Сәкен Жүнісов «Түнгі сауле» 4 сынып әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Түнгі сауле»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Сәкен Жүнісовтың “Түнгі сәуле” атты әңгімесін дұрыс түсініп, жалғастырып оқуға үйрету. Әңгімесінің негізгі түйінін ашу.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу тілін және шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Жеңіс пен Бауыржанның ерлік, азаматтылығы жайлы айта отырып, өзекті мәселені ашуға жағдай жасау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, сөзжұмбақ, слайт, кеспе қағаздар, бағалау парағы.
Сабақтың құрал — жабдығы: тақта, бор, оқулық, қалам, дәптер, маркер, стикер, смайликтер, т.б.
Қолданылатын әдебиеттер: С. Жүнісовтың кітаптары, «Балдырған» журналдары.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
- Өткенімізді қайталаймыз деген мақсатпен жұмыс істейміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сөзжұмбақ арқылы пысықтау, «Тоқым қағар» сөзінің мағынасына терең мән беру. (Іс-әрекетті слайттан көрсету)
І –топ
- Атасы қымызды қандай ыдысқа құйып алды? /Торсық /
- Арғын мен атасы қайда келді? /Көктомарға/
- Атасы таза ауада демалғанды неге ұқсатады? /Қыран/
- Атасы шөп шабуға дайындалып, нені шыңдады?/Шалғы/
- Арғын атасынан не сұрап ішті? /Қымыз/
ІІ –топ
- Арғын атасына не жасайын деп ниет білдірді? /Қолғабыс/
- Атасы Арғынға не ұстатты? /Тырнауыш/
- Атасы шөпті немен шапты? /Шалғымен/
- Шөпті неге тиеді? /Арбаға/
- Арғынның әкесі қол шалғымен шөп шаба білуді не дейді? /Өнер/
ІІІ –топ
- Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстар едім қолға тұрмады. /Жел/
- Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. /Шаңғы/
- Қыс болса қыр мен ойды аралайды,
Жаз болса қозғалуға жарамайды. /Боран/
- Таппайтын тағат,
Тығулы сағат. /Жүрек/
- Оқушыға күнде еріп жүретін не? /Күнделік/
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Тақтадағы сөзжұмбақтарды шешу. Жауабы «Тоқымқағар», «Еңбек».
- Не деген сөз шықты?
- Осы сөзді қалай түсінесіңдер?
- Мағынасы не?
- Арғын ең алғаш неге араласты?
- Арғын еңбек не екенін түсінді, ал атасына не істеді?
- Ал, қазір өз арамызда ата-апасына, ата – анасына қолғабыс тигізетін балалар бар ма? Ондай балалар бар болса әр топтан бір-бір мысал келтірейік.
Поэзия сәті: ақындардың көмек, еңбек туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер, айтып өтейік.
ІV. Жаңа сабақ: Жаңа сабақ ертегімен басталады:
Мұғалім: Ерте, ерте, ерте де ертегілер елінде бір саудагер базардағы халыққа:
-Ақыл, білім, байлық, бақыт сатамын. Өте арзан. Алып, қарық болып қалыңыздар,- деп жар салған екен.
Естіген халық дүрлігіп, бірі ақылға, екіншілері байлыққа кенелмекші болыпты. Ал тағы біреулері бақытты алмақшы болыпты. Соның ішінде жүрген бір бала өзінің таңдауы туралы былай деген екен:
Оқушылардың шығармашылық сәті «Эссе жазу». Әр топтан екі-үш оқушыдан қорғату.
Мұғалім: Балалар,
Мұғалім: Балалар, сендер қазақтың балаларға арналған қандай фильмдерін білесіңдер? /«Көксерек», «Менің атым-Қожа», «Ақ желкен»/
Мұғалім: Балалар қазақ фильм киностудиясынан шыққан балаларға арналған фильмдердің ішінде «Аманай мен Заманай» фильмін көргендерің бар ма? Ал, бүгін біз осы «Аманай мен Заманай» фильмнің авторы, жазушы, балалар әдебиетінің майталманы Сәкен Жүнісов атамыздың шығармашылығымен танысамыз. Бүгін Сәкен атамыздың «Аманай мен Заманай» романынан келтірілген үзінді « Түнгі сәуле» әңгімесін оқып танысамыз. Қысқа да , мағыналы осы әңгімеден өздеріңдей балалардың басынан кешкен қызықты оқиғалары туралы айтылады.
Мұғалім: 1.Оқулықпен жұмыс. Осы әңгіме бойынша сынып оқушыларына тапсырма беріледі, сынып 3 топқа бөлінеді, мәтінді оқушылар түсініп іштей оқып, кезек- кезекпен түсініктерін әңгімелеп беруі керек.
- Сөздікпен жұмыс. Мәтіндегі берілген мағынасы түсініксіз сөздерге сөздік жұмысын жүргізу.
Күпшек- дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.
Сүрлеу – адамдардың көп жүргенінен пайда болған жол.
Үңірейген – тоғайдың тас қараңғы жері
Сар желіп – жеңіл шабыс
Бусанып – босаңсып
Бұралаңдаған – ирек-ирек жол
Бүйірлей – ұруын жиілетті
Қопаңдап – аттың үстінде асыға секіріп отыру
Айылбасты белбеу – темір басы бар белбеу
Лып етіп— тез арада
Ышқына – әзер
Ырғып мінді — тез мінді
Аттылы –атқа мінген адам
Сергіту сәті:/Музыкамен қимылды би/
Мұғалім: Ал мен сендерге сұрақ қояйын, сұрақтарға жауап беру арқылы біз сабағымызды қорытындылайық.
- Жапар неге мазасызданып, ашуланып жүр?
- Жеңіс пен Бауыржан кімге көмектесті?
- Егер Жеңіс машинаға ескерту жасамағанда не болар еді деп ойлайсың?
- Өздері қорқып жүріп өзге адамдарға жақсылық жасағаны, саған қандай әсер етті. Сен не істер едің?
Мұғалім: Сонымен балалар бүгін не жайлы өттік? Иә, балалар сендердің қосқан ойларың өте дұрыс адамдар бір-біріне қол ұшын, көмегін аямауы қажет. Сондықтан да халық даналығындағы «Өзгеге жасаған ізетің- өзіңе жасаған құрметің»- дегендей адамның өмірі адаммен екенін көруімізге болады. Әңгімеміз мағыналы болуы үшін осы әңгімемізге жоспар құрайық.
- Ата-анасының қобалжуы.
- Бауыржанның қорқуы.
- Балалардың адасқан машинаға көмегі.
- Үйге тапсырма: Әңгіме бойынша өз ойларың жазып келу.
VІ. Сабақты бағалау.