Ресей ешкімге шабуыл жасамайды, Путин

0

Польша ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Ресейді басты қауіп деп жариялады

Польшаның «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының — 2020» авторлары Ресейдің әрекеттерін Польша үшін «ең маңызды қауіп» деп атады. Құжаттан үзінділерді «Rzeczpospolita» газеті жариялады.
Алғашында Польша президенті Анджей Дуда 33 беттен тұратын құжатты 10 мамырға дейін, келесі президенттік сайлауға дейін, тапсыруды жоспарлады. Алайда, газеттің хабарлауынша, оның көптеген ережелері жаңа коронавирустық пандемияға дейін тұжырымдалған және өз өзектілігін жоғалтқан еді. Әзірге стратегияны қайта жазу жоспарлары туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды ТАСС.
Жақында Польша коронавируспен байланысты жағдайды «Ресей өз дезинформация науқаны жүргізіп жатыр» деп айыптады. Ресейдің сыртқы істер министрі Лавров Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында «ресейлік қатер» фантазиясын дамытуды тоқтатуға және Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері бойынша диалог құруға шақырды.
Ресей президенті Путин атап өткендей, Ресейдің ешкімге шабуыл жасамайтынын барлығы түсінеді, ресейлік қауіп туралы аңыз және осы аңызға ақша салғысы келетіндердің ойлап тапқаны болып табылады.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты