Салдану және жартылай салдану, емдеу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Салдану және жартылай салдану, емдеу
Тексерген:Ахметжанов О.Н.
Орындаған: Куатбек М.М.
Тобы:ВМ-503
Семей 2018
Жоспар
1. Салдану
2. Жіктелуі
3. Үштік жүйкесінің салдануы
4. Болжамы, емі
5. Этиологиясы,
6. Диагностикасы,Емі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ЖҮЙКЕЛЕРДІҢ САЛДАНУЫ
Салдану — белгілі мүшенің қозғалыс функциясының толығымен бүзылуы. Осының салдарынан орталық немесе жүйке жүйесінің перифериялық бөлімдерінің зақымдалуы дамиды.
Ал, қозғалыс функциясының жартылай, яғни әлсіз зақымдалуы парез деп аталады.
Перифериялық жүйенің қүрамында қимыл-қозғалыс және сезім талшықтарынан түратындықтан, салдану көбінесе гипостезия мен анестезиямен қосарланып жүреді (гипостезия-сезімталдықтың төмендеуі, анестезия-сезімталдықтың толығымен жойылуы).
Себебі салдану негізінен үзілу, жаралану қатты жығылу салдарынан, жүйке жүйесінің қысылуынан, ісіктерде жиі кездеседі.
Ал парез-шайқалуда, жүйкелердің қысылуынан және жартылай үзілуінен дамиды. Сонымен қатар салдану мен парез бас ми және жүлынның ауруларында (қан кету, абцесс, ісік) және инфекциялық ауруларында, минералды улармен және улы өсімдіктермен уланғанда, авитаминоз және зат алмасудың бүзылуынан дамиды.
Жіктелуі. Барлық салданулар 2 топқа болінеді орталық және перифериялық.
Орталық салдану — орталық жүйке жүйесінің әр түрлі аумақтарының зақымдалуынан дамиды (ми қабаттары және жүлын).
Перифериялық салдану — перифериялық жүйкелер немесе жұлынның алдыңғы бөлігінің зақымданып, салдануынан дамиды. Салданудың өту процесіне, оның жайылуына байланысты:
1. параплегия — екі жақтылы салдану, бүл кезде алдыңғы және артқы бөлімдердің толығымен салдануы байқалады.
2. гемаплегия — дененің бір бөлігінің салдануы.
3. моноплегия — белгілі бір бөлімнің немесе бөлек бұлшық ет тобының салдануы мен парезі.
Патогенез: этиологиялық факторлардың әсер етуінен зақымдалған жүйкеде дегенеративті процесс дамиды. Олар зақымдалғаннан кейін бір тәулікте байқала бастайды. Білінетін белгілері ісіну, вакуолизация. Осыдан кейін миелинді қабаттың және өсті цилиндрлердің жеке фрагменттерге ыдырауы жүреді тек, Иванов қабаты сақталады.
Дегенеративті процестен кейін қабыну процесі басталады. Ал, жүйкелердің регерациясы орталық бөлімінен басталады. Жүйке талшықтары орташа жылдамдықпен алғанда 1-1,5 мм тәулігіне өседі.
Жүйкенің қомпына кему белгілері: зақымдалған аумақтың ауырсынуының пайда болуы.бүлшық еттің тонусынын көтерілуі, бүлшық ет атрофиясының төмендеуі, мүшелердің қозғалыстарының белсенділігі артады. Сонымен қатар перифериялық және орталық жүйке жүйесінің функционалды өзгеруі салдарынан парабиотикалық процестер дамиды. Парабиоз — ол Н.В.Введенскийдің айтуынша өз кезегінде тұрақты,ауыспайтын қозу, парабиоз тоқмалардың кенеттен пайда болған әсерлерге қорғаныс реакциясы.
Клиникасы мен диагнозы. Толық және жартылай салдануға дифференциалды болжау жүргізгенде, жартылай салдануда (парез) осер етіп жатқан мүшенің ғана козғалыс функциясының жүикесі ғана закымдалады, рефлекстер төмен, бірақ толығымен жойылмайды. Ал, толык салдануда (паралич) клиникалық белгілері айкын білінеді. Қозғалыс бүлшық еттерінің функциясы толығымен басылып, тез арада атрофияға үшырайды. Тітіркендіргіштерге: инъекцияға (шаншу), ыстық, суық тағыда баска факторларға әсер етпейді. Ал жеке жүйкелердің салдануын алатын болсақ, олар төмендегідей өтеді:
Бет жүйкесі салданғанда — құлак, қас, ерін жоне мұрын ағзаларын жүйкелендіретін жүйке салданады. Егер салдану жартылай болса онда көз шарасы жартылай жабылып, мүрын қуыстары тарылып, құлағы салбырап. ерні төмен түсіп тұрады. Мал азық қабылдамай, тынысы тарылып, ентігу пайда болады.
Үштік жүйкесінің салдануы — шайнау бұлшық еттерін жүйкелендіретін жүйкенің, көп жағдайда төменгі жақтың моторлық функциясының бұзылып, салдануымен сипатталады. Бір жақты-лық салдануда томенгі жак салданып, ауыздарын ашқанда жануар қарсылық білдірмейді, азық шайнауы бүзылып, мал молиеді. Екі жактылық салдануда гоменгі жағы толығымен салбырап, мал … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz