«Рахат-Лукумның» экс-солисі топ жұмысының бар шындығын жайып салды

«Рахат-Лукум» тобының бұрынғы солисі Влада Белая Инстаграмдағы парақшасында топтағы жұмыстың бар шындығын жайып салды. Әнші қазір ол топтан кетіп қалған.
«Рахат-Лукум» туралы бар шындық.
Көпшілігіңіз білетіндей мен топта желтоқсан айынан бастап жұмыс істедім. Мені “miss Astana 2018” конкурсынан кейін бірден қабылдады. Мен Ерлан Кокеевпен әңгімелесуге келгенде менен ән айту білесің бе деп ешкім сұраған жоқ. Мен вокалмен соңғы рет 13 жасымда айналысқанмын. Керемет дауысым да жоқ. Мені тыңдамай-ақ, кастингсіз қабылдады. Маған танымалдылық пен қомақты қаражатты уәде етті. Іс жүзінде маған ешкім мен айтатын әндерді басқалардың айтып, жазатынын айтқан жоқ. Бізден аузымызды уақытында ашып, жақсы билеу ғана талап етілді. Ешкім маған қаламақыдан 5% ғана алатынымды айтпады. Бізде бір ғана костюм болатынын да айтқан жоқ. Көкеевтің ресто-бары ашық болған кезде біз кешкі оннан түнгі үш-төртке дейін сонда отыруға міндетті болды. Таңғы төрттерде караокеге келушілердің қалаған әнін орындауға мәжбүр болдық. Ақшаға қатысты істер түсініксіз болды. Тегін өнер көрсететін кезде бізбен бірге Карина баратын. Ақылы кезде Дархан баратын. Іс жүзінде топтың директоры кім екенін жарты жылда түсінбей-ақ кеттім. Егер қыздардың бірі келісімшатты бұзғысы келсе немесе ережелердің біреуін бұзса айыппұл салынатын. Ал келісімшартты Көкеев бұзса ешқандай өтемақы туралы сөз болған жоқ. Қыздар туралы ештеңе жазғым келмейді. Әрине оларға ренішім бар. Мені пайдаланғанын ұнатпаймын. Ешқандай даму жоқ, не тұлғалық, не мансаптық даму жолын біз көрген жоқпыз. Бәрі бір орында тұр. Мені ешқандай түсініктемесіз алып тастады. Бастық менің көзіме қараған жоқ. Карина арқылы жұмыстан босатты»-деп жазған бойжеткен.

Дереккөз: Reactor
reactor.inform.kz