«Сәтті Жұлдыз» лотереясынан 24 миллион теңге ұтқан жеңімпазды бүкіл Қазақстан іздеп жатыр

0

«Сәтті Жұлдыз» лотереясының ұйымдастырушылары осымен үш күн бойы 24 564 426 теңге ұтып алған жеңімпазды іздеп жатыр. Супер-жүлденің иегері 21 қараша күні «Loto 6/49» арнайы тиражында анықталған еді. Ұтыс «5 сан және бонустық шар» категориясында белгілі болды. Ұтыстың Қарағанды қаласы, Степной-4 шағын ауданы, «Алмас» дүкенінде тігілгенін IT-жүйе әп-сәтте анықтап берді. 

Ұйымдастырушылар жеңімаздан 8 800 080 5200 call-орталық нөміріне хабарласуын сұрайды. Сәтті билетті сатқан сатушы да құр алақан қалмайды. Ол жүлденің 1 пайызын, 240 мың теңгені, иеленеді. 

«Loto 6/49» ойыны 2018 жылдың 21 наурызында басталды. Лотерея әр сәрсенбіде өтеді. Қазірге дейін «Сәтті Жұлдыз» лотереясының ұлттық операторы қазақстандықтарға 1 миллиард теңге шамасында жүлде төледі.