Қыдырдан – бата, Аңшыдан – сыралғы, Сырқат жанның – көңілін сұрау керек

0

Қазақтың жазылмаған заңдары

1) Беру керек:
Үлкенге – сәлем. Қуантқанға – сүйінші. Тойға – шашу. Соғымнан – сыбаға. Егіннен – кәукен. Малдан – көгендік. Балаға – базарлық. Киімге – байғазы. Сәбиге – көрімдік. Төркіндеген қызға – қалауын. Жаңа көршіге – ерулік. Досқа – естелік. Жетімге – қолқайыр. Мүсәпірге – садақа. Байлықтан – шүлен үлестіру. Тойға – сияпат. Жас үйленгендерді – асқа шақыру. Жас босанған анаға – қалжа. Сағынғанға – сәлемдеме береміз.

2) Сұрау керек:
Алладан – денсаулық. Пайғамбардан – шапағат.
Қыдырдан – бата. Аңшыдан – сыралғы. Сырқат жанның – көңілін. Қарттың – қал — жағдайын. Жетімнің – жай — күйін. Саудың – амандығын. Ағайынның – бүтіндігін. Олжадан – тәбәрік. Қонақтан – бұйымтай.

3) Тілеу керек:
Барға – тәуба. Жоққа – сабыр. Ауырға – төзім.
Жақсылыққа – алғыс. Болашаққа – сенім. Жетістікке – шүкір. Өткенге – салауат. Қалғанға – береке. Басқа – амандық. Денге – саулық.
Осындай тағылымнан соң,
Қазақ болып туғаныңа мақтанбай гөр?!