САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ | Скачать Курстық жұмыс

0

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ҚОЛДА-НЫЛУЫ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ

Орындаған: C.Ж. Сәркенов
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева

Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.

Ақтөбе, 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і

Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Дүйсалиева Л.Ө.
(қолы) (аты-жөні)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Сақтандыру шартының элементтері мен мазмұны 5-6
1.2 Сақтандыру және сақтандыру шартының нысандары 6-11
1.3 Мiндеттi және ерiктi сақтандыру 11-13
ІІ ТАРАУ. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Сақтандыру сыйлықақылары 14-17
2.2 Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 17-25
ҚОРЫТЫНДЫ 26-27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Сақтандыру шарты — сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы олардың өзара міндеттемелерін тәптіштейтін келісім. Бұл келісім бойынша бір тарап (сақтандырушы) шартта көзделген уақиға басталған кезде екінші тарап (сақтанушы) төлейтін шартта уағдаласылған ақшалай сома (сақтандыру жарнасы) үшін сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Шарт тек жазбаша түрде ғана жасасылады, жеке немесе ұжымдық сақтандыру шарты болуы мүмкін.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық негізін қайта құру қажеттігі туды. Мемлекеттегі халықтың әлеуметтік саяси өмірінің жағдайы сақтаныдыру шартының толық жүзеге асуына тікелей байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сақтандыру шарты бойынша ақпараттарды жинап, тақырыпты ашу.
Курстық жұмыстың міндеті: Сақтандыру шартының түрлерін ажыратып көрсету.
Сақтандыру шартында мыналар болуы тиіс:
— сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттерi;
— сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
— сақтандыру объектiсiн көрсету;
— сақтандыру жағдайын көрсету;
— сақтандыру сомасының мөлшері және сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi;
— сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;
— шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;
— егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету.
Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін. Кез келген шарттың жағдайын елеулі және елеусіз деп бөлуге жатады. Шарттың мәні туралы ережелер, заңдарды елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, сондай ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі ережелер болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі сақтандыру шартының елеулі түрін бөліп көрсетпейді.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, пайдаланылған әдебиеттерден, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.

І ТАРАУ. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Сақтандыру шартының элементтері мен мазмұны

Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi. Сақтандыру сақтандыру шарты негiзiнде жүзеге асырылады. Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары реттеледi.
Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздікке ие болу заңдылығы егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықтық негізін қайта құрып ғана емес, тіптен мемлекетті басқару, экономика, мәдениет, тәртіпті сақтау, елді қорғау т.б. заңдар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтық сауаттылығының кепілдемесі немесе кепілдігі қандай да болмасын қоғамдық өмірдің маңызды жақтарының бірі заң актілерімен жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Сақтандырудың түрлеріне, тәртібіне, талаптарына сәйкес заң актілерін Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді. [ІІ: 1; 90-91бб.]
Мүлікті сақтандыру шарты кезінде тараптар:
1) сақтандыру объектісі;
2) сақтандыружағдайы;
3) сақтандыру сомасы;
4) сақтандыру төлемі;
5) сақтандыру сыйақысы;
6) шарттың орындалу мерзімі жөнінде келісімге келуі тиіс.
Жеке сақтандыру шартын жүргізген кезде сақтанушы мен сақтандырушының арасында: сақтандырылған адам жөнінде, сақтандыру жағдайы жөнінде, сақтандыру сомасы мен сақтандыру сақтандырушы сақтанушыны сақтандыру ұйымы ұсынған барлық сақтандыру жағдайымен таныстыруы керек.
[ІІІ: 1; www.resurs.kzcatalogzakon Сақтандыру шартының элементтері мен мазмұны.]

1.2 Сақтандыру және сақтандыру шартының нысандары

Сақтандыру нысандары:
1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша — ерiктi және мiндеттi;
2) сақтандыру объектiсi бойынша — жеке және мүлiктiк;
3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша — жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.
Сақтандыру шарты мынадай пунктерден тұрады:
Сақтандырушының атауы, орналасқан жері мен реквизиттері.
Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрған жері немесе оның атауы, орналасқан жері болуға тиіс.
Сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі.
Сақтандырушы — сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады.
Сақтандырылған адам өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам болып табылады. Заңнамалық актiлермен сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыруды жүзеге асыру мiндетi жүктелуi мүмкiн. Өз еркiмен сақтандыру кезiнде сақтанушы үшiншi тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам ретiнде айқындай алады. Бұл жағдайларда сақтандырылған адамның жеке басы және соған байланысты оның мүдделерi (сақтандырылған адамды жеке сақтандыру) не сақтандырылған адамның мүлкi және мүлiктiк мүдделерi (сақтандырылған адамның мүлiктiк сақтандырылуы) сақтандыру объектiсi болады. Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам бұл мүлiктiң сақталуына мүдделi болуға тиiс. Егер шарттың талаптары бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға белгiлi бiр мiндеттер жүктелген болса, сақтанушы осы шартты жасасуға сақтандырылған адамның келiсiмiн алуы тиiс. [ІІ: 2; 38-39бб.]
Мiндеттi сақтандыру кезiнде, сондай-ақ топтастырылып иесiздендiрiлген сақтандыру кезiнде, шарт жасасу үшiн оның өзi сақтандырылған адам ретiнде көрiнетiн үшiншi адамның келiсiмi талап етiлмейдi. Өз еркiмен сақтандыру кезiнде адамдардың оның жеке басын немесе мүлкiн сақтандыру жөнiндегi қарсылығы шарт жасасудың мүмкiн еместiгiне, ал егер ол жасалып қойған болса, шарттың бұзылуына әкеп соғады. Сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндетi жүктелген жағдайда, аталған тұлға сақтанушыдан бұл мiндеттiң орындалуы туралы есеп талап етуге, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда — оның сақтандырылған адам болып табылатындығын дәлелдейтiн құжатты алуға құқылы. Кәмелетке толмаған азамат сақтандырылған болып табылатын жағдайда оның құқықтары iске асырылады. Сақтандырылған адамның пайдасына шарт жасасу, сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды. Үшiншi адамды сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады. Сақтандырылған адам шартқа сәйкес өзiне тиесiлi сақтандыру төлемiн алудан бас тартқан жағдайда сақтандыру төлемiн алу құқығы сақтанушыға көшедi. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мұндай жағдайды көздемейтiн жеке басты сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта сақтандырылған адамды ауыстыру көзделмесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы болса, бұл шарт онда көзделген талаптармен орындалады. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мүлiктiк сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, сақтандырылған адамның құқықтары мен мiндеттерi сақтанушының келiсуiмен, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сол мүлiктiң және сақтандырылған адамның мүлiктiк құқықтарының мұрагерлерiне ауысады. Егер сақтанушы қайтыс болған сақтандырылған адамды ауыстыруға келiспесе не мұрагерлер оның сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қабылдауға келiспесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.
Сақтандыру жағдайы — басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлерi мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiмен, ал өз еркiмен сақтандыру бойынша — тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуi мүмкiн оқиғаларды қоспағанда, сақтандыру жағдайы ретiнде қарастырылатын оқиға, оның басталуының ықтимал және кездейсоқ белгiлерiне ие болуы тиiс. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген зияндарды дәлелдеу сақтанушының мiндетiне жатады. Сақтандыру шартының нысаны
Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:
1) тараптардың сақтандыру шартын жасасуы;
2) сақтанушыны бiр жақты тәртiпте (бiрiгу шарты) сақтандырушы әзiрлеген үлгiлiк шарттарға (сақтандыру ережелерiне) қосу және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi. Мiндеттi сақтандыру бойынша жазбаша шарттың нысаны Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде айқындалады, ал ерiктi сақтандыру бойынша — сақтандырушы айқындайды не тараптардың келiсiмiмен айқындалады. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
Сақтандыру ережесiн сақтандырушы әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда ол уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлуге тиiс. Сақтандырудың нақты түрi бойынша сақтандыру ережесi осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Сақтандыру шартының мазмұны
Сақтандыру шартында мыналар болуы тиiс:
1) сақтандырушының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
3) сақтандыру объектiсiн көрсету;
4) сақтандыру жағдайын көрсету;
5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;
7) шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;
8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету;
9) шарттың (сақтандыру полисiнiң) номерi, сериясы;
10) шарттың талаптарына өзгерiстер енгiзу жағдайлары мен тәртiбi;
11) сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшiн) төлеудiң шарты және оның мөлшерi;
12) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (eгep бар болса), резиденттiк белгiсiн және сақтанушының экономика секторын көрсету;
13) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (eгep бар болса), резиденттiк белгiсiн және егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса, сақтандырылушының (пайда алушының) экономика секторын көрсету;
14) сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемi мен сақтандыру сыйақысының валюта түрi.
Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
Франшиза — сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгiлi бiр мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Франшиза шартты (шегерiлмейтiн) және шартсыз (шегерiлетiн) болады. Шартты франшиза кезiнде сақтандырушы франшизаның белгiленген мөлшерiнен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бiрақ егер оның мөлшерi осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиiс. Шартсыз франшиза кезiнде залал барлық жағдайларда белгiленген сома шегерiле отырып өтеледi.
Франшиза сақтандыру сомасына қатысты процент бойынша не абсолюттi мөлшерде белгiленедi.
Егер сақтандыру шартында заң актiлерiнде көзделгендермен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлататындай талаптар болса, осы заң актiсiмен белгiленген ережелер қолданылады.
Егер қайта сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңi сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша мiндеттемесi қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңiне сәйкес келуге тиiс. [ІІ: 3; 46-47бб.]
Сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiс талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау сақтанушының пайдасына шешiледi.
Осы тармақтың талаптары қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.
Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң мерзiмiн ұзарту
Сақтанушы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарнасын төлеу талаптарын қатарынан екi рет сақтамаған жағдайда сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiмде сақтанушыны сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.
[ІІІ: 2; www.adilet.minjust.kz Сақтандыру және сақтандыру шартының нысандары]

1.3 Мiндеттi және ерiктi сақтандыру

Мiндеттi сақтандыру — егер сақтандырудың мiндеттi түрлерiн реттейтiн заңнамалық актiлерде өзгеше белгiленбесе, талаптары тараптардың келiсiмiмен айқындалатын, заңнамалық актiлердiң талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Өз өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетiн азаматқа заң актiлерiмен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Мiндеттi сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады. Мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтанушы, егер сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заңнамалық актiлерде өзгеше белгiленбесе, тараптардың келiсiмiмен айқындалған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға мiндеттi. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн заңнамалық актiлерде тәртiбi мен талаптары белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу, егер осы заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, жоғарыда аталған сақтандырушы үшiн мiндеттi болып табылады.
Ерiктi сақтандыру — тараптардың еркiн бiлдiруiне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.
Заң актiлерiне сәйкес пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге асырылуы тиiс болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгiлi болса, осы мiндет жүктелген тұлғадан оны сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. Егер сақтандыру мiндетi жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын заң актiлерiнде көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезiнде сақтандыру төлемi қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады. Заң актiлерiмен сақтанушы болу мiндетi жүктелген тұлға сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi, алайда одан жалтаратын сақтандырушыны заң актiлерiнде көзделген талаптарда сақтандыру шартын жасауға мәжбүр етудi сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. Сақтанушы ретiнде оны жүзеге асыруға мiндеттi тұлғалардың, сондай-ақ сақтандырушы ретiнде iс-қимыл жасауға мiндеттi сақтандыру ұйымының сақтандырудан жалтаруы заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн. Мүлiктi және оған байланысты мүлiктiк мүдделердi сақтандыру мүлiктiк сақтандыруға жатады. Мүлiктi сақтандыру кезiнде мүлiктiң жоғалуы (жойылуы) тәуекелi, жетiспеуi немесе бүлiнуi және өзге де мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүлiктердi сақтандыруға мүддесi болмаған жағдайда жасалған мүлiктiк сақтандыру шарты жарамсыз болады. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезiнде, үшiншi бiр адамдардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелiн сақтандырады.
Сақтандыру жағдайы туған кезде, соның iшiнде сақтандыру шартында белгiленген кезең не олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады. Туындауының ықтималдық және кездейсоқ белгiлерi бар Сақтандыру жағдайы туған кезде ғана сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады. [ІІ: 4; 84-85бб.]

ІІ ТАРАУ. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Сақтандыру сыйлықақылары

Сақтандыру сыйлықақысы — сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында көзделген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзу мiндеттемесiн қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы. Сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншiк құқығымен тиесiлi болады.Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде олар заңнамалық актiлермен белгiленедi.Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заңдармен белгiленуi мүмкiн. Тараптар сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн айқындау кезiнде, сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тәуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасы өлшемiнен өндiрiлетiн сақтандыру сыйлықақысының ставкасын белгiлейтiн сақтандырушы әзiрлеген сақтандыру тарифiн қолдана алады. Шартта сақтандыру сыйлықақысын мерзiмдiк сақтандыру жарналары түрiнде бөлiп-бөлiп төлеу көзделуi мүмкiн. Егер сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын бөлiп-бөлiп төлеу көзделген болса, шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды қоса алғанда, шартта кезектi сақтандыру жарналарын белгiленген уақытта төлемеудiң зардабы айқындалуы мүмкiн. Егер сақтандыру жағдайы енгiзу мерзiмi өтiп кеткен белгiлi бiр сақтандыру жарнасын төлеуден бұрын басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау кезiнде мерзiмi өтiп кеткен сақтандыру жарнасының сомасын есепке алуға құқылы.
Сақтандыру сомасы — сақтандыру объектiлерi сақтандырылған адам және сақтандыру жағдайы басталған кездегi сақтандырушы жауаптылығының шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы. Сақтандыру сомасының мөлшерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде олар заң актiлерiнде белгiленген мөлшерден кем болмауы керек. Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтандыру сомасы шарт жасалған кездегi оның нақты құнынан (сақтандыру құнынан) артық бола алмайды.Тараптар, оны сақтанушы қасақана жаңылыстырғанын сақтандырушы дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шартында белгiленген мүлiк құнына талас тудыра алмайды. Егер сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан артық болса, онда ол сақтандыру сомасының шарт жасалған кезiндегi сақтандыру құнынан артылған бөлiгiнде жарамсыз болып табылады.
Сақтандыру төлемi — сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiн қоспағанда, сақтандыру төлемi бiржолғы төлеммен жүзеге асырылады. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртiбi шартта белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi кезiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн. Мүлiктi және азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде сақтанушыға (сақтандырылған адамға) келтiрiлген нақты зиянның мөлшерiнен аспауы керек. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемi сақтанушыға (сақтандырылған адамға) әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша, сақтандырудың басқа шарттары бойынша оған тиесiлi сомаларға қарамастан және зиянның орнын толтыру тәртiбiмен жүзеге асырылады. Мүлiктiк сақтандыру шартының талаптарымен сақтандыру өтемiнiң сомасы шегiнде сақтандыру өтемiн зиянның заттай нысандағы өтемiмен ауыстыру көзделуi мүмкiн. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде сақтандырушы өзiне сақтанушыдан тиесiлi болатын сақтандыру сыйлықақыларына не сақтандыру жарналарына есеп жүргiзуге құқылы. Егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде жауаптылықтың бұдан жоғары мөлшерi көзделмесе, сақтандыру төлемiн уақытында жүзеге асырмағаны үшiн сақтандырушы жауап бередi. Қос (көпше) сақтандыру — белгiлi бiр объектiнi бiрнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру. Мүлiктi қос сақтандыру … жалғасы