Рейтинг – білім мен біліктіліктің, оқушының жеке басындағы сапалығының жиынтығы

0
597

Жоспар
Кіріспе
а)Рейтинг-тест жүйесін құрастыру және қолдану.
ә)Рейтинг жүйесіне сипаттама.
б)Тест жүйесіне сипаттама және оның түрлері.
в)Рейтинг-тестік жүйені тәжірибеде қолдану жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

3

Кіріспе.
Қазіргі заманның талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың
мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап
отыр.Көптеген педагогикалық технологиялар оқу тәрбие үрдісінде пайдаланып
келеді. Соның ішінде саралап, деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы
гимназиямызда негізге алынған.
Республикамызда білім алушылардың деңгейін тексеріп бағалау рейтинг-
тест жүйесі орын алғалы бірнеше жыл болғанымен, гуманитарлық пәндер
бойынша қолдану жақын арада ғана қолға алына бастады.
Саралап, деңгейлеп оқыту оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни
рейтингтік жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді.Рейтинг арқылы
оқушылардың жұмыстарын қандай түрімен айналысқандығын туралы толық мағлұмат
алып отыруға болады.
Рейтинг – білім мен біліктіліктің, оқушының жеке басындағы
сапалығының жиынтығы.
Ұпайлар саны жинақтала бергенде қорытынды бағаның көтерілуіне
мүмкіндік беріледі.Оқушының әртүрлілігі жұмыстарын саралап өткізу(тыңдап
түсіну, жазу, сөйлеу, оқу), оны рейтинг арқылы бағалау оқушының не жақсы не
нашар қабылдағанын бірден аңғарады. Мұғалім рейтингілік жүйе арқылы сынып
оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін, интелектілік деңгейін білуге
болады.
Мұғалім сабақта оқушылардың білімін тест арқылы тексереді.
Инновация терминін 1960жылы шыққан педагогикалық сөздіктерден
табылмады. Себебі, бұл соңғы жылдары енгізілген ұғым. Білім саласында үнемі
ізденіс және білім мазмұнын өмір талабына сай жаңарту, оқытудың тиімді
әдістерін жасау деген мағынаны білдіреді.Тест – ағылшын сөзі (test)
аударғанда байқау, бақылау,зерттеу деген мағынаны білдіреді.Педагогика
тарихында тест пайдалану 130жылдан артық уақытты қамтиды. Ең алдымен,

4
педагогикалық тесті 1964жылы Джодж Филлер қарастырып, оны Гринвич
госпитателіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде
тексеруде американ психолог-педагогы С.Пресси мен оның қызметкерлері
шығарған деп есептеді.С.Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеріге мың
сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдында оқушы
білімін бағалауға жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл
мәселені шешуде тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін
қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға болады.
Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты,
Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және тағы да
басқа елдерде кеңінен тарай бастады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты білім
беру жүйесінің басты және ғылыми-педагогикалықкадрлары біліктілігін
арттыратын республикалық институт негізінде білім беру мен тестлеудің
мемлекеттік стандарттарының Ұлттық орталығымен бірлесе отырып, Орта оқу
мекемелеріндегі оқушылар білімін тестлеудің қорытындысы және оны
жетілдіру тақырыбы бойынша облыстық, қалалық білім беру басқармаларының
жауапты қызметкерлері мен әдіскерлері қатысқан республикалық семинар болды.
Семинарда білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының Ұлттық
орталығының басшылары мен талапкерлерге берілген тест сұрақтарына талдау
жасады.
Осы семинарда барлық пәндер бойынша тест сұрақтарын жасаған
авторлармен кездесу өткізілді.Тексеру жүйесі белгілі мақсатқа жету үшін
жоғарыда аталған түрдің барлығын қолдануды қажет етеді.
Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты жаңа материалды игеруге
қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау.Мұндай тексерудің нәтижесінде
мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап,
қосымша сабақ,кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған
сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.

5
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде
соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында
тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес
болып есептеледі.

6

а)Соңғы жылдары жоғарғы оқу орнында білім деңгейін бақылауды тест
арқылы жүргізу қалыптасты.Мұны бірнеше объективті себептермен түсіндіруге
болады.Білім деңгейін бақылаудың тестік түрін енгізуге түрткі болған себеп
-қоғамның ақпараттануы, телекоммуникацияның жаңа жабдықтарының
өндірілуі.Әлемдік білім кеңістігіне интеграциялау,шетелдердің білім
жүйесіне өтуі соңғы жылдары білім сатысының бағалануында беделді орында
екенін көрсетеді. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттер сараптамасы
көрсеткендей, тестілеудің әдеттегі білімді бақылау әдісінен үлкен
айырмашылығы болды, олардың мәні мынада:
– әдеттегі әдістердібақылаудан жоғары деңгейде болатындығы;
– тест көмегімен алынған бағаның дифференциялды екендігі;
– тиімді, тестілеу кезінде ауқымды көлемдегі материалдарды
қамтитындығы;
– оқытушылардың уақытты үнемдеуі.
Тестілеу шет мемлекеттердебұрыннан қолданылып келеді.Бұл ортада
жиналған теориялық және тәжірибелік жұмыстар А.Анастези (шетелдік аға
тестолог), В.С.Аванесова (советтік тестолог классигі), В.И.Михеева
(педагогикада өлшеу теориясы мен әдістерінқұрастырушы) еңбектерінде
көрсетілген.Біздің елімізде осы тақырыпқа көптеген жұмыстар жазылған,
оларда авторларәртүрлі тестілеу аспектілерін қарастырған. Г.Муканов
жұмыстары білімді бағалаудың тестілеу әдісінің эксперименттік жүйесінің
ғылыми негіздерін жасау мәселесіне арналған, яғни бақылау-бағалау қызметі
сұрақтарын қарастырған. С.Абдыманаповтың жұмыстарында тестілеу оқу
үрдісінде білімді бағалау блокты-рейтингті жүйе түрінде қарастырылған.
Т.Балықбаев жұмыстары тестік бақылауды ұйымдастыруда қазіргі
телекммуникация жабдықтарын қолдануға арналған.
Егер білім берудің компоненттері арасында белсенді ақпараттар алмасу

7
немесе ақпараттар субъектері арасында алмасу байланысты болса, бақылау
тесттері өзінің негізгі функциясынан басқа оқыту функциясын жүргізе
алады.Оқытудың кредиттітехнологияжүйесіне ауысу жағдайында – бұл оқу
үрдісін ұйымдастырудың жаңа түрі, Қазақстанда алғашқы тәжірибе
Ж.Ә.Күлекеев атап өткендей, кредиттік жүйені қолдана отырып, оқу үрдісін
ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушының өз бетімен дайындалуын арттырады.
ә) Қазақстандағы мектептерде рейтинг-тест жүйесі орын алғалы
бірнеше жыл болғанымен, гуманитарлық пәндер бойынша қолдану жақын арада
ғана қолға алына бастады.
Рейтинг – білім мен біліктіліктің, оқушының жеке басындағы
сапалығының жиынтығы.
Рейтингтік жүйеде сабақта орындаған әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы
бағалап отыру көзделеді.Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму
деңгейі мен бейім қабілетін ертерек байқауға мүмкіндік жасалады.
Рейтинг жүйесінің артықшылықтары төмендегідей.
Оқушы қызметінде:
1)оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне ықпал
етеді;
2)пәндерді оқытуда ізгілендіру ұстанымына жәрдемдеседі;
3)оқу жұмысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастырады;
4)рейтингтік бақылау қызметі тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және
басқарушы рөлін де атқара алады;
5)рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы
түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл-ой әрекетінің
сипаттамаларын, тапсырманы орындау тездігі, түсіну терендігі , т.б.
көрсететін жүйелі байланыс сапасы артады;
8
6)жұмыс нәтижесі мен өз мінез құлқын дұрыс бақылап-бағалау дағдысын
қалыптастырады;
7)ырықты зейінін тәрбиелеп, жетілдіруге ықпал етеді.
Ұстаз қызметінде:
1)оқушының оқуындағы кемшіліктерді анықтап, түзетудің әдістері мен
тәсілдерін алдын ала белгілі бір жүйеге келтіру мүмкіндігі бар;
2)бақылау үлгілерін, бағалаудың қалыпты критерийін жасау ;
3)оқу қызметін тиімді ұйымдастыру мен оған түзету жасау тәлілдерін
меңгерту;
4)оқушының білім деңгейін бағалау мен анықтауда компьютермен жұмыс
істеу дағдысын меңгеруі;
5)сыныптағы әр оқушы үшін жаңа көңіл күй ахуалын қамтамасыз етуді
жоғары деңгейде ұйымдастыру, т.б. педагогикалық қызметтің орнығуына жағдай
жасау .
Рейтингтік жүйе әрбір оқушының дара қабілеттерін және
мүмкіндіктерін нақты анықтап береді.Жыл бойында баға алмай қалған немесе
қай тақырыптарға көңілді көбірек бөлу керек екендігін нақтылап көрсетіп
тұратын білім таблосы іспеттес кесте. Білім берудің мемлекеттік стандарт
талаптарына сәйкес оқыту нәтижелеріне қорытынды шығарғанда оқушы мен
оқушының іс-әрекетінде рейтингтік бағаны пайдалану орынды.
Рейтинг көрсеткіші бағаланатын нысанның топтағы басқа осындай
нысандарға қатысты реттік орнын сипаттайды.
Оқушының рейтингі оған қойылған барлық бағалардың жиынына тең
шаманы көрсетеді. Оқытушының рейтингі оның қойған барлық бағаларының
жиынына тең шаманы айтады.
Оқушылардың үлгерім деңгейіне қойылатын бағасы рейтинг әдісімен
өлшенгенде, мыналар ескеріледі:
– оқушылардың білімі мен білігі;
– орындалған жұмыстың көлемі мен саны;

9
– тексерілген жұмыстың маңыздылығы;
– тексерілген жұмыстың күрделілігі;
– босатылған сабақтардың саны;
– сыныптағы және мектептегі тәрбиелік жұмыстарға қатысуы;
– олимпиядаға қатысуы.
Рейтингтік жүйенің ең басты ерекшелігі – шәкірттің сыныптағы сабақ
кезеңдері, үйдегі іс-әрекетін толығымен қамтып, бүтін сандармен
өрнектелетін балдар ретінде қойылып отырады. Олар оқу үрдісінің өн бойында
жинақталып, тоқсандық, жылдық, тіпті, сатылы оқу үлгерімнің нәтижесін
көрсете алады.
Рейтинг жүйесінде оқушының оқу әрекетінің барлық түрлері
бағаланады. Бұнда оқу үрділіндегі және онан тыс оқу әрекетінің жинақтаған
нәтижелері оқушының білім деңгейін сипаттайды.
Академик В.Беспалько оқушылардың білімді қабылдаудың кешенді
құрылымын ұсынды:
I деңгей: репродуктивті білімге сәйкес көмек беру арқылы есте
сақтау(50-60% не 510-612 балл);
II деңгей: алгоритмдік деңгей (61-75% не 613-765 балл).Бұл
бағдарламадағы базалық білімге сәйкес;
III деңгей: эвристикалық деңгей (75-85% не 766-887 балл).Оқушылар
материалды саналы түрде меңгереді, өз бетімен белсенділік көрсетеді.
IV деңгей: шығармашылық деңгей 86-100% не 88-1020 балл. Бұл
деңгейде өз бетімен оқу материалын меңгерген оқушы шығармашылықпен жұмыс
жасайды.
Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы
түрде әсер етуге мүмкіндік тудырады.
Аталған жүйе оқушылардың оқу сапасын , білімді игеру дәрежесін
барынша толыққанды көрсетеді. Рейтингтік жүйе оқушының тапсырманы өз
бетінше орындауына мүмкіндік жасайды және осыны талап етеді.
9
Рейтингтің арқасында ұстаз бен шәкірттің арасында оқушының ақыл ой
әрекетінің басқа да сипаттамалары, атап айтсақ, орындау тездігі,
түсінігінің

терендігі арқылы оқу мотивін арттырып көрсететін кері байланыс үзілмейді.
Рейтинг нәтижелері талқыланып отырады, соның негізінде
оқушылардың оқу барысы жайлы алдын ала болжам жасауына болады, ол қағаз
бетіне түсіп отыру керек. Бұрынғы жүйеде үш алса, әйтеуір екі алмадым
деп қуанатын, ал рейтинг жүйесі енгеннен бастап жағдай мүлдем өзгереді.
Оқушы әр пәнге мұқият дайындалып, дәрістерді дер кезінде толықтырып, өз
бетінше жұмыс істейтін болады.
Рейтинг жүйесін іске асыру мақсатымен семестр алдында әр пән
бойынша негізгі тақырыптарды белгілеп алып, олардың мазмұнын оқушының
қаншалықты терең меңгергендігін тексеруге бағытталған тест сұрақтары
жасалып, түрлі тапсырмалар әзірлейміз. Мысалы, жинақталған жұмыстарды үш
кезеңге бөліп алып, әрқайсысының өткізілетін уақытын алдын ала белгілейміз.
Оқушыларға хабарланады.
б)Тест – ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау,зерттеу
деген мағынаны білдіреді
Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының мұғалімі
Ахметова Гүлзина тәжірибесі бойынша: Біздің тәжірибемізде рейтинг-тест
жүйесі ағымдық, аралық, қорытынды деп аталатын үш кезеңде
өткізіледі.Ағымдық бақылауда оқушылардың сабаққа қатысулары есепке алынады
және баяндама жасау, реферат жазу, мәнерлеп оқу,т.б. пән ерекшелігіне
байланысты жұмыстар қамтылады.
Бақылаудың бұл түрінде оқушының жинайтын ең жоғары көрсеткіші
25ұпайға тең.
Аралық бақылаудың мақсаты – оқушылардың негізгі тақырыптарды қандай
дәрежеде меңгергендіктерін байқау.Ол үшін пәннің әр бөлігінен тест
сұрақтары арқылы бақылау өткізумен қоса көркем шығармаларды талдауды,
мазмұны бойынша әңгімелесу, пікір жаздыру жұмыстары қабылданады.

10
Аралық бақылаудың жоғары көрсеткіші 40 ұпай болып белгіленеді.
Қорытынды бақылау сынақ, емтихан алдында өткізіледі.Қорытынды
тесттің сұрақтарына пәннің негізгі тақырыптары толық қамтылады.Және ағымдық
тестерде болған сұрақтардың бағытын ескеру қажет. Тіл мен әдебиет пәндері
бойынша қорытынды тесті қабылдауды байқау білім сайысы, викторина сияқты
жұмыс түрлерімен ұштасып отырылады.Бақылаудың бұл түрінде ең жоғары
көрсеткіші 40 ұпайға тең.
Рейтинг-тест жүйесін енгізу жолында баса көңіл аударатын мәселе –
тест сұрақтарының сапасы. Ол төмендегідей сипатта:
1)тест сұрақтары мен жауаптың нұсқалары нақты қойылып, мейлінше
түсінікті болуы;
2)сұрақ оқушының өз бетінше ойлауына, жауаптарды салыстыра отырып,
дұрыс табуына мүмкіндік беретіндей дәрежеде болғаны дұрыс;
3)тест әзірлеуде сұрақтардың әр түрлі дәрежеде құрастырылуы және
күрделі сұрақтарды жеңілге қарағанда жоғарырақ ұпаймен бағалау;
4)тест сұрақтарының ғылыми түрде жасалуы және тақырыптарды толық
қамтуы;
5)сұрақтардың оқушылардың теориялық мәселелерді білуімен қатар алған
білімін іс-тәжірибемен байланыстыруда бейімділігін байқауда.

Рейтинг-тест жүйесінде оқушының әр кезеңдегі ұпайлары есептеліп,
қорытынды ұпайы мөлшеріне сай баға қойылады.
Біздің есебімізде:
85-100-ұпай жинаған 5-ке бағаланады.
65-84-ұпай жинаған 4-ке бағаланады.
46-64-ұпай жинаған 3-ке бағаланады.
45-қа дейін жинаған 2-ге бағаланды.
Кең өрістің алып келе жатқан жаңалықтың бірі болып саналатын бұл әдіс
оқушылардың терең де тиянақты білім алуына жол ашады.
Жалпы … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz