«Қылышсыз самурай» кітабы жайлы қысқа пікірім

0

Жапондықтардың жұмыстағы ынтасы кімдерді таң калдырмады? ⠀ 
Сіз бұл елдің ең мықты самурайы, бүкіл жапон князьдіктерін біріктіріп, оларды басқарған Тоетоми Хидаёсидің бойы тапал, түрі ұсқынсыз, ал садақ пен қылыш ұстауда икемсіз болғаның білесіз бе? Сонда ол қалай осындай дәрежеге жетті дейсіз?

Оның сыры Хидаёсидің әр жұмысын жоғары деңгейде атқарып, басшыларының көңілінен шыға білуі. Ол жағымпаздықпен емес, сапалы жұмысымен басшыларының сеніміне кірді. Әу баста жақсы басшы таба білді. Оған адал қызмет етті.

Князьдіктегі ең алғашқы жұмысы — аяқ киім тасушы. Одан соң отыншыға дейін жоғарылайды. Осы қарапайым жұмыста да арзан отынға көп ақша жұмсалатының байқап, оны тиімді пайдалану әдісін ұсынды. ⠀
Осылай Хидаёси ауяқ тасушыдан жауынгерге, уақыт өте генералға дейін өсті. Физикалық тұрғыдан әлсіз болса да, әскери қызметте әдіс-айланы жақсы қолдана білді.

Кітап әйгілі самурайдың қағидалары, әдісі арқылы карьерада жетістікке жетуді үйретеді. ⠀
Өзіме бұл кітапта «Қылышсыз самурай» Хидаёсидің өмір жолы, табандылығы ұнады. Ұсқынсыз келбеті үшін «маймыл» деген атқа ие болған ол, бүкіл жапон князьдіктерін өзіне қарата білді. Елінің жағдайдын көтерді.

Кітап жайлы көбірек білгіңіз келсе пікірлерге өз сұрағыңызды жазуға болады. Атақты самурайдың өміріндегі сізге қызықты кезендерін жазуға тырысамын.



Тегтер:
самурай без меча, кітап, жапондық, іскер әдебиет, қылышсыз самурай, жапондық мәдениет, корпоративті мәдениет