Құтырудың белгілері | Скачать Материал

0
125

Құтырық (Rabies, бешенство) – орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашырынды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.

Қоздырушысы – Pabies Lyssavirus – рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстастығына жатады. Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді. Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында, кейбір торшалардың өсінінде өсіруге болады

Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде – жарқанат. Қазақстанның жағдайында құтырықтың ең басты таратушысы – түлкі, ал үй жануарларының ішінде бұл ауруғы ең жиі шалдығатыны – сиыр.
Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соңынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затына өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі.
Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Құтырық жіті өтетін ауру. Әртүрлі жануарда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді.
Өршіген құтырықтың 3 кезеңі болады:
1. біліне бастаған,
2. көтерілген
3. дел-сал.
Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақыруына ықылас білдірмейді. Иттің кенеттен өшпенділігі артып, орынсыз басқа жануарларға, адамға, тіпті өз иесіне де ұмтылуы мүмкін. Бұл белгілер аурудың көтерілген кезеңі басталғанын көрсеттеді. Бұл кезең 3-4 … жалғасы