Қыс мезгілін тиімді өткізуге көмектесетін 4 кеңес — Қызықты деректер / Пайдалы мәліметтер — Bilim

0

Қыс ең әдемі маусымдардың бірі болса керек, әдетте осы кезеңде адамда жаңа әуес, жаңа қызығушылық пайда болады, жаңа нәрсе көргісі келеді. Біреу шаңғы немесе сноубордтқа бірінші рет тұрса, біреулер коньки теуіп көреді, жалпы қазақстандықтар тау шаңғы шипажайлары мен мұз айдындарына жиі баруда. Баршамызға мәлім болғандай, бұл ғанибет ақылы болумен қатар арзан да емес.

Осыған орай Bilim-all.kz порталы мен Хоум Кредит Банкі бірлесіп қысқы демалыс уақытын түрлі жеңілдікпен тиімді өкізуге арналған бірнеше кеңеспен бөлісуді жөн санады.

Жеңілдікке немқұрайлы қарамаңыз

Қазақстанда ойдағыдай жұмыс жасайтын бірнеше купонатор сайттары бар, мысалы, Chocolife.me, Blizzard.kz және басқалары.

Қыста бұл порталдарда Медеу спорт кешеніне немесе Шымбұлақ, Ақбұлақ сияқты тау-шаңғылық курорттарына, сондай-ақ басқа да отбасылық ойын-сауық орталықтарына да жеңілдік ұсыныстары ерекше көп болады.

Жеңілдіктерді мұқиат саралап көріңіз, өйткені купондармен қаруланып алсаңыз, көңілді уақыт өткізудің  шығындарын 90%-ға дейін үнемдей аласыз. Бастысы –  қайдан іздеу керек екенін білу.

Жабдықтарды жалға алуды тоқтатыңыз.

Егер сіздің қалаңызда конькимен сырғанау немесе шаңғы тебу секілді қысқы ойын-сауық түрлері белсенді дамыған болса, онда өзіңізге жабдықтарды сатып алуды ойластырыңыз. Оларды үнемі жалға алып отырсаңыз, сіз бұл жабдықтың құнын асыра түсетінен байқамайсыз. Мысалы, сапалы коньки бағасы орташа 30 000 тг дейін. Конькиді бір реттік жалға алу 2 сағатқа шамамен 1000 тг-ден 1500 тг дейін болады. Мұз айдынына шамамен әр сенбі барсаңыз, ал «сырғанау» маусымы үш айдан алты айға дейін болатынын ескерсек, маусым соңында орта есеппен 18 мыңнан 30 000 ға дейін теңге жұмсайсыз. Ұзақ мерзімді пайданы ойлаңыз. 30 000 теңге тұратын коньки кемінде 5 жыл сізге қызмет жасап береді, сонымен қоса оларды әр пайдаланғаныңыз үшін үнемі ақы төлеу қажет емес. Айырмашылығы жақсы, иә? Оған жеткілікті қаражатыңыз болмаса, оларды алу үшін бөліп төлеуді рәсімдеуіңізге болады. Енді осыған жеке гигиенасын тағы қосыңыз.

Туристік агенттіктер бақылауыңызда болсын

 

Соңғы кездері қазақстандықтар жаңа жыл мерекелерінде белсенді демалыстар үшін шетелге жиі баратын болды. Мысалы, көрші Қырғызстандағы «Каракол» тау-шаңғылық курортына немесе одан да алысқа, Ресейдегі танымал Роза Хуторға. Кейде туристік агенттіктер барлық жоспарланған жолдамаларды өткізіп үлгере алмай жатады. Бұл жағдайда «ыстық саяхат» деген белгімен үлкен жеңілдіктер іске қосылады. Бұл жағдайда «қысқы саяхатты» өзіндік құнына жақын бағаға алған боласыз. Егер өзіңіздің немесе балаларыңыздың жаны жаңа жылды шетелде шаңғымен сырғанап өткізуді қалап тұрса, онда туристік агенттердің сайттарын қазірден бастап бақылауыңыз артық болмас. Бірақ мұқият болыңыз, сізбен агенттік арасындағы шарттың талаптарымен толық танысып шығыңыз. Өйткені арманыңыздағы демалыс уәделеспеген шарттармен оңай бұзылуы мүмкін.

Қысқы заттарды жазда сатып алуға тырысыңыз

Болашақ үшін кеңес — қысқы заттарды жазда алған әрқашан тиімді. Әдетте, күннің жылынуымен дүкендердің үлкен де кіші де сатылмаған коллекциясын «жоюға» тырысады. Осыдан өте үлкен жеңілдіктердің пайда болуын түсінуге болады (90% дейін). Спортқа арналған сырт киім, толстовка, хоккей таяқшасын, коньки және тағы басқа көптеген заттарды алуға керемет мүмкіндік. Тағы айта кететін жайт, кейбір спорт дүкендері жаңа жылдың алдында да киім мен жабдықтарға 50% -ға дейін жеңілдіктер жасауы мүмкін. Мысалы, сноубордқа арналған жиынтық: борд, бекіткіш және бәтеңкені 120-150 мыңға емес, 60-75 мыңға сатып алуға болады. Ізденіңіз, сұраңыз, сонда қысқы маусым жеңілдіктер мен тиімді шопингтің баламасы болып ойыңызда қалыптасатын болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: