Сатылай кешенді талдау үлгілері

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Сатылай кешенді талдау үлгілері

Автор: Турсынбаева Мейрамкуль Тургынбаевна

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Мақала Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-03


Материал туралы қысқаша түсінік

оқушылар мен ұстаздарға көмекші құрал бола алады




Сатылай кешенді талдау үлгілері Құрметті әріптестер! Бүгінгі күннің өзекті тақырыбы – сапалы білім берудің жаңа технологиясын дамыту. Сондай бір тақырыптың бірі «Сатылай кешенді оқыту технологиясы» деп ойлаймын. Бұл тақырыптың идеясы мені көптен толғандырып жүрген еді. Бұдан 6 жылдай бұрын «Сатылай кешенді талдау» тақырыбында аудандық семинарда ашық сабағымда кқрсеткен болатынмын. Бірде менің қолыма Нұрша Оразахынованың еңбектері түсті. Бұл әріптесімнің еңбегін зор бағалаймын. Осы технология бойынша жылда республикалық олимпиада өтеді. Мен сіздерге, әріптестер көпшілікке, бұл оқытудын қалай жүзеге асатыны, не үшін тиімді, қандай жақтары сапалы екенін сөз ететін боламын. Мақсаты: Қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға қалыптастыру. Н. Назарбаев «Жаңа Әлемдегі- Жаңа Қазақстан» Жолдауында: Сапалы білім, капитал алдағы уақытта шешімін табуда бірнеше заманауи талап үрдісін анықтап берді. Солардың бірі- сапалы білім беру үшін заманауи әдістер мен технологияны енгізу, білім беру технологиясын арттыру мен қатар халықаралық дәрежеде де жетілдіру- бүгінгі күннің басты талабы – деген болатын. Осы талаптардың біріне жауап беру мақсатында, сатылай кешенді оқыту теориясын қолға алдық. Бұл теорияның тарихы жайында айтсам, бұл теория төл технологиямыз. Себебі, теорияның негізін ұлт зиялылары, Алаш арыстары А. Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытовтың бізге қалдырып кеткен мұраларының негізінде қаланған. Технология жайында А. Байтұрсынов былай дейді: «Әдіс керекшіліктен туады. Әдістің жақсы- жаман болмағы , оның қажетсінген орнына байланысты. Егер де жазу емлесінің жүйесі басқа болса, қысқа болса, бір елдің жазуы екінші бір елдің оқыту әдісі болуы тиіс емес» -дейді. Кезінде алаш арыстарының еңбектері «жабулы қазан жабулы » күйінде қалған, еңбектері ел қажетіне аспаған, жорыққа шыққанмен , оны оқу жүйесінде пайдаланылмаған. Бірақ бүгінде осы еңбектерді жүзеге асырып, үлкен белестерге жеткізіп, үдесінен шығып жүрген ғалым Нұрша Оразахынованың бұл саладағы еңбегі ұшан-теңіз «Оқытуды дыбыспен жаттықтырудан бастайтын болсақ, бала оқуға да жазуға да ынтасы жоғары болады. Басы түзу болса, аяғы да дұрыс болады» -деген болатын А. Байтұрсынұлы өзінің аталмыш еңбегінде Сатылай кешенді оқыту технологиясы кесте –сызбалар жүйесі арқылы сатылай кешенді талдаудың құралы болып табылады. Бұл технология оқушының жас ерекшелігіне де байланысты оңайластырылған дүние, ұтымды жағы да мол. Мысалы: 5- сыныпта фонетикалық талдау жасайтын болсақ, 6-7 сынып оқушыларына сөздік құрамына қарай (морфологиялық талдау), 8-11 –сыныптарға синтаксистік талдау жасатып жоғары нәтижеге жетуге болады. Мысалы: Маған айтып берсең –ұмытып қаламын, Көрсетсең- есте сақтаймын Өзіме жасатсаң – үйренемін. 1. Қытайдың философы Конфуций айтпақшы балаларға өзіне жұмыс жасатуды дағдыландырған жөн. 2. Бұл технология Ыбырай, Абай, Шоқан оқыту мен тәрбиелеу ұстанымдар мен қағидаларына негізделеді. 3. Теория мен практиканы ұштастыруға ғылыми әдістер Оразханова тілдік қатынас, оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім теориясына негізделеді. 4. Ұрпақтың тілін дамытуға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге ауыз әдебиетінің бай мұраларын, бүгінгі күнгі сөз зергерлерінің ой-толғамдарын, тіл ұстарту материал етіп пайдалануға болады. 5. Белгілі педагог педагогиканы топтастыра отырып, классификация талаптарына жауап береді. Оқушының дамуы дегеніміз- оның өмірлік күш-қуаты мүмкіндіктері жүзеге асырылады. Сатылай кешенді талдаудың сол мүмкіндіктерін және олардың қабілеттерін арттырудағы қызметі ерекше. Сатылай кешенді талдау технологиясы оны байыта түспесе құнын кемітпейді . Бірінші тіл дамыту. «Жазылым, айтылым, тілдесім, тыңдалым» әрекеттері арқылы жүзеге асады.Екіншісі – әдеби таным, әдеби білім . Сатылай кешенді талдау технологиясымен сабақ жүргізгісі келген мұғалімнің мықты теориялық дайындығына сүйенеді . стандартқа сай білім беруді басшылыққа ала отырып, үлгісін құру, оған оқушыларды дағдыландыру – басты міндет. Алған білімдерінің нәтижесі бірте-бірте көрінеді. Оқушының дамыту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі: ертегілер құрастыру, әңгіме, инсценировка жазу, сөзжұмбақ, ребус, суретті жатығулар құрастыру. Оқушы өзінің және достарының әрекетіне баға беруді үйренеді. Осы кезде психологиялық үрдістердің өзі жаңа сапа мен жаңа сатыда көрінеді. Пайда болған жаңа сапа мен саты оқушының даму көрсеткіштері болып табылады. Сатылай кешенді талдау , оқыту технологиясы дамыта оқыту технологиясына негізделген. Кезінде Энштейннің мына сөзін айтуды жөн көрдім «Оқушылар оқу үшін жағдай туғызамын. Біздің көргеніміз бен өзіміз жасаған нәрсе есімізде қалады» деген екен. Сол сияқты өздеріне оқыту, талдату арқылы тіл білімінің салаларын саналы түрде сауатты меңгеретініне көз жеткіземіз. Талдауды жүйелі жүргізіп, сауатты жазу , көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыратындығын аңғардық. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, шығармашылық қабілетін дамуына өз ықпалын тигізеді. Оқушылардың ынтасын арттыруда білім сапасын жақсарту мақсатында осы тәжірибемді пайдалана отырып, қайталау сабақтарында сайыс түрінде өткізуді дағдыға айналдырып келемін.Сіздердің еңбектеріңізге табыс тілеймін. Шәкірттеріңіз үлкен биіктерден көріне берсін.

Турсынбаева Мейрамкуль Тургынбаевнақазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласы «7» «Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.