Қырғауылға аңшылық жасау | Скачать Дипломдық жұмыс

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті

Орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану

Беттер саны _________________
Сызбалар мен көрнекті
Материалдар саны____________
Қосымшалар_________________

Орындаған: Орманбай Ақнұр Мамыржанқызы

Кафедра меңгерушісі: профессор _________________ Е.Ж. Кентбаев

Жетекші: а.ш.ғ.к., қау. профессор ________________ М.К. Байбатшанов

Арнайы тараулары кеңесшілері:

Еңбек қорғау, аға оқытушы _________________ М.О. Байтасов

Норма бақылау, аға оқытушы ________________

Сарапшы__________ ________________________
(аты-жөні)

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті
Орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасы
Мамандығы 5В080300-Аңшылықтану және аң шаруашылығы

Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ

ОРМАНБАЙ АҚНҰР МАМЫРЖАНҚЫЗЫ

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану

Деканаттың 2018 жылғы № өкімімен бекітілген.
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 ж. ___ _____________

Жұмыстың бастапқы деректері:
КУӘЛІК. 13-1907-10-ММ. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Райымбек орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі Райымбк ауылы.14.02.2005.Серия В № 0001765
ЕРЕЖЕ. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Райымбек орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі. 25.01.2005. № 15 бұйрық
ПРОЕКТ.Алматы орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің орман шаруашылығын ұйымдастыру және дамыту жобасы. Райымбек, 2005.

Дипломдық жұмыста қарастырылатын тараулар мен сұрақтар (көкейкестілігі, мақсат мазмұндамасы, жаңалығы, графикалық материалдар тізімі):
Алматы облысы Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері, жер бедері, климаты, өсімдігі және жануарлар әлемі.
Мекемедігі жануарлар дүниесі
Қырғауылдың экологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
Қырғауылды жер бетінде есепке алу әдістері
Мекемедегі қырғауылдың әр жылғы саны.
Мекемедегі қырғауылдың қорын пайдалану тиімділігі.
Қырғауылға аңшылық жасау
Биотехниялық шаралар
Графикалық материалдар тізімі (қажетті жағдайда):
Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

Бекенов А., Есжанов Б., Махмутов С. М. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы, Ғылым, 1995, 249 б.
Беркінбай О, Есжанов Б, Ташенов Б, Ж. Териология II. Алматы. Жібек жолы 2008.-162
Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Ч. 1. Позвоночные животные, А.: Наука, 1989.

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшіліері:

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы

Кафедра меңгерушісі: профессор _________________ Е.Ж. Кентбаев

Жетекші: а.ш.ғ.к., қау. профессор _______________ М.К. Байбатшанов

Дипломдық жұмысты орындау
ГРАФИГІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылған сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Кіріспе
05.04.18.
өткізді
2
Әдебиетке шолу
10.04.18.
өткізді
3
Мекемеге қысқаша сипаттама
15.04.18.
өткізді
4
Мекеменің құқықтары
20.04.18.
өткізді
5
Климаты
25.04.18.
өткізді
6
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі
30.04.18.
өткізді
7
Қырғауылдың биологиялық ерекшеліктері
02.05.18.
өткізді
8
Қырғауылды жер бетінде есепке алу әдістері
04.05.18.
өткізді
9
Қырғауылға аңшылық жасау
07.05.18.
өткізді
10
Мекемеде қырғауылды қорғау шаралары
10.05.18.
өткізді
11
Еңбек қорғау
13.05.18.
өткізді
12
Қорытынды
13.05.18.
өткізді
13
Пайдаланған әдебиеттер
15.05.15.
өткізді
14
Диплом жұмысын тапсыру
20.05.15.
өткізді

Кафедра меңгерушісі: профессор _________________ Е.Ж. Кентбаев

Жетекші: а.ш.ғ.к., қау. профессор _______________ М.К. Байбатшанов

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент: А.М. Орманбай

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
6

АНЫҚТАМАЛАР
7

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
8

КІРІСПЕ
9
1
Әдебиетке шолу
11
1.1
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне сипаттама
13
1.2
Мекеменің құқықтары
17
1.3
Жануарлар дүниесі
18
1.4
Климаты

1.5
Топырағы
20
2
ЗЕРТТЕУ ДЕРЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
24
2.1
Зерттеу деректері және әдістері

2.2
Қырғауылдарды есепке алу әдістері

3
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1.
Қырғауылдың биологиялық ерекшеліктері
24

Мекемедегі жануарлар дүниесін қорғау

3.2
Мекені
26
3.3
Қоректенуі
29
3.4
Көбеюі
31
3.5
Жаулары
32
3.6
Аурулары
34
3.7
Биотехниялық шаралар
36
4
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
59

ҚОРЫТЫНДЫ
60

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
62

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

ГОСТ 7.1 — 2003 — Библиографиялық көшірме. Құжаттың бибографиялық сипаттамасы. Құрылудың жалпы талаптары мен ережелері
ГОСТ 7.32-2001 Кітапхана және баспа жұмыстарының мәліметтері бойынша стандартты жүйесі. Ғылыми-зертеу жұмыстары бойынша есептер. Безендіру құрылымы мен ережесі.
ГОСТ 12.0.004-90. ССБТ Еңбектің қауіпсіз жағдайын үйрету ұйымы.
ГОСТ 427-75 Өлшегіш метал сызғыштар. Техникалық жағдайлар.
ГОСТ 1625-89 Техникалық формалин. Техникалық жағдай.
ГОСТ 1770-74 Зертханалық өлшегіш шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар. Жалпы техникалық жағдайлар.
ГОСТ 9284-75 Микропрепараттарға арналған жабын шынылар. Техникалық жағдайда.
ГОСТ 18300-87 Техникалық тазартылған этил спирті. Техникалық жағдайда.
ГОСТ 19908-90 Тигелдер, табақшалар, стакандар, колбалар, воронкалар, пробикалар және кварц шыныдан жасалған мөлдір ұштық. Жалпы техникалық жағдайлар.
ГОСТ 21240-89 Медициналық скальпельдер мен пышақтар. Жалпы техникалық жағдайлар және сынау әдістері.
ГОСТ 24104-2001 Зерханалық жалпы жағдайында және үлгі таразылары. Жалпы техникалық жағдайлар.

АНЫҚТАМАЛАР

Осы диплом жұмысында қолданылған терминдердің төмендегідей анықтамалары бар:
Антропогендік- адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері.
Абиотикалық- бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары
Биотикалық- ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы, мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді.
Биотехния — жабайы аңдардың санын көбейтіп, оларды қорғаудың жолын іздестіру, аңдардан алынатын өнімнің сапасын жақсарту мақсатында зерттеулер мен іс-тәжірибелік шараларды жүзеге асыратын аң шаруашылығының бір саласы.
Коммуникация- қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі
Паразит- белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.
Эндемик- жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар
Жануарлар әлемі — Қазақстан Республикасы және сондай-ақ тек қана Қазақстан Республикасы аймағында және құрлықтық қайраңдағы табиғи байлыққа қатынасты аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтін аңдар жиынтығы.
Популяция — генофондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жағдайлардағы кеңестікті мекендеп, бір-бірімен еркін будандасатын, бір ғана түрге жататын особьтардың жиынтығы.
Фауна — жануарлар дүниесі.
Флора — өсімдіктер дүниесі.
Аңшылық алқап — аңшылық жұмыстары жүргізілетін аймақ.
Биотехния — (био… және грек. techne — жасай білу, шеберлік) — жабайы аңдардың санын көбейтіп, оларды қорғаудың жолын іздестіру, аңдардан алынатын өнімнің сапасын жақсарту мақсатында зерттеулер мен іс-тәжірибелік шараларды жүзеге асыратын аң шаруашылығының бір саласы.
Аңшылық ісін ұйымдастыру — жыл бойы жоспары түрде аңшылық жұмыстарын жүргізу.
Жануар саны — жалпы бір популяциядағы тіршілік етіп жатқан жануарлар.
Оңтайлы тығыздығы — бір папуляциядағы қалыпты дарақтар саны.
Аң өсіру — құнды терісі, шипалы мүйізі үшін аңды көбейту.
Есепке алу — санақ жүргізу, тіркеу.
Санды реттеу — жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және тиімді пайдалану.
Фактор — аңдарға және басқа тірі организмдерге құбылыстармен заттардың оң немесе теріс әсер етуі
Таксон — бір бірімен әр түрлі дәрежеде туыстық байланыста және оларға өз алдына жеке таксономиялық мәртебе беретіндей, жеткілікті түрді оқшауланған организмдер тобы.
Тип — жануарлар жүйесіндегі жоғарғы таксономиялық мәртебенің бірі. Тип өзіне кластарды біріктіреді.
Класс — биологиялық жүйедегі жоғарғы таксономиялық мәртебенің бірі. Ол өзіне отрядтарды біріктіреді.
Отряд — тұқымдастық пен класс арасындағы жануарлардың таксономиялық мәртебесі.
Миграция — аңдардың мерзімдік басқа аймақтарға көшіп-қонуы.Бұл құбылыс негізінен ауа-райының өзгерісі мен азық қорына байланысты болад.
Морфология — жалпы организмнің толық дене мүшесін зерттейтін ғылым.
Пастереллез — геморрагиялық септицемия (қанның улануы), адам мен жануарлардың инфекциялық кеселі.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

РММ- Республикалық мемлекеттік мекеме
ХТҚО- Халықаралық табиғат қорғау одағы
ЕҚТА- Ерекше қорғалатын табиғи аумақ
БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы
БТБ- Бақылау тексеру бекеті
°С -градус Цельсий
% — пайыз
т.б.- тағы басқалар
мгкг- килограмда миллиграмм есебі
кг -килограмм
мг — миллиграмм
мм- миллиметр
г- грамм
см- сантиметр
мгмл-миллилитрде миллиграмм есебімен
мкм- микрометр
га — гектар
км — километр
гр — грамм
мин — минут
мсек — метр секунд
м — метр
т.с.с. — тағы сол сияқты

КІРІСПЕ

Жұмыстың көкейкестілігі. Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауданында тау шатқалында орналасқан.
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Нарынқол аңшылық шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған. Қорықта жануарлардың көптеген түрлерінің тығыздығы адам игерген алқаптарда қарағанда төмен болады. Ауланатын жануарлардың сапалық құрамын анықтауға шаруашылықты жүргізуде бағытты ескерулер тиіс. Кейбір жағдайларда аңшылық олжаларын көп алу көзделген болса, ересек аталықтардың аулану үлесі көбейеді де, өсімінің мөлшері азаяды. Ересек аталықтар мен аналықтардың қатынасы келесідей болғанда, өсімнің нормалды мөлшерін қамтамасыз етеді.
Жұмыс түрлеріне байланысты уақыттың бөлінуі санақ жүргізуге, күзетуге, биотехнологиялық шаралар жүргізуге кеткен уақыттар. Резерват аңшылық шаруашылығы биотехникалық іс шаралар шаруашылығының дамуындағы негізгі принципке жетуге бағытталған бұл ғылыми негізделген аңшылық фаунаның экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған және фаунаның кейбір түрлерінің санын артыруға арналған іс шаралар жиынтығы. Қажетті биотехниялық іс шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен аңшылық фаунаның басты түрлерінің санын қысқартатын фаткорларды табу керек. Бұл факорлар әртүрлі болуы мүмкін. Биотехникалық іс шаралар аңшылық жануарлардың өмір сүру ортасындағы қолайсыз факторларды жоюға бағытталған.
Жұмыстың мақсаты — Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану, биотехниялық іс — шараларды дұрыс ұйымдастыру.
Жұмыстың міндеттері — Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану шараларын жүргізу. Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне сипаттама;
Қырғауылдардың биологиялық ерекшеліктері;
мекемедегі қырғауылдың қорын анықтау;
қырғауылдар мекендеу аймағын зерттеу.
жануарларға жүргізілетін биотехниялық шараларға ат салысу.
Жұмыстың жаңалығы — Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану шаралары зерттелінді.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Қазақстан құс фаунасы жөніндегі алғашқы мәліметтер XIX ғасырдың басында зерттеу жүргізген ғалымдар еңбегінде бар. Олар құстардың ғылымға белгісіз түрлерін ашып, сипаттама берді. XX ғасырдың 70 — 80 ж. жалпы Қазақстан аумағында, әсіресе, аз зерттелген Тянь-Шань, Алтай тауларын, Бетпақдала өңірі мен Маңғыстау, Бозащы шөлейтті аймақтарын мекендейтін құстарға орнитология зерттеулер толықтай жүргізілді. Құстардың қоныс аударуы (республика әуе жолымен ұшып өтетін жолдары, саны, оның маусым, тәулік ішінде өзгеруі, құсқа сақина салу нәтижелері), олардың қоректенуі, көбеюі, қазіргі кездегі құс популяциясының жағдайы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің экологиясы зерттеліп, құнды ғылыми мәліметтер алынды. Қәзіргі уақытта құстар жүйеленімі мен морфологиясына арналған зерттеулер одан әрі жалғасуда; су құстарын пайдалану, құстың ауыл шаруашылығы дақылдарына тигізетін зиянын азайту жолдары іздестірілу, шаруашылыққа пайдалы құстарды интродукциялау жолдары дамуда. Ал интродукциялау дегеніміз экологиялық түрғыдан айтқанда жануарларды жаңа жағдайда өмір сүруге бейімдеу. Біздің зерттеу обьектімізге айналып отырған Алматы облысындағы тауықтәрізділер отряды өкілдерін интродукциялау әдістері және оның кәсіптік маңызы үлкен мәселелердің шешімін таппақ.
Жерсіндіру үрдісі (процесі) жануарлардың өмір сүрген ортасының өзгеруіне байланысты, яғни орманның оталуына, шөлді игеріп суландыруға немесе батпақты құрғату жағдайында көп жануарлар жер ауып немесе саны азайған жағдайда жүргізіледі. Жерсіндірілген деп жаңа жағдайда қалыпты көбейіп және тіршілікке төзімді ұрпақ қалдыра алатын жануарларды айтады. Жерсіндіру процесі кезінде жануарлардың тіршілік етуі ғана емес, сонымен бірге олардың марфофизиологиялық ерекшеліктері (күйі) де өзгереді. Жерсіндірілген жануарлар қоршаған ортадағы ауа температурасының өзгеруіне, жарықтың әсеріне, атмосфералық қысымға, дымқылдығына, ауадағы газдың құрамының өзгеруіне және қорегіне тәуелсіз болады. Жұмыстың басты ерекшелігі елімізде жан-жануарлардың мекен ету ареалын ұлғайту шаралары әсерінде жүргізілген жұмыстар нәтижесіне орай тауықтәрізділер отряды өкілдерін еліміз аумағына интродукциялап және аңшылық фаунасын тиімді пайдалану жолдарын енгізу.
Тауықтәрізділер отряды өкілдерін интродукциялау және қолдан көбейту, Қазақстан Республикасының биоалуандылықты сақтау бағдарламасына сәйкес келеді.
Тауықтәрізділер отряды
Galliformes- Курообразные
Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді.
Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық — 22,5 кг) дейін жетеді. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құстар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 — 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 — 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі — өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар.
Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады.
Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына», алтай ұлары Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген
Біздің қазақ жерінде құстар жайлы деректердің бастауын ертедегі ғалымдар еңбегінен көруге болады. Кейіннен ел аумағында арнай түрде зерттеу жүргізген ғалымдар жұмысы XIX ғасырдың басынан басталады. Олар құстардың ғылымға белгісіз түрлерін ашып, сипаттама берді. XX ғасырдың 70 — 80 ж. жалпы Қазақстан аумағында, әсіресе, аз зерттелген Тянь-Шань, Алтай тауларын, Бетпақдала өңірі мен Маңғыстау, Бозащы шөлейтті аймақтарын мекендейтін құстарға орнитология зерттеулер толықтай жүргізілді. Құстардың қоныс аударуы (республика әуе жолымен ұшып өтетін жолдары, саны, оның маусым, тәулік ішінде өзгеруі, құсқа сақина салу нәтижелері), олардың қоректенуі, көбеюі, қазіргі кездегі құс популяциясының жағдайы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің экологиясы зерттеліп, құнды ғылыми мәліметтер алынды [1].
Қәзіргі уақытта құстар жүйеленімі мен морфологиясына арналған зерттеулер одан әрі жалғасуда; су құстарын пайдалану, құстың ауыл шаруашылығы дақылдарына тигізетін зиянын азайту жолдары іздестірілу, шаруашылыққа пайдалы құстарды интродукциялау жолдары дамуда. Ал интродукциялау дегеніміз экологиялық түрғыдан айтқанда тіршілік иелерін жаңа жағдайда өмір сүруге бейімдеу. Жерсіндіру үрдісі (процесі) жануарлармен құстардың өмір сүрген ортасының өзгеруіне байланысты, яғни орманның оталуына, шөлді игеріп суландыруға немесе батпақты құрғату жағдайында көп жануарлар жер ауып немесе саны азайған жағдайда жүргізіледі. Жерсіндірілген құстар қоршаған ортадағы ауа температурасының өзгеруіне, жарықтың әсеріне, атмосфералық қысымға, дымқылдығына, ауадағы газдың құрамының өзгеруіне және қорегіне тәуелсіз болады.
Жалпы тауықтәрізділер отряды жер шарында кең тараған, Антарктикамен кейбір мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Осы тауықтәрізділер отрядындағы қырғауыл тұқымдасына жататын қырғауыл (Phasianus) елімізде кәсіптік маңызы бар құс. Тауық тәрізділерге жататын құстардан қырғауылдың айырмашылығы құйрығы өте ұзын келеді. Қырғауылдың мекиендері мен қораздарының тек қана ашық түсінде ғана емес, денесі ірірек және ұзын құйрығымен аяғындағы тепкімен ерекшеленеді [2].
Қырғауыл жылы жаққа ұшпайтын отырықшы құс. Сәуір-мамыр айларында 5-17 дейін жұмыртқа салып, 21-27 күнде балапан басып шығады. Жұмыртқасының орташа салмағы 30-35 гр. болады. Қауырсындары ашық түсті болады, тіршілік ету орталарына байланысты өзгеріп отырады. Қоразының ұзындығы 80-90 см, ұрғашысы 60 см жуық болады. Қырғауылдардың түрлері: алтын-қызыл, қанаттары ашық-қоңыр, басы жасыл түсті, жылтыр темір түстес, мойынның алдыңғы жағы және денесінің жоғарғы жағы көгілдір түсті болады. Жасыл-қоңыр түсті қауырсындар желкесінде ұзын болады. Өмір сүретін жерлер: судың жағасында, қалың шөптерде, шабындық жерлердегі ағаштарды мекендейді. Қырғауыл өте сақ құс. Қалың өскен өсімдіктер арасында өзін қауіпсіз сезінеді, сондай-ақ орман ішінде, суы бар жерлерде жүреді. Оның тіршілік ету жағдайына таулы аймақтарда кіреді. Көбіне жерде жүреді, көп ұшуды қаламайды. Қауіпті жерлерде олар қашуға тырысады. Ол шөп көп жерлерде де, ашық жерлерде де тез жүгіреді. Қоректенетін жерлері тоғайлы және ашық жайылымдарға, ағаштар басында мекендеп, сол жерге түнде қонақтайды. Қырғауылдың мекендейтін жері көбінесе суға және қалың өсімдіктерге жақын орналасады. Неғұрлым өсімдіктер қалың болса, соғұрлым қырғауылдың тіршілік етуіне қолайлы болады. Кейбір жерлерде судың жағалауындағы тоғайлардың арасымен тауға 2500 м биіктікке дейін көтеріледі. Елімізде қырғауылдың 2-түрі мекендейді. Қазақстанда қырғауылдың ең көп тараған жері — Сыр бойы десек, екінші қонысы — Іле аймағы. Мұнда Жетісу қырғауылы өседі. Біріншісінің қоразы көк жасыл, ал екіншісі болса күлгін көк қауырсынды болып келеді. Мекиендерінің айырмашылығы шамалы. Аналықтары ұя салатын жерлер бұталардың, шөптердің арасында қауіпсіз жерлерге салады.
Қырғауыл — тоқшылықтың, берекенің білгісі. Қыс жайлы болатын жылы қырғауыл 10-15 тен, кейде тіпті 20-ға дейін жұмыртқа салады. Ал қыс қатты болатынын үлкендер қырғауылдың 2-3 қана жұмыртқалағанынан білетін болған. 1944-45 жылдары, 1952 жылдары және 1968 жылы қатты суық болып қырғауылдардың саны айтарлықтай азайып кеткен. Экологиялық факторлардың әсерінен азайған алайда үлкен сұранысқа ие қырғауыл саның көбейту мақсатында Алматы облысының жеріне 1964-1968 жыдары Қырғызстаннан 300-ге жуық қырғауыл әкелініп Іле, Жоңғар Алатауларына жіберілді. Жерсіндірілген қырғауылдар мұнда тез таралып, саны тез көбейді. Сол кездегі Қазақ ССР Министерлер Советі жанындағы аңшылық шаруашылығы мен қорықтар Бас басқармасының тапсырмасы бойынша мамандардың 1968 жылдың күз айларында жүргізілген санағына қарағанда, тек Алматы төңірегінде ғана қырғауылдың саны 3 мыңға жеткен. Ал республика бойынша қырғауыл шамамен 50-60 мың болса, соның көбі Жетісу жерінде кездескен екен. Соңғы жылдары жүргізілген есепке қарағанда, қырғауылдың қоры әсіресе тіркелген аңшылық шауаршылықтарында мол екені анықталған. Аңшылар одағының мәліметі бойынша, Оңтүстік облыстарда аңшылық шаруашылықтарда 1000 гектерда 1963 жылы 30-50 қырғауылдан, ал 1970 жылы 300-400 құстан келген. Алматы облысына кейбір аңшылық шауаршылықтарында қыс айларында қалың тоғай арасынан қырғауылдың 50-80-інен тобымен жайылып жүреді. Жалпы көлемі 9 мың гектер Қарашеңгел аңшылық шаруашылығында 1972 жылдың көктемінде осы шаруашылықтың қызметкерлерінің жүргізген санағы бойынша 6300 қырғауыл кездескен (Мухин, 1973).
Қырғауылдың соңғы жылдары осынша тез көбеюіне басты себеп, барлық жерде де қырғауылды атуға тыйым салудың әсері болуға тиіс. Қазіргі кезде қырғауылды тек тіркелген аңшылық шаруашылығында арнаулы рұқсат бойынша ғана атуға болады. Оның өзінде көп емес. Мәселен, жыл сайын күзгі маусым кезінде, яғни 1 қарашадан 5 желтоқсанга дейін аңшы бір шыққанда — 2, ал маусымда 4 қырғауыл атып алуына рұқсат етіледі. Мәселен, соңғы жылдары жыл сайын бір айға созылған маусымда тек үш-төрт аңшылық шаруашылығында аңшылар Алматы төңірегінен 1000-нан астам қырғауыл атып алады. Бұл құс мекендейтін басқа жерлерінің бғрі де қорғауға алынған. Сондықтан да әрбір саналы адам сол қоныстардағы қырғауылды қорғап, оның санын молайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға тиіс [3].
Сонымен бірге, қырғауыл қорын молайтуға ерекше назар аударылып отырғанына бір ғана мысал келтірейік. Егер де бұдан бес-алты жыл бұрын аңшы аң аулауға бір рет шыққанда 3, ал маусымда 9 қырғауыл атуға рұқсаты болса, жаңа ереже бойынша қазіргі кезде аңшыға бір рет шыққанда 2, ал маусымда 4 қырғауыл атып алуға рұқсат етілді. Сондай ақ бұл құсты браконерлерден сақтау шаралары да жүзеге асырылды. Бірақ бір қиналатын жағдай- кейбір аудандарда бұл құсты рұқсатсыз аулаушылар әлі де кездеседі.
Қырғауыл — өсімтал құс. Оның мекені жылына 7-ден 18-ге, көбіне 8-бен 14-ке дейін балапан шығарады. Олар ұясын жерге салады. Оның қорегіне байланысты қыс қатты, қар қалың, азық қоры аз болған жылдары олардың саны да азаяды және осындай қатаң қыста ол түлкі мен жабайы мысық сияқты жауларына да оңай олжа болады. Сонымен бірге, қырғауылдың көбеюіне оның мекендейтін жеріндегі қамыс қопасын өртеу, орман-тоғай ағашын кесіп алу, шамадан тыс мал жаю сияқты жағдайлар да кедергі жасайды. Сондықтан мұндай шаралардың жоспарлы жүргізілуі табиғат қорғау орындары мен алдын-ала келісіліп істелуі керек.
Қырғауылдарды, құрларды, бөденелерді, үйректерді қолда ұстап оларды аңшылық өңірлерге жібереді.Польшада аңшылық шаруашылықта және арнайы қырғауыл өсіретін жерлерде 100 мыңға дейін қырғауыл өсіріп, соның 50 мыңнын жылма-жыл аңшылық өңірлерге жіберіп отырады. Францияда аңшылық құстарды 1983 аңшылық шаруашылықта көбейтеді. 1968 жылы осы шаруашылықтарда шамамен фазаның 1 миллионнан аса жұмыртқасы мен балапаны, 1,6 миллион бөдененің және 1 миллион жабайы үйректерді дайындап берді. Олар жылына аңшылық өңірлерге 2,5 миллион қырғауыл және 0,4 миллион құрларды жіберіп отырады. РесейРесейң Краснодар өлкесіндегі Майкоп қаласындағы қырғауыл өсіретін питомник 1958 жылдан бері 100 мыңнан астам қырғауыл өсірген.
Соңғы жылдары елімізде қырғауылдарды өсіріп жіберу жұмыстары жүргізілуде. Жасанды орман флорасын құру фаунаны дамытумен қатар жүргізілуі тиіс екенін ескергендіктен қырғауылдарды орманға жіберу жыл сайынғы үрдіске айналған. Осындай жұмыстар көбіне Астана қаласының маңайында жүргізіледі.

2. НАРЫНҚОЛ ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ СИПАТТАМА

2.1 Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекеменің орналасқан жері мен аумағы

Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Райымбек және Ұйғыр әкімшілік аудандарының территориясында орналасқан.
Мемлекеттік мекеме кеңсесі Нарынқол ауылында, Алматы қаласынан 340 шақырым қашықтықта орналасқан.
Мемлекеттік мекеменің жалпы аумағы соңғы орман шаруашылығын құру үшін 188298 га болып отыр. Ол 3 орманшылықтан құралады. Оған арналған саяжайлары мен Шәлкөде орманшылығының шоқ орманда кішкене учаскелерде кіреді.
Асфальтты және қара жолдар, мемлекеттік телефон топтары арқылы мемлекеттік мекеме орманшылықтарымен, аудан және облыс орталықтарымен байланыс болады.
Мекен-жайы: Алматы облысы,
Райымбек ауданы,
Нарынқол ауылы,
Амангелді көшесі, №78 үй индексі: 483450

2.2 Табиғи-климаттық жағдайлары

Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекеме территориясы Тянь-Шань тау жүйесіне кіретін Кетмен, Теріскей Алатау және Қаратау қыраттарында орналасқан.
Орман-өсімдік аудандастыру бойынша Орталық және Солтүстік-шығыс Тянь-Шань шырша ормандары аймағының Кеген-Нарынқол орман-өсімдік ауданына жатады.

1-кесте- Нарынқол орман және жануарлар дүнеиесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің құралымы
Орманшылықтар
Әкімшілік аудандар
Жалпы аумағы
Орманшылық кеңселеріне орналасқан жері
Сарыжаз
Райымбек
23274
Сарыжаз ауылы
Шәлкөде

Райымбек
Ұйғыр
55843
7479
Сарыбастау ауылы
Текес
Райымбек
101702
Нарынқол ауылы
оның ішінде:
Мемлекеттік мекеме бойынша
Райымбек
Ұйғыр

188298
180819
7479

Орман шаруашылықтың климаттық жағдайы метеореологиялық станциялармен сипатталады. Теңіз деңгейінен 2234м биіктікте орналасқан Нарынқол метеостанциясының (теңіз деңгейінен 3036м биіктікте) мәліметтері алынған.
Мемлекеттік орман қорының таулы аймағын орман-өсімдік аудандарына бөлуді ҚазАШИ оқытушылары (Медведев, Гуриков, 1972ж) жасап, 4 ауданнан тұратын 2 орман-өсімдік провинциясына бөлді.
Нарынқол орман шаруашылық территориясын орман-өсімдік аудандарына бөлсек, ол Тянь-Шанның оңтүстік және солтүстік-шығыс шырша орман провинциясының Кеген-Нарынқол орман-өсімдік ауданына жатады.
Кеген-Нарынқол орман-өсімдік ауданының таулары 1800-2000м биіктікте орналасқан Кеген-Қарқара тау құрама жартастарымен биіктетілуімен ерекшеленеді.
Жалпы айтқанда, орман шаруашылық орналасқан аудан климаты континенталды, жазы салқын, қысы суық.
Облыс бойынша, суық аудандардың бірі вегетативтік кезеңінің басы мен соңы +10º C орташа тәуліктік температурада өтеді. Вегетативтік кезеңнің ұзақтығы 90 күн шамасында.
Ағаш өсімдіктердің дамуына желдер үлкен әсер етеді. Жел транспирацияны жоғарлатады, ылғал булануын көбейтеді. Кейден желдер ағаштарды сындырып, қиратады. Желдің көп соғатын бағыты-солтүстік, ал қысқы кезеңде оңтүстік-шығыс бағытта көп соғады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 2,9мсек. Тауда биіктікке байланысты желдің күші жоғарылайды. Желдің жылдамдығы суық кезеңде күшейеді, қазан мен наурыз айларында.
Қар жамылғысының тереңдігі таудың солтүстік беткейінде (экспозиция) 65-75см, оңтүстік беткейінде 5-10см. Қар жамылғысының орташа пайда болу уақыты — 26.11, қар жамылғысының орташа еру уақыты — 10.03.
Топырақтың тоңдануының орташа тереңдігі 43см (мин-34, макс-51см). Ол тау экспозициясына байланысты. Алғашқы күзгі үсік қыркүйек айының басында, ал соңғы көктемгі үсіктер мамыр айының соңында болады.
Күнгей Алатау қыратында метеостанциялар болмағандықтан, Іле Алатау қыратының әртүрлі биіктігінде орналасқан метеостанциялар мәліметтері алынды. Сонымен қатар, теңіз деңгейінен 2100м биіктікте орналасқан шығыс Қарабұлақ шатқалында 1957-1959 жж. Ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты Д.Е. Гуриковтың бақылау деректері пайдаланылды.
Тау жағдайында ауа температурасына тау экспозициясы мен теңіз деңгейінің биіктігі көп әсер етеді. Таудағы орташа температура әрбір 100м сайын орташа есеппен 0,51º азаяды. Жазғы уақытта бұл коэффициент 0,71º-қа дейін жоғарлайды.
Атмосфералық жауын-шашын саны теңіз деңгейінің биіктігіне тығыз байланысты. Биіктік жоғарлаған сайын жауын-шашынның жылдық мөлшері, шамамен 2500м-ге дейін жоғарлайды.
Су буы жеткілікті жылы ауа ағыны тау бөгетінің әсерінен жоғары көтеріледі, биіктеген сайын ауа ағыны суып, жауын-шашынға айналады. Жауын-шашынның көбі көктем мен жаз айларында болады (жылдық мөлшердің 68-74%). Жауынның Күнгей Алатауға түсуіне Ыстықкөлде жақсы әсерін тигізеді, жазғы уақытта көтерілген су булары Күнгей Алатаудың оңтүстік қыратынан асып, салқын солтүстік қыратына жауын болып түседі.
Көктемгі және жазғы кезеңде Күнгей Алатаудың солтүстік қыратына жиі түседі. Топырақтың ылғалды болуы және ауа ылғалдылығының жоғары болуы шыршаның өсуіне қолайлы. Бірақ таудың оңтүстік бөлігінде жауын-шашын мөлшері бірден төмендейді, сондықтан шырша Күнгей Алатауда теңіз деңгейінен 1800-1900м-ден төмен қарай өспейді.
Іле мен Күнгей Алатаудың орташа жылдық ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары, әрі 50-60% құрайды.
Бірақ бұл заңдылық қысқы және жазғы кезеңде сақталмайды. Қыста тауда ауа құрғақ болады, ал жазда керісінше салыстырмалы ауа ылғалдылығы оңтүстік беткейде едәуір жоғарлайды.
Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы жергілікті жердің теңіз деңгейінің биіктігіне байланысты: биіктеген сайын вегетациялық кезең 146-дан 53 күнге дейін қысқарады., бұл әрине өсімдіктердің өсу қарқыны мен тарауына әсер етеді.
Күнгей Алатаудың теңіз деңгейінен 1900-2000м биіктікте вегетациялық кезең 140 күннен 70 күнге дейін болады. Көктемгі үсіктер жас өскіндердің табиғи өсіп шығуына зиянын тигізеді. Күнгей Алатаудың солтүстік беткейінде қар жамылғысы қараша айының II жартысынан бастап түзіледі. Қар жамылғысының еруі төменгі шырша белдеуінен басталады. Наурыздың соңында төменгі белдеуде қар еруі төменгі шырша белдеуінен басталады. Қар жамылғысының еру кезеңі созылыңқы болуы эрозиялық процестердің болмауына әсер етеді. Солтүстік беткейдің ортаңғы бөлігінде қар жамылғысының биіктігі 65-75см. Ағаштардың өсуіне желдер пайдасын тигізеді.
Тянь-Шань қыраттары солтүстік және солтүстік-батыс желдеріне бөгет жасайды. Айта кету керек, шырша белдеуінің ортаңғы бөлігінде желдің жылдамдығы 10-12мсек, кейде жел жылдамдығы 20-24мсек-қа дейін барады. Мұндай жылдамдықта ағаштар сынады.
Жер бедерінің пішіні мен биіктердің әртүрлі болуына байланысты жергілікті климаттық варианттардың пайда болуына септігін тигізеді. Мұндай жағдайда әрбір жазық, әрбір беткейдің өзіне тән микроклиматы болады. Қорыта келгенде, Күнгей Алатаудың солтүстік беткейінде тау биіктіктері мен экспозициясына байланысты климаттық факторлардың әртүрлі болуы өсімдіктердің өсуіне қолайлы болып табылады. Қолайлы климаттық факторларға мыналар жатады: жылы температура, жеткілікті жауын-шашын мөлшері, ауа ылғалдылығы мен самал желдер.
Орман шаруашылығының территориясы теңіз деңгейінен 3750-3800м биіктікте Күнгей Алатаудың солтүстік беткейі мен Іле Алатауының оңтүстік беткейінде орналасқан. Күнгей Алатау толқынды жер бедерімен сипатталады. Барлық орман-таулы орман түріне жатады. Топырақ өсімдік жамылғысы 3 биіктік аймағына бөлінеді: таулы-шалғынды аймақ (45%-ға жуық), таулы-орманды-шалғынды аймақ (35%-ға жуық), таулы-далалы аймақ (20%-ға жуық).
Орман шаруашылығы үшін климаттық және топырақ жағдайына байланысты ең маңыздысы таулы-орманды-шалғынды аймақ. Бұл аймақта негізгі орман шаруашылық шаралар мен орманды қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады.
Орман шаруашылығының таулары тік беткейлілігімен ерекшеленеді. Орманды аймақтың 82%-ы 21-35º-тық беткейлерде, 8%-ы 11-20º-тық беткейлерде, 9%-ы 36º және одан жоғары өте тік беткейлерде орналасқан.
Орман шаруашылық территориясы су эрозиясына ұшыраған. Топырақты эрозиядан сақтауда бұталардың ролі өте жоғары деп атап өткен жөн. Тау орманы жергілікті жағдайларда жоғары қабаттағы су ағынының реттеушісі болып саналады.
Аудан климатының басты ерекшелігі — жер бедері, пішіні мен теңіз деңгейінен биіктіктеріне байланысты жергілікті жердің климаттық көрсеткіштерінің әртүрлі болуы мен климаттық континенталдылығы болып саналады. Теңіз деңгейінен биіктігі өзгерген сайын температура режимі, вегетациялық кезеңінің ұзақтығы, жауын-шашын мөлшері, салыстырмалы ылғалдылық және басқа да климаттық факторлар өзгеріп отырады.
Аудандағы вегетациялық кезеңінің орташа ұзақтығы 105 күнді құрайды, биіктік аймақтары бойынша 135 күнмен 70 күн аралығында ауытқып тұрады. Климат көрсеткіштері Нарынқол метеостанциясының деректері бойынша 2-кестеде көрсетілген. Кестелердегі деректер мемлекеттік мекеме территориясының климатын толық сипаттай алмайды. Кейбір жылдары орташа көп жылдық көрсеткіштерден ерекшеленетін ауа-райының құбылыстары болып тұрады.
Ағаш-бұта өсімдіктерінің өсуіне және дамуына кері әсерін тигізетін факторларға кеш көктемгі және ерте күзгі үсіктер мен бұршақ жауу жатады.
Құрамына тау етегіндегі даладан бастап мұздықтарға дейінгі барлық климаттық аймақтар кіреді. Климаты қоңыржай жылы, кеш көктем мен жазда жауын-шашын көп түседі.
Мұнда биіктік климатының 3 белдеуі айқын байқалады:
1. Салыстырмалы ылғалды белдеу негізінен тау етегіндегі далалы аймақ жатады.
Мұнда жазы құрғақ, әрі ыстық. Қысы салыстырмалы жәлы және қар аз түседі. Ол климаттық шұғыл континенталдығы байқалады.
Ауаның орташа тәуліктік температурасының жиынтығы 10º С-тан жоғары болады және белдеудің оңтүстік-батыс бөлігінде 7000º-на 7400º С-қа дейін болса, ал оңтүстік-шығыс бөлігінде 3000º С-тан аз болады. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 170-180 күн аралығында болып келеді.
Көктемгі үсіктер сәуірдің II жартысында тоқтаса, алғашқы күзгі үсіктер қазанның I жартысында басталады.
Бір жылдағы жауын-шашынның жиынтығы орташа есеппен 500-550 мм, оның ішінде жылдың жылы кезеңінде 330-360мм болса, суық кезеңде шамамен 150-200мм болып келеді.
Тұрақты қар жамылғысы қарашаның соңы мен желтоқсанның басында байқалады, ал наурыздың II он күндігінде қар ети бастайды. Тұрақты қар жамылғысының ұзақтығы 115-120 күн, ал оның биіктігі 20-30 см-ге тең.
2. Ылғалды, қоңыржай ыстық белдеу негізінен тау етегі мен таудағы егіншілік аймақ жатады. Климаты әртүрлі, 10º С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жиынтығы 2100-3000ºС-ты құрайды.
Жылы кезеңде жауын-шашынның жиынтығы тау етегінде 300мм-ден бастап, таулы жерде 400мм және одан жоғары болып келеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-620мм оның көп бөлігі жылы кезеңде түседі.

2-кестеНарынқол метеостанциясы, теңіз деңгейінен 3036м биіктікте (мәліметтер)
Айлар
Ауа температурасы
Жауын-шашын мөлшері,мм
Қар жамылғысы, см
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %
Желдер

орташа
макс
мин

бағыты
Жылдамдығы, мсек
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қараша
Қазан
Желтоқсан
-14,5
-11,8
-3,0
4,5
9,5
13,2
14,8
14,3
8,8
1,8
-3,2
-9,8
2
8
19
26
28
28
31
30
30
26
24
7
-40
-35
-27
-24
-17
-3
-1
-4
-9
-22
-34
-34
6
6
11
33
53
66
73
50
35
20
13
10
10
6








6
7
77
75
67
47
46
42
39
32
36
46
63
77
ОШ
ОШ
С
С
С
С
С
С
С
С
ОШ
ОШ
3,1
2,9
3,5
3,0
2,8
2,7
2,6
2,5
2,6
2,6
3,1
3,3
Орташа жылдық
27
31
-40
378

54

2,9

Аязсыз кезең қолайлы жылы аудандарда 140-170 күнге тең, ал біршама салқын жерлерде 100 күннен кем болады.
Тау етегінде көктемгі үсіктер сәуірдің соңы мен мамырдың басынды, ал таулы жерде мамырдың соңында тоқтайды.
Күзгі үсіктер қыркүйектің екінші жартысында басталады. Таулы аудандарда тұрақты қар жамылғысы қарашаның басында ал басқа территориясында қарашаның екінші жартысында байқалады.
Қар жамылғысының биіктігі 25-тен 40-80-ге дейін, кейде 80см-ге дейін болады. Тұрақты қар жамылғысының ұзақтығы 120-140 күн. Ал таулы жерде 150-160 күнге дейін болады. Таулы жерлерде сәуірдің I жартысында ери бастайды.
3. Жақсы ылғалданған биік тау белдеуі альпі және субальпі шалғынында орналасқан. 10º С-тан жоғары ауа температурасының жиынтығы 2000º С және одан жоғары болып келеді. Бір жылдағы жауын-шашынның мөлшері 600мм-ден артық болады.
Көктемгі үсіктер мамырдың соңында тоқтаса, күзгі үсіктер тамыздың соңында немесе қыркүейктің басында басталады. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 100 күннен аспайды, ал қолайсыз жылдары 50 күн болып келеді. Қар жамылғысы қазанның соңында тұрақталады, ал сәуірдің соңында тұрақталады, ал сәуірдің соңында ери бастайды.

2.3 Жер бедері мен топырақтары

Мемлекеттік мекеме орналасқан территорияның жер бедері күрделі және әртүрлі. Қыраттардың беткейлері көптеген шатқалдармен тілімделген. Беткейлердің еңістегі 35-45º және одан жоғары болып келеді. Теңіз деңгейінен минималды биіктігі 1800м, максималды биіктігі — 4245м.
Мемлекеттік мекеме территориясында келесі топырақ типтері тараған: қара қошқыл түсті таулы-орман, альпі таулы-шалғынды, субальпі таулы-шалғынды, карбонатты қоңыр және шалғынды-батпақты топырақтар.
Мекеме ормандарында таулы-орман, қара қошқыл түсті, саздауытты топырақтар кең таралған. Торфты жерлер жоқ.
Эрозияға ұшыраған, оларды бекітіп жақсартуды талап ететін учаскелер байқалған. Жайылымдарда және басқа да жер категорияларында эрозиялық процестердің пайда болуынан, олардың дамуынан сақтану үшін үй малдарын өріске шығаруды қатаң реттеп отыру қажет. Барлық орман шаруашылық шараларды орындағанда, әсіресе орманды кескенде, эрозияны болдырмау шаралары қарастырылып отыруы керек.
Биік таулы-нивалды-жартасты аймақ топырақтың болмауымен сипатталады. Мұнда қазіргі заманғы мұздану қаралған. Мәңгі қар жартастармен алма кезек орналасқан. Осы жерден өзендер басталады.
Биік таул-шалғынды және шалғынды дала аймағы мұздықтардың төменгі жағынан әртүрлі шөпті субальпі шалғынына дейін орналасқан. Бұл аймақ альпі және субальпі аймақтық белдеулеріне бөлінеді.
Жоғарғы альпі белдеуінің солтүстік беткейінде жатаған альпі шалғынының өсімдіктері өседі, мұнда альпі таулы-шалғынды топырақтар түзілген, қарашірінді қабатының аз болуымен, қаттыв шымдалуымен ерекшеленеді.
Төменгі субальпі белдеуінде таулы-шалғынды субальпі топырақтары түзілген. Олар қошқыл түсімен, қарашірінді қабатының қалың болуымен ерекшеленеді. Суды сіңіруінің жоғары болуымен сипатталады.
Солтүстік беткей топырақтары басқаша. Мұнда биік таулы-шалғын дала, биік таулы дала, биік таулы қошқыл түсті топырақтар таралған. Қарашірінді мөлшері 15%-ға деін, азот 0,6-1,3%.
Бұл аймақ жазғы жайылым ретінде пайдаланылады, орташа отын ретінде қолданылады.
Шырша мен жалпақ жапырақты орман, бұталар, әртүрлі шөптесін өсімдіктер өскен таул-орманды-шалғынды-далалы аймақта қарашіріндісі мол (16%-ға дейін), ұсақ кескінді тасты топырақтар түзілген.
Бұл аймақтың топырақтары механикалық құрамы бойынша ауыр және орташа саздауытты. Мұнда I, II жәнн III бонитеті орман өседі. … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz