Роботтар адамдарды ауыстыра ала ма ?,

0
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары Мектеп: Покровка орта мектебі Күні: 27.11.2018 ж. Мұғалімнің ТАӘ: Едильбаев А.С. Сынып: 8 Қатыспағандар саны:Қатысқандар саны : Сабақтың тақырыбы Роботтар мұғалімдерді ауыстыруы мүмкін бе? Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А8 1.4.1.-мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып,негізгі ойды анықтау. Сабақтың мақсаты Оқушылар:Бәрі:Мәселеге қатысты пікір білдіреді.Басым: Берілген мәтін бойынша салыстырмалы сызба сызады. Шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып дәлелдеме айтады.Кейбір: Құрылымын сақтап, сауатты эссе жазады..

Бағалау критерийлері

  • Пікір айтады.
  • Шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады;
  • Мәселеге қатысты өз көзқарасын дәлелді білдіреді.
  • Пікір- ой жазады
  • Тілдік мақсаттар Пән лексикасы және терминология:Жазылымға қажетті сөз тіркестері:Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан …., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны, …, Мен шын мәнісінде сенемін…, Ал маған келер болсақ …, Артықшылықтардың бірі…, Келесі артықшылығы…, Тағы басқа артықшылықтарына тоқталсақ…, Басты артықшылығы, Ең маңыздысы…, Ең басты артықшылығы…болып табылады, өйткені… Құндылықтар Өмір бойы оқу, құрмет Пәнаралық байланыс Информатика пәні. Осыған дейін меңгерілген білім Жұмыспен қамту бағдарламасы. Сабақтың барысы Сабақ кезеңдері Жоспарланған әрекеттер Ресурстар Сабақтың басы 3 минут

    4 мин.

    2 мин.1 мин.

    I Ұйымдастыру.1 Оқушылар қарым-қатынас шеңберін құрайды-Қандай адамды еңбекқор дейміз? (1 мин)

    2. Жұптық жұмыс.(Шеңбердегі оқушылар жұптасады) Үй жұмысын талқылайды. 2 мин. бөлінеді. Топқа бөліну 1,2 әдісі.III Талқылау сұрақтары: Сұрақтарға жауап беріңіз.1-топ 1. Әрқашанда сұранысқа ие бес мамандықты атаңдар

  • 2.Жұмыспен қамту бағдарламаның мақсаты қандай?
  • 3.Осы бағдарлама аясында қандай көмектер көрсетіледі?
  • 2-топ

  • 1.Бағдарлама қатысушысы болу үшін қандай қадамдарды орындау керек?
  • 2.Арманыңдағы жұмысқа қол жеткізу үшін не істер едің?
  • 3.Бизнеспен айналысу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
  • Жаңа сабаққа кіріспе (Видео) 2 мин.Сурет көрсетіп, жаңа сабаққа талқылата отыракіру. 1 мин.Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырады, талқылайды. (1 мин).

    Таныстырылым

    Сабақтың ортасы

    5 минут

    5 минут2 мин (жазу)+ 3 мин (талқылау)

    15 минут

    Жазылымға дайындық.Мұғалім оқушыларға мәтін ұсынады. Оқушылар мәтінді жеке оқиды, мәтінде көтерілген мәселені ұсынылған сұрақтар арқылы топта талқылайды. 1-тапсырма.Мәтінді оқып, сұрақтарды жұпта талқылаңыз.

  • Мәтіндегі ойға көзқарасыңыз қандай?
  • Адамзатқа қаншалықты пайдалы?
  • Зиянды тұстары қандай болуы мүмкін?
  • Біздің елімізде де осындай жаңалық болуы мүмкін бе?
  • Мәтін.КТК телеарнасының мәліметінше, Қытайда мұғалімдердің орнын роботтар басып жатыр. 600 балабақшаның бүлдіршіні жаңа тәрбиелеушілерімен танысты. Дөңгелек ақ басты, беттің орнына сенсор экран орнатылған роботтың биіктігі бар-жоғы 60 сантиметр. Білім саласындағы жаңа қызметкерге Кико деген есім берілген. Ақылды робот балаларға қызықты әңгімелер мен ертегілер айтып, жаттығу мен тапсырмаларын ұсынады. Егер бүлдіршін дұрыс жауап берсе сенсорде қызыл жүрек жанады. Сонымен қатар, робот мұғалімдер кез келген сұраққа жауап береді. Мұндай мұғалімнің құны 10 мың юань, яғни 500 мың теңге. Бұл аспанасты еліндегі бір педагогтың айлық жалақасы. Құрастырушылар өз өнімдерін басқа елдерге сатуды жоспарлап отыр.Оқушылар топта бірлесе роботмұғалімдердің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ойланып жазады.2-тапсырма.Робот ұстаздың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ойланып, попс формула арқылы жазып,қорғау.

    Жазылым тапсырмасы. Мұғалім оқушыларға ой-пікір тақырыбын ұсынып, дескрипторлармен таныстырады. Оқушылар жазылым тапсырмасын жеке орындайды.3-тапсырма«Мұғалімнің орнын роботтар ауыстырса білім беру қалай өзгереді?» тақырыбында ой-пікір жазады. Дескриптор:

  • Ой-пікір жазады;
  • Шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырады;

  • Мәселеге қатысты өз көзқарасын дәлелді білдіреді.
  • Сауатты жазады
  • «Қазақ тілі» оқу бағдарлама Сабақтың соңы5 минут Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.Рефлексия.

    Рефлексия.

    Мұғалім тақтаға (рефлексия)«нысананы» іледі. Оқушылар сабақ туралы пікірлерін «нысанаға» белгілеп, рефлексия береді.

    Рефлексия парағы Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)