Қыс 2016-2017: бас киім
Бұл жастарға арналған бас киім үлгісін ерлер де, арулар да киеді. Спорттық не қыдыруға арналған киім үлгілеріне жататын бас киімді әртүрлі қалыпта киюге болады. Түсіне қарап, бас киім, шарф, қолғап таңдау қажет.
Кеңінен таралған үлгі – бас киімнің төбесін желкеге қарай созып кию.
Тағы бір түрі – бас киімнің төбесін оңға не солға қарай созып, артығын қайрылған тұсына жасырып кисеңіз, беретке секілді көрінеді.
Үшінші түрі алдыңғысына қатты ұқсайды. Тек қайрылған тұсын жинамайсыз. Суретке қарап кисеңіз болады. Бұл үлгімен әдемі көріну үшін шаштың ұшын сәл бұйраласаңыз болғаны. Оған қоса, пикси үлгісімен қиылған шашқа әдемі жарасады. Ал тік, ұзын әрі каре үлгілерімен жараспайды. Мұндай жағдайда шашты буып не бас киімнің ішіне жасырып қойған дұрыс.
Осы бас киімнің «туысы» бини деп аталады. Ағылшынның «beanie» сөзінен аударғанда «бұршақ» деген мағынаны білдіреді. Гранж, кэжуал стиліндегі бас киім әрі жылы, әрі сәнді көрінеді. Төмендегі суреттерге қарап, сән үлгісін таңдап алыңыз.