Саяси режимдердің ерекшеліктері | Скачать Дипломдық жұмыс

0

2009 Саяси режимдердің ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

60 бет

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
6
1 Саяси режим түсінігінің шығу тарихы мен жалпы сипаттамасы … … … … … … … ..
8

1.1 Саяси режим түсінігінің негізгі зерттеу тұрғылары … … … … … … .. ..
8

1.2 Саяси режимнің мемлекет нысаны ретіндегі қазіргі заманғы көзқарас … …
14

1. 3 Саяси режимнің негізгі белгілері … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … …
17
2 Саяси режимнің құрылымы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
20

2.1 Саяси режимнің қызмет ету ортасы … … … … … … … . … … … … … … … .
20

2.2 Қазіргі заманның саяси режимдерінің типологиясы … … … … … … … …
22

2.3 Саяси режим динамикасы мемлекет нысанының элементі ретінде … …
30
3 Саяси режимдердің ерекшеліктері … … … … … … … … … … … … … … … … ..
36

3.1 Либералдық және демократиялық режимдерді ұйымдастырудағы жалпы және ерекше көрінісі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..

36

3.2 Тоталитарлық және авторитарлық режимдердің негізгі белгілері мен ерекшеліктері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
48
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
55
Пайдаланылған дерек көздер тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
58
Қосымшалар … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
60

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі уақыт Қазақстан Республикасы үшін ұлттық мемлекетіміздің қалыптасу кезеңі болып табылады. Мемлекеттің нысаны мемлекет және құқық теориясының өзекті мәселелерінің бірі. Осыған орай, дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі мемлекеттің тәжірибелік қажеттіліктерімен айқындалады, өйткені мемлекеттің нысаны оның мазмұны мен функцияларына өз әсерін тигізетіндігі баршамызға мәлім.
Аталмыш тақырып соңғы онжылдықтар ішінде Денисов А.И., Петров В.С., Лазарев В.В., Алексеев С.С., Липень С.В. секілді көптеген ресейдің белді ғалымдарымен көтерілді. Олардың әрқайсысы саяси режимді түрлі мемлекеттік құрылымдағы көптеген мемлекеттердің мысалында тарихи аспектіде қарастырған. Кез келген мемлекеттің саяси жүйесінің сипаттамасы мемлекеттегі саяси режимімен айқындалады.
Дипломдық жұмыстың объектісі — саяси режим терминің, оның тарихи және құқықтық табиғатын зерттеген көптеген ғалымдардың еңбектері.
Саяси режим термині 1960-1970 жж. пайда болды. Дәл сол кезде заңи әдебиетте бұл терминнің қолданыла бастағанын байқаймыз, (мысалы Денисов) және оның түсінігі де зерттеле бастады, (мысалы Петров), бірақ аталмыш авторлардың саяси режим бойынша көзқарастары екі түрлі болып келді.
Денисов А.И. саяси режимді мемлекеттің нысанына жатқызбайды. Ол туралы ол былай дейді: Мемлекеттік құрылымның билік ету нысанынан саяси режим айырықша болып келеді. Саяси режим термині мемлекет және құқық теориясында мемлекеттің кез келген таптық құбылысты білдіреді, сондай-ақ бұл мағынада ол таптық билікті жүзеге асырудың белгілі бір әдісінің диктатура терминіне сәйкес болып келеді [1].
Сонымен қатар, однан кейін В.С. Петровтың еңбегі жарық көрді, онда ол саяси режим терминін мемлекет нысанының үштігіне енгізеді. Яғни, ол: Мемлекет нысаны деп біз мемлекет ішіндегі саяси биліктің, ұйымдастыруын айтамыз. Бұл ретте ол мына үш элементтен тұрады: билік ету нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және саяси режим. Саяси режим — ол демократияның сипаттамасы мен қалпында, сондай-ақ қоғамдағы саяси бостандық түрінде білдірілетін мемлекетті ұйымдастырудың нақты көрінісі болып табылады [2].
Осылайша, бүгінгі таңда да бұл көзқарастарды ұстанатын ғалымдар жетерлік, олар екі тұрғыдан тұрады: біріншілері — саяси режимді мемлекеттің нысанына жатқызады (В.С. Петровтың көзқарасы), екіншілері — саяси режимді мемлекеттің мазмұнымен байланыстырады (А.И. Денисовтың көзқарасы).
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәнін саяси режим түсінігінің негізгі зерттеу тұрғылары құрайды.
Біздің ойымызша саяси режим мемлекет нысанының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Саяси режим — қоғамның функционалдық жағын білдіреді, яғни ол белгілі бір аумақта билікті жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығы болып табылады.
Қазіргі заманда бір-бірінен онша айырмашылығы жоқ саяси режимнің шамамен 140 — 160 түрі бар. Осы жұмыста біз саяси режимдердің негізгілерін қарастыра отырып олардың ерекшеліктерін айқындауға тырысамыз, ал сол негізгі түрлерінен туындайтын көптеген режимдерге де тоқталып өтеміз.
Зерттеудің мақсаты — саяси режим түсінігін ашу, олардың маңыздылығы мен ерекшеліктерін зерттеу және салыстыру. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар өзара байланысты міндеттерді шешуге тура келеді:
— саяси режим түсінігінің шығу тарихын зерттеу және оған жалпы сипаттама беру;
— саяси режимнің құрылымын қарастыру, оның ішінде оның қызмет ету ортасына, классификациясы мен динамикасына тоқталып кету;
— саяси режимдердің ерекшеліктерін либералдық және демократиялық режимдер мен тоталитарлық және авторитарлық режимдерді салыстырып зерттеу арқылы айқындау.
Қазіргі таңдағы Қазақстанда жүріп жатқан саяси процестерді анығырақ қарайтын болсақ, біздің еліміз бір саяси режимнен екінші режимге көшуді бастан кешіруде, атап айтқанда тоталитаризмнен демократияға ауысуда.
Алдымен саяси режимнің анықтамасынан бастайын. Әрбір мемлекеттің өзінің саяси режимі болады. Саяси режим дегеніміз мемлекеттің саяси билігін қоғамда жүргізудің әдістер, тәсілдер, нысандар жиынтығын, саяси еркіндік дәрежесін, адамның қоғамдағы құқықтық жағдайын және елдегі саяси жүйенің белгілі типін атайды. Режим — жоғары таптың экономикалық және саяси билігін жүзеге асыру құралдары мен әдістерінің жиынтығы.
Саяси режимдерді саралаудың көпке танымал, кеңінен тараған түрі оларды тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп саралау. Саяси режимдер типологиясы:
— демократиялық саяси режим;
— либералдық саяси режим;
— авторитарлық саяси режим;
— тоталитарлық саяси режим.
Зерттеудің методологиялық негізін жалпы ғылыми әдістер, оның ішінде тарихи және қисынды зерттеу тәсілдерімен қатар, арнай және жеке құқықтық әдістер құрайды. Бұл әдістер отандық, ресейлік және шетел ғалымдарының еңбектерін зерттеуде, сондай-ақ саясаттану мен конституциялық құқық бойынша оқулықтар мен мерзімді басылымдардағы материалдарды талдауда өз көріністерін тапты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы аталған міндеттерге сүйенеді, яғни: кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты, зерттеу объектісі, пәні және методологиялық негізі көрсетілген. Бірінші тарауда саяси режим түсінігінің шығу тарихы мен жалпы сипаттамасы қарастырылған. Екінші тарау саяси режимнің құрылымын зерттеуге арналған. Үшінші тарауда саяси режимдердің ерекшеліктері айқындалады. Сонымен қатар, осы дипломдық жұмыстың құрылымына библиография мен қосымшалар кіреді.

1 Саяси режим түсінігінің шығу тарихы мен жалпы сипаттамасы.
1.1 Саяси режим түсінігінің негізгі зерттеу тұрғылары

Саяси режим түсінігінің шығу тарихы мен жалпы сипаттамасын қарастыратын болсақ, онда тарихқа жүгінуге тура келеді. Мәселен, ежелгі замандағы ойшылдардың ешқайсысы саяси режим секілді түсінікті қолданбағаны баршамызға мәлім.
Зерттеушілердің пайымдауынша саяси режим түсінігі тым кеш пайда болды десек те болады. Бұның пайда болуы айтарлықтай деңгейде саяси оймен дәйектелініп, қазіргі таңда қолданылып жүрген маңызды саяси идеялар талдауларының көбісі өз бастауын антикалық дәуірлен алады.
Осылай, Ежелгі Грециядан мұра ретінде қалған көбінесе бір-бірінен ерекшеленетін позициялар және әр түрлі қолданылған дәлелдер ерекше ықылас ұсынады. Олар, саяси режимдердің қызметінде бізді қызықтаратын барлық мәселелерге толығымен өз үлесін қосты — олардың әрекет жасау ерекшелігін талдауда, қалыптандыру тәсілдерінде және трансформацияның қозғалысында.
Мысалы үшін, Платон (б.з.д. 427-347жж.) өзінің саяси көзқарастарында элитаризмді мұра еткен, бұл тұрғы жалпы ежелгі грек философиясының және аздап эллинизм кезеңінің гүлденген кезеңінде барлық ойшылдарға тән болған екен, аталмыш және өзге де тұрғыларында өзінің ұстазы Сократ идеяларының ізбасары болғаны анық. Ол аристократияны, теократияны, олигархияны, демократияны және тиранияны ерекшелей отырып, сонымен қатар, оны адамдардың жан дүниесінің бес түрлі құрылымымен байланыстыра мемлекет құрылымының түрлері туралы қызықты байқауларын қалдырды. Алайда, оның басты үлесі бұл емес [3].
Бастыстың пессимисті бола тұра саяси нысандардың эволюциясында біршама дегардация көріністерге ұшырауын қарастыра отырып, Платон өзінің Мемлекетінде, сондай-ақ Заңдарында шын мәнінде легисттік жобалардың жалғасы деп, және тоталитарлық билік тұжырымдамасының жан жақты негіздей отырып ізгі мемлекет бейнесін құрастырды.
Аристотельдің (б.з.д. 384-322 жж.) саясатқа деген көзқарастары айтарлықтай өзгеше болды. Антиканың бұл алыбы, энциклопедиялық танымдармен бірдей және бізге өз шығармаларында өз дәуірінің интеллектуалды және адамгершілік байлықтарын жеткізген адам.
Е. Вятраның нақты бақылауы бойынша оның саяси болмыстарға талдауы басқа ежелгі философтардың, атап айтқанда Платоннан айтарлықтай ерекшеленеді, өйткені ол тарихта бірінші рет эмпириялық тәсіл-бақылау және индукцияны қолданды [4].
Аристотель құрастырған саяси нысандардың типологиясы мен режимдері өте қызықтырады (А қосымшасын қараңыз).
Ғалым онда билік етудің барлық нысаны, кез-келген қанша болса да тұрақты режим екі әр-түрлі қалыпта бола алады.
Біріншіден, режим (өзіне тән құрылымдық сипаттамаларға қарасатан) жағдайға теп-тең бола алады және қоғамның кең қабаттарының мүдделеріне толығымен әрекет ете алады.
Екіншіден, билік ететін элита демократия жағдайында да өздерінің пайдакүнемдік мүдделерін қорғай алады және өмірге негізуге талпына алады.
Эллиндік ойшыл билік етудің негізге үш нысанын ерекшелейді:
— мнархия;
— аристократия;
-полития.
Ол оларды дұрыс, яғни негізінде қоғам мүддесін қорғаушы ретінде қарастырған. Алайда, бұл нысандармен қатар, дұрыс емес нысандар бар, олардың пайда болуы дұрыстың туындауымен байланыстыү осылай Аристотель монархия тиранияны туындатады, аристократия — олигархияа, ал полития — демократияғы (немесе охлократияға, бұны кейін Полибий нақтылады).
Жаңа уақыт дәуірінде ғалымдар негізінде мемлекет туралы өздерінің ойларымен толықтыра отырып Платон және Аристотель берген түсініктерді дәлелдейді. Осылай, Макиавелли саяси режимнің билік ету нысанының жаңа типологиясын құрмай, Полибийдің пікіріне ерді. Полибий болса, ол Аристотель мен Платонның көзқарастарымен ортақ болған.
Алайда, ол біріншіден, ол абсолюттыққа мемлекет болу шарттарына жаңа пікір енгізді, ежелгілердің типологиясы әбден жаңа жағдайда саяси күресті талдау кезінде толығымен жұмысқа қабілетті екенін көрсетті, екіншіден, билік етуджің бір нысанынан екінші нысанына ауысуйына қатысты бірқатар маңы,ды ескертулер жасады. Ол бірінші рет тирания орнатылуының әлеуметтік түбірін ашты және оның келуі ұлттық бытыраңқылыққа, басқыншылардан мемлекеттің әлсіреуіне дайындайтынын көрсетті, Макиавелли оларды тәртіпсіздік және азғындық деп атайды.
Сөйтіп, флорентиялық ойшыл әр түрлі саяси жүйелердің әлеуметтік негізін айтарлықтай толық талдайды, ол тек еуропалық мысалдарға ғана емес, шығыс ақиқөатына да жүгінеді.
Саяси режимдер теориясының дауына Шарль Луи Монтескье (1689-1755) де біршама үлесін қосты, ол бірақ дәстүр бойынша саяси билік етудің таза түрін қарастырды, оларға тарихи-географиялық өлшем тұрғысында жақындады және саяси мекемелер мен қоғамдағы заңдар жай қоғамдық келісімнің нәтижесі немесе дана билік етуші жолдауы емес екенін нақты негіздегенін байқауға болады [5].
Бұл заңдар әр нақты қоғамда әр түрлі және толығымен оның ерекшеліктерін — климатпен, адмагершілікпен, аумақтың үлкендігімен, тарих жағдайымен анықталады. Сондықтан Монтескье саяси режимнің қызмет ету ортасы туралы сұрақтар қарастырады — геграфиялық, психологиялық, әлеуметтік. Жаңа уақытта көптеген зерттеушілер саяси режимдердің жалпы болмысын қарастырмай оның нақты түрлеріне назар аударған.
Осылай фрнацуз ойшылы А. де Токвиль (1805-1859) және оның идеяларын қуушы ағылшын Джон Стюарт Милль (1806-1873) дамым келе жақтан белсенді демократия терорисының өкілдері болды. Негізінде, батыстың демократиялық теориясын Макиавелли, Гоббс, Локк, Монтесье, Джеймс Милль, Бентам, Рессо, Волстоункрафт, Дж.Ст. Милль, Токвиль және т.б. ойшылдар дамытты. Кейін, саяи режимге қөзқарасты өзгеруге марксизмн теориясының өкілдері кірісті. Олардың иделарын большевизмнің теоретиктері мен тәжірибешілері (В. Ленин, Л. Троцкий, Н. Бухарин. И. Сталин және басқалары) айналысты, олардың жұмыстары саяси режимнің зерттеушісіне коммунисттік режимнің қызмет етуінің білімпаздарының материалдары ретінде үлкен қызығушылық тудырды. Біршама кейінірек саяси режимге бірінші қазіргі таңғы анықтамаларды француз политолог М. Дюверже берді. Саяси режимді дауыс беру арқылы бір немес бірнеше шешім қабылдау типтері, бір немесе бірнеше қысым құрылмы бар партиялар жүйесінің білгілі бір үйлесімі деп түсінді [6].
Француз политологы Ж.-Л. Кермонн М. Дюверженің формуласын саяси режим түсінігіне легитимдік принципін, институттардың құрылмын, партиялық жүйелерді, мемлекет нысан мен рөлін қоса отырып, нақтылады. Саяси реижимнің осы түсінігі көп кақытқа дейін бекітілді және еуропалық ғылымда жалпы танылды.
Саяси режимдерді зерттеуде саяси режим түсінігі бойынша батыс саяси ғылымы айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Кеңестің қоғамтануы — саяси жүйе түсінігін басшылыққа ала отырып, бұл түсініктен мүлдем алшақтап кетті. Саяси режим мемлекеттік құрылғы нысаны және басқару нысаны ретінде санаттармен тығыз байланыста болатын мемлекет және құқық туралы ғылымда теоретикалық санат ретінде орынға ие болуда.
Мысалы, 1985 жылдан кейін КСРО және басқа да социалисттік елдерде тоталитаризм құлай бастағаннан кейін бұл мәселе саяси тәжірибеде басты мәселелердің бірі бола бастады. Ғылыми әдебиетте саяси режимді анықтаудың көптеген түрлері бар. Мемлекеттік-құқықтық ғылымда: Саяси режим — мемлекеттік билікті жүзеге асыруда құралдар мен әдістердің жиынтығы, деп көрсетілген.
Саяси ғылымда саяси режим тәртібі саяси жүйе санатымен тығыз байланысты және саяси ғылымда бұл түсініктер айтарлықтай екі бағытта болатындығына қарамастан саяси жүйенің жүзеге асырылуы мен даму ерекшеліктерімен байланысты болғандықтан қарастырылады.
Кейбір жағдайларда оларды синоним ретінде де қарастырады. Тіпті кейбір жағдайларда саяси режимді бір бірінен бөлмейді. Кейбір жағдайларда саяси жүйе мен саяси саяси режимді бір бірінен айтарлықтай алыстатады.
Саяси режимге әмбебап түсіндірме беру айтарлықтай қиын. Аталғандарды политолог Ж.Л. Кермонның түсіндіруінше Саяси режимнің астарында белгіленген мерзім аралығында аталған елдің саяси билігін қалыптастыруға ықпал жасайтын идеологиялық, институциалдық және социалдық тәртіптегі элементтердің жиынтығы бар [7].
Ғылыми әдебиетте көп таралған болып табылады, осыған сәйкес саяси режим саяси жүйенің функциналдық компонентін танытады.
Мұндай жағдайда саяси режим саяси қатынастарды дамытуға бағытталған әдістер мен тәсілдерді енгізеді.
Қазіргі қоғамда — бұл конституциялық — құқықтық принціптер мен құрылымдар, институционалды және саяси нормалардың басты құндылықтары, ол саяси жүйенің жұмысын реттейді, нақтырақ айтсақ, саяси режим — ол қоғамдағы саяси жүйенің негізгші элементтерінің байланысы және іс жүзінде әрекет жасау тәсілі болып табылады.
Саяси жүйе мен саяси режимнің мұндай қатынастары ноталық қатар мен мозайканы еске түсіреді, яғни не бәрі жеті нотадан немесе бірегей кішкентай кесінділерден қандай да бір әуенді немесе кез келген оюды жасауға болады. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері өзара байланысты болғандықтан, олар қандай да бір саяси режимнің типін, сондай-ақ саяси жүйенің де типін айқындайды. Саяси режим түсінігі биліктің негізгі жүйесі туралы ұсынысты қалыптастырудың бастысы болып табылады.
Тоталитаризм терминін журналисттер 1920- жылдың басында 30-жылдардың аяғында қолданысқа енгізіп және айтарлықтай әрқашан оның түсінігінде ресей немесе герман тәжірибесінің сілтемесін меңзеу түсінігі болатын. Бұл тәжірибе Кеңес Одағында да назардан тысқалмады, оған куә шығып жатқан энциклопедиялардағы тоталитаризм терминін енгізу болды (алайда идеологиялық себептер бойынша терминнің мағынасы айтарлықтай бұрмаланған болса да). Түсініктеме ретінде энциклопедияға еніп, тоталитаризм түсінігінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайтындардан мысал келтірейік.
Неміс энциклопедиялық сөздігі ұлтшыл Германия, фашисттік Италия және коммунисттік Ресей тәжірибесін басшылыққа ала отырып, былай деп жазған: Тоталитаризм дегеніміз орталықтандырылуға, унификацияға және барлық саяси, қоғамдық және рухани өмірді бір жақты реттейттеуге әкелетін қарқынды даму. Кеңестік ірі энциклопедиясында: Тоталитарлық мемлекет — айтарлықтай реакциялы империалисттік бағыттағы террористтігі ашық буржуаздық мемлекеттің түрлері. Гитлерлік Германия және фашисттік Италия тоталитарлы мемлекеттер болған [8].
Ағылшын Британияда Тоталитарлық мемлекет — Германиядағы ұлтшыл үкіметіне, Италиядағы фашисттікке және ресейдегі коммунистікке қатысты қолданылатын ұғым, онда толығымен орталықтандырылған бақылау орын алған. Тоталитарлық мемлекеттерде саяси партиялар жойылған немесе үйлестірілген, бір партя құрамындағы және класс арасындағы шиеленісулер бірікке мемлекет шегінде жасырылады.
Бұл ретте, біздің ойымызша тоталитаризм басқа да саяси құрылымдардан масштабтылығымен, орталықтандырылғандығымен, унификациясымен және бір жақты регламентімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет.
Басқа сөзбен айтқанда оның табиғатын түсіну үшін тоталитаризмнің шығуын зерделеу керек. Авторитаризм және демократиядан тоталитаризмнің ерекшелігі ол сайлау (демократия) немесе саяси кризис және кейін туындайтын шиеленіс (авторитаризм) негізінде туындамай, әлеуметтік, экономикалық және политологиялыұ кризисті толығымен қамту нәтижесінде туындайды.
Қоғамдық кризисті жалпы қамтудың нәтижесінде тұрғындар саяси экстремисттік бағыттың аясында жаппай жұмылдырылып, кейін қоғамда орын алған қарама-қайшылықтың жиынтығынан жедел және радикалды шешуге жинақтайды. Мұндай мобилизация соңында билікке революция күштерінің келуінде шешуші мәселенің бірі болады (Ресей, Иран).
Қандай жағдай болса да тоталитарлық режим олар үшін келесі жалпы сипаттарға ие болады:
1. адам тұрмысы тарапына ауадай қажеттердік бәрін қамтитын ашық түрдегі идеологиялық доктринаның болуы, ол қоғам мүшелерінде туындайтын барлық әлеуеттік сұрақтарға жауап беруге және аталған қоғамда тұратындарды шамамаен қолдауға ұмтылатын болады. Бұл идеология қоғамды ахуалды жетілдіру үшін қандай да бір бағытқа бұрады (коммунизм, нәсіл тазалығы, қоғам, ислам мемлекеті).
Нақтырақ айтақанда ол қалыптасқан қоғамды тікелей қабылдамауға негізделген және жаңа қоғамды қалыптастыру үшін әлемді жаулап алуға ұмтылатын хилиастикалық бағытты ұстанады. Жау тұрпаты тоталитарлық идеологияның маңызды компоненті болып, қоға ішіндегі зиян келтірушілер мен диверсанттар, сондай-ақ ішкі қоғамның жауласуы тарапындағы үрей алдында қоғамды біріктіруге жол беретін тәртіп.
2. Бір ғана жаппай пария, оны бір адам басқарады, ол харизматикалық тұрғыдан жетекші және тұрғындардың шағын бөлігін өзіне қаратады (10 пайызға дейін), партияда ойы нақты және тұрақты, идеологияға берілген және оны кеңінен тарату үшін ықпал жасайды; иерархия, олигархия принціпі арқылы ұйымдастырылған партия, бюрократтық мемлекеттік ұйымның тарапынан құрылған немесе толығымен бір бағытта болады.
3. Партияға қолдау көрсететін және онымен жауласу барысында бақылауды жүзеге асыратын полицейлік лаңкестік жүйесі. Мұндай жүйе режимнің жауларына қарсы ғана бағытталып қоймай, тұрғындардың еркімен сайланатын клссқа да қарсы болуы мүмкін, сонымен қатар жасырын полицияның терроры жүйелі түрде қазіргі заманғы ғылымды қолданады, әсіресе психологияда.
4. Технологиялық шартты және айтарлықтай бәрін қамтаған бақылау партиясы және жаппай коммуникациылық, ақпараттық-баспасөз, радио, киноның сол бағытта болуы.
5. барлық қаруланған күштерге аналогиялық, технологиялық шартты және айтарлықтай толық бақылау жасау.
6. барлық экономикаға орталықтандырылған бақылау жасау және бұрынғы бағынысты құрам арқылы бюрократтық үйлестіру арқылы басшылық жасау; мұндай бақылау әсіресе қоғамдық ұйымдар мен топтардығ басым бөлігінде орын алып жатады [9].
Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады.
Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:
— билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;
— саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;
— қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;
— қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;
— саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б.
Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары.
Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты. Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі.
Кең тараған саяси әдебиеттерде классификация — ол қоғамда демократиялық принциптердің бірқалыпты дамуы деп көрсетіледі.
Осы классификация бойынша саяси режимнің түрі былай анықталады:
— саяси-қоғамдық процестердің интенсивтілігі және даму деңгейі;
— басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;
— қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;
— бюрократиямен қатынас жағдайы;
— қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;
— қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дәстүрлерді әрқилылылығы [10].
Осы айтылғандармен байланыстырып саяси режимнің негізгі үш түрін ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.

1.2 Саяси режимнің мемлекет нысаны ретіндегі қазіргі заманғы көзқарас

Ғылымда саяси режим түсінігінің кем дегенде екі дәстүрі қалыптасқан. Олардың біреуі саяси-құқытық немесе иснтитуттық тұрғымен байланысты. Осы дәстүрлер шегіндегі ерекшеліктер айтарлықтай маңызды, бірақ олар анықталмаған. Бірінші жағдайда формалды-заңдыға, билікті жүзеге асырудың процедуралық сипаттамасына көп назар аударылады, екіншіде — оның әлеуметтік негізіне және болмысына. Осы анықтамаларды толығырақ қарастырайық.
Біріншісі, яғни саяси талдаудың институттік бағытын ұсынатын ғалымдар режимді билік ету нысандарымен немесе мемлекеттік құрылыммен араластыруға бейім. Саяси режим жүйе немесе билік ету нысаны,- деп мысалға америкалық зерттеуші К.Бекстер жазады [11].
Мәселенің мұндай қарастырылуы француз мемлекет танушыларына да лайық болды: онда монархия мен республика негізінен билік ету нысандары ретінде ғана ажыратылған, ал саяси режим термині конституциялық құқықтың категориялық бөлігі болып саналады және мемлекеттік биліктің бөлінуі ерекшеліктерімен, олардың өзара қатынасымен байланысты деп есептеген. Сондықтан, биліктің біріккен режимімен еркшеленді (абсолюттік монархия), билікті бөлу режимі (президенттік республика) және биліктің ынтымақтастығы режимі (парламенттік республика). Алайда, режим түсінігі өзіндік азаматтық құқығына ие болды және 1968 жылы атақты француз ғалымы М. Дюверже осындай классификацияны француз политологтары оны жанама деп қарастырып онда саяси режимдердің классификациясы емес, билк ету құрылымдарының түрлері классификациясы деп есептейді.
Саяси талдаудың бұл тобына институттық емес құрастыру келеді, өзінің шығу тарихын үлкен америкалық политолог Г. Лассуэланың есімімен жиі байланыстырды. Лассуэлдың режимді түсіну ерекшелігі ең алдымен саяси жүйені реттеумен, легитимдеумен қарастырылады.
Ғалымның айтуынша режим (билік ету нысаны, саяси тәртіп) саяси нысандардың үлгісін ұсынады… режим саяси процессте мәжбүрлеу элементін минимумге әкелу үшін ұызмет етеді. Лассуэлдың билік ету режимін қарама қайшы қоятыны қызықтырады, ол оның көз қарасы бойынша өзіне саясатта бақылау міндеттерін бөлу жолда ы мен жүзеге асыруды қосатынын байқай аламыз [12].
Мұндай түсінік біріншіден режимді басқы түрде конституциялық әректтермен байланыстырады, ал екіншіден, әскери диктатураларға режим деп аталудан бас тартарды. Мұндай түсінік Лассуэды және оның ізбасарларын (оларға Ф.Риггс, Р. Бейкер және басқалары жатады) режимдерді саяси-құқықтың түсінушілер өкілерінің санына есептеуге мүмкіндік береді.
Режимдерді саяси талдаудың екінші бағыты бастапқы назарын қоғам мен мемлекет арасында шынайы қалыптасқан байланыстарды түсінуге аударады және конституцияда жазылған және басқа құқықтық актілерге, саяси әрекет нормаларына сәйкес келуге міндетті емес.
Бұл жағдайда режим тек нысан ретінде ғана емес, (билік ету немесе мемлекет болсын) және саяси ерікті жүзеге асыру тәсілдері тән биліктің құрылымы ретінде емес, одан да кең мағынада — әлеуеттік және саяси өзара қатынастарды да қарастырады.
Осы жағдайға тән сакяси режимнің анықтамасы жоғарыда атйтылған М.Дювержеге тиесілі, ол оны билік ету құрылым,бір әлеуметтік қоғамды екіншісінен ажырататын адам қоғамының түрі ретінде қарастырды, басқасында — дауыс беру арқылы бір немесе бірнеше шешім қабылдаумен партиялар тіркесуінің, бір немесе бірнеше қысым көрсету топтарының белгілі бір жүйесі ретінде қарастырады. Осы стильде Дюверже ізбасарының бірі Ж.Л. Кермопаның анықтамасы ұсталған: саяси режим түсінігі ол нақты бір елдің саяси билігін білгілі бір кезеңде құрастыруға көмек көрсететін идеологиялық, институттық, және әлеуметтік тәртібі элементтерінің жиынтығы.
Режим осылай заңды механизмдердің жиынтығы немесе билік ету классына ұмтылу емес, айтарлықтай қиын үйым ретінде ұсынылады.
Соңында режим термині мазмұнының тағы бір құрылымы жаңа ғана аталған перу амреикалық Г.О. Доннела және Ф. Шмидт секілді ғалымдарына жатады: режим шынайы немесе жасырын құрылымдардың жиынтығы, олар жетекші билік ету посттарына рұқсат ету каналдар мен нысандарды, сонымен қатар осы құрылымдарға келетін немесе келмейтін болып есептелетін сипаттамаларды анықтайды, олар қолданатын ресуртар мен стратегиялар қалайтын бағытта қолданылады [12].
Отандық ғылымда, Ф. Бурлацкий мен А. Галкин құрастырған позиция өз тарауын алды, оған сәйкес саяси режимді анықтау үшін ресми соның ішінде конституциялық және құқықтық нормаларды шынайы саяси өмірмен, айтылағн мақсаттарды — шынайы саясатпен теңестіру қажет.
Мұндай түсінік басқа саяси құқықтың дәстүрде ұсталған, режимді демкоратиялық құқықтардың және бостандықтардың жағдайын, мемлекеттік билік органдарының олардың қызметіндегі құқықтық негіздерге қатынасын көрсететін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілерінің жүйесі деп анықтайтын түсінікке өзгерістер енгізді.
Көріп отырғанымыздай саяси-конституциялық және әлеуметтік тәсілдердің бөлінуі ресей ғылымына айнылып өткен жоқ.
Бізді әрине саяси режимді мемлекет нысаны ретінде анықтау қызықтырады, сондықтан осыны іздеу үшін мемлекет және құқық теориясын зерттеушілеріне жүгінейік.
Осылай Л.И. Спиридонов : Саяси режим-мемлекеттің ғана сипаттамасы емес, барлық саяси қатынастардың да сипаттамасы: мемлетттік билік бойынша адамдардың қатынасы және саяси режимнің мазмұнын құрайтын мемлкеттік билікке қатынасы тек саяси жүйе аясында дамиды [7].
Соңғысы азаматтық қоғамы беделінің бірі болып табылатындықтан, сол қоғамның әлеуметтік- экономикалық және мәдени негіздері мен мемлекет сипаттамасын тікелей болмаса да, саяси режимнің саяси жүйедегі мазмұны ретінде ептеп қалдырады, деп белгілейді.
В.М. Корельский Саяси режим — бұл саяси билікті жүзеге асыру тәсілдері, қоғамдағы саяси жағдай, ол әр түрлі саяси күшетердің өзара әрекет етуінен, күресуінен, барлық саяси институттардың қызмет етуінен құрылады және демократизм мен антидемократизммен сипатталады деп атап көрсетеді. Ал, М.Н. Марченко саяси режимді (мемлекеттік) мемлекеттің ел тұрғындарымен өзара әрекет ету тәсілін анықтайды, ол оның қоғамды басқару тәсілдерінәі жалы сипаттамасында көрінеді. Саяси режимдер демократиялық және авторитарлық деп бөлінеді [13].
Әдебиетте саяси режимжәне мемлекеттік режим түсініктерінің ұқсатығы жиі кездеседі (мемлекеттік құқықтыұ режим) жекелдеген зерттеушілер мемлекеттікті саясаттыққа ауыстыру туралы айтады.
Осылай конституциялық құқықта ұолданылатын саяси режим түсінігі бірте-бірте мемлекеттікке ауысады. В.Е. Чиркин мұны былай түсіндіреді: соңғы онжылдықта саяси режим мемлекет нысандарының шегәінен жиі шығатын көзқарас айұындала бастады, олт тек осындай нысанға ғана емес,толығымен қоғамның саяси жүйесіне жатады.
Ол мемлекеттік органдар қызметінің тәсілдеріне жатықызылмайды, мысалы саяси партиялардың (тоталитарлық социлизм мемлекеттеінде саяси режим түсінігін басшылық ептетін коммунисттік партия рөлін есепке алмай түсіну мүмкін емес), жаппай қоғамдық бірлестіктердің, соның ішінде әр түрлі ұйымдастырылмаған әлеуметтік топтар қызметтерінің рөлдерін қосады.
Сондықтан конституциялық құқықта саяси режим туралы жиі айтылады (бұл политилогия категориясы), ал мемлекеттік режим туралы кейде мемлекеттік құқықтық [14].
Алайда, бұл түсініктерді ажыратуға және әсіресе қарама қарсы қоюға болмайды. Мемлекетте демократиялық саяси режим де, сондай-ақ демокартиялық емес те болуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттік режим белгілі бір елде мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысандары мен тәсілдерінің жалпыланған сипаттамасы ретінде анықталады.
Осылай, бір мазмұны бар екі түсінік бар, cаяси және мемлекеттік режимдер түсінігінің мәнінде билікті жүзеге асыру тәсілдері мен амалдарының жиынтығы түсінігі жатыр.
Біздің көзқарасымыз бойынша құқық және мемлекет теориясында мемлекеттік және саяси режим — бұл ұқсас түсініктер.
Аталмыш қорытындыларды келесі жағдайларға негізделе отырып шығаруға болады:
1. Саяси және мемлекеттік режимдер — бұл мемлекет нысандарының сипаттамасы.
2. Екі категория да билікті жүзеге асыру тәсілдері мен амалдарының жиынтығын сипаттайды.
Осылайша, саяси режим, әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі, саяси басқарудың дәстүрлері мен құрылымдарына қарамастан барлық елдердің негізгі міндеті саяси тұрақтылықпен қамтамасыз ету болып табылады. Адамзат қоғамының даму тарихы көрсеткендей, саяси тұрақтылыққа жетудің міндеттері мемлекеттік дең — геймен қатар, мемлекетаралық қатынастар жағдайында да шешіледі. Осы мәселелерді шешудегі ең басты фактор болып мемлекет және оның құқықтық, моральдық нормаларына сүйенген институттары саналады.
Саяси тұрақтылық мәселесі қоғамның модернизациялануы үдерісінде маңызды орынға ие. Өйткені, осы жолда жүрген мемлекет әлеуметтік қайшылықтар мен көптеген қақтығыс — тардың пайда болуына ықпал етеді.

1.3 Саяси режимнің белгілері

Саяси режимнің заманауи анықтамаларына талдау негізінде саяси режимнің келесі ерекшеленетін белгілерін көрсетуге болады.
Біріншіден, режимді тек билік ету ныснымен байланыстыру жеткіліксіз. Әлеуметтік және саяси тұрақтандыру мәселелерін шеше отрып, айтарлықтай маңызды масштабты, макроәлеуметтік процесстерді ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Бұл режимде мазмұны жағынан саяси жүйе жақын, ол оның дианмикалық аспектін ашады.
Кез келген режим өзінің қызметінде экономикалық мүдделер мен мәдени құныдылықтар жүйесіне негізделіге тоырысады, ал оның әрекеттері осы жүйе ішінде ондағы байланыстар және қатынастарды нығайта немесе әлсірете айқындалдады. Осы мағынанда кез клеген режим мемлкет және азматтық қоғам арасындағы құрылатын өзара қатынастар мәселелрін шешуге мәжбүр.
Тек азаматтық қоғам құрылдымдарында биліктің және оппозицияның арасындағы қатынастар тамыр алады, олар режимнің нағыз түрі мен ерекшеліктерінің сипаттамасы болып табылады.
Екіншіден, саяси режимнің тек динамиканы ғана емес, белгілі бір саяси жүйенің тұрақтандыруын қамтамасыз етеді, оның элементтерін, құрылымдық сипаттамаларын тәртіптендірілген өзара әрекеттерге әлеледі, оладың тәртібін және координациясын қамтамасыз етеді. Бұл мәселені егер, саяси құқықтық механизмедері әлеуметтік құрылымдардың құрылымы мен ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылатын жағдайда ол оны оңай шешеді.
Мәселен, тек қоғамға белгілі бір легитимдік формуласын енізу ғана емес (мысалы президенттік немесе парламенттік модельдері) оның тарнсплатнтациялануы үшін әлеуметтік тарихи ұйғарымдарды анықтау болып табылады. Кез келген режим бұл мағынада қоғам мен мемлекет арасындағы қақтығыстарды шешу нмесе артикуляциялаудың белгілі бір тәсілі ретінде қарастырыла алады.
Үшіншіден,билік ететін классқа оларға жүктелген өкілеттіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін билік құрылыдардың жиынтығын ұсынады [15].
Кейбір жағдайларды көппартиялық иснтитуттар мен азаматтық қоғамның дамыған құрылымдары өмір сүре алады, басқаларда — саяси шешімдерді режим қоғамдық мүдделермен келіспей өзге құрылымдар мен мехзанизмедерге негізделе отырып шешеді. Осы бағытқа назар аударатын режимдердің анықтамасы америкалық зерттеуші Марк Хагопианға жатады. Ол режимді арнайы институттық құрылым ретінде қарастырады, ол елдің саяси жүйесін сипаттайды және қызметі биліктің немесе институттарда ұсынылған жекелеген ресми тұлғалар топтарының қызметінен кең.
Төртіншіден, кез келген режим өзінің қызметінде мақсатқа жетудің белгілі бір тәсілдеріне жүгінеді. Режимдер бір бірінен айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін, ол тәсілдер (мәжбүрлеуші немесе мәжбүрлеуші емес) олар қойған мақсаттарға жету үшін қолданылады. Билікті жүзеге тәсілдерін асыру өзіндік билік құрылымдары тәсілдерімен араластырмау маңызды.
Оған мысалға авторитарлық режимдердің қызмет етуінің бай тәжірибесі болып табылады. саяси билік жиі ұқсас репрессивті құрылымдарға ие,авториатрлық режимдер қойылған мақсаттарына жету үшін фронтальдік мәжбүрлеуге сирек барады. Көндіру тәсілдерін мәжбүрлеудің орнына қолдану қолайлы жағдайларында өзінің табиғатына сай репресивті режим күтпеген өзіне тән емес компромистерге бейім қасиеттерін көрсете алады.
Бұл жерде И. Сталиннің фашизмге қарсы отандық соғысының басында қолданған жаппай мобилизациялау тәсілдерінің бірін еске алу мүмкін лайықты. Ұлтқа тікелеу үндеу (ағайын), ұлттық бірлікті жалпы қауіптіліктің алдында культивирование режим мақсаттарына жетуге соңғы рөлді ойнады, олардың өмір сүруі өзгерген жоқ — билікті барлық тәсілдермен сақтау.
Осылай, билікті жүзеге асыру және билік құрылымдары айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Сондықтан режимнің спецификалық билік құрылымыдарымен ғана емес, оны жүзеге асыруда (саяси жүйе де оған ие) ерекше тәсілдері бар екенін атап өткен жөн.
Соңғы бесіншісі, режим жүйемен салыстарғанда өзінің мерзімдік сипаттамасы бар. Бұл белгі режимдерге американдық зерттеушілер Дж. Барнс, сондай-ақ М. Картер мен М. Скидмор берген анықтамаларда айқын көрінеді: режим саяси биліктің саяси жүйе шегінде жүзеге асырылатын спекцификалық кезең деп атап көрсетеді [14].
Сөйтіп, саяси режим дегеніміз — мемлекеттік үкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.
Саяси режімдердің түрлеріне жататындар:
а) демократиялық;
ә) антидемократиялық;
Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
ә) тоталитарлық;
б) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Осыған орай, демократиялық саяси режимдердің белгілері:
Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқара алады.
Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
— демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;
— идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады;
— сайлау жолымен құрылған органдар болмайды;
— демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
— жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады [16].
Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура орнатады.
Тоталитарлық режимнің белгілері:
— мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік биліктің ұйытқысы болады;
— бір ғана идеология үсьемдік етеді, идеологияда плюрализм (пікір алуандығы) болмайды;
— қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі;
— мемлекет әкімшіл-әміршіл жүйе арқылы басқарылады.
— азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.
— шектен шыққан әлеуметтік даурықпалық (демагогия) орын алады.
Айтылғандарды ескере отырып, келесі анықтамаларды қарастыруға болады. Саяси режим қоғамның саяси жүйесі шегінде қызмет ететін және құралған әлеуметтік мүдделерге және спецификалық тәсілдерді қолдана отырып, сүйенетін белгілі бір билік құрылымдарының құрылымдық және мерзімдік элементтерінен тұратын жиынтықтан тұрады.
Осылайша саяси режим өмірдің, саяси жүйенің тынысы, оның тәртіптендірілген динамикасы болып табылады.

2 Саяси режимнің құрылымы.
2.1 Саяси режимнің қызмет ету ортасы

Заманауи саяси көзқарастар мемлекеттік басқарма қазіргі таңда әлеуметтік жүйенің жағдайымен джәне дамуымен тығыз байланыстылығымен сипатталады, оны қызмет ету ортасы деп атайды.
Қоғам мемлекеттік басқару процессінде тікелей пән болып табылады. бұған мысал белгілі бір қоғамдық қатынастардың реттелуі болып табылады. Мемлекет нормалар шығарушы қызметіне ие органдар тарапынан белгілі бір қоғамдық қатынастарға құқықтық шек орнатады, осылай, қоғамға жене де біршама қоғамдық жүйенің трансформациясына да әсерін тигізеді. Әсер ету тәсілінің басқа түрі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Яғни, белгілі бір мемлекет саяси басқаруда нақты бір бағытты таңдайды, ол арқылы қоғамға әсреін тигізеді. Әр түрлі жағдайларда осындай әсер етулер белгілі бір қоғамдық қатынастардың өзегруіне немесе қоғамдық жүйе мен құрылымдардың жаңаруына бағытталған.
Қазіргі таңдағы саяси режимдердің жаңаруындағы әлеуметтік себептердің рөлі бағыттар қатарында көрінеді. Біріншіден, саяси билік және мемлекеттік басқару саяси жәгне әлеуметтік жүйенің өзара әрекет ету өнімі болып табылады, сондықтан, әлеуметтік жүйеде кейбір өзгерулер емлекеттік басқару жүйесінде әрине жаңару болады, яғни, басқарудың осындай тәсілі ретінде саяси режимде де жаңарады. Осы жағдайда ешқандай мемлекет және ешқандай мемлекеттік саяси билік саяси және әлеуметтік жүйеден бөлек өмір сүре алмайтыны анық. Мемлекеттік билік біріншіден саяси билік бола тұрып саяси жүйенің жағдайын тәуелді болады [17].
Сонымен қатар, саяси жүйе қоғамды және мемлекетті басқару, жетекшілік ету мәселесінде қоғамдық жүйе әрекетінің өнімі ретінде болады. Осылай әлеуметтік жүйедегі белгілі бір жаңарулар бірінші кезекте мемлекеттік саяси жүйесіне әсерін тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда мемлекеттік билікте және саяси режимде белгілі бір жаңарулар байқалуы әден мүмкін.
Екіншіден, саяси режим кейбір жзағынан қоғамға әсерін тигізуде көрінеді. Басқару тәсілдері мен құралдары және саяси режимді қалыптастыратын әлеуметпен жұмыстар олардың көмегімен саяси және идеолгиялық нәтижелерге қол жеткізе алатын жағдайда өзріссіз түрде сақтала алады. Қоғам немесе оның элемнеттері өзгерген жағдайда әрекет етіп жатқан тәсілдер мен саяси басқару құралдарының жүйесі тиімсіз болып қалады, ол саяси режимнің өзгертілуін және трансформациясын талап етеді.
Белгілі бір тәсілдерді қолдана отырып, саяси билік, басқару тәсілдері жоғарыда аталғандай басқарылатын (қоғам) объектілге әсерін тигізеді. Сонымен бірге белгілі бір қоғамдық қатынастар әлеумет құрылымы және т.б. жаңартыла алады. Қоғамның дамуы белгілі бір әсерге әрқаншанда бағынбайды.
Бұл жағдайда мемлекеттік билік бар тәсілдерді қолдана отырып, өздерінің кейбір тапсырмаларын орындай алмайды. саяси режимнің элементтері болып табылатын белгілі бір тәсілдер, амалдар, саси басқару құралдары саяси және әлеуметтік жағдайларда тиімсіз екені белгілі болғанда мемлекеттік билік басқарудың осы тәсілдеріне жаңартулар енгізеді. Егер, өзгеріске ұшырайтын тәсілдер саны және олардың маңызы айтарлықтай жоғары болса, саяси режимнің белгілі бір трансформациясы туралы да айтуға болады.
Сондықтан, қоғамда болып жатқан процесстер, басқармашылық процесске үздіксіз байланысты қарастырылатын қоғамдық жүйені жаңарту әлеуметтік факторлар саяси режимнің транормациялану процессіне әсерін тигізе алатынын куәландырады.
Үшіншіден, саяси режимдердің қатарында қоғам немесе оның бөлігі мемлекеттік басқару жүйесін өз-өзімен құру арқылы саяси режимнің (мемлекеттік басқару тәсілі) көзі болып табылады. қазіргі демократиялық режимдер азаматтық қоғам, ұлттық суверенитет, ұсынылған демократи идеяларының негізігде құрастырылған, әлеуметтің идеологиялық және саяси жағдайына тәуелді өзгерістерге ұшыраған. әлеуметтік жүйе ішінде жаңартулар режимнің толығымен бұзылуына немесе оның кейбір белгілерінің өзгеруіне әкеп соғады [17].
Қарастырылып отырған жағдай әлейметтік жүйенің өзгеруі мемлекеттік режимнің кейбір элементтерінде шарасыздық жаңаруларға әкеледі, басқа екеуінен ерекшелене өзінің жүзеге асырылуында белгілі бір белгілерге ие кейбір режимдердің өзгерілуімен ғана шектеледі.
Бұрын қарастырылған факторлар барлық саяси режимдерде әрекет … жалғасы