Рамазан айы. Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?

44
- Жарнаманы баса кетіңіз -
Рамазан айы. Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді? казакша Рамазан айы. Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді? на казахском языке

Рамазан айында сәресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) «ашура күні»[1] жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмәмдасын. Ал ештеме жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!»[2]. Бұл хадистен түсінетіміз, ораза кезінде сәресіге тұрмай таң атырған кісі де сол күнгі оразасын ұстайды.
[1] Мұхаррам айының оныншы күні.
[2] Сахих Бухари, Китабус Сиям, 1824-хадис.

Абдусамат Қасым

Загрузка...