қыз, арман, ержүрек, адал, жігіт, махаббат туралы қанатты сөздер
Луи Арагон
… арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар.
Ғабиден Мұстафин
Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.
Лев Толстой
Оптимисттердің арманы орындалады, ал пессимисттердің жаман ойлары.
Бернард Шоу
Армандай білуге бейімділікте де ұлы даналық бар
Анатоль Франс
Ең кедей адам үйі, жанұясы, ақшасы жоқ адам емес, арманы жоқ адам
Сократ
… арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар.
Ғабиден Мұстафин
Пенде өлмейді арманнан.
Абай Құнанбайұлы
Адамның басшысы — ақыл, шолушысы — ой, жетекшісі — талап, қорғаушысы — сабыр, сынаушысы — халық, таусылмайтыны — арман, ең қымбаттысы — ар сақтау, бәрінен ардақтысы — өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі — сыйластық.
Төле би Әлібекұлы
Тәуелсiздiк – ата — бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман — аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
Нұрсұлтан Назарбаев
Құл ешқашан тәуелсіз болуға ұмтылмайды, оның арманы – өзге құлдардың үстінен қарау.
Габриэль Лауб
Қазақ әйелін «жан жолдасым» дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.
Ғабит Мүсірепов
Жаман болса әйелің – арманда өтер өмірің,
Артылғандай есекке.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Егер арманыңыздың орындалмайтынына көзіңіз жетіп тұрса, оны бірден тоқтатқаныңыз жөн. Құр үмітпен күн кешудің қажеті жоқ.
Агата Кристи
Адам біреуді сүйер болса, оны кәусар суындай таза, гауһар тас сәулесіндей мөлдір ләззатпен сүюге тиісті. Сөйтсе ғана ол өзінің де, жақсы көрген адамның да арман мүддесін адал сақтайды, кір жұққызбайды.
Ілияс Есенберлин
Үлкен арман сабырда жатады.
Асқар Сүлейменов
Орындалған арман — бақыт,
Орындалмаған арман — күйік.
Шерхан Мұртаза
Тіршілігі ізгі арманды заң қылған,
Ақындардың мысы басым тағдырдан.
Александр Пушкин
Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.
Сократ
Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді бақытсыздыққа душар етуі де мүмкін.
Дмитрий Иванович Писарев
… арманның іске талаптандыратын пайдасы… адамның қуатын көтермелеп, күшейтіп отырады.
Дмитрий Иванович Писарев
Чемпион жаттығу залдарында пайда болмайды. Адамның ішіндегі құлшыныс, арман, мақсат чемпионды тудырады.
Мұхаммед Әли
Жастық армандамаса, адам өмірі бір нүктеде қатып қалар еді, міне содан да жастық қиялының жарқ — жұрқ еткен қабығы ішінде ұлы — ұлы мұраттардың дәні көзден таса құпия өсіп — өніп шыққан ғой.
Константин Ушинский
Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен — үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы.
Назым Хикмет Ран
Ойшылдың белгілі бір мақсаты болады, ал арманшылдың еш мақсаты болмайды.
Виктор Гюго
Адамда өз арманының орындалуына керек нәрсенің барлығы бар.
Пауло Коэльо
Арманның орындалуына бір нәрсе ғана кедергі, ол – сәтсіздік туралы қорқыныш, қалғандары себеп.
Пауло Коэльо
Не аңсағанда аларсың, не қақсағанда аларсың.
Мұхтар Әуезов
Армансыз қоғам — үміті үзілмеген қоғам.
Шерхан Мұртаза
Жоспар — білімді адамдардың арманы.
Эрнст фон Фейхтерслебен
Армансыз адам болмайды,
Қанатсыз құс ұшпайды.
Қағаз, қалам, жоспарсыз,
Арман, мақсат болмайды.
Нұрлыхан Сейтханов
Арманым азайған сайын, Құдайға жақындай түсемін.
Сократ
Жер бетіндегі қыздардың барлығы да ержүрек, намысқой, адал жігітті армандайды. Және сондай жігіттер үшін бәріне де барады. Өйткені өмірдің мәні – махаббат.
Александр Куприн
Сонымен, армандаңыз. Әрбір армандаған сайын сіздің сол арманды қайтадан бастан өткеруге құқыңыз бен артықшылықтарыңыз бар.
Эриксон Милтон
Жақсы күрескер байбалам салмайды, дайындалады. Ол ойламайды да, армандамайды да, кез келген жағдайға дайын болады.
Брюс Ли