Сабақ жоспары Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы 11-сынып

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Сабақ жоспары Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы 11-сынып

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 11 сынып

Бұл материал қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне керек.

Мектеп : Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Сабақтың тақырыбы:Ғ.Мүсірепов . өмірі мен шығармашылығы.

Күні :
Мұғалімнің есімі : Қалиева Ж.М.

Сынып : 11 “Б”
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны :

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
Ғ.Мүсірепов шығармаларымен танысады. Өмірбаянын оқиды, есте сақтайды

Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Өмірі және шығармаларымен танысады.
Оқушылардың басым бөлігі: Өмірі жайында, шығармалары жайында пікір қалыптастырады.
Кейбір оқушылар: Шығармашылықпен ой түйеді.

Бағалау критерийлері :(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже критерийлері)
Ауызша және жазбаша мәтін құруға дағдыланады.
Өз тілін ,әдебиетін , тарихын құрметтейді.
Талдайды, сараптайды.

Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдылар : қазақ әдебиеті, көркемдеуіш құралдар
Терминология :
Сөз тіркестері:

Құндылықтарды дарыту
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.
Қарым-қатынас жасау мәдениеті
Өмір бойы оқуға дайын болу

Пәнаралық байланыстар
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім.
Ғ.Мүсірепов жайлы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыстар:

Ресурстар:

Басталуы
І. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады. “Өзіңе тілегенді өзгеге тіле.
Оқушылар Ғ. Мүсірепов жайында не білесіңдер? Өз білген білімдеріңі ортаға салып көріңіздер.
Не білгілеріңіз келеді?
Бүгінгі тақырып бойынша Ғ. Мүсіреповтың көп қырларымен танысуға болады..Сондықтан мына кестеге қарай отырып ой қорытуларыңызға болады.
_Өмірбаян
Повесть , әңгіме
Драмалық шығ:
Романдары:

1902-1985ж. Солтүстік Қазақстан обл. Жамбыл ауд. “Жаңажол” ауыл.1917ж Қостанай уезінде Обаған бол. 2 сыныптық орыс мектебінде оқыды.1923 ж Орынбор қаласындағы жұмысшы фак.
“Тулаған толқында”, “Қос шалқар”,”Көк үйдегі көршілер””Шұғыла”, “Талпақ танау””Ашынған ана”, “Ақлима”,”Ер ана”, “Тарландар”,”Ер қаптағай”, “Этнографиялық әңгіме.т.б.
“Қыз Жібек”, “Амангелді”, “Ақан сері- Ақтоқты”, “Қозы Көрпеш -Баян сұлу”
“Қазақ солдаты”, “Оянған өлке”,”Жат қолында”

Ортасы

Тапсырма. “Ғ.Мүсірепов -үлкен талант иесі” шағын эссе жазу.

Ғ.Мүсірепов

“Қазақ әдебиеті”, “Социалистік Қазақстан “газетінің редакторы болды.
Қазақстан КП Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі.КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Өнер істері басқармасының бастығы.
1938-1955ж жазушылық ісін дамытты.
1955-1966ж “Ара” сатиралық журналдың бас редакторы.
1968ж Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлық, 1977ж ҚР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов сыйлығының лауреаты, депутат
Үш рет Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен , медальдармен марапатталды.

Аяқталуы
Үйге тапсырма: Ғ. Мүсірепов шығармалары.
Рефлексия.
Бес саусақ тәсілі.
Бас бармақ-басты мәселе.Бүгін сабақта қандай мәселе болды?
Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта, жұпта қандай жұмыс жасадым?Кімге көмек бердім?
Ортан терек- ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
Кішкентай бөбек- көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарладыңыз? Қабіліті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз. Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің алдына қойған мақсатқа жету үшін , жан-жақты білімді екенін көрсете білді. Өзінің пікір, қалауын түсіндіре алады.

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін , материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау кезінде оқушылардың өздері де қатысады.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағымдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруіне көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.