғалім адам өмірінде зор қызмет атқарады. Мұғалім мамандығы сөзсіз қиын. Дегенмен де, кезкелгенадамбіліміздеу, әлемді тану қажеттілігін сезінеді, өмірдің қиын сұрақтарын шешуге көмектеседі, тәлімгердің, мұғалімнің, даналардың соңынан ергісікеледі.Даналар айтқан: «Білім алуға ұмтылу әрбір адамның міндеті» Шалва Александрович Амонашвилидің еңбегін қолыма алғанымда Ш.А.Амонашвили сияқты ешкім маған әсер етпегенеді.Ш.Амонашвилидің педагогикалық әңгімелері өмірдің өзінен алынған. ПедагогикалықӘңгімелерінде өмірдің мәні ішкіжан— дүниенің байлығында, оның рухани тазалығында. Шалва Амонашвилидің қайсы шығармасын оқысаңыз да, тек жалғыз мұғалімдерді ғана емес, кезкелгенадамға үлкен әсер қалдырады.Педагогтың әңгімелерін оқи отырып, өмірлік сұрақтарға жауап аласың.Мен оның бірнеше еңбектерін оқып шықтым. Соның ішінде Ш.А.Амонашвилидің «Созидая человека» атты шығармасында сәбидің дүниеге келген сәтінен бастап, отбасын құрғанша, тіпті өмірге енгенше қалай тәрбиелеу керекекендігін әрбір отбасындағы қарым-қатынас арқылы ашып көрсеткен. Бұл еңбегінің сыры мынада: баланы «Жоқ!» , «Болмайды!» , «Бұзасың», «Сындырасың» деген сияқты тек тыйымнемесе «Бәрі болады», «Өзің біл» деген сияқты немқұрайлылықпенөсірмей, сұрақ қойса, сабырменжауапберуге және оныменсырлас болуға кеңес береді. Ал, тағы бір еңбегінде ұстазға баланы сүюді және сүйіспеншілікпен білімберуді дәріптейді. Мысалы Ш.Амонашвилидің «Жайнап өскенгүлдің құпиясы»атты аңыз әңгімесін оқыдым.Анасы ұлының бөлмесіне ыдысқа отырғызылған екі гүлді әкеліп, терезесінің алдына қойды.—Күнде суарып тұр, олар саған қуаныш сыйлайды – дейдіанасы. Ал ұлына бір гүл ұнады да, екінші гүл ұнаған жоқ. Ол ұнаған гүлін суарған кездеіштей: «Қандай кереметгүл… Мен сені жақсы көремін»,-депойлапсуаратын. Ал ұнамаған гүлді суарған кезде: «Бұл жаман гүл. Босқа суарып жатырмын. Анамның көңілі үшін суарып жүрмін, әйтпесе терезеден лақтырып жіберер едім!» деп іштей ұрсып тұратын.Осылайбірнеше ай өтті.Бір күні анасыбір гүлдің жайнап өсіп келе жатқанын, ал екінші гүлдің солып бара жатқанын байқады да, баласынан: — Неге бұлай? Әлде біреуін дұрыс суармадың ба?- деп сұрады. Екеуін де бірдейсуарып жүрмін — дейдібаласы.Анасысолып бара жатқан гүлді өз бөлмесіне апарып қойды да, оны мәпелеп, күтіп: «Мен сеніемдеймін. Әлі кереметболып өсесің.» — деп күлімсіреді. Суарған сайын көз алдына: осы гүлдің иісі аңқып, жайнап гүлдеп, жайқалып өсіп тұрған кезінелестетіп тұратын. Анасының жақсы ойы жүзеге асып, қуанышқа кенелді. Солып жатқан гүлдің жанданып, жайнап өсіп тұрғанын көрген баласы:—Ана, сіз бұл гүлдерге не істедіңіз? – деп сұрады баласы—Өзім де білмеймін! – депжауапбердіанасы.Бұл құпияны тек ыдыстағы топырақ пен әдемі гүлдің өзі ғана білетін. Бірақ оларайтаалама?Мен Шалва Амонашвилидің осы аңыз әңгімесі арқылы өзіме түйгенім: Жалпы адамзатық құндылықтарда сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау құндылықтары бар екендігін байқадым.