Рамазан айы, Ораза, Сәресіде (ауыз ашарда) қандай тағамдар жеген жөн?
Ең алдымен мәзіріңізден ащы, тұзды, майлы, тым қою, қуырылған тағамдарды, кофе мен қою шайды, тәттілерді (торт, шоколад т.б. кондитерлік өнімдер), гамбургер, фаст-фуд, газдалған сусындарды алып тастаңыз. Себебі бұлар ағзаңызды әлсіретіп, тез шөлдетіп, қарныңызды тез аштырады.
Ал келесі аталғандар күш-қуат беріп, тез шөлдемеуіңізге көмектеседі:
– тары, талқан;
– балғын көкөністер мен жемістер;
– күріш
– сүт өнімдері
– қарақұмық
– макарондар
– сұлы жармасы
– ботқалар
– қызыл бадана (лобия)
– қансыз табиғи шырындар
– жасыл көкөністер
– бұршақ
Суды тамақтанып болған соң ішкен абзал. «Күндіз шөлдеп қалмайын» деп таңертең суды тым көп ішуге де болмайды, тамақты да асықпай, аз-аздан жеңіз, қарным ашып қалады деп қатты тойып алмаңыз.
Алла баршаңыздың оразаларыңызды қабыл етсін!