Ресейлік көмектің бір бөлігі Нью — Йорк және Нью

0

Ресей АҚШ — на өз «гуманитарлық көмек» үшін төлем ақысын сұрап отыр

Ресей өз гуманитарлық көмек партиясын жеткізу үшін АҚШ — на 660 мың доллар төлем ақысын сұрап отыр. Бұл туралы ABC News өзінің қарамағындағы құжаттарға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Ресей Америка Құрама Штаттарына, әдетте, американдық дәрігерлер қолданбайтын мыңдаған заттарды, мысалы, химиялық типтегі противогаздарын мен үй тазалау үшін қолданылатын резеңке қолғаптарды жеткізді. Сонымен қатар, Ресейден келген гуманитарлық көмекке 45 механикалық желдеткіш қондырғылар да қосылды, олар кернеудің айырмашылығына байланысты бірден қолданыла алмады (АҚШ — да барлық электр аспаптары 110 вольтқа есептелген, Ресейлік вентиляция 220 вольтты құрайды), деп хабарлайды арна.
Оған мыңдаған респираторлар, хирургиялық қолғаптар, медициналық киім және антисептиктер де кірді. «1 сәуірде Нью — Йорк Кеннеди әуежайына жақын жердегі ауруханаларға жеткізу қаншалықты пайдалы екендігі бірден анық болмады», — деп жазады ABC News.
Ресейлік көмектің бір бөлігі Нью — Йорк және Нью — Джерси штаттарыныңа берілді, олар арнаның жүк ауруханаларға жіберілгені немесе қоймада қалғаны туралы сұрағына әлі жауап бермеген еді.
ABC News хабарлағандай, бұрын хабарланбаған жүктің құрамы мен құны Кремль мен АҚШ президенті Д. Трамптың көпшілік алдында айтылған мәлімдемелеріне қайшы келеді және Мәскеуді АҚШ — ға гуманитарлық көмек партиясын жіберу арқылы нақты қандай мақсатты көздейді деген сұрақ туғызады. Мүмкін, ақпарат тарату науқанымен танымал Ресейдің бұл қадамы көпшілікке деген көзқарасты өзгерту мақсатында жасалған шығар, деп жазады арна.
30 наурызда Трамп баспасөз конференциясында Ресей АҚШ — на медициналық жабдықтары бар «өте үлкен» ұшақты жібергенін мәлімдеді. «Бұл өте жақсы», — деп баса айтты Америка президенті, ол басқа мәліметтерді туралы айтқан жоқ.
1 сәуірде Ресейден Ресей қорғаныс Министрлігінің Ан — 124 Русланның құрал — жабдықтармен Америка Құрама Штаттарына ұшып кеткені туралы хабарланды. Ресейлік федералды бұқаралық ақпарат құралдары Американың тауарларға ақы төлегенін көрсетпеді. Ресейдің Бірінші арна оны «медициналық көмек» деп атады.
«Ресей Америка Құрама Штаттарына COVID — 19 пандемиясының таралуын тоқтатуға және науқастарды емдеуге көмектесуде» деп БҰҰ миссиясы АҚШ — на жүктердің жеткізілуіне түсінік берді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песков журналистерге Ресей «Америкадағы ауыр эпидемиологиялық жағдайға байланысты медициналық жабдықтар мен қорғаныс құралдары түрінде көмек ұсынғанын» және Трамп «бұл гуманитарлық көмекті ризашылықпен қабылдады» деп айтты.
COVID — 19 коронавирус инфекциясы Қытайда 2019 жылдың желтоқсан айында басталды. 2020 жылғы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясының таралғаны туралы хабарлады.
3 мамырда таңертең әлем бойынша коронавирусты 3 428 422 адам жұқтырды. 243 831 адам COVID — 19 — дан қайтыс болды, 1 093 189 қалпына келді. Аурудың таралуына себепші болған АҚШ — да жұқтырғандардың саны 1 133 069 жетті, 66 385 адам қайтыс болды, 175 382 адам емделді.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты