Рамазан айы. Сапарда ораза ұстау

0

Сұрақ: Сапарда жүрген адамға Рамазан оразасы парыз ба?
Жауап: Иә, бірақ қазаға қалдыруы жаиз болады.
 
Сұрақ: Сапарда ораза ұстау міндетті емес болғанына қарағанда, Рамазан оразасын ұстаған адам нәпіл сауабын алады ма?
Жауап: Сафари (жолаушы) болған адам Рамазан оразасын ұстаса парыз сауабын алады.
 
Үзірсіз ауыз ашу
Сұрақ: Үздіксіз қалааралық автобуста жүргізуші болып жұмыс істейтін адамның ораза ұстауы күнә болады ма?
Жауап: Жұмысты тоқтататын қиындық жоқ болса қасиетті Рамазан айында ораза ұстау үлкен сауап болады. Үзірсіз ораза ұстамау үлкен күнә болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Рамазанда себепсіз бір күн ораза ұстамаған адам, мұның орнына бүкіл жыл бойы ораза ұстаса да, Рамазандағы әлгі бір күннің сауабына қауыша алмайды.» (Тирмизи)
Олай болса, бір үзір болмаса, ауызды ашпау керек. Бір діни үзірі бар адамның оразаны қазаға қалдыруы жаиз болады. Сапарда қиыншылықтар болса, жұмысына кедергі болса немесе қазаға себеп болатын жағдай бар болса, қазаға қалдыру жаиз болады. Хадис шәрифте «Сапарда (қиыншылық арасында) ораза ұстау тақуалық емес» делінген. (Бұхари)
(Жолаушылық немесе сапар дегеніміз – 104 км-ден ұзақ жерге бару үшін жолға шығу деген сөз. Бұдан қысқарақ жолға шыққан адам сафари (жолаушы) болмайды. Бұл жерде тақуалық – көбірек сауап алу мағынасында айтылған.)
 
Сұрақ: Сапарда ораза ұстамауға рұқсат бар деп оразаға ниеттенбедім. Сағат 11-де ұшаққа мінетін болғандықтан, таңғы асымды ішіп жолға шықтым. Сапарда ораза ұстамау жаиз емес пе?
Жауап: Имсак уақытынан бұрын сапарға шыққаныңызда, оразаға ниет етпей сапарға шыққанда ішіп-жей беруіңізге болатын еді. Алайда таңғы асты ішкен кезіңізде мұқим (жергілікті) едіңіз және ниет етпей, ішіп-жеп отырдыңыз, осы себептен күнә болады. Ниет етіп, ораза ұстап жолға шығуыңыз және сол күннің оразасын бұзбауыңыз керек еді, яғни сол күннің оразасын ұстауыңыз керек еді. Ниет етпей ішіп-жегеніңіз үшін тек бір күн ғана қаза керек болады.
 
Сапарда ораза ұстау
Сұрақ: Имсак уақытынан кейін сапарға шыққанымыз үшін оразаға ниет еткен боламыз. Яғни сол күні жолаушы болсақ та ораза ұстауымыз керек. Бірақ, мәселен таңғы сағат 11-де АҚШ-на бару үшін ұшаққа мінеміз. Үздіксіз батысқа кеткеніміз үшін Нью Йоркқа барғанда 7 сағатқа, Лос Анджелеске барғанда 10 сағатқа созылады. Бұл жағдайда не істеу керек?
Жауап: Ораза ұстай алса сауап алады, аштық пен шөлге шыдай алмай бұзатын болса күнә болмайды. Сапарда жүргенде оразаны үзірсіз бұзған адамға каффарат керек емес.
 
Сұрақ: Бір адам Рамазан оразасын сапарға шыққанда себепсіз бұзса, қаза ма, әлде каффарат керек пе? Мұқим кезде оразасын бұзып, кейін сапарға шықса, қаза ма, әлде каффарат керек пе?
Жауап: Ниет етіп ұсталған оразаны сапарға шыққанда бұзу күнә болады. Бірақ күнә істеген болса да, сапарда бұзғандықтан каффарат керек болмайды. Егер мұқим кезде бұзып сапарға шықса, онда каффарат та қажет болады.
 
Сұрақ: Шығыстан батысқа қарай ұшақпен сапар шеккен ораза ұстаған адам аузын шыққан қаласы бойынша ашады ма, әлде күннің батқан жеріне қарай ашады ма? Абдухшы біреу Қарзауи, Хамидуллаһ сияқты бұл заманда қанша мазһабсыз бар болса, солардың бәрінің көзқарастарын жинаған екен. Содан кейін «Ал менің көзқарасым мынадай» деп, Хамидуллаһтың көзқарасын таңдаған екен. Ислам ғалымдарының осы тұрғыда білдірген үкімдері жоқ па? Неліктен мазһабсыздардан нақыл етіп жатыр?
Жауап: Мазһабсыз болудың шарты – мазһабсыздардан нақыл ету (жеткізу). Ал Әһли сүннет болудың шарты – Ислам ғалымдарынан нақыл ету.
Ислам ғалымдары білдірмеген ешқандай мәселе жоқ. Дін нұқсан емес. Бұл мәселе барлық фиқһ кітаптарында түсіндірілген. Алдымен мазһабсыздарға жауап берейік. Содан кейін осы сұрақтың жауабын кітаптардан нақыл етіп білідіреміз.
Бұл замандағы мазһабсыздар, көбіне Шәукани, Маудуди, Қарзауи, Албани сияқты мазһабсыздардың жазбаларын жазып, «Біз мына көзқарасты таңдаймыз» дейді. Оларға мойынсұнбағандығын, өздерінің де көзқарасы бар екенін білдіруге тырысады.
Хамидуллаһ Исламға кіру атты бұзылған кітабында, фиқһ іліміне қайшы болып «Сәлим ақыл иелері бұл жағдайда күннің батуын негізге алмайды, шыққан қаласының уақытын негізге алады» деді. Мұның қате екендігі барлық фиқһ кітаптарында түсіндірілген.
Ал Мысырлық Дасуки есімді бір мазһабсыз «Күннің батуы негізге алынады» деді. Мұны құнды деректерден нақыл етіп айтпады, өзінің көзқарасы ретінде айтты. Үкім дұрыс, яғни фиқһ кітаптарына сай болса да, нақыл етіп айтпағаны үшін дінде қадірлі болмайды. Мазһабсыз Қарзауи да «Насстар бойынша күннің батуы негізге алынады» деді. Бұл да Дасуки сияқты Насстардан өз түсінгенін өлшемге алуда. Бір фиқһ кітабынан нақыл етпеді. Үкім дұрыс болса да, нақылмен білдірмегені үшін мұның сөзі де дінде дәлел бола алмайды. Азхарлық басқа бір мазһабсыз да «Ораза басталған уақыттан бастап 12 сағат өткеннен кейін күн батпаса да ауыз ашылады» деген. Мұның адасуы да Хамидуллахтікі сияқты үйлесімсіз болды. Мән беріп қарасақ, ешбірі «Мына мазһабта мынадай» демеді. Бәрі өздерін Имам Ағзамдай көсем деп санайды. Көптеген үкімдер төрт хақ мазһабта өзгеше. Қай мазһаб бойынша білдірілгені айтылмайды. Ислам ғалымдары бір хақ мазһаб бойынша жауап беретін болса, бұл мазһабсыздар «Біз Ислам бойынша жауап береміз» деп, төрт мазһабтың хақ екенін теріске шығарады, төрт имамның да Ислам бойынша жауап бермегенін жариялауға тырысады. Ханафи мазһабындағы фиқһ кітаптарының ең құндыларынан болған Дүрәр уә Гүрәр кітабында Молда Хусрав хазреттері былай деген:
«Рамазан айы келгенде ораза ұстау парыз болады. Бірақ жолаушы болған адамның ораза ұстауы парыз емес. Полюстарға барған мұсылман сафари (жолаушы) болса ораза ұстамайды. Кері қайтқанда қазасын өтейді. Күндіздері 24 сағаттан ұзақ болған жерлерде, мысалы алты ай бойы күндіз болатын жерлерде ауыз сағатпен бекітіледі және сағатпен ашылады. Күндізі осындай ұзын болмаған, уақыттары қалыпты өтетін, яғни күндіздері 24 сағаттан аз болған бір қаладағы мұсылмандардың уақытына сай етіп ораза ұсталады.» (Дүрәр уә Гүрәр)
 
Ұшақта ораза ұстау
Сұрақ: Сапарда ораза ұстау міндетті емес болса да, аса қиыншылық болмағандықтан оразаға ниет еткен адам, өте жылдам ұшатын ұшақпен шығыстан батысқа немесе батыстан шығысқа барса, аузын шыққан қаласының уақыты бойынша ма, әлде үстінен ұшқан қаланың уақыты бойынша ашуы керек пе?
Жауап: Қай кезде күн батса, сол кезде ауыз ашылады. Шығысқа барарда қысқа уақытта ауыз ашқан болады. Ал батысқа барарда ораза ұстау мерзімі ұзарған болады. Егер 24 сағаттан артық болмаса, күннің батуын күту керек.
«23 сағат аш жүруге болмайды» деп айту қате болады. Себебі сапарда ораза ұстау әмір етілмеді. Сапарда ораза ұстау әмірі болмаса да парызды өз уақытында орындау сауабына қауышу үшін ораза ұстаған адамның күннің батуын күтуі керек.
Егер өте жылдам жүретін ұшақ мүлдем жерге түспей шығыстан батысқа барса және бұл уақыт 24 сағаттан артық жалғасса, мысалы 33 сағатқа жалғасса, осы кезде күндізі 24 сағаттан аз болған бір қаланың уақытына қаралады. Ораза ұсталған күн 24 сағаттан аз болса, күн батқанға дейін күту керек екендігі барлық фиқһ кітаптарында жазылған. (Нимет-и Ислам, Дүрәр)
 
Сапарда ораза ұстағанда
Сұрақ: Ораза ұстаған күйімізде саяхатқа шықтық. Шығыстан батысқа қарай барғанда, мысалы Алматыдан Атырауға келгенде ақшам (ауыз ашатын уақыт) шамамен бір сағатқа кешірек келеді. Керісінше Атыраудан Алматыға келгенде шамамен бір сағатқа ерте келеді. Аузымызды ниет еткен қаламыз бойынша ма, әлде орналасқан қаламыз бойынша ашуымыз керек пе? Намазды да күн батпай тұрып оқимыз ба?
Жауап: Ауыз ашылатын жердің уақыты, яғни күннің батуы негізге алынады. Сағатқа қарап әрекет етуге болмайды. Әлемнің қай қаласы болса да, оразада және намазда әр адам барған қаласының уақыты бойынша әрекет етеді. Күн батпай тұрып ауыз ашуға және намаз оқуға болмайды. (Нимет-и Ислам, Дүрәр)