Сабақ жоспары Орта ғасырлар тарихы нені оқытады? 6-сынып

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі: Ортағасырлық кезеңінің ерекшелігі….Орта ғасырда Қазақстан аумағында …Ортағасырлық дәуірі……..кезеңнен тұрады.Ең маңызды өзгеріс …. болды.
Алдыңғы білім Ежелгі Қазақстан дәуіріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар, тайпалық одақтар, ежелгі дәуірдің ерекшеліктері. Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекеттер Дерек көздері Сабақтың басыСабақтың ортасы
15-25
25-35
Ұйымдастыру:Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз. Ой қозғау:Орта ғасырлар қандай кезеңдерге бөлінеді? (алдыңғы сабақ материалын еске түсіру)Бұл кезеңдер бір-бірінен қалай ерекшеленуі мүмкін? Тапсырма 1. Орта ғасыр кезеңдерін талдау.Орта ғасырлардың әр кезеңі бойынша өзгерістерді кестеге толтырады:Ерте орта ғасырлар Дамыған орта ғасырлар Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңі.Орта ғасырлардың үш кезеңі бойынша стикерлерге белгілі тұлғалар, оқиғалар және ұғымдарды жазып, 1-сабақтың басында дайындалған уақыт сызығына орналастыруУақыт сызығы бойынша келесі сұрақтар қою:Ежелгі дәуір мен орта ғасырлар кезеңдері арасында қандай сабақтастықты байқадыңыз? Сіздің ойыңызша, адамзат қоғамының дамуында әр кезеңнің қандай маңызы болды?
Орта ғасырлардағы өзгерістерді топтастыру. Тақтаға төрт бөліктен тұратын кесте сызыңыз.
Оқушылар алдыңғы тапсырмада уақыт сызығында стикерлерге жазылған оқиғалар немесе ұғымдарды кесте бөліктеріне тиісті салалар бойынша орналастыру керек. Оқушыларды қоғамдық өмірдің әр саласында орта ғасырларда ірі өзгерістер болғаны туралы қорытынды жасауға жетелеңіз.
Сабақтың соңы Қорытындылау:Қазақстан тарихында орта ғасырлар кезеңінің қандай негізгі ерекшеліктері бар?Мұғалімнің кері байланысы.Рефлексия: «Білдім – Білемін – Білгім келеді».
Қосымша ақпарат Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. Оқушылар бағалау критерийі арқылы бір-бірін бағалайды. Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану. Интерактивті тақтаны мөлшерлі пайдалану.