Сабақ жоспары С.Мұқанов Сұлушаш поэмасы 11-сынып

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Сабақ жоспары С.Мұқанов Сұлушаш поэмасы 11-сынып

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 11 сынып

Бұл материал қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне керек.

Мектеп : Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов “Сұлушаш” поэмасы.

Күні : 11.12.18ж
Мұғалімнің есімі : Қалиева Ж.М.

Сынып : 11 “Б”
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны :

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
С.Мұқановтың “Сұлушаш” поэмасының мазмұнымен танысады

Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар : Мазмұнымен танысады
Оқушылардың басым бөлігі : Поэманың тақырыбын, оқиғасын біледі.
Кейбір оқушылар поэманы салыстырады , талдайды.

Бағалау критерийлері :(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже критерийлері)
Ауызша және жазбаша мәтін құруға дағдыланады.
Өз тілін ,әдебиетін , тарихын құрметтейді.
Талдайды, сараптайды.

Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдылар : қазақ әдебиеті, көркемдеуіш құралдар
Терминология : поэма, стиль
Сөз тіркестері:

Құндылықтарды дарыту
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.
Қарым-қатынас жасау мәдениеті
Өмір бойы оқуға дайын болу

Пәнаралық байланыстар
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім.
С.Мұқанов шығармалары

Жоспар

Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыстар:
Ресурстар:

Басталуы
І.. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сұрақтар:
С.Мұқановтың дүниеге келген жері?
Әдебиетке келуіне не әсер етті?
Отбасының әсері болды ма?
Қандай қызметтер атқарды?
“Дәуір жыршысы” аталуының сыры не?

Ортасы
“Сұлушаш” поэмасы. Осы деректерді пайдалана отырып жобалап әңгімелер беріңдер.
1 .Сұлушаш олэмасы 1926-1928 жылдары жазылды.
Сұлушаштың шашын бір өргенге әкесі бір жылқы беріп отырған.
Тілеуберді Алтынайға қалың малға 1000 жылқы береді.
Алтынайдың әкесі қызының жасауын 90 нарға артып береді.
Тілеуберді ұрын келе жатқан күйеу жігітке 10 үй тіктіреді.
Сұлушашқа құда түскен күйеу жігіт ұсқынсыз еді.
Тілеуберді екі-үш жыл отасқаннан кейін Сұлушашты көреді.
Сұлушаш асқан сұлу, аққу мойын.
Сұлушаштың күйеу жігіті- Ырысты
Алтай жастайынан қой, қозы бағып өсті.
Сұлушаш Алтай мен Қайсарды бүркітті аулаудан күтіп отырған кезде қайтып бара жатқан қазбен тілдеседі.
Алтай мен Қайсар Сұлушашқа тұзақпен қоян ұстап ас дайындап қой дейді.
Сұлушаш пен Алтайға кедергі болған- ата-аналарының дүние-мүлік теңсіздігі.
Шұнақ пен Тезек -біреуі күң, біреуі-құл — көңіл қосады.
Сұлушаштың прототипі-әйелі Мариям.
“Сұлушаш-” трагедиялық шығарма.
17”Сұлушаш”-саяси әлеуметтік шығарма.
І бөлім . Менің табым. Еңбекші тап. Тегі. Октябр таңы.
ІІ. Сергелдең.Жұлдыз сөніп, таң атқан уақыт.
ІІІ Жорық.Алтайдың қайғысы. Алтайдың ұйықтауы. Қайсардың кеңесі.Түс көрді.
ІV.Күй.Арқадағы тау.Қарқаралы тауы. Күз мезгілі. Бұғылы тауына тығылу. Оғы таусылады. Тұзақ құрып қоян ұстады. Сиреді алып жейтін аңдары. Қыста бүркіт салуды ойлады.

2-тапсырма. “Сұлушаш” поэмасымен сарындас шығармалар. Пікір жазу.

Аяқталуы
Үйге тапсырма: “Сұлушаш” поэмасының оқиғаларына жоспар құрып келу.
Рефлексия.
Бес саусақ тәсілі.
Бас бармақ-басты мәселе.Бүгін сабақта қандай мәселе болды?
Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта, жұпта қандай жұмыс жасадым?Кімге көмек бердім?
Ортан терек- ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
Кішкентай бөбек- көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарладыңыз? Қабіліті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз. Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің алдына қойған мақсатқа жету үшін , жан-жақты білімді екенін көрсете білді. Өзінің пікір, қалауын түсіндіре алады.

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін , материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау кезінде оқушылардың өздері де қатысады.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағымдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруіне көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.