Home Lifestyle Сабақ жоспары 9-сынып Қазақ АКСР-ның құрылуы

Сабақ жоспары 9-сынып Қазақ АКСР-ның құрылуы

0
774







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Сабақ жоспары 9-сынып Қазақ АКСР-ның құрылуы

Автор: АМИРАЛИЕВА ГУЛЗАГИРА ОРЫНБЕКОВНА

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Сабақтың мақсаты: Қазақ АКСР-ның құрылуы, кеңестік мемлекеттің құрылуы мен территориясын межелеуін түсінеді.
Сабақтың міндеттері:
 Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік жүйемен танысады.
 Бірлесіп топпен жұмыс жасайды, сауатты талдайды.
 Елін, жерін сүйетін, тәуелсіздіктің қадірін білетін азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен білікті тексеру сабағы.
Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс
Сабақтың типі: жаңа сабақ




Сыныбы: 9 Пәні: Қазақстан тарихы. Сабақтың тақырыбы: Қазақ АКСР-ның құрылуы.Сабақтың мақсаты: Қазақ АКСР-ның құрылуы, кеңестік мемлекеттің құрылуы мен территориясын межелеуін түсінеді. Сабақтың міндеттері:

  • Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік жүйемен танысады.
  • Бірлесіп топпен жұмыс жасайды, сауатты талдайды.
  • Елін, жерін сүйетін, тәуелсіздіктің қадірін білетін азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білім мен білікті тексеру сабағы.Сабақтың әдісі: жұппен жұмысСабақтың типі: жаңа сабақКөрнекілік: Қазақстан картасыПәнаралық байланыс: қоғамтану, дүниежүзі тарихы.Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың жауапкершілігі артады
  • Өз ойларын еркін, сауатты жеткізе алады
  • Бір-бірінің пікірін құрметтейтін орта қалыптасады

Үй тапсырмасы: Қазақ кеңес мемлекеттілігінің құрылуы«Иә, жоқ»

  • 1918 жылы Қазревком құрылды.
  • 1920 жылы 9 наурызда Алашорда үкіметі құрылды.
  • 1920 жылы 26 тамызда Қаз АКСР құру туралы декрет жарияланды?
  • 1920 жылы 4-12 қазан аралығында Орынборда Қаз кеңес-ның құрылтай съезі болып өтті
  • 1920 жылы 5 қазаны қазақ кеңестік ұлттық мемлекеттің туған күні болды
  • Шекара 1 871 239 шаршы верст құрды
  • 1925 жылы 15-19 сәуір аралығында V съезде қазақ атауы қалпына келтірілді.
  • III. Жаңа сабақ жоспары:

  • Қазақ АКСР-ның құрылуы.
  • Қорытындылау.
  • Әткеншек әдісі бойынша жұптар өзара талқылайды. Автономия – (герк. Өзін-өзі басқару) Мемлекеттің белгілі бір аймағындағы кең көлемді ішкі басқаруы. Біріңғай конституцияның негізінде басқарылатын мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. Қазақ АКСР-і, Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы – 1920-1936 жылдары Кеңестік автономиялық мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. Съезд – партия, кеңес және басқа қоғамдық ұйымдар өкілдерінің әлеуметтік, келелі мәселелерді қарайтын, талқылайтын, шешетін жиналыс. Дәуір құжаттын оқу, жазу. Бекіту сұрақтыры:

  • Қазревком қашан құрылды, оның құрамына кімдер кірді?
  • Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декрет қашан шықты?
  • Қазақ АКСР-і қай жылы құрылды?
  • Қазақ АКСР-нің астанасы қай қала болды?
  • Қазақ АКСР-нің құрылуының тарихи маңыздылығы?
  • Кестені толтыру.Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасы.

    Үйге тапсырма, бағалау: Қазақ АКСР-ның құрылуы.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.