Сақтандырғыштар және релелердің қазіргі жағдайы

0

Кіріспе

Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады:
Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру;
Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
Педагог мамандығының беделін көтеру;
Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету [1].
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты — ел экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Орындалуға тиісті бағдарламалық мақсаттардың ішіндегі техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін жаңғыртуға қол жеткізу, педагог мамандығының беделін көтеру, E-learning электрондық және ақпараттық оқытуды (сандық білім беру ресурстары) енгізу мәселелері де шешімін табуда.
Жұмыстың мақсаты:
Кәсіби мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтарды, соның ішіндегі Электротехника пәнінің «Сақтандырғыштар, реле» сандық білім беру ресурсын жасау. Оқушыларға жаңа технологияны пайдаланып сонымен қатар сандық білім беру ресурсын сабақта қолдану арқылы сабақтың жоғары нәтижесіне жету.
Жұмыстың міндеттері:
1. Тақырып бойынша теориялық білімдердің оқу құжаттарын жасау
2. Тақырып бойынша сабақ жоспарының күнтізбелік тақырыптық жоспарын
3. Сақтандырғыштар, реле тақырыбы бойынша сабақ жоспары
5. Сабақты өткізу әдістемесін жасау
6.Пәнаралық байланыс картасын жасау
Дипломдық жұмыстың нысаны:
Жоғарыда атап өткен келтірілген мәліметтерге сай болашақ электр мамандарын даярлайтын кәсіптік оқыту педагогы ретінде Қазақстанда білім беруді реформалау жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өрлеуі маңызды өзгерістерді, сондай-ақ техникалық және қызмет көрсету салалары мамандарына сұраныстың табиғи өсуін туғызды.
Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың көбеюіне аса көңіл аударып отыр.
Сондықтан да, бүгінгі күнде жоғары білімді кәсіптік білім беру маманы ретінде менің алдымда біліктілігі жоғары, әлеммен бірге адымдай алатын және де, қоғам сұраныстарын қамтамасыз ете алатын электр маманын даярлау. Бұл мақсатты сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы жоғары нәтижеге жетуге болады деген үміттемін.

1 Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің оқу өндірістік қызметінің қысқаша сипаттамасы және дипломдық жұмыс тақырыбын негіздеу
1.1Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің оқу-өндірістік қызметінің қысқаша сипаттамасы

1963 жылы Қазақстан Коммунистік паритясы Орталық коммитетінің және Министр кеңесінің 19-шы шілдедегі № 571 қаулысына сәйкес Қаз ССР ауыл шаруашылық Министрлігінің № 164 бұйрығы бойынша, ауыл шаруашылығы училищесінің негізінде Ванновка ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумы құрылды.
Техникум құрамында үш бөлім ашылды: Ауыл шаруашылығын механикаландыру, Гидромелиориация, Гидромелиоративтік жұмыстарын механикаландыру.
1966 жылы техникум ауыл шаруашылығы Министрлігінің ҚазКСР мелиориация және су шаруашылығы Министрлігіне берілуіне байланысты Ванновка гидромелиоративтік техникумы болып қайта құрылды.
Ал 1989 жылы 10 сәуіріндегі ҚазКСР Министрлер Кеңесінің № 123 қаулысына байланысты техникум мемлекеттік агроөнеркәсіп қарамағына берілді де, ҚазКСР мемлекеттік агроөнеркәсібінің 1990 жылы 3 шілдеде № 234 бұйрығы бойынша Ванновка агроөнеркәсіп техникумы деп аталды.
47 жылдық тарихы бар Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі ҚР білім стандарттары талаптарына сай жаңа үлгідегі орта кәсіптік білім беретін оқу орны. Мемлекеттік АА сериялы № 0000291 лицензиясы шектеусіз қызмет ету мерзіміне берілген. 2005 жылдың 26 қазанында ҚР Мемлекеттік аттестациялау комиссиясымен аттестациядан өтті.

Сурет 1 Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі
Колледждің материалдық-техникалық базасы: Жалпы ауданы 3187,80 м2, оқу ғимаратының құрылысына өзгерістер енгізіліп, толық жөндеуден өткізілген. Оқу ғимаратында толығымен стендтермен жабдықталған 29 пәндік кабинеттер, аумағы 70 м 2 акт залы 46 оқыту машинасы бар 3 компьютерлік сыныпн, екі интерактивті тақта және мультимедиялық кабинет бар. Барлық компьютерлер университеттің ішкі интернет жүйесіне қосылған. Өзінің жеке логин мен паролі бар кез келген оқытушы мен оқушы университеттің электронды ресурстары бар сайтына және оқытушылардың жеке парағына кіруге мүмкіндік алады. Бұл жерде тек қана информатика пәні бойынша ғана емес, АКТ қолданған барлық пәндер енгізілген. Барлық аудиториялар қажетті құрал-жабдықтармен, қажетті жиһазбен жабдықталған. 2003 жылы оқу сапасын жақсарту мақсатында тілдерді оқытуға байланысты лингафон кабинеті және оқу жоспарына сәйкес жеке оқу пәндері бойынша оқу кабинеттері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қаз Ғимаратта медициналық кабинет, оқу залы және асхана орналасқан Колледж мамандықтары Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде Кәсіптік даярлау негізінде даярланатын мамандықтар мыналар 1 кестеде берілген:

Кесте 1
Колледж мамандықтары тізімі

рс
Оқытылатын мамандықтар

1
0705002 — Есеп және аудит (сала бойынша)
0712002 -Менеджмент

2
3005002 Тасымалдауды ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару
4238002-Жеміс-жидектерді сақтау және өңдеу

3
4402002 -Ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру және автоматтандыру

4
0911000 — Электроэнергетика және радиоэлектроника

5
0503000 -Туризм

6
6501782 — Агрономия
7
4308005 — Гидромелиориация

8
4300800 — Гидромелиоративтік жұмыстарын механикаландыру

Мамандықтың жалпы сипаттамасы
0911000 — Электроэнергетика және радиоэлектроника ,
Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдығына техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу мамандандыруы үшін электромеханиктің кәсіптік қызметінің объектілері:
-өндірістік агрегаттардың, станоктардың және өндірістік механизмдердің электр жетегінің электржабдығы
-өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электржабдығы;
-жалпы өнеркәсіптік механизмдердің электржабдығы;
-жарықтандыру электр қондырғылары;
-кәсіпорын цехтарын ішкі электрмен жабдықтаудың электр берілісінің ауа және кабель желілері;
-тарататын трансформаторлық қосалқы станциялардың, трансформаторлық пукттердің жабдығы;
Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдығын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу мамандандыруы үшін электромеханиктің кәсіптік қызметінің түрлері:
-кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдықты техникалық пайдалануды, қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру;
-кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдығын, электр өлшеу аспаптарына, релелік қорғаныс құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау;
-кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттарды электрмен қамсыздандыру тораптарын, электржетегінің жүйесін жобалау және құралымдық дайындау;
-өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрлік және электр механикалық
жабдығына қызмет көрсету;
-жабдықты, механизмдерді, машиналарды және қозғалтқыштарды жөндеу;
-жарықтандыру арматурасы үшін кабельдерді, кронштейндерді, қорғаныс қаптаманы орнату конструкцияларын, тор қоршауларды және т.т бекіту;
-жоғары вольтты жабдықты, приборлар мен өлшеу аппараттарынорнату;
-траншеяларда, каналдарда, тоннельдерде және ғимарат ішінде кабельдерді төсеу;
-жерлендіру және нөлдеу қүрылғыларының тораптарын монтаждау;
-кабельдер мен сымдар үшін жарықтандыру қораптарын орнату;
-жарықтандыру сымдарын төсеу;
Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар:
-толық оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасатын маманның
біліктілігінің деңгейіне сәйкес базалық құзыретті меңгеру керек:
1. Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту;
2. Кәсіптік жағдайда жүйелі әрекет етуге, өз қызметін талдау мен жобалауға, белгісіздік жағдайында өз бетімен әрекет етуге қабілетті болу;
3. Орындайтын жұмысқа жауапкершілік танытуға дайын болу, кәсіптік іс-әрекет саласында проблемаларды өз бетімен және тиімді шешу;
4. Әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық нысандарын ұйымдастыруда кәсіптік міндеттерді шешу бойынша практикалық іс-әрекетке қабілетті болу; кәсіптік лексиканы меңгеру;
5. Өз еңбегін ғылыми ұйымдастыруға қабілетті болу, кәсіптік іс-әрекет саласында компьютерлік техниканы қолдана білу;
6. Әріптестермен өзара жақсы қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа дайын болу
7. Тұрақты кәсіптік өсуге, жаңа білім алуға дайын болу;
8. Өзін-өзі жетілдіруге (өзін-өзі тануға, өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге) талпыну; өзін-өзі творчестволық жетілдіруге талпыну;
9. Кәсіпкерлік қызмет негіздерін және кәсіптік салада кәсіпкерлік ерекшеліктерін білу;
10. Ақпарат көздерін өз бетімен іздеу және анықтау негізінде практикалық міндеттерді шешу.
Кәсіптік іс-әрекеттің негізгі түрлеріне сәйкес келетін базалық құзыретті меңгеру керек:
1. Электржетектің механикалық бөлігінің есептік сұлбаларын құру;
2. Электржетегінің электрлік және электр механикалық параметрлерін есептеу;
3. Әр текті жүмыс машиналары үшін электрқозғалтқыштың қуатын есептеу және таңдау;
4. Электр тораптарын, қосалқы станциялардың және тарату пункттерін есептік электрлік параметрлері бойынша таңдау;
5. Электр энергиясын қабылдауыштарды жіктеуді; электр жүктемелерінің графигі мен картограммасын орындау; 1000В дейін және одан жоғары жүктемелерді есептеу; қосалқы станцияларда трансформатор қуаты мен санын таңдау;
6. Өндірістік кәсіпорын мен азаматтық ғимараттардың электрмен қамсыздандыру тораптары үшін қорғаныс пен электравтоматикасын таңдау;
7. Кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелері үшін электр энергиясын есепке алу жүйелерін таңдау;
8. Электр энергиясын есепке алудың қазіргі техникалық қүралдарын өндірістік іс-әрекетте пайдалану;
9. Электр қондырғыларында жұмыс жасаудың қауіпсіз жағдайларын ұйымдастыру;
10. Өндірістік жарақаттану себептерін талдау;
11. Жұмыс жобаларының технико-экономикалық негіздемелері мен сметалық құжаттамасын құру үшін экономикалық есептер орындау.
Кәсіптік іс-әрекетінің негізгі түрлеріне сәйкес арнайы құзыретті меңгеру керек:
1. Слесарлық, токарлық және фрезерлік станоктарда жұмыс істеу;
2. Бақылау-өлшеу аспаптарын; слесарлық жұмыстарды атқаруда қолданылатын құралдарды пайдалану; металдарды шабуды, кесуді, түзеуді, қалайылауды, бұрғылауды, электрлік пісіруді орындау;
3. Сымдарды, тростарды, кабелдерді кесуді; сымдар мен кабель талсымдарын бөлуді, ұштауды және жалғауды орындау;
4. Жарықтандыру электр сымын монтаждау; электржабдығын жерлендіруді монтаждау; электр тізбектерінің кедергісін, электр машиналары мен аппараттарының орамаларын өлшеу; электржабдығының оқшауламасын тексеру;
5. Электрберілісінің әуе желілерінің элементтерін монтаждауды орындау;
6. Электржабдығын жөндеуді, монтаждауды және баптауды ұйымдастыру графиктерін құру;

1.2 Дипломдық жұмыста тақырыптың таңдануын негіздеу

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты — ел экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Орындалуға тиісті бағдарламалық мақсаттардың ішіндегі техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін жаңғыртуға қол жеткізу, педагог мамандығының беделін көтеру, E-learning электрондық және ақпараттық оқытуды (сандық білім беру ресурстары) енгізу мәселелері де шешімін табуда.
Мен, өзімнің жұмысымның тақырыбының өзектілігін де осында деп санаймын. Қазіргі заман кибернетика заманы, ақпараттық ресурстар яғни сандық ресурстар заманы. Бір сәт айналаңызға бақылаушы ретінде қарасаңыз, қазіргі уақытта ақпарат бұл мемлекеттің пайдалы қоры іспеттес басты байлығының бірі, экономикасын, әлеуметтік саласын дамытатын қозғаушы күш.
Жоғарыда атап өткен келтірілген мәліметтерге сай болашақ электр мамандарын даярлайтын кәсіптік оқыту педагогы ретінде Қазақстанда білім беруді реформалау жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өрлеуі маңызды өзгерістерді, сондай-ақ техникалық және қызмет көрсету салалары мамандарына сұраныстың табиғи өсуін туғызды.
Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың көбеюіне аса көңіл аударып отыр.
Сондықтан да, бүгінгі күнде жоғары білімді кәсіптік білім беру маманы ретінде менің алдымда біліктілігі жоғары, әлеммен бірге адымдай алатын және де, қоғам сұраныстарын қамтамасыз ете алатын электр маманын даярлау. Бұл мақсатты сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы жоғары нәтижеге жетуге болады деген үміттемін.
Сандық білім беру ресурсы — әдістемелік құрал. Бір ресурсты жасау үшін тек қана педагог мамандар ғана емес, онға жуық адам жұмыс істейді. Сенсеңіз, бір ресурсты шығару үшін суретші, анниматор, режиссер, білікті дикторлар, бірнеше саланы қамтыған программистер ат салысады. Сондықтан бұл командадағы бір адамның жұмысы жалпы командаға әсер етеді. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми — әдістемелік зерттеулер құрайды. Мәселен, мектепке дейінгі бала компьютерлік ойындар арқылы білімін жетілдірсе, мектеп оқушысы электронды оқулықтар арқылы оқиды, кәсіптік білім беру мекемелерінде виртуалды жаттығу әдістемесінен білім алса, жоғары оқу орнының студенті ғылыми — әдістемелік электронды оқу құралын пайдаланады. Міне, мұның бәрі сандық білім беру контентін құрап отыр. Ал енді электронды оқулықтың сандық білім беру ресурсынан айырмашылығы неде? Ең алдымен электронды оқулық мектеп бағдарламасын түгел қамтиды. Яғни оқушы электронды оқулық арқылы білімін жетілдіріп, интерактивті тапсырмаларды орындаса, сандық білім беру ресурсы белгілі бір пәнді түбегейлі зерттейді, интерактивті тапсырмаларды орындаған оқушы сандық білім беру ресурсы арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Мойындаңызшы, үш пен екіге оқығысы келетін оқушы не студент жоқ, барлық оқушылар мен студенттер жақсы оқығысы келеді. Тек оларға мүмкіндік берілуі тиіс.
Сандық білім беру ресурсатрының ерекшелігі де осында барлығына түсінікті де анық берілетін арнайы мамандар даярланған мағлұмат.Әрине мұғалім білім алушыларға бұл материалдарды беріп қана қойып екі қолын ысқылап отыру емес, ұстаздың ролі әрқашан да маңызды болып қала береді. Бірақ сандық білім беру ресурстарын сабақ жүргізуде қолдануда мұғалімге үлкен көмек болар еді.

2 Технологиялық бөлім
2.1Сақтандырғыштар және релелердің қазіргі жағдайы

Сақтандырғыштар және релелер басқару және қорғау аппараттарына жатады. Электр энергия, өндіру, тасымалдау, тарату, тұтыну үрдістерін және олардың қалыпты һәм қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін басқару және қорғау аппараттары қолданылады.
Жалпы алғанда, электр энергиясын қажетті уақытта беріп, қажет емес кезде тоқтатып (өшіріп) және электр энергиясы мен одан түрленген энергияның параметрлерін өзгертуге арналған аппараттарды басқару аппараттары деп атайды. Мысалы, басқару аппараттарының көмегімен электрлік қозғалтқыш жіберіледі, жүргізіледі, тоқтатылады, тежеледі және айналу бағыты өзгертіледі, айналу жылдамдығы реттеледі, т.с.с.
Электр тізбектерін және жеке құрылғылар мен қондырғыларды асқын ток пен кернеудің және осы шамалардың төмендеп кетуінің, максимал және минимал айналу жылдамдықтың, қатты қызудың, т.б. салдарынан бүлінуден сақтауға арналған аппараттарды қорғау аппараттары деп атайды. Мысалы егер тоңазытқыштар температуралық релемен жабдықталмаса, үздіксіз жұмыс істеудің нәтижесінде олардың істен шығып қалуы мүмкін.
Басқару аппараттары қолмен басқарылатын, яғни қолдық және автоматтық болып бөлінеді. Егер аппарат адамның қолымен оның тұтқасына немесе батырғысына әрекет етудің нәтижесінде іске қосылса, онда мұндай аппарат автоматтық аппарат деп аталады.
Көптеген аппараттар жартылай автоматтық болып келеді және басқару һәм қорғау функцияларын қоса атқарады.
Басқару және қорғау аппараттары номинал кернеулері бойынша төмен (1000 В-ке дейін) және жоғары (1000 В-тен жоғары) кернеулік болып, ток тегі бойынша тұрақты және айнымалы токтық болып бөлінеді. Қоршаған ортадан қорғанышы бойынша ашық, қорғалған, бітеуленген, жарылыстан қорғалған, судан қорғалған т.с.с. болып бөлінеді.
Басқару және қорғау аппараттары өзара механикалық және электромагниттік байланысқан элементтер мен буындардан тұратындықтан оларда бір уақытта электромагниттік, коммутациялық және жылулық үрдістер қатар жүріп жатады. Сондықтан аппараттарды есептеу өте күрделі болып келеді және көбіне тәжірибеге негізделіп жүргізіледі. Ал, жалпы алғанда, кез-келген аппарат сенімді жұмыс істейтін, күтім-жетімге ыңғайлы, габариті мен массасы кішкене және бағасы арзан болуы керек [2].

2.2 Сақтандырғыштар мен релелердің жұмыс істеу принципі және қызметі

Электрлік реле және электромеханикалық релелер. Реле деп белгілі-бір мөлшерлі физикалық шаманың әсерінің нәтижесінде екінші-бір жүйенің секірмелі өзгертуге арналған аспапты айтады. Реле әртүрлі салада әртүрлі қызмет атқарады. Бірақ басқару тізбектеріндегі реленің негізгі ролі электрлік құрылғылар мен қондырғыларды бір күйден екінші күйге көшіру және қалыпты емес һәм аппаттық күйлерінен қорғау болып табылады.
Электрлік релелердің көпшілігі электромагниттен және тұйықтаушы һәм ажыратушы түйіскілерден тұрады.

1-өзек. 2-якорь, 3-ажыратушы түйіскілер, 4-тұйықтаушы түйіскілер, 5-шарғы.

Сурет 2.2.1 Электромагнитті реле сұлбалық құрылысы — (а) және түйіскілер мен шарғының шартты белгілері — (б).

Егер шарғыға (5) кернеу берсе, онда өзекте магнит өрісі қоздырыладыү Магнит өрісінің әректінен якорь (2) өзекке (1) тартылып, ажыратушы түйіскілер (3) ажырайды да, тұйықтаушы түйіскілер (4) тұйықталады.
Релені іске қосатын, яғни якорьды өзекке тартып тұратын күш тудыратын, әсер етуші шаманың минимал мәнін реленің іске қосылу параметрі деп атайды.
Реле қайтатын, яғни якорьды өзекке тартып ұстап тұра алмайтын, әсер етуші шаманың максимал мәнін реленің босату параметрі деп атайды.
Реленің босату параметрінің Хб іске қосылу параметріне Хіқ қатынасы реленің қайтымдық коэффиценті деп аталады:

К=ХбХіқ. (2.2.1)

Қайтымдық коффицент неғұрлым бірге жақын болса, соғұрлым реленің дәлдігі жоғары болады деп есептеледі.
Әсер етуші шамаға байланысты және арналымына қарай релелер токтық, кернеулік, уақыттық, жиіліктік, арнаулы т.с.с. болып бөлінеді. Мысалы, токтық реле электрлік қондырғыларды ток күші бойынша асқын жүктелуден қорғауға және токтың мәніне байланысты басқаруға арналған. Реленің (2.2.2 сурет) шарғысы (1) қоздыратын магнит ағыны өзек (2) және якорь (3) арқылы тұйықталады. Магнит өрісінің әсерінен якорь өзекке тартылғанда онымен байланысқан белдік (4) айналып, қозғалмалы түйіскіні (5) қозғалмайтын түйіскімен (6) түйістіреді. Якорьдің айналуына серіппе (7) қарсы әсер етеді. Серіппенің серпімділік қарсы әсер күші арнаулы тұтқаның (8) көмегімен реттелінеді. Якорь мен өзектің арасындағы саңылауды және серіппенің қарсы әсер күшін өзгерте отырып, реленің іске қосылу тогының мәнін тағайындауға болады. Әдетте серіппенің серпімділік қарсы әсер күшін реттеуге арналған тұтқаның 8 баптарында іске қосылу тогының мәндері көрсетілген болады.
Токтық реленің іске қосылу тогын оның токтық ұстамы деп атайды. Әдетте токтық реленің шарғысы арқылы бақылауға алынған ток, яғни жүктің тогы жүруі керек. Сондықтан реледегі керенудің

1-шарғы, 2-өзек, 3-якорь, 4- белдік, 5-қозғалмалы түйіскі, 6-қозғалмайтын түйіскі, 7-серіппе, 8-арнаулы тұтқа.

Сурет 2.2.2 Токтық реленің сұлбалық құрылысы (а) мен түйіскілердің және шарғының графикалық шартты белгілері.

Түсуі аз болуы үшін токтық реленің шарғысы кедергісі аз жуан сымнан жасалады.
Осындай реленің кернеудің мәнін бақылау үшін де қолдануға болады. Бірақ кернеулік реленің шарғысы кернеуі бақыланатын элементке параллель жалғанады. Сондықта оның шарғысы кедергісі үлкен, яғни орам саны көп, жіңішке сымнан жасалған болуы керек.
Көптеген қондырғылар мен құрылғыладың жұмысы уақыт бойынша кезектілікті және сатылықты қажет етеді. Ал оны қамтамасыз ету үшін басқару тізбектерінде уақыт релесі қолданылады. Уақыт релесі әртүрлі үрдіске негізделген (электромагниттік, электрондық, механикалық, т.с.с.), бірақ солардың ішінен сағат механизмін қолданатын уақыт релесі кең тараған. 2.2.3-суретке сәйкес сағат механизмді уақыт релесінің өте қарапайымдандырылған сұлбалық құрылысы келтірілген.

1-червякты беріліс, 2-сағат механизмі осі, 3-айналатын түйіскі, 4-қозғалмайтын түйіскі, 5-бағыттаушы тақташа.

Сурет 2.2.3 Сағат механизмді уақыт релесінің сұлбалық құрылысы (а) мен түйіскілердің және шарғының графикалық шартты белгілері (б).

Электромагниттің якорі червякты беріліс (1) арқылы сағаттық механизммен байланысқан (суретте сағаттық механизмнің тісті берілістері көрсетілмеген). Якорь өзекке тартылған кезде, оның ілгерілмелі (сызықтық) қозғалысы сағат механизмі өсінің (2) айналмалы қозғалысына түрленеді. Механизмнің осіне онымен бірге айналатын түйіскі (3) уақыттық бағыттаушы тақташаның (5) бойымен қозғалып отырып қозғалмайтын (4) түйіскіні тұйықтайды. Қажетті тағаттық уақыт қозғалмайтын түйіскінің уақыттық бағыттаушы тақташадағы орнымен анықталады. Электромагнит якорьді босатқан кезде серіппелердің көмегімен қозғалмалы түйіскі бастапқы орнына қайтып келеді. Уақыт релесінің түйіскілерді әдетте іске қосылуға (КТ1, КТ3) тағатты және өздігінен қайтуға (КТ2, КТ4) тағатты етіп жасалады.
Қозғалтқыштардың басқару тізбектерінде центрден тепкіш күшке негізделген қарапайым жиілік релесі де кездесіп қалады 2.2.4 суретке сәйкес.

1-білік, 2-серіппе, 3-жүктер, 4-қозғалмалы ішпек, 5- қарын, 6-қозғалмалы түйіскі, 7-қозғалмайтын түйіскі.

Сурет 2.2.4. Жиілік релесінің сұлбалық құрылысы (а) мен түйіскінің графикалық шартты белгісі (б).

Қозғалтқыш жалғанған білік (1) айналмай тұрған кезде серіппе (2) төменгі қозғалмалы (4) ішпекті итеріп тұрады. Ішпек қозғалмалы түйіскінің (6) қарын (5) басып, түйіскілерді ажыратып тұрады. Қозғалтқыштың айналу жиілігі өсе бастағанда, центрден тепкіш күштің әсерінен жүктер (3) біліктен алшақтайды. Қозғалмалы ішпек серіппені қысып қозғалмалы түйіскінің қарын босатады да, қозғалмалы түйіскі (6) қозғалмайтын түйіскімен (7) түйіседі.
Айналу жиілігінің сезбері (сенсоры, датчигі) ретінде тахогенератор деп аталатын тұрақты ток машинасы кеңінен қолданылады. Тахогенератордың ЭҚК-і якорьдің айналу жиілігінен ғана тәуелді болатындықтан, оған вольтметр жалғап айналу жылдамдығын өлшейтін аспап — тахометр ретінде және айналу жиілігінің сезбері (сенсоры, датчигі) ретінде де басқару тізбектерінде жиі пайдаланады [2].
Реле́ (фр. relais) — электрлік құрылғы (ажыратқыш), электрлік не электрлік емес әртүрлі кірме шамалардың берілген кезіндегі электр сымдарының әртүрлі учаскілерінің тұйықталуы және тұйықсыздалуы. Реленің электрлік, механикалық, және жылулық деген түрлері бар.
Электромагнитті реленің негізгі бөліктері: электромагнит, якорь, ауыстырып-қосқыш. Электромагнит өздігінен магнитті материалдан жасалған катушакға оралған электр сымын көрсетеді. Якорь — контактілермен басқаратын итеруші магнитті материалдан жасалған пластина.
Тарихы. Алғашқы реле америка ғалымы 1831 жылы Джозеф Генримен ойлап табылды және электромагнитті қызмет принципіне негізделген және де Дж. Генри шығарған релесі коммутациялық емес екенін атап өткен дұрыс. Реле сөзі ағылшынның relay сөзінен шыққан, шаршаған хат тасушы аттарды ауыстыру не эстафетаны шаршаған спортсмендерден алу дегенді білдіреді. Жеке құрылғы ретінде реле Самюэль Морзенің телеграф құрылғысында аталып өткен.
Реле классификациясы:
* Контактілердің алғашқы қалпына қарай реле болады:
1.Орташа тұйықталған контактілермен;
2.Орташа тұйықталусызданған контактілермен;
3.Ауыстырып-қосылған контактілермен.

* -Басқару сигналының типі бойынша:Тұрақты ток;
* -Нейтральды реле: басқару сигналының полярлығы ескерілмейді, тек оның бар жоқтығы ғана тіркеледі.
* -Поляризацияланған реле: басқару сигналының полярлығына сезімтал, оның ауыстырылуы кезінде ауысады.
* -Комбинацияланған реле: басқару сигналының баржоқтығына және полярлығына әсерленеді.
* Айнымалы ток:
* Контактыға шектелген жүктеме бойынша.
* Іске қосылу уақыты бойынша.
* Орындалу типі бойынша
* 1.Электромеханикалық реле;
* 2.Электромагнитті реле (электромагнит орамасы білікке қатысты қозғалмайды);
* 3.Герконовый реле;
* 4.Магнитоэлектрикалық реле (электромагнит орамасы білікке қатысты қозғалмалы);
* 5.Термореле (биметалдық);
* 6.Электродинамикалық реле
* 7.Ферродинамикалық реле
* 8.Индукциялық реле
* 9.Статикалық реле
* 10.Ферромагниттік реле
* 11.Иондық реле
* 12.Жартылай өткізгішті реле
* -Қадағаланатын өлшемі бойынша
* 1.Кернеу релесі;
* 2.Ток релесі;
* 3.Қуат релесі ;
* 4.Пневматикалық қысым релесі;
* 5.Оқшауламаны басқару релесі;
* Электромагнитті құрылғының арнайы түрлері:
* 1.Қадамдық іздеуші.
* 2.Қорғаныш ажыратқыш құрылғысы.
* 3.Автоматикалық ажыратқыш .
* 4.Уақыт релесі.
* 5.Электромеханикалық санауыш [8].
.

1 — реле орамасы (A1, A2-басқарма сымы), 2 -тұйықталу контакті, 3-тұйықсызданушы контакті, 4-іске қосылу кезіндегі баяулатқышы бар тұйықталу контакті, 5-қайта бару кезіндегі баяулатқышы бар тұйыталу контакті, 6-импуоьсті тұйықталу контакті, 7-өздігінен қайта барусыз тұйықталу контакті, 8-өздігінен қайта барусыз тұйықсызданусыз контакті, 9- тұйықсызданушы контакті іске қосылудағы баяулатқышы бар, 10-қайта бару кезіндегі баяулатқышы бар тұйықсыздану контакті, 11- ортақ контакт, 11-12- орташа тұйықталаған контакт, 11-14-орташа тұйықсызданған контакт.

Сурет 2.2.5 Сұлбалардағы реленің белгіленуі

Электромагнитті релелердің жұмысының негізі метал біліктегі катушка орамаларынан пайда болатын электромагнитті күшке негізделген. Реле детальдары негізінде монтаждалады және қақпағымен жабылады. Біліктің үстіне жылжымалы зәкір орнатылған немесе бірнеше контактілерімен. Оларға қарсы жылжымайтын қосалқы контактілер орналасқан [3].
Бастапқы түрінде зәкір серіппемен ұсталады. Басқару сигналын берген кезде электромагнит зәкірді тартып, реле конструкциясына қарай контактілерді тұйықтайды не ажфратады. Басқарушы кернеуді ажыратқаннан кейін серіппе зәкірді бастапқы қалпына алып келеді.
Басқарылатын сым басқарушымен электрлік ешқанадай байланыссыз (электротехникада құрғақ контакт деп аталынады). Басқарылатын сымдағы ток шамасы басқарушыдағы ток шамасынан үлкен бола алады. Басқару сигналының көзі: электрлік сұлбалар, әртүрлі датчиктер, және шығысында ток және кернеудің минимал шамасы бар құралдар бола алады.
Осындай жолмен реле электр сымындағы токтың, кернеудің, қуаттың дискретті күшейткіш қызметін атқара алады. Алғашқыда релені дискретті (сандық) есептеуіш машиналарда қолданды. Нәтижесінде сандық техникада релені алдымен ламапамен содан транзисторлармен және микросхемалармен ауыстырылды. Қазіргі уақытта электртехникасында релені үлкен шамалы токтарды басқаруға, ал кіші шамалы токтарға транзисторлар мен тиристорлар қолданылады.
Әрбір реле құрылғысының негізгі функциясына контактілерді сол не басқа моментте ауысытырып қосу болып табылады.
Құрылғылардағы реле, мысалы, автоматты оқшаулау құрылғыларында немесе диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларында, сигналдардырдың, өткелік қалыптарды қадағалауға және позедардың т.б жүруінің қауіпсіздіген қамтамасыз ететін жұмысты автоматтық түрде орындайды.
Автоматтық оқшаулау немесе диспетчерлік орталықтандыру релесінен анығында ерекше нақтылықты және жұмыста төзімділікті талап етіледі.
Реленің сапасына қойылатын жоғары талаптар, олардың конструкцияларын мұқияттылықпен өңдеуді, керекті материалдарды және дәл реттеуді талап етеді. Себебі, эксплуатацияға берілетін реле арналымына толық сәйкес келу үшін және қатал норма және рұқсат бойынша орындалу керек.
Арналымы:
1.Жол релелері, рельстік сымдарға қосылатын және олардың қалпына әсер ететін.
2.Сызықты релелер, сызықты сымдарға және блок-участоктар немесе аралас сигналдар арасындағы бағыныштылықты қамтамасыз ететін схемаларда қолданылады.
3.Қайталанбалы реле, басқа релелердің іс-әрекеттерін қаталайтын (басты түрде сызықты) реле.
4. Сілтемелі реле, сигналды оттардың сымдарының қалыпына байланысты қызмет атқаратын реле.
5.Өзіндік тұтқыр релелер, қоректі екі жолмен алатын: басқа релемен контакті арқылы және жеке контак арқылы.
6.Қосымша релелер, негізгілерге қосымша сигналды сымдарда қосымша функцияларды атқаратын.
7.Жүргізу релелері, өзінің жүргізу контактілерін тұйықтау арқылы және әртүрлі жетектерді (мысалы, тілшелі, автотоқтау және т.б) реверстеу арқылы.
8. Кодты релелер, реле-санауыш ретінде диспетчерлік орталықтандыруда қолданылатын, телебасқармаларда және өндірістік орнатылымдарда, тарату және хабарлау кодын тарату және қабылдау үшін қызмет атқарады.
9.Жыпылықты реле, өткелді сигнализацияда қолданылатын және периодты түрде сигналды шамдарда тұйықталу мен ажыратылуды орындайтын релелер.
Релелердің классификациясы: Реле, орталықтандыру, автотұтқылдау, сигнализация және т.б құрылғыларда қолданылады. Әртүрлі сипаттамалар бойынша классификацияланады. Солардың бірі: қоректену тогы, іске қосылу жылдамдығы, қызмет принципі, жайғастырылуы.
Қоректену тогының түрі бойынша:
1. -Тұрақты ток (мысалы, НР-1, КР, СКР, НПР, МР, УР, УНР, КДР және т.б);
2. -Айнымалы ток (мысалы, АР, ДСР және т.б);
3. -Тұрақты және айнымалы ток (мысалы, УНР-3 релесі)
-Іске қосылу жылдамдығы бойынша барлық релелер 3 топқа бөлінуі мүмкн:
1. -Шапшаң қосылатын, токтан ажыратқаннан кейін 13 сек аралығында іске қосылатын;
2. -Орташа қосылатын, 13 сек-тен (12) сек аралығында іске қосылатын;
3. -Баяу қозғалатын релелер, (12) көп уақытта (әдетте 0,9-1,0 сек) іске қосылатын релелер [4].
Сақтандырғыштар.
Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталу тогынан қорғауға арналған аспап. Құрылысының қарапайымдылығы, бағасы мен жегу шығындарының арзандығы, мөлшерінің кішілігі, ажыратқыштық қабілетінің жоғарылығы оны кең қолдануға мүмкін етті. Сақтандырғыштың әрекеттік парқы ондағы балқығыш қыстырғының токтың әсерінен қатты қызып, балқып үзілуіне негізделген.
Сыртқы пішінінің әртүрлілігіне қарамастан, сақтандырғыш 2.2.6-суретке сәйкес тұрықтан (1), балқығыш қыстырғыдан (2), түйіскілік элементтен (3) және доға сөндіргіш ортадан (4) тұрады.

1-тұрық, 2-балқығыш қыстырғы, 3-түйіскілік элемент, 4-доға сөндіргіш орта.

Сурет 2.2.6. Сақтандырғыштың сұлбалық құрылысы (а) мен графикалық шартты белгісі (б).

Сақтандырғыштың қалыпты (түзік) жұмысы кезінде қыстырғының қызуы қалыптасқан күйге келеді, яғни қыстырғы қанша жылу бөліп шығарса, сонша жылу одан әкетіліп отырады да қыстырғының температурасы, жалпы алғанда сақтандырғыштың температурасы, тұрақты болып қалады. Міне осы температурасының қалыптасқан күйінде ғана сақтандырғыш үзақ мерзімде жұмыс істей алады.
Қыстырғыны температурасының ең жоғарғы қалыптасқан мәніне дейін қыздыратын ток қыстырғының номинал тогы болып табылады. Сақтандырғыштың тұрқында қолданылған материалға және доға сөндіргіш ортаға байланысты оның номинал тогы қыстырғының номинал тогы онда қолданылатын қыстырғылардың номинал тогынан кем болмауы керек. Әдетте сақтандырғыштың номинал тггы үшін онда қолданылатын қыстырғылардың тогының ең үлкені қабылданады. Мысалы, сақтандырғыштың номинал тогы I=15A болса, онда осы сақтандырғышта номинал тогы I=6A. 10A. 15Aқыстырғыларды пайдалануға болады.
Балқығыш қыстырғылардың пішіні де, материалы да әртүрлі болып келеді. Әдетте оларды қорғасыннан, қорғасын мен қалайының қоспасынан, мырыштан, мыстан, күмістен және т.б. жасайды.
Сақтандырғыштың тұрқы да әртүрлі пішініді және әртүрлі материалдан жасалады: фарфордан, шыныдан және әртүрлі керамикадан.
Қыстырғы үзілген кезде пайда болатын доға тез сөнуі үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады: сақтандырғыш кварц құммен толтырылады; сақтандырғыштың тұрқы қызғанда газ бөліп шығаратын фибрадан жасалады; доғаны үрлеу және созу, т.с.с.
Сақтандырғыштарды әдетте қыстырғының номинал тогы бойынша таңдап алады. Тұрақты токтың қабылдағыштары мен айнымалы токтың жүгі тұрақты қабылдағыштары үшін қыстырғының тогы қабылдағыштың номинал тогына тең немесе одын жуық артық болуы керек, яғни

Iқ=Iн (2.2.2)

Қозғалтқыштарды қорғауға таңдап алынатын сақтандырғыштың қыстырғысының тогы

Iқ=Iжк, (2.2.3)

Мұндағы Iж- қозғалтқышты жүргізіп жіберу тогы; к — қозғалтқыштың жұмыс әлпінен тәуелді коэффицент: жеңіл жүргізілетін қозғалтқыштар үшін k=2,5, ал ауыр жүргізілетін, яғни жүргізіп жіберу уақыты үзаққа созылатын қозғалтқыштар үшін k=1,6..2.

Iном — номиналды ток, балқымалы кірмеде көрсетіледі, ал Iп — шектік ток (балқымалы кірме бір сағат ішінде жанып кетеді)

Сурет 2.2.7 Сақтандырғыштың қорғаныштық сипаттамасы

Берілген суретте жұмыстық (қорғаныштық) уақыт токтық сипаттамасы көрсетілген., көп жағдайларда есептеулерде шекті ретінде қабылданады. Балқымалы токтың материалына қарай шектік ток номиналды ток тан 10-70 % көп бола алады. Кіші мәнділері тұрақты қорғаныштық материалдарға жатады (атмосфералық жағдайларға және электрқұрылғыларының эксплуатациялау режимдеріне тұрақты), мысалы, күміс, аллюминий.

а — тұрақты кесіндісімен; б — айнымалы кесіндісімен (фигуралы кірмелер) кернеуге — 220 В жоғары; в — 380 В жоғары айнымалы кесіндісімен; г — толытырушысы бар сақтандырғышқа

Сурет 2.2.9. Түйіспелік элементтер орнатудың бірнеше түрлері

Сақтандырғыш — электр тізбектерін ток күшінің рұқсат етілген мөлшерден асып кетуінен қорғауға арналған тетік. Сақтандырғыш тізбекті ток көзінен арнайы жасалынған ток өткерме бөліктерінің шамадан артық токтың жылулық әрекеті әсерінен балқып үзілуі арқылы ажыратады. Сақтандырғыш электртізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталулардан қорғайды. Кең тараған түрі — балқыма cақтандырғыш. Ол электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған корпустан, металдан көбінесе мыстан, мырыштан, жасалған балқыма қыстырғыдан, түйіспелік және доғасөндіргіш құрылғыдан тұрады. Құрылысы бойынша айырғыш пен ажыратқыш аппараттар қызметтерін атқаратын сақтандырғыш-ажыратқыш аталатын коммутациялық аппараттар да қолданылады. Сақтандырғыштың құрылысы қарапайым, құны арзан, тізбекті қысқа тұйықталу кезінде жылдам ажыратады, ал кейбір түрлерінің қысқа тұйықталу тогын шектеу қабілеті болады. [2].
Сақтандырғыштар жартылай өткізгішті вентильді агрегат сымдарын номиналды кернеуі 660 В тұрақты және айнымалы ток жиілгі 50-60 Гц жиілікті , өндіріс және электртранспортты қондырғыларда қысқатұйықталу токтарынан қорғау үшін арналған.
Түрлері, негізгі параметрлері және өлшемдері:
1. Сақтандырғыштар түрлері,балқымалы салғылардың номинал кернеуі және 1- кестеде көрсетілген номинал токтар шкаласы бойынша дайындалады.
2. Сақтандырғыштар балқымалы салғысының жану сигнализациясы қондырғысына қатынасты түріне қарай дайндалады:
oo Сигналсыз құрылғы;
oo Визуалды көрсеткішімен;
oo Визуалды көрсеткішімен, бір тұйықтаушы және бір тұйықсызданушы блокконтакты бар.
.Сақтандырғыштар келтіруші шиналарға контактілі пышақтарды болттық байланыстыруға арналып жасалу керек.
Техникалық талаптары
-қоршаған орта температурасы — 40 С 40 С ға дейін;
-қоршаған орта ылғалдылығы 20 С температурада 90% кем емес, 50С 50% болуы тиіс;
-қоршаған орта — жарылыс қауіпі жоқ, концентрациясында агрессивті газдар және булары жоқ ,
-теңізден жоғарғы биіктігі — 1000 м жоғары емес;
Сақтандырғыштардың дайындығы бас зауыттың сызбаларымен сәйкес болуы керек.
Сақтандырғыштар- Электрмен қамтамасыз ету жүйесінде кварцтелген және сақтандырғыштар кең таралған.
ПКТ, ПКН, ПКЭ, ПКЭН типті сақтандырғыштар — токты қысқартушы (кесте — 1) трансформаторларды, ауа және кабель желілерін (ПКТ101…ПКТ105), кернеуі 3 — 35 кВ үшфазалы айнымалы ток электр орнатылымдарда кернеу трансформаторларын (ПКН001); күштік электр желілерін (ПКЭ106…ПКЭ108) және КРУ эскаваторлары мен кернеуі 6, 10 және 35 кВ жылжымалы электр станцияларының кернеу трансформаторларын (ПКЭН006) қорғау үшін араналған. ПКЭ және ПКЭН сақтандырғыштары темір жол көліктерінің жоғары кернеулі құрылғыларын қысқа тұйықталуда және т.б қорғауға арналған. Сақтандырғыштардың шарт белгісі ПКХХХХ-Х-Х-ХХХ келесі түрде сипатталады: ПК- кварцтелген сақтандырғыш; Х- белгілену (Т-күштік трансформаторлар мен желілерді сақтауға арналған; Э-эскаваторлы орнатылымдарда күштік сымдарға; Н-кернеу трансформаторларына; ЭН-эскаваторлы орнатылымдардағы кернеу трансформаторларына); Х-цокольсіз бірполюсті орындалу (0 — жоқ, 1 — жеңіл типті ұру құрылғысының болуы ); ХХ — сақтандырғыштың патроны орнатылған контактілердің конструкциясы; Х — номинал кернеу (климаттық орындалу сақтандығыштарын У және ХХ қорғауға арналған); немесе ең үлкен жұмыстық кернеу (климаттық орындалу Т сақтандырғыштарына), кВ; Х — ПКТ және ПКЭ сақтандырғыштарына ампердегі номинал ток; Х — ПКТ және ПКЭ сақтандырғыштарына килоампердегі номинал токты өшіру; ХХ — орналастыру категориясы және климаттық орындалу. Сақтандырғыштың белгілеу мысалы ПКТ 101-3-2-40УЗ.
ПС типті сақтандырғыштар (кесте — 2) іске қосылуы дыбыспен басталатындықтан және патроннан газды шығару барысында қатты газогенерациялаушы материалдарды қолданатндықтан атқыш деп аталынады.
ПС-10; ПС-35; ПС-110 типті сақтандырғыштар — атқыш, жүктемелі токтардан және КЗ токтарынан күштік трансформаторларды қорғау үшін арналған.
Балқымалы сақтандырғыштар.Егер орамдағы немесе сымдағы ток орнатылған шамасынан аспы кетке жағдайда, сымды автоматтық түрде электр энергиясынан ажыратушы әртүрлі құрылғылар қолданылады. Бұл құрылғылардың ең қарапйым түрі балқымалы сақтандырғыш болып табылады. Бұндай сақтандырғыш төменгі термиялық тұрақтылығымен электр сымын жүктемеден сақтайтын қысқа учаскіні білдіреді. Сақтандырғышта балқымалы орнатпа орнатылады. Орнатпа кедергісі жоғары материалдан ( мысалы, қорғасын, қола) жасалады немесе жақсы сәйкес келетін материалдан (күміс не мыс) жасалады. Балқымалы орнатпатіркелеген токтың номинал шамадан өсуі барысында соңғы орнатпа балқиды (күйіп кетеді) және осындай жолмен оған қосылған сымды, машинаны, аппаратты және т.б асқын жүктемеден қорғайды.
Сақтандырғыштың жануы барысында электр доғасы пайда болмауы керек, сәйкесінше балқымалы орнатпа ажыратылғын кернеуге сай ұзындығы болуы тиіс; сондықтан сақтандырғышта номинал токтан басқа кернеу де көрсетіледі.
Балқымалы сақтандырғыштардың констукциясы жөнінен әр түрлі болып жасалады. Төмен кернеулі өндірістік құрылғыларда пластиналы балқымалы сақтандырғыштар қолданылады; ондағы балқымалы бөлігі — орнатпа бірнеше сымдардан (немесе пластиналардан) тұрады.
Жоғары кернеулі құрылғыларда құрылғыларда құбырлы сақтандырғыштар қолданылады, онда балқымалы сым фарфор ыдыстың ішіне орналастырылған және ұзын болып келеді.
Тұрғын үйлерде топтық щиттерде орналастырылған. Олардан сымдар әр бағытта бөлмерге сай тарамдалады.
Сақтандырғыштың өлшем сипаттамасына номинал ток шамасы жатады, яғни ұза уақыт аралығында сақтандырығш сақтауы тиіс ток шамасы болып табылады. Бұл токтың шамасы орнатпада көрсетіледі.

Кесте-2.
ПКТ, ПКН, ПКЭ, ПКЭН типті сақтандырғыштардың техникалық сипаттамалары

Типтік орындалуы
Номинал кернеуі ,кВ
Ең үлкен жұмыстық кернеуі, кВ
Номинал ток, А
өшірудің номинал тогы, кА
ПКТ101-3-40УЗ
ПКТ101-6-40УЗ
ПКТ101-6-20УЗ
ПКТ101-10-31,5УЗ
ПКТ101-10-12,5УЗ
ПКТ101-20-12,5УЗ
ПКТ101-35-3,2УЗ
ПКТ102-3-40УЗ
ПКТ102-6-31,5УЗ
ПКТ102-6-20УЗ
ПКТ102-10-31,5УЗ
ПКТ102-10-12,5УЗ
ПКТ102-20-12,5УЗ
ПКТ102-20-12,5УЗ
ПКТ102-35-8УЗ
ПКТ103-3-30У
3
6
6
10
10
20
35
35
3
6
6
10
10
20
20
35
3
3
6
6
10
10
10
20
35
36
36
3,6
7,2
12
24
36
3,6
7,2
12
24
36
12
24
7,2
7,2
12
7,2
12
7,2
12
7,2
12
7,2
12
2; 3,2; 5; 8; 10; 16; 20; 31,5
2; 3,2; 5; 8; 10; 16; 20
31,5
2; 3,2; 5; 8; 10; 16; 20
31,5
2; 3,2; 5; 8; 1,
2; 3,2; 5; 8
10
40; 50; 80; 100
31,5; 40; 50
80
31,5; 40
50
16
20
10; 16; 20
160
200
80; 100
160
50
80
40
40
20
31,5
12,5
2,5
8
3,2
40
31,5
20
31,5
20
31,5
12,5
12,5
12,5
8
40
40
31,5
20
31,5
20
12,5

2 кестенің жалғасы

ПКТ103-10-31,5УЗ
ПКТ103-10-20УЗ
ПКТ103-10-12,5УЗ
ПКТ103-20-12,5УЗ
ПКТ103-35-8УЗ
ПКТ104-3-40УЗ
ПКТ104-6-31,5УЗ

6
10
10
3

6
10
6
6
10
10
20
10
20
35

12
7,2
12
7,2

7,2
12
7,2
7,2
12
12
24
12
24
40,5

31,5; 40
160; 200
100
160
2; 3,2; 5; 8; 10; 20; 16; 31,5

2; 3,2; 5; 8; 10; 16 20
2; 3,2; 5; 8; 10; 16 20
2; 3,2; 5; 8; 10; 16 20

8
40
31,5
31,5
20
12,5
31,5
20
12,5
12,5

40

Кесте 3
Сыртта орналастырылатын ПС типті сақтандырғыштардың технкалық сипаттамасы

Өлшемдері
ПС-10У1
ПС-35МУ
ПСН-110У
Номинал кернеу, кВ
Номинал ток, А
Номинал өшіру тогы, кА
Өшіру тогының тогының ең кіші шамасы; А
Балқымалы ортанпа ток шамасы

Сақтандырғыш массасы, кг
Сақтандырғыш өлшемі, мм
Ұзындығы
Ені
тереңдігі
10
100
5
15

8; 10;16;20;32; 40;50;80;100
23

490
740
165
35
100
3,2

8; 10;16;20;32; 40;50;80;100
65,5

715
1410
225
110
50
2,5
10

8; 10;16;20;32; 40;50;80;100
804

1480
2130

2.3 Сақтандырғыштар және релені технологиялық есептеу

Жылулық реле электрқозғалтқыштарды жүктемеден қорғау үшін арналған.
Құрылымы жылулық реле қыздыру элементінен , биметалл пластинадан ,контактілерден , серіппеден және қайтарма батырмаларынан тұрады.
Қызмет ету принципі: қозғалтқыш жүктемесі кезінде оның орамасындағы ток жоғарылайды соның әсерінен жылулық реленің қыздыру элементі қыздырылады. Қыздыру элементі юөлетін жылу биметал пластинаны қыздырады, биметал пластина нәтижесінде майысып, мгнит қосқыш катушкасының сымдарын контактілерден ажыратады нәтижесінде электрқозғалтқышөшеді.
Жылулық релені таңдау және есептеу
Жылулық реленің қыздыру элементтері Iор есептелетін Iесеп (номинал) тогы бойынша таңдайды. Талаптар бойынша жұмыс істейді.

Iор = Iесеп (2.3.1)

Есеп 1. Асинхронды 4А80В2У3 типті қуаты Рн = 2,2 кВт кернеуі U = 380 В қысқатұйықталған қозғалтқышты қорғауға жылулық релені таңдап алу.
Шешуі:
1.Қоғалтқыштың номинал тогның Iқоз шамасын анқтайды:

Iқоз = Рн U
Iқоз =2200380 = 4,8 А

2. Жылулық реленің теңсіздігін есепке ала отырып орнатылымның тогы:

Iор = 4,8 А (2.3.2)

3. Техникалық мәліметтер негізінде, 5А стандартты қыздыру элементін, ал жылулық реле ТРН-10 номинал тогы 10 А таңдалады.
Балқымалы сақтандырғыштар электр қондырғыларды қысқа тұйықталу токтарынан сақтау үшін арналады.
Қондырғы, барлық сақтандырғыштарда ажырату элементі қызметін балқымалы орнатпа атқарады. Балқымалы орнатпа ток өткізбейтін корпус (патрон) ішінде орнатылады.
Сақтандырғыштар корпусы келесі нышандар бойынша бөлінеді:
-Жиналмалыларда балқымалы орнатпаларды эксплуатация орындарында ауыстыруға болады;
-Толтырғыш боуына қарай — толтырғышпен және толтырғышсыз;
-Балқымалы орнатпаның контактілерінің түріне қарай — пышақпен және қашалған контактілерімен.

Түйіспелік элементтің ажыратқышпен электрлік контактіленуі пышақты не ажыратқышты контактілердің көмегімен іске асырылады.
Қызмет ету принципі : түйіспелік элементтен ток өткен кезде қызыдырылады. Жүктеме не қысқа тұйықталу кезінде балқымалы орнатпа күйіп кетеді, себебі балқымалы орнатпа тез балқитын матиралдан жасалады. Токтың сымы ажырайды. Түйіспелік элемент күйген кезде қауіпті электрлік доға пайда болуы Сондықтан сақтандырғыштардың түтікшелерін жоғары қуатты кварцті құммен толтырады. Кейбір сақтандырғыштар фиблі түтікшелермен шығарады. Түйіспелік элемент күйген жағдайда фибрлі түтікше газдар шығарып, түтікшедегі қысым көюейіа, доға деиондалып сөндіріледі.
Үлкен емес жүргізілетін токпен жұмыс істейтін электрқабылдағыштар және жарықтандырғыш сымдарға балқымалы орнатпаның тогы жүктеменің есептік тогына тең болуы керек:

Iор=Iжүк (2.3.3)

Қысқатұйықталған тогы бар қозғалтқыштарғы балқыманың тогын келесі формула … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz