Сагуаро кактусы туралы білесіз бе?

0

Биіктігі 20 метр: Сагуаро кактусы туралы білесіз бе?

Кактус өсімдіктерінің түрлері өте көп. Олардың арасында биіктігі 20 метрге жететін, құстардың ұясы болатын кактустар да кездеседі. Осындай кактустар Солтүстік Американың Сонара шөлінде өседі. Бұл өсімдік мемлекет байлығы саналады. Оған зиянын тигізген, сындырған және ұрлаған адамды 25 жылға бас бостандығынан айырады.

Сонораның шөлі – Мексика жері мен АҚШ-тың Калифорния штатының солтүстігінде орналасқан. Шөлдің аумағы 300 мың шаршы метр. Негізінен құм мен тастан тұрады. Америкадағы жауын-шашын ең аз болатын мекен. Соған қарамастан, бұл мекенде өсімдіктің 2 мың түрі мен жан-жануардың 500 түрі кездеседі. 

Сахараның ең әйгілі өсімдігі – сагуаро немесе алып карнегия кактусы. Кактустың бұл түрі Сонора эндемигі болып есептеледі. Себебі алып кактус осы аймақтан өзге әлемнің ешбір жерінде өспейді. Сол үшін кактустарды қорғау мақсатында АҚШ-тың Аризона штаты аумағында Сагуаро ұлттық бағы құрылған. 

Гигант карнегияның (латынша – Carnegiea gigantea) биіктігі 15-20 метрге жетеді. Диаметрі 65 сантиметр. Тікені де бойына сәйкес 7 сантиметр. Ресми түрде тіркелген рекорд 24 метр болған екен. Бірақ бұл кактус 70-жылдардағы дауыл кезінде құлап қалған. 

Сагуаро кактусы Сахарада жылына бір рет келетін жаңбыр маусымы кезінде гүлдейді. Алыптығына байланысты олар шөлдегі ағаш міндетін орындайды. Гүлдеген кезде колибри құсы, ара сынды жәндіктердің азығы болады. Сонымен бірге, оны Сахарадағы құстар ұя ретінде пайдаланады. 

Мысалы, Сахарадағы 10-12 сантиметрлік кішкентай жапалақтар кактусқа ұя салады. Оның тікендері балапандарын басқа жыртқыш аңдардан қорғайды. Сол себепті аталған түрге жататын жапалақтар балапанының 70 пайызы тірі қалады екен. 

Сагуаро 200 жыл өмір сүреді. Мемлекет тарапынан қорғалғанына қарамастан, бұл түрдегі кактустарға сыртта сұраныс өте жоғары, қомақты қаржы төлегеніне байланысты браконьерлердің қазып алып сатуы қарқынды жүріп тұр. Ұлттық бақта миллионға жуық кактус бар. Әр 10 жылда оның есеп-кітабы жүргізіледі екен.


Дереккөз: https://massaget.kz/