Сабақ жоспары Публицистикалық стильдің тіл ерекшелігі 9-сынып

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Сабақ жоспары Публицистикалық стильдің тіл ерекшелігі 9-сынып

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып

Бұл материал қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне керек.

Мектеп : Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшелігі

Күні : 24.12.18ж
Мұғалімнің есімі : Қалиева Ж.М.

Сынып : 9 А
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны :

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
Публицистикалық стильдің тіл ерекшелігін тану, түсіну.

Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар : Публицистикалық стильдің тіл ерекшелігін таниды, түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Публицистикалық стильді басқа стильдерден ажыратады.
Кейбір оқушылар : Публисистикалық стильде жазады, талдайды.

Бағалау критерийлері :(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже критерийлері)
Ауызша және жазбаша мәтін құруға дағдыланады.
Өз тілін ,әдебиетін , тарихын құрметтейді.
Талдайды, сараптайды.

Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдылар : қазақ әдебиеті, көркемдеуіш құралдар
Терминология :
Сөз тіркестері:

Құндылықтарды дарыту
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.
Қарым-қатынас жасау мәдениеті
Өмір бойы оқуға дайын болу

Пәнаралық байланыстар
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім.
Публицистикалық стиль

Жоспар

Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыстар:
Ресурстар:

Басталуы
І . Үй тапсырмасын сұрау. “Сұрақтар шеруі” әдісі бойынша.
Публийистикалық стильдің мақсаты не?
Публицистикалық стильді қайда қолданамыщ?
Стильдік сипаты не?
Қандай тілдік амал-тәсілдер қолданылады?

Қағаз, бор, кітап.

Ортасы
ІІ. Жаңа сабақ. Көп нүктенің орнына сөз қойып айт.
Публицистикалық стиль қоғам мүшелерін ұлы…………….(мақсаттарға)жетелейді, қоғамдық бастамаларға ……(жұмылдырып), азаматтық ………(көзқарастар) қалыптастырады.
Публицистикалық стиль….
Қоғамда орын алған оқиғалармен…… “таныстырады)
Әлеуметтік -саяси мәселелерді…..(талдайды)
Әр түрлі тақырыптарды көтеру арқылы бұқаралық пікірге…..(ықпал етеді)
Жеке тұлғаның танымдық қабілетін арттыруға …. (әсерін тигізеді.

1-тапсырма. 110 -беттегі мәтінді оқи отырып, 99- жаттығуды орындау.
Қолданыс барысында қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер:
Эмоцияналды-экспрессивті бояуы бар сөздер:
Қос сөздер:
Бұйрық рай тұлғасындағы сөздер:
Риторикалық сұраулы сөйлемдер:
Сөздердің инверсиялық орын тәртібі:

2-тапсырма. “Жаңа жылға дайындық” шағын мақала жазу. Публицистикалық стильдің тіл ерекшелігін сақтай отырып жазу.
Тірек сөздер: Балалар асыға күтеді, шыршаны безендіру, тоқсанның соңы, қар жапалақтап тұр, қарлы қыс, жаңа жылғы сыйлық,т.б
Мектептегі дайындық
Ауылдағы дайындық.
Өз жеке басыңдағы дайындық.
Отбасындағы дайындық

Аяқталуы
Үйге тапсырма:101 -жаттығу.
Рефлексия.
Бес саусақ тәсілі.
Бас бармақ-басты мәселе.Бүгін сабақта қандай мәселе болды?
Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта, жұпта қандай жұмыс жасадым?Кімге көмек бердім?
Ортан терек- ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
Кішкентай бөбек- көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарладыңыз? Қабіліті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз. Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің алдына қойған мақсатқа жету үшін , жан-жақты білімді екенін көрсете білді. Өзінің пікір, қалауын түсіндіре алады.

Қабілеті жоғары оқушылар публицистикалық стильде жазбаша жұмыстар оындайды, оны меңгеруі тиіс. Тіл ерекшелігін түсіне отырып , өздері қолданады.

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін , материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау кезінде оқушылардың өздері де қатысады.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағымдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруіне көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.