Сабақ жоспары 9-сынып Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы шаруалар толқындары.
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Сабақ жоспары 9-сынып Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы шаруалар толқындары.
Автор: АМИРАЛИЕВА ГУЛЗАГИРА ОРЫНБЕКОВНА
Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2018-12-27
Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: әскери коммунизм саясаты, азамат соғысы және елде пайда болған ашаршылық пен аурудан халықтың стихиялы пайда болған шаруалар срғысын түсіндіру.
Дамытушылық: оқушыларға экономиканың нашарлауынан, халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуінен пайда болған шаруалар толқу себептерін түсіндіру.
Тәрбиелік: белсенділігін арттыру, білімге баулу, отанын, халқын
сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: аралас, ізденіс, интерактивті.
Сабақтың әдісі: шағын топпен жұмыс.
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:Үй тапсырмасы мынадай әдістермен сүралады : §11. «Әскери коммунизм» саясаты.
- «жылдарды жатқа»
- түсінік айту, топтар арасында сұрақ-жауап
- кестелерді толтыру.
- Азық-түлік салғырты деген не?
- Национализация денген не?
- Национализацияланған өнеркәсіпті басқару жүйесі қандай белгілерге ие?
- «Әскери коммунизм» саясатының сипаты қандай?
- «Әскери коммунизм» саясатының қандай салдары болды?
- 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың себептері мен салдары?
Жаңа сабақтың жоспары:
- 1920-1930 жылдардағы шаруалар толқуларының себептері.
- Шаруалар толқуларының ошақтары.
Тұрар Рысқұлов өзінің «Даладағы аштық» атты мақаласында бұл жылдары аштықтың әрбір адамды қамтығанын, қазақтарға үнемі қырылып қалу қаупі төнгенін атап көрсетті.Осы кезеңде республика халқының басым бөлігі аштыққа ұшырап, 1 млн-ға жуық адам аштықтан, суықтан, аурудан қаза тапты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты ел арасында наразылық тудырып, шаруалардың стихиялы көтерілісіне әкеп соқты. «Коммунистерсіз, Кеңестер үшін!», «Азық-түлік салғырты жойылсын!», деген ұрандар көтерілді.Бұл ұрандар шаруалардың жерді басып алуын құптаған большевиктерді жақтауды, кеңестерді бүркеніп бар билікті өз қолдарына жинаған, артық өнімдерді тартып алған коммунистерге деген наразылықты білдірді.Үкімет шаруаларына наразы шаруалар, мобилизацияланған шаруалардан құралған әскери бөлімдер жер-жерде бүліктер шығара бастады.1920 ж. жазға қарай Ақтөбе, Петропавл, Қостанай, Өскемен уездеріндегі, Жетісу мен Ертіс жағалауында хал-ахуал шиеленісе түсті. Көтерілісшілерге бірқатар ірі станцияларды басып алудың сәті түсті, бірақ нашар қаруланған, әлсіз ұйымдасқан шаруаларды Қызыл Армия бөлімдері талқандады. Жер –жерде көп санды партизан отрядтары пайда болып, большнвиктерге қарсы күрес жандана түсті. Толқулар кезінде кеңес үкіметін жақтаушыларды өлтіру де орын алды. 1921 ж. ақпан-наурыз айларында толқулар Ақмола, Петропавл, Көкшетау, Орал т.б. уездерді қамтыды. Толқулардың бәрін өкімет орындары қатал басып жаныштады. Бұл іске тұрақты әскери бөлімдер де тартылды. 4. Сабақты бекіту кестесі.
Көтеріліс аймақтары | Көтеріліс себептері | Көтерілісті тоқтату шаралары |
Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Өскемен | ||
Жетісу, Ертіс | ||
Ақмола, Көкшетау, Орал |
Бағалау:Үйге тапсырма: Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы шаруалар толқындары.
>
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.