Сабақ жоспары Ар-ұждан және аброй 6-сынып

- Жарнаманы баса кетіңіз -







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Сабақ жоспары Ар-ұждан және аброй 6-сынып

Автор: Кадиева Айгүл Ибжанқызы

Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-06


Материал туралы қысқаша түсінік

Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне




Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспарыМектебі: Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейКүні: 10-13.12.2018ж.Мұғалімі: Кадиева А.Сынып: 6Тақырыбы: №: 14 Ар-ұждан және абырой Құндылығы: АқиқатҚасиеттері: Кең пейілділік, Қамқорлық, Мейірімділік,

Мақсаты: Оқушыларға кең пейілділік, қамқорлық, мейірімділік ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдылық, сияқты адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беріп, олардың бойындағы мейірімділік, қайырымдылық сезімдерін ояту. Дамытушылық: Оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап, олардың қамқорлық сезімдерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл, мейірімді, қамқор болуға тәрбиелеу. Ресурстар:(материалдар, дереккөздер)
Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • 5 Тережесі:1.Тәртіп.2.Талап. 3.Тыныштық.4.Тазалық.5.Татулық. Тыныштық сәті.«Нұрға бөлену». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

  • Үй тапсырмасын сұрау. Құрманбай Толыбаев «Бір билеттің кесірі».
  • ОқулықҚанатты сөздерНоутбук

  • Сабақтың дәйексөзі.
  • «Ар-ұждан алдындағы адалдық – өз қадір – қасиетіңе ізгі іс-әрекетіңе байланысты». Әл- Фараби

  • Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Екі дос…
  • Екі дос бір егістікте жүмыс істейтін.Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғыз басты еді.Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімдін тепе – тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе – тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлайды.Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.Досы да ішінен:«Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды» деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып үйден шығып,досының қорасына өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы қаптардың саны неге азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні бір – бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады.Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.

  • Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
  • 1-топ 5-тапсырма: Ш. Құдайбердіұлының өлеңінен үзіндіні оқып, ар – ұят, адалдық туралы түйген ойларын айту.

    2-топ 6-тапсырмаЖағдаяттарды жалғастырып, шешімін табу. Жауаптарыңды негіздеп, түсіндіру.

    3- топ Жаңа ақпаратты оқып талдау.

    Үлестірме қағаздар
    6. Топпен ән айту. Өмір жайлы Сөзі: Ринат Зайтов Әні: Ілияс Әбдіразақов
    7.Үй тапсырмасы.Келесі 14- сабақтағы Мұхтар Құрманалиннің «Серттессең- сөзіңде тұр» шығармасын оқып келу. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3].Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!
    8.Сабақтың қорытынды сәті.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Алғыс білдіру.

    1-топ 5-тапсырма: Ш. Құдайбердіұлының өлеңінен үзіндіні оқып, ар – ұят, адалдық туралы түйген ойларын айту.

    2-топ 6-тапсырмаЖағдаяттарды жалғастырып, шешімін табу. Жауаптарыңды негіздеп, түсіндіру.

    3- топ Жаңа ақпаратты оқып талдау.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.



    Загрузка...