Реферат: Қазақ әдебиеті | Сеңкібай Қабанбайұлы

0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Сеңкібай Қабанбайұлы казакша Реферат: Қазақ әдебиеті | Сеңкібай Қабанбайұлы на казахском языке

Сеңкібай Қабанбайұлы жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарда батырлық, ерлігімен даңқы ерте шыққан жас батыр әрі шешен. Ол шамамен 1712-1779 жылдар аралығында ғұмыр кешкен. Қазақтың төбе биі үйсін Төле бидің туыс, ет жақын бауыры. Төле бабамыз Әлібектің екінші әйелі Бүркіттен, ал бәйбішесі Молбикеден Тыныбек, Ақбота, Шора туған. Тыныбектен — Абыл, Қабыл тарайды. Сеңкібайдың әкесі Қабан да батыр кісі болған екен. Оны Майкөт ақынның мына бір өлең жолдары растай түседі, ақын былай деп жырлайды:
Атасы Сеңкібайдың Қабан батыр.
Бақ-дөулет ұрпағына қонып жатыр.
Таластан тоған қазып, егін салып,
Суландырған даласын о да батыр.
Жастайынан Төле бидің тәлім-тәрбиесін алған Сеңкібай жаратылысынан зерек, алғыр болып өседі. Ол алғашқы рет жоңғарлармен қарсы күресте Аңырақай шайқасында батырлығымен көзге түседі. Бұл кезде оның жасы әлі жиырмаға да толмаған еді. Қалмақтармен жүргізілген кескілескен қанды шайқастарда Сеңкібай Мәмбет, Шойбек батырлармен үнемі бірге тізе қосып, ұрыс қимылдарын қанаттаса жүргізеді, қол бастайды. Алайда батыр бабамыздың өмірбаянына қатысты мәлімет аз. Бастан өткерген қиыншылығы мен ауыртпалығы, жауына қарсы ерлігі жыр-дастан болған қазақтардың жазба тарихы хатқа түспегендіктен — көп мұралар ата-бабаларымызбен бірге кетті. Қазіргі жағдайымыз әттең-ай демес үшін, опық жеп қалмас үшін бабаларымыздың мұралары мен олардың жасаған ерліктерін, айтқан аталы, билікті сөздерін мүмкіндігінше қағаз бетіне түсіріп қалу. Ел болған соң, ерін жоқтар азаматтар жоқ емес. Күні кешеге дейін Сеңкібайдың есімі жұртшылыққа белгісіз болып келді. Бұқар жырында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай сынды айбынды қолбасшылармен қатар Сеңкібай батырдың да аты аталатынына назар сала алғанымыз жоқ. М. Мағауин, М. Байділдаевтың құрастыруымен 1984 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген үш кітаптан тұратын «Бес ғасыр жырлайды» кітабының бірінші томына енген Бұқар жырау Қалқаманұлының «Қалданменен ұрысы» деген толғауында мынандай жолдар бар:
… Шапырашты Наурызбай,
Құдаменді Жібектей қасында,
Бақ, дәулеті басында,
Секербай мен Шойбекбай,
Таңсық қожа, Мамыт бар,
Қасқарауұлы Молдабай,
Қатардан жақсы қалдырмай,
Айнакүл Бәти ішінде;
Өңкей батыр жиналып,
Абылай салды жарлықты.
Осы жырда есімдері ерекше аталған бірсыпыра батырлардың аттары қате жазылған, бірақ бұл жыр бағасыз тарихи құжат болып саналатындықтан, текстологиялық қатені кейінгі ұрпақ түзетіп оқуға тиіс. Бұхар жырындағы Секербай деп отырған осы Сеңкібай батыр да, ал Шойбекбай — Шойбек батыр. Бұл екі батырдың есімін қалпына келтіруге себепші — кітап шығару тарихында сирек кездесетін асыл мұраларымызға айналып отырған Шапырашты Қазыбек Бек Тауасарұлының 1993 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген еңбегі болып отыр. Осы кітапта Қазыбек бек Бұхар жыраудың өз аузынан жазып алған бірнеше өлеңін келтіреді. Соның бірінде жырау былайша толғайды:
…Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай,
Ту түбінде тұр еді.
Айбатты бұ күн Абылай,
Төбеде жыға шаншылып,
Әрі-бері жүр еді.
Қиядан қиқу салғанда,
Қазағым халқым — батырым
Дұшпанын жерге тіреді.
Бауырын сөгіп іреді.
Ерегіскен көп дұшпан,
Қара жерге кіреді.
Қазақ деген халқынан,
Батыр шыққан даңқынан.
Сіргелі қара Тілек,
Қарақалпақ Қылышбек,
Текеден шыкқан Сатай,
Бөлек Келді туға жанасып,
Көп қосынды шатқа бөлеп,
Батырлардың асқары –
Қазыбекұлы Қасқары.
Қаумен Дәулет қасында,
Бақ-дәулеті басында,
Сеңкібай мен Шойбек бар,
Таңсық қожа Мәмбет бар,
Осылардың қасында.
Досты жаудан айырған,
Тағыны таңнан кайырған,
Қасқараұлы Молдабай
Қара күші мол Бағай –
Бәрің батыр, бәрің бек,
Тұрсың-ау ығай мен сығай.
Сөйтіп Бұхар бабамыз жырға қосқан Сеңкібай батырдың аты Тауасарұлының кітабы арқылы ұрпағымен қайта қауышты. Аталмыш кітабында, Сеңкібайды алғаш көруі туралы Қазыбек бек Тауасарұлы былай депті: «Төле ағаны бұрын да көргенмін, талай бір дастарқан басында дөм татқанбыз. Қосшы балалар тұра жүгіріп, өзіміздің адамдар болтан соң, аттарын матастырып байлап жатты. Шынымен Төле би екен. Жанында Сеңкібай мен Шойбек бар, бәрі тоғыз адам. — Жолым болсын деп, үлкен үйден дәм татуға келдім, — деді Төле. — Бәсе, қалай-ақ Жайылмыстар апасын жауға тастап кетті деп едім, — деп қалжың айтты күйеусінген әкем. Төле би сәл жымиды да: — Елдің басын қосу керек, — деді ол, — еру елдің, жай алдын тосуы керек. Сондықтан елден бұрын көштім. Жау тиген елде береке болмайды. Әзір жайбарақат отырған ел арасынан қол жиғым келеді. Мына Сеңкібай мен Шойбекті ертіп алғаным сол» (119-бет). Сеңкібай батыр Далатаудағы ұрыста он екі қалмақты шауып аттан түсіреді, соның бірі Қалданның жақыны екен. 1728 жылы Ордабасыда үш жүздің басы қосылған ұлы жиын етіп қалмақтарға қарсы қазақ қолын басқару Әбілқайыр ханға тапсырылып, ол бас қолбасшы болып сайланады. Осы алғашқы шешуші ұрысқа Ұлы жүзден он жеті мың адам қатысады. Дулаттардан жиналған сегіз мың қолға Сеңкібай, Шойбек, Шымыр Қойгелді, Ботпай Сәмен басшылық етеді. Сөйтіп Сеңкібай соғыс өнерін ерте үйреніп, майдан даласында ерте танылған қолбасшылардың біріне айналады.
Қаз дауысты Қазыбек би қайтыс болып Жетісудан оның қырқына барған кісілерге бидің қызы Қамқа дауыс айтып, жоқтауына Найман Ақылбай биді, Ысты Оңқайды, Дулат Сеңкібай мен Шойбек батырды да қосқанын жазады Тауасарұлы. Осы бір деректер өз заманында Сеңкібайдың ерлігін ел танығанын көрсетеді. Сеңкібай ұзақ ғұмыр кешіп дүниеден өтеді. Оның сүйегі Жамбыл қаласының іргесіндегі Талас өзенінің жағасына қойылады, үрім-бұтақтары басына сагана тұрғызады. Өкініштісі сол көне қорымның орнын, мазарларды 1970 жылы Ровный кеңшарының директоры Песатиди деген грек жігіті жұрттың сөзін құлағына да ілмей бульдозермен тегістетіп пияз ектіреді.
Сеңкібай бабамыз Төле бидің өнегесімен қартайып шау тартканына қарамастан ел-жұрттың басын қосып, Талас өзенінің Тектұрмас тұсынан ұзындығы 32 шақырымдай канал — үлкен арық қаздырады. Арық күні бүгінге дейін «Сеңкібай арығы» аталады, ұлтаны құрғаған емес.
Абылай ханның жанына топтасқан даңқты батырлардың бірі болған Сеңкібайдан таралған ұрпақ бүгінде Байзақ ауданында өніп-өсуде.
Сеңкібай батырлық, өжеттігімен даңқы шыққан батыр ғана емес, дау-дамайларға, айтыс-тартыстарға төрелік айткан беделді шешен, елдің береке-бірлігінің, татулығының ұйытұысы, алдынан атты кісі кесе көлденең өтпейтін айбарлы адам болған. Көнеден бізге жеткен әңгіме-аңыз, жыр-толғаулар осыны аңдатқандай. Сеңкібайдың шешендік, билік, нақыл сөздері болашақта табылып, оның өмірбаяны толыға түсер деп ойлаймыз. Бұл бағытта Бақтияр Әбілдаұлының ізденісі жеміссіз болмас. Сеңкібай шешеннің бір-екі шешендік сөзін келтіруді жөн көрдік.
Сеңкібайдың 13-14-тегі бозбала шағы екен. Ол басқа туыстарымен бірге Ташкент түбіндегі ағасы Төле биге сөлем бере барады. Дау үстінен түседі. Бір қырғыз жігіті қазақтың жылқылы байы бесіктегі баласын өлтірді деп айыптап, қүн сұрай келіпті. Қырғыздың айтуына қарағанда, бай қалың жылқысын қырғыздың киіз үйіне тақай қаптатып өткізген көрінеді. Қалың дүбірден, шұрқыраған, кісінеген дыбыстан бесіктегі баланың шошып жүрегі жарылып өлді деп дау айтады қырғыз жігіті. Осы әңгімені естіген Сеңкібай елеңдеп, орнында отыра алмай қопаңдап, тыпырши береді. Осыны байқап отырған сезімтал Төле би Сеңкібайға: — Інім, делебең қозып отырған сияқты, мына дауға билік айтам десең саған бердім кезекті, — дейді. Қаумалаған қалың жұрт «айтсын, айтсын» деседі. Сонда: — Онда мына қосақтаулы бір отар саулықты сауғызып, сүтін бір қазанға пісіріп, талдырып айран ұйытылсын. Қырғыз жігітінің үйінің жанынан шұрқырап өткен калың жылқы дайын тұрсын, — депті. Төле бидің өзі келіскен соң, таңырқаған жұрт бұл билікке тақ тұрады. Ертеңгісін тұс қайта жылқылы бай, қырғыз жігіті, Төле би, Сеңкібай және баска да мүдделі жұрт бір казан ұйытылған қою айранды ашып көрсе, қалың қаймағы тұтасып тұр екен.
Сеңкібай бала үй жанынан қалың жылқыны тағы да шұбыртып айдап өтуді талап етеді. Қазанның қақпағы болса жабулы. Айғырлары арқырап, құлындары шұрқырап, биелері кісінеп, үй жанынан дүркіреп өткенде жер сілкінгендей болады. Шұбырынды шаң басылған соң жиналған жүрт қазанның қақпағын ашып көрсе, ұйыған айранның шынтақ елі қалың қаймағы төрт жерден қақырап айрылып кетіпті. Соңда Сеңкібай: 
Қақ айрылғаны айғақ емес пе?
Құдайдың кең жері тұрғанда,
Ауыл үстінен жылқы айдап,
Өткен бай кінәлі.
Бала құнын төлесін!
— Жас баланың жүрегі
Қатығы қою қаймақ емес пе?
Әшейінде теп-тегіс,
Шұбырып жылқы өткенде,
— деген екен.
Төле би де жиналған жұрт та бұл әділ билікке риза болып, бай құн төлейді.
Бірде Сеңкібайдың екі туысы — Жапарбай мен Пісібай деген кедей дауласып, ақыры Сеңкібай шешенге жүгіне келеді. Даудың мәнісі Пісібай байдың бір өгізін жаздай жалдап, егін егіп, астығын базарға сатқан соң өгізді пайдаланған ақысына — майына байға он тіллә ұсынады. Бірақ Жапар мұны азсынып алмайды. Сеңкібай байға: — Базарда бір өгіз қанша сом тұрады? — деген сауал қояды. — Менің өгізімдей болса, төрт тіллә, ары кетсе бес тіллә, — дейді — Жапар. — Онда сенің талабың қиянат екен. Өгізің бір жылда өгіз тумайды. Саған төрт тіллә да жетеді. Бесіншісі өсім-ақ болсын, — деп Сеңкібай он тілләнің жартысын кедейге қайтып береді. Өйткені кедей туысының бала-шағасы көп екен. Міне, осындай әділ билік жасаған, туғанына да, туысына да тартпаған. Сеңкібай даулы мәселені дұрыс шешіп отыратын шешен әрі ел атасы да атанған.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!