Сенім туралы хикая | | Ortalyq.kz

0
152


Оқылды:
50

Бір кәсіпкер қарызға әбден батып, одан шығар жолды таппай әбден қиналды. Ол кредит берген банктерге пәленбай ақша қарыз еді. Ал тауарын несиеге берген коммерсанттар да өздеріне тиісті ақыларын талап етуде. 


Ол, дем алмақ болып саябаққа барып еді, неше түрлі ойлар кіріп-шығып мазасын алды. Қиналғанынан басын ұстап, банкроттықтан не алып шығуы мүмкін деп ойланып отыр еді. Кенет бір қария, оның алдына келіп тұрып алды.

-Сізді бір мәселе қатты мазалап жатыр-ау деймін. Айтып бермейсіз ба?-деді ол кісі.

Кәсіпкер оған басынан өтіп жатқан оқиғаларды айтып берді. Ақшаның жетпей жатқанын, және банктың бұған кредитке ақша бермей жатқанын айтты. Қария сөзін бөлместен тыңдады да:

 -Мен сізге көмектесе алатын сияқтымын,-деді.

Ол кәсіпкердің аты-жөнін сұрап алып чек толтырып оны таң қалып тұрған адамның қолына ұстатты.

-Мына ақшаны алыңыз. Бір жылдан соң дәл осы жерде кездеселік, ақшаны сол кезде қайтарарсыз.

Кәсіпкер бірдеңе деп үлгерген де жоқ, қария көптің арасына кіріп жоқ болып кетті. Ол чектің қаражат көрсететін жеріне қарап еді, онда «500000 доллар» деген жазу тұр, ал төменде «Джон Рокфеллер» деп атын жазыпты. Джон Рокфеллер деген дүние жүзіндегі ең атақты бай адам ғой!

«Енді, барлық мәселелерімді шешуге мүмкіншілігім бар,»-деп ойлады ол. Бірақ, кәсіпкер басқа амал істеді, ол чекті сейфке салып қойды. Сол чектегі ақшаның өзінде бар екендігінің өзі бизнесін сақтап қалу үшін көп күш-қуат берді. 

Сөйтіп ол жаңа күш-қуатпен іске кірісіп көптеген келісімдер жасап, бизнесін алға бастырды. Ол көп сауда жасады. Бірнеше айдың ішінде ол барлық қарыздарынан құтылып, артық ақша таба бастады. 

Бір жылдан соң, ол саябақтағы баяғы қарияға кездескен жерге чегін алып барды. Келісілген уақытта қария да сол жерге келді. Кәсіпкер оған чекті қайтарып, басынан өткен оқиғаларды айтып бермек болды.

Сол сәтте бір мейірбике жүгіріп келіп, қарияны қолынан ұстап:

«Ұстап алғаным жақсы болды ғой! Ол сізді мазалаған жоқ па?»-деп сұрады.

 –Бұл ақсақал жиі-жиі үйінен кетіп қала береді, сосын жұртқа өзін Джон Рокфеллермін деп таныстырады.»

 Кәсіпкер болса аузы ашылып, аң-таң болып тұр. Бір жыл бойы ол қаншама кездесулер өткізіп, қаншама сауда жасап, қысылып қалсам артымда тығулы тұрған жарты миллион доллар қаражатым бар ғой деп жүріп еді.
Сөйтіп ол аяқ астынан өзін құтқарып қалған ақша емес екендігін түсінді. Оған жаңа күш-қуат берген жаңа сенім еді.

Істі қолыңа ал! Жауапты сәтте басты рольді тек нық сенімділік береді!

Жүрсін Кәрім