Рамазан айы. Ниетсіз ораза

0
Рамазан айы. Ниетсіз ораза казакша Рамазан айы. Ниетсіз ораза на казахском языке

Сұрақ: Түнгі сменада жұмыс істеймін. Рамазан айында оразаға ниет етуді ұмытып жатып қалдым. Оянған кезімде түскі намаздың азаны айтылып жатты. Айналамдағылар енді ниет етуге болмайды, ниет ету уақыты өтіп кетті деді. Бәлкім бір жолы бар шығар деп кешке дейін ешнәрсе ішіп-жемедім. Аузы берік адамдай жүрдім. Бұл оразамның қазасын өтеуім керек пе?
Жауап: Ниетсіз ораза сахих болмайды. Қазасын өтеуіңіз керек. Алайда, бұл сияқты жағдайларда ғибадатты құтқару үшін, сақтап қалу үшін, әлсіз болса да басқа қаулыны (үкімді) немесе қалған хақ мазһабтарда басқа амалы (шарасы) бар болса, соларды тақлид етіп ғибадатты құтқаруға болады. Ханафи мазһабындағы мужтахид имамдардың бірі болған Имам Зуфәрдің айтуы бойынша ниетсіз ораза сахих болады. Бұл имамның айтуы бойынша ниет ұмытылған болса немесе кез-келген бір себеппен ниет етілмеген болса, сол күнгі оразаны бұзатын бір әрекет істелмеген болса, ораза тұтылған болады. Мұндай зәру жағдайларда Имам Зуфәрдің үкімімен амал етіледі.
 
Бірден бір айлық оразаға ниет ету
Сұрақ: Рамазан айының басында рамазанның соңына дейін ораза ұстаймын деп ниет еттім. Содан кейін ниет етпей оразаларымды ұстадым. Содан бір күні, әр күн үшін бөлек ниет ету керектігін есіттім. Бұл (тұтылған) оразаларымның қазасын өтеуім керек пе?
Жауап: Әр күнге бөлек ниет ету керек, бірақ ауызбен айту шарт емес. Мысалы, сәресіге тұрғанның өзі ниет болып саналады. Ертең ораза ұстаймын деп ойлау да ниет болады. Сәресіге тұрып ораза ұстаймын деген ниетпен жатқан адам, сәресіге тұрмаса да ертеңіне ораза ұстауға ниет етіп жатқандықтан оразаға ниет еткен болып саналады. Осы сияқты ниет болатындай ешнәрсе болмаған болса, Имам Зуфәрдің үкіміне ұйыса, оразалар сахих болады. Малики мазһабында Рамазан айының басында бір рет ниет ету жеткілікті болады. Шафии мазһабын ұстанатын адам «Бұл тұтқан оразаларымды Малики мазһабы бойынша тұттым» десе, қаза ету керек болмайды.
 
Шафии мазһабында ниет етуді ұмыту
Сұрақ: Шафии мазһабын ұстанатын адам түнде жатқанда ертеңгі күн ораза ұстауға ниет етуді ұмытса, сәресіге де тұрмаса, күн шыққанда оянса, сол кезде ниет етіп ораза ұстауы сахих бола ма?
Жауап: Шафии мазһабында ниет имсак уақытына дейін болу керек. Ұмытқан жағдайда Ханафи мазһабын тақлид етіп, оразасын ұстай береді. Осы сияқты ораза ұстауға кедергі болған кез-келген бір үзір болса, бұл жағдайдан қай мазһаб арқылы шығуға болатын болса, сол мазһаб тақлид етіліп оразаны сақтап қалу керек.