Қызғылт алмаз 50 миллион долларға сатылды

0

Қызғылт алмаз 50 миллион долларға сатылды

Салмағы 19 каратқа жуық сирек кездесетін қызғылт алмаз Christies бәссаудасында 44,5 миллион швейцар франкіне (44 миллион доллар) сатылды. Бұл баға алмаздың таза бағасы, сатып алушы аукцион үйіне тағы қосымша ақы төлейді. Сонымен қоса есептегенде оның бағасы 50,37 миллион долларды құраған.

Қымбат тастың жаңа иесі  Harry Winston зергерлік үйі. Олар алмазқа «Уинстонның қызғылт мұрасы» деп жаңадан атау берді. Өте таза, сирек кездесетін тас басында «Қызғылт мұра» деп аталған. Оны 30-50 миллион доллар аралығында сату көзделген екен. Бұл алмаз Оңтүстік Африка кендерінің бірінде табылған, ұзақ жылдар бойы De Beers алмаз компаниясының иелері – Оппенгеймерлер жанұясында сақталып келген. 

Бұл алмаз –  тіктөртбұрышты көлемге ие ең үлкен алмаз. Christies бәссауда үйінің 250 жылдық тарихында мұндай қымбат тастардың тек төртеуі ғана сатылған.