Қыста жолда жүру ережесі

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Барлық сыныптар

оқушылардың жолда жүру ережелерінің көмекші құрлы

Директордың тәрбие жөніндегі
меңгерушісі: ___________________
Күні: 24.12.2018
Сынып: 1 Қ класс
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы
Қыс ауындағы жол үстіндегі қауіпсіздік ережелері

Сабақтың мақсаттары
Балаларға қыс айларында жол шыққанда көше тәртібі жөнінде білім беру. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жүргізуші еңбегін бағалауға
тәрбиелеу. Жолдан яғни адам жүретін тратуардан өтетін уақытта барынша сақтықпен өтулерін өздері мұқият болуына шақыру

Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары
Суреттер, нақыл сөздер ,стикерлер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру5 минут
Сәлемдесу ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. Бастаймыз деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір — бірлеріңмен тез -тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен қолмен иықпен құлақпен тіземен иекпен өкшемен арқамен.
Ресурстар

Сабақтың ортасы
8 минут

Көліктер.
3.Жүргізуші еңбегі.
4.Қауіпсіздік кеңестері.
Сабақтың барысы:Біз үйде, көшеде, мектепте, ойын ойнағанда үнемі қауіпсіздікті сақтауымыз керек.Жүргізушіге қауіпсіздікті сақтап,болысуымыз керек.
* Жұмбақ шешу.Әкемнің тор тайы,
Май жалап, су ішсе,
Тоқтамай тартады. (Машина)
Машина-көліктің түрі. Көліктер жолаушылар мен жүк тасиды.Көліктер аспанда ұшатын, суда жүзетін, жерде жүретін болып бөлінеді.Қалада трамвай,троллейбус, поезд, ұшақ, тікұшақ бар.Ауылда жылқы мен түйе де көлік ретінде қолданылады.Қалада көліктердің көше тәртібін сақтауларына бағдаршам көмек береді.Көліктердің кейбір түрлері шұғыл оқиғаға байланысты өте тез жүреді.Басқа көліктер оларды тез өткізіп жіберулері керек.
1.Жедел жәрдем машиналары ауру адамдарды ауруханаға тез жеткізеді.
2.Өрт сөндіру машиналары өртті тез сөндіруге асығады.
3.Милиция машиналары тәртіпті сақтауға асығады.
* Жүргізушілер жұмысқа ерте шығады, көліктерді жөндейді,жанармай құяды, машиналардың жылдамдығын бақылайды.Олар сендердің қауіпсіздіктеріңе жауап береді.Олардың еңбектерін бағалауымыз керек.
Бірде қырға барады,
Бірде мектепке барады.
Жүргізуші дамыл таппай,
Қашан демін алады?
Түн демейді түнді де,
Күн демейді күнді де.
Шаршадым деп айтпайды,
Жүргізуші білдің бе?
Шалғын өссе сайларда,
Суытса да әр кезде.
Машинамен біздерді,
Апарады мектепке. (Ж.Қыдыров)
Апам шықса сапарға, Осы сөзді байқадым,
-Жолың болсын!-дейді атам. Қуат барын, күш барын,
Атам шықса сапарға, -Жолың болсын!-айтамын,
-Жолың болсын!-дейді апам. Алыс жолға шықса кім.
(Н.Айтов)
Дидактикалық ойын. Жақсы-жаман
*Машинаның алдынан жүгірме.
*Үлкендердің айтқанын тыңдама.
*Автобустың терезесін ашпа.
*Жолдың ортасында ойна.
*Автобустың ішінде қатты айқайлап,жүргізушіге кедергі жасама.
Үлкен болдым десем де, Үлкенбіз ғой,міне, біз,
Ешкім маған сенбейді. Жол ережесін сақтаймыз.
Жалғыз жүрме көшеде, Автобусқа отырып,
Кішкентайсың сен- дейді. Тыныштықты сақтаймыз!
Көрініс Автобуста.(Автобусқа кірген атаға балалардың амандасып, орын берулері).

Шаттық шебері

Аяқталуы
16 минут
Қауіпсіздік кеңестері
Бөтен адамдардың көлігіне отырма.
Жол үстінде ойнама.
Автобустың алдынан жүгірме.
Автобустың ішінде қатты сөйлеп,жүргізушіге кедергі жасама.
Автобустан түсерде байқап түс, үлкендердің көмегіне жүгін.
Көшеге шығарда жан-жағыңа қарап, жолдың шетімен жүр.
Үйде сіріңкеге,газға, тоққа жолама.
Пышақ, ине, қайшыны ұстағанда абай бол.
Қорытынды. Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа! (Е.Елубаев)
Рефлексия Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік.Б.Момышұлы атамыз Азамат жолы-ар жолы деп айтқандай тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Түрлі тапсырмалар

Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.