Сарбаздар ант берді | | Ortalyq.kz
Оқылды:
483
Қарағандыдағы 31775 әскери бөлімінде «Астана» аймақтық қолбасшылығының жаңадан келген сарбаздары ант берді. Отаны мен халқына адал қызмет етуге осыдан бір ай бұрын әскер қатарына алынған елу сарбаз ант қабылдады.
Жас жігіттерді бұл салтанатты шарамен құттықтауға қолбасшылықтың ардагерлері мен басшылығы келді. Ант беру салтанатты шарасын тамашалауға әскерилердің ата-аналары мен туған-туыстары жиналды.
– Қазір жігіттер сапта батыл жүреді. Жалпы әскери жарлықтардың негізгі талаптарын біледі. Әскери іс-әрекеттермен олар бір жыл аралығында танысып, үйренетін болады. Оларды қарудан оқ атуға, әскери көліктерді жүргізуге, әскери және дене шынықтыру бойынша нормативтерді үздік бағаға тапсыруға үйретеді, – деді 31775 әскери бөлімі командирінің орынбасары Алтай Тәшкеев.
Салтанат барысында әскери қызметшілер қол жекпе-жегі және қарумен сапта күресу әдістерін көрсетті.
Қонақтар үшін әскери бөлім ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Ата-аналар ұлдарының қандай жағдайда өмір сүріп жатқандарын көріп қайтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.